Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу пәні "Сабырсыз,арсыз,еріншек" 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдебиеттік оқу пәні "Сабырсыз,арсыз,еріншек" 4 сынып

библиотека
материалов



Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев ”Сабырсыз,арсыз,еріншек”

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық шағы, өскен ортасымен таныстыру.Ұлы ақын А.Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып,өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.Сөздік қорларын толықтыру.

2. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру,оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.Ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3.Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері:талдау,әңгімелеу,сұрақ-жауап,қорытындылау,Джигсо1 стратегиясы,топтастыру,ассоцациялық карта

Көрнекілігі: Абай Қ. портреті,кітаптары,слайд,мәтін бөліктері жазылған парақтар,номерлер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылар 3 топқа 1,2,3 ке санау арқылы бөлінеді.

Көк түсті,сары түсті,жасыл түстер арқылы әр топ өз тобын анықтап алады.Топ басшысы сайланады,бағалау парағы болады..Әр түске бөлінудің мән-мағынасы түсіндіріледі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Әңгімеде «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

2.Хамза Қаржасовтың сөзі бұларға неге ұнамады?

3.Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?

4.Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп,жүзі сұп-сұр болып кетті?

5.Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады ?

6.Бұл әңгімеде Спандиярдың қандай арманы орындалады ?

Әр топқа 2 сұрақтан беріледі,топтар жауап береді.

III.Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту. Экранда Абай Қ балалық шағы медреседе оқып

жүрген кезіндегі сурет шығады.

Слайд 1

--Балалар,бүгінгі тақырыбымыз кім туралы болуы мүмкін?

--Абай Құнанбаев

--Жақсы,ендеше бүгін біз сендермен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен, шыққан ортасы,шығармаларымен танысамыз.Бүгін топппен жұмыс жасаймыз. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

Экрандағы слайдтардан суреттер шығып отырады,осы суреттерге жалпылама қысқаша түсінік беріп әңгіме жүргіземін.

Слайд 2

( --------------------------------)

Слайд

( --------------------------------)

Слайд

( --------------------------------)

II.Мағынаны ашу

Тапсырма №1.Мәтінмен жұмыс

Үй мүшелері өз номерлеріне қарай №1 №2 №3 столдарға ауысады.

Мәтін 3 бөлікке бөлінген.1-ші бөлікті номер 1-лер, 2-ші бөлікті 2-лер,3-ші бөлікті 3-тер оқып шығады.Олар жеке,жұпта,топта талдайды.Уақыт беріледі(оқуға 2минут,талдауға 3 минут ).Топта талдап бір-біріне түсіндіріп отырады.

Әр топтан 1 оқушы сол бөлік бойынша мазмұнын айтып береді.

Топ мүшелері өз тобына келеді. Номер 1-лер мәтіннің 1-ші бөлігін, 2-лер мәтіннің 2-ші бөлігін, 3-тер мәтіннің 3-ші бөлігін өз тобына түсіндіреді.

Слайд №

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алынады.

1.Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келген?

2.Абайдың шын аты кім?

3.Анасы туралы не білесіңдер ?

4.Әжесі туралы не білесіңдер?

5.Әкесі Құнанбай қандай адам болған?

6.Абай сауатын қалай ашты?

7.Медреседе ол қалай оқыды ?

8.Әкесі Құнанбай Абайды оқудан неліктен қайтарып алды?

9.Абай ел басқару ісіне қалай араласты?

10.Абайдың шығармалары,қара сөздері,поэмалары қанша?

11.Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

Жақсы,тамаша!Жарайсыңдар балалар.Міне,Абай аталарың туралы оқып біліп жатырсыңдар.

--Абайдың қандай өлеңдерің білесіңдер? ( “Ғылым таппай мақтанба”, “Күз” ,“Қыс” ,“Жазғытұрым”,“Құлақтан кіріп бойды алар...” ,“Әсемпаз болма әрнеге”)

Қазір жылдың күз мезгілінің ең соңғы күндері,міне енді бірнеше күннен кейін қылышын сүйретіп қыс та келеді.

---Қане,ендеше «Күз» өлеңі мен «Қыс» өлеңін жатқа айтып жіберейік.

( 2 оқушы айтып береді)

-Балалар,бүгін біз Абай Құнанбаевтың тағы бір өлеңін оқып танысамыз.Өлең «Сабырсыз,арсыз,еріншек» деп аталады.

(Тақтадан тақырыбын ашу )

Тапсырма №2.Өлеңмен жұмыс

1.Өлеңді мәнерлеп оқып беремін

2.Оқушылар іштерінен оқып шығады,өздік оқу

3.Әр топтан 3 балаға оқытамын

4. Сөздік сөздермен жұмыс жүргізу,сөздерді түсіндіру :

Алауыз- береке бірлігі жоқ,ынтымақсыз.

Күндейді –қызғанады.

Мертігеді- бір жері сынады,шығады.

Міндейді- мін тағады,жамандайды.

Оқушылардың мәнерлеп оқуы (бір -екі оқушы)

-Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарын сынайды?

Өлеңнің мазмұнын түсіндіру,негізгі ойын оқушылармен бірлесе отырып анықтау.

Сергіту сәті.Ойын «Айна» ( көңілді музыка ойнап тұрады )

Слайд Экраннан өлең жолдары шығады

...Талап,еңбек ,терең ой,

Қанағат ,рақым,ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз”

-Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?

(«Ғылым таппай мақтанба»)

-«Ғылым таппай мақтанба» және «Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңдерін салыстырып адамның жақсы,жаман қылықтарын топтап жазып көрелік.

Әр топ ортақ параққа топтап жазады,әр топтан бір оқушы шығып қорытындысын айтады.


Жақсыдан үйрен:

hello_html_49f852e1.png



Жаманнан жирен:


hello_html_m4d9bf643.png


Адам болуға кері әсер ететін қасиеттерді ата.

Адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек?


-Абай атамыз өлеңнен басқа не жазды?

Абайдың қарасөздері:

Әдептілік,ар ұят адамдықтың белгісі.Тұрпайы мінез тағы жат надандықтың белгісі” дегендей Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен үзіндіні Асылзат оқып береді.

Оқушының оқуы.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек:

әуелі-надандық,екіншісі еріншектік,үшінші-залымдық деп білерсің.

Надандық-білім-ғылымның жоқтығы,дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыздық,жігерсіздік

ұятсыздық,кедейлік-бәрі осыдан шығады.

Залымдық-адам баласының дұшпаны.Адам баласына дұшпан болса,адамнан бөлінеді,жыртқыш хайуан қисабына қосылады.

Қара сөзде адам баласын қор қылатын не делінген?

Қара сөздегі нақыл сөздерді тауып дәптерге жазу

Тапсырма №3 Дәптермен жұмыс

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек:

әуелі-надандық,екіншісі еріншектік,үшінші-залымдық деп білерсің.

III.Ой қорыту.

Бүгін біз сабақта Ұлы ақын Абай Құнанбаев туралы не білдік?

Оқушылар жауап бергеннен соң экранда ассоцациялық карта пайда болады.

Бағалау.

Әр топ басшысы оқушыларды бағалап қорытындысын айтады.

Мұғалім топтардың қалай жұмыс жасағанын айтып,алғысын білдіреді.

Үйге тапсырма беру.

112,113 бет жаттау «Абай-дана,Абай-дара» атты эссе жазу

...Ойшыл дана өнердің кемеңгері

Кім бар жақын қазаққа сенен гөрі?

Жан болмаса жұртымда дәл өзіндей

Әлемнің алыптары келер ме еді?

Дүниеде өнер атты от боп жандың

Мәңгілік қызуы бар шоқ боп қалдың, деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.









.




























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров222
Номер материала ДВ-523649
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх