Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу пәні "Жылқы" 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдебиеттік оқу пәні "Жылқы" 4 сынып

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: «Жылқы» С.Мұқанов. Ана тiлi (4сынып)

Сабақтың мақсаттары: а)Оқушылардың жылқы туралы бiлiмдерiн

кеңейту, тереңiрек бiлiм беру,

тақырыптың мазмұнын ашу. Мәтiндегi

негiзгi ойды, идеяны ұғындыру.

Бұрынғы бiлетiн бiлiмдерi мен жаңа

бiлiмдерiн ұштастыра бiлуге үйрету.

ә) Оқушыларға шығармашылықпен жұмыс

жасай отырғызып дүниетанымын

кеңейтуге, сөздiк қорын тiл

байлықтарын молайтуға өз пiкiрiн

ашық еркiн қорғай алу дағдыларын

қалыптастыру. Ақыл-ойының дамуына,

ой-пiкiрдi қорыта бiлуге,тиянақтылық-

қа үйрету. Сауатты сөйлеп, әдемi

жаза бiлуге үйрету.

б)Төрт түлiктi қастерлеуге күтiп

баптауға тәрбиелеу. Өзгенiң пiкiрiн

құрметтеуге, ұйымшылдыққа ауыз

бiрлiкке тәрбиелеу.

Сабақтың типi: Жаңа бiлiмдi меңгерту.

Сабақтың түрi: Дамытушылық сабақ.

Сабақта қолданылатын әдiс-тәсiлдер: әңгiмелеу, баяндау, сұрақ-

жауап, топпен жұмысты талдау, жинақтау.

Стратегиялар: Ой шақыру, ББҮ , INSERT,5 жолды өлең,топтастыру.

Сабақтың көрнекiлiгi: Ол кiм, бұл не? энциклопедиясындағы

жылқы түрлерiнiң суреттерi, кесте, суреттер,

плакаттар, ер-тоқым, күбi, жылқы малының

тағамдары: қазы, қарта, жал ,жая,қымыз.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңi

Жиын орталығы. Оқушылардың сабаққа белсендiлiгiн, ынтасын

арттыру үшiн көiл күйлерiн көтеру үшiн

«Кiм жылдам?» ойынын ойнатамын.





II. Үй тапсырмасын тексеру.

  • О.Әубәкiровтың «Ара мен шыбын» атты өлеңiн рөлдерге бөлiп оқу. Қонақты күту мен қонаққа бару тақырыбында шағын эссе жазып келу және кiтапшалар жасап келу берiлген. Жазған эсселерiн оқыту. Кiтапшаларын жарнамалап, бiр –бiрiне көрсетедi.


III. Жаңа сабақ I –кезең Қызығушылықты ояту .

Алдын-ала плакатқа жазылған жұмбақ iлiнедi

Қамыс құлақ

Тостаған тұяқ

Мiнсең- қанат

Сүтi – дәрi

Етi – тамақ

  • Дұрыс, бұл жұмбақтың жауабы жылқы болғандықтан бүгiн бiз жылқы туралы оқып, бiлiмдерiмiздi кеңейте түсемiз. Қарастырылғалы тұрған мәселе жайында оқушы не бiледi, не айта алады бұрынғы бiлетiндерi мен жаңа бiлiмдерiн ұштастыру, осы арқылы ойды қозғау мақсатында алдын-ала плакатқа дайындалып әкелiнген кестеге оқушылардың жауаптарын жазып отырдық.

  • II –кезең . Ой бөлiсу

  • Жылқы туралы не бiлесiңдер?

Кесте

Не бiлемiз ?

Не бiлгiмiз келедi ?

Үйрендiк

  • Таза су iшедi


  • Сүтi,етi ,жалы бар.


  • Жүйрiк.


  • Жылқышы бағады.


  • Батырлар мiнген,аң аулаған.


  • Көзi мөлдiр.


  • Өкпе ауруына,тыныс жолдарына қымызы ем.



  • Жылан жоламайды



  • Шөл далада су бар жердi тез табады.



  • Етi, қазы,жал, жаясы өте дәмдi.





  • Дұрыс, жақсы жылқы туралы бiраз мағлұмат бiледi екенсiңдер.

  • ( Көмекшi ата-ана кестеге оқушылардың айтқан мағлұматтарын жазып тұрады)

  • Ендi жылқы туралы не бiлгiлерiң келедi ?Әр оқушы жеке, жұпта, топта талдайды.





Не бiлемiз ?

Не бiлгiмiз келедi ?

Үйрендiк

  • Таза су iшедi

  • Жылқының түрлерi.

  • Сүтi,етi ,жалы бар.

  • Ең алғашјқ жылқы.

  • Жүйрiк.

  • Ең алғашқы жылқыны кiм кездестiрген ?


  • Жылқышы бағады.

  • Жасын қалай бiлемiз.

  • Батырлар мiнген,аң аулаған.

  • Жылқының қандай пайдасы бар.

  • Көзi мөлдiр.

  • Ер тоқым, ат әбзелдерi туралы.

  • Өкпе ауруына,тыныс жолдарына қымызы ем.



  • Жылан жоламайды



  • Шөл далада су бар жердi тез табады.



  • Етi, қазы,жал, жаясы өте дәмдi.




Мұғалiмнiң түсiндiрмесi.

Ең алғашқы жылқы осыдан 50 миллион жыл бұрын өмiр сүрген және оның дене тұрқы мысықтай ғана болған. Оны зогиппус деп атаған.Кейiннен сыртқы ортаның өзгеруiне байланысты түр тұлғасы сомдалып, дене бiтiмi, аяғы өсiп, қазiргi жылқыға ұқсай бастаған. Қазiргi жылқының атасы осыдан 15-20 миллион жыл бұрын өмiр сүрiп, оны плиогиппус деп атаған. Жабайы жылқылар жер бетiнде тiптi аз қалды, оның өзiнде тек Азияда ғана сақталған. Ал осы жабайы жылқыны алғаш кездестiрiп, әрi сипаттап жазған әйгiлi саяхатшының атымен Прежевальский жылқысы деп атаған.(суретiн көрсету). Жабайы жылқы жатаған, мығым, басы үлкендеу, тiкiрейген тарақ жалды, мүлдем кекiлсiз болып келедi: өйткенi жаулары көп, айналасына сергек қарауы керек қой. Оның түсi құм тәрiздi құла да, жалы мен құйрығы қара. Дала өсiмдiктерiне өңi ұқсас болғандықтан, оның үйiрлерi сырт көзге байқала бермейдi. Қысқа қарай түгi қалыңдай түседi.

Араб жылқыларының (суретiн көрсету) сұлулығымен, әсем де жайлы жүрiстiлiгiмен, алыс сапарға төзiмдiлiгiмен даңқы жайылған. Ол бұдан 800 жыл бұрын Арабияда шығарылған.

Бұл тұқым жылқылары жүйткiген бәйгеге бола жаратылған сияқты. Салт мiнiске арналған Ахалтеке тұқымы Түркiменстанда сонау ерте заманда шығарылған. Осынау мақпал түгi сары алтындай жалтылдап, жiбекше құлпырған бiтiмi сұлу, тәкаппар жануарлар жүйрiк әрi дүбiрге шыдамайтын қызба келедi. Орыс селекционерi граф Орлов жеңiл желiске арналған тамаша жылқы тұқымын шығарды. Оларды осылай Орлов желiстiлерi деп атайды. (суретiн көрсету).

Ауыр жүк жылқысы- бұлар ақ «шұлық кигендей» ала аяқ торысы- Владимир жүк жылқысы, құласы совет жүк жылқысы деп аталады. Олар 15-20 тоннаға дейiн жүк тартады.

Пони. Хайуанаттар паркiнде балаларды тасып ойнайтын понилар сияқты кiшкентай жылқылармен ертеде жер астындағы тар шахталарда көмiр тиелген вагонеткаларды сүйреткен. Жылқыны ең алғаш қолға үйреткен шығыс елдерi. Олар Монғолия мен Қазақстан.Бiздiң елiмiзде жылқы тұқымдарының адай, көшiм, жабы, Қостанай жылқысы деген түрлерi бар.

  • Балалар қазiр Ерғалы бiзге ер тоқым, ат әбзелдерi туралы айтып бередi. Оқушыларға ер тоқымды, ат әбзелдерiн көрсетiп отырып түсiндiрiп бердi. Ал анасы Дидар қымыз, қазы, қарта, жал,жаяларды көрсете отырып жылқының пайдасы туралы әңгiмелеп түсiндiрдi.

Жылқының пайдасы. Қымыз- тiл үйiрер дәмдi, мұрын жарар хош иiстi сусын. Iшсең шөлiң қанып, күш –қуат артады. Ол көптеген тыныс жол, өкпе ауруларына ем.

Қымыз 3 ке бөлiнедi:1. Құнан

2. Дөнен

3. Бестi

Бестi қымыз әбден ашыған, бабындағы қымыз. Биелер күндiз 5-6 рет сауылады. Қымыздың жақсысы- жаманы биенiң жеген шөбiне де байланысты. Қымыз өте сiңiмдi сусын, терлеген сайын бойыңа сiңе бередi.

Жылқы етi. Өте бағалы, жоғарғы сапалы тамақ, ал қазысының тағамдық та, емдiк қасиеттерi мол. Мәселен , қазы, шұжық, қарта,жал,жая сияқты жылқы етiнен iстелген тағамның дәмдiлiгi тiл үйiредi. Жылқы етi бауыр ауруларына, асқазан астындағы ұйқы бездерiнiң, асқазан-iшек жолдарының дертiн емдеуге пайдалы.

Жылқы терiсi. Терiден әр түрлi бұйымдар, ат әбзелдерi жасалады: өмiлдiрiк, айыл, құйысқан, тiзгiн ,ноқта, қамшы, шылбыр,жүген өредi.

-Қане ендi өз ерiктерiңмен 3 топқа бөлiнiңдер.

I топ- «Арғымақ, II топ- «Тұлпар», III топ -«Сәйгүлiк»

III -.кезең Мағынаны тану, түсiне бiлу .

Кiтаппен жұмыс. Оқушылар «Жылқы » тақырыбын өздерi оқып отырып INSERT түртiп алу жүйесiн қолданып өздерi топпен жұмыс жасады.

v- бiлемiн

-- бiлмеймiн

+- жаңа бiлiм

?- менi таң қалдырды



Оқушылар оқып болып белгiлерiн қойғаннан кейiн тағы қарап шығуларын сұраймын.

  • Қандай жаңа бiлiм алдыңдар? Топта талдаңдар. Әр топтың пiкiрiн бiр –бiрiне тыңдату.

IV - кезең. Ой толғаныс.

Алдыңғы кестеге қайта оралып *Үйрендiк* деген бағанды әр оқушы жеке толтырады.


Не бiлемiз ?

Не бiлгiмiз келедi ?

Үйрендiк

  • Сүтi,етi ,жалы бар.

  • Ең алғашјқ жылқы.

  • Жылқының түрлерi Қазақстандағы түрлерiн бiлдiк

  • Жүйрiк.

  • Ең алғашқы жылқыны кiм кездестiрген ?

  • Ең алғаш жылқышы кездестiрген саяхатшы Прежевальский

  • Жылқышы бағады.

  • Жасын қалай бiлемiз.

Терiсiнен әр түрлi бґйымдар, ат әбзелдерi жасалады.

  • Батырлар мiнген,аң аулаған.

  • Жылқының қандай пайдасы бар.

  • Жылқы етi бауыр ауруларына асқазан-iшек жараларының дертiн емдеуге пайдалы

  • Көзi мөлдiр.

  • Ер тоқым, ат әбзелдерi туралы.

  • Құрт таза етке барғанда өлiп қалады.

  • Өкпе ауруына,тыныс жолдарына қымызы ем.


  • Қос-үй, баспана

  • Жылан жоламайды



  • Шөл далада су бар жердi тез табады.



  • Етi, қазы,жал, жаясы өте дәмдi.



  • Етi, қазы,жал, жаясы өте дәмдi.




Қорытынды бөлім. Топпен жұмысты талдау.

Келесi әр топқа тапсырмалар берiледi.

I топ- «Арғымақ». Жылқы жасына қарай қалай аталады?

6 айдан асқанда- жабағы;

1 жас-тай;

2-3 жас –құнан;

3-4 жас-дөнен;

4-5 жас – бестi, айғыр, ат, бие.

II топ -«Тұлпар». Жылқыға байланысты қандай қазақтың ұлттық ойындарын бiлесiңдер ?

  1. Бәйге

  2. Теңге алу.

  3. Аударыспақ.

  4. Көкпар.

5.Қыз қуу.


III топ -«Сәйгүлiк». Батырлар жырында суреттелген аттарды және олардың бейнесiн есiңе түсiрiп айтып бер.

Қобыланды-Тайбурыл

Алпамыс – Байшұбар

Қамбар – Қарақасқа

Ақан – Құлагер.

Үш топ сұраққа берген жауаптарын тыңдап, бiр-бiрiмен пiкiрлеседi, ой бөлiседi

Сабақты қорыту, пысықтау.

Топтардың қалай жұмыс жасағанын өздерiне талдатамын.

Оқушыларды бағалаймын. Үйге «Жылқы» тақырыбын оқып сондағы сұрақтармен тапсырмалармен жұмыс жасау. Жылқының ауруларын бiлiп келу, 5 жолдық өлең Sinkulin құрастырып келу берiлдi. Келесi сабақ «Жылқышы» өлеңiн өткенде мұғалiм жылқы аурулары туралы қосымша жаңа ақпараттар бередi.

Сабақтың соңы.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров265
Номер материала ДВ-523661
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх