Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ "Туған өлкем" (2-сынып)

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ "Туған өлкем" (2-сынып)

Скачать материал

Әдебиеттік оқу. 2-сынып.

Тақырыбы: Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов

Мақсаты:

1. Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.

2. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын дамыту.

3. Оқушыларды Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ (әдебиеттік оқу – өзін - өзі тану )

Көрнекілік: «Қазақстан» туралы слайд, сөзжұмбақ «Туған өлкем», ән

Әдіс – тәсіл: СТО технология стратегиялары

Сабақ барысы:

 

Ұйымдастыру бөлімі

Ойын: Түс таңда.

Мақсаты: Түс таңдау арқылы оқушыларды топтау.

Жасыл. Көк. Сары. Қызыл.

Жасыл түс – қуанышты көңіл күйді, жастықты білдіреді.

Көк түс - таза судың, ашық аспанның, бейбітшілікті білдіреді.

Сары түс – жарық күннің нышаны.

Қызыл түс - жеңістің нышаны.

Адам тіршілігінің көзі де осылар күн, су, аспан, бейбітшілік, еңбек, бақыт, жеңіс. Табиғат бояулары арқылы тіршіліктің қайнар көзі беріледі.

Топты таныстыру

1-топ. Білімділер

2-топ. Тапқырлар

3-топ Алғырлар

4-топ Ізденімпаздар

 

Тыныштық сәті

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Енді көз алдарыңа Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер. Биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған аналар, оқушылардың бестігін мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен сөйлесіп тұрған дана ағалар, немерелерінің ақылдығына риза болған аталар. Қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да туысқан халықтар.

Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсең де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер. Қазақстанның қай бөлшегінде тұрсаң да өздеріңді сол жердің толыққанды мүшесі, қожайыны ретінде сезініңдер. Өйткені ол – біздің Отанымыз.

Осындай бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп отырғанымыз үшін Отанымызға іштей рақмет айтайық. Отанға деген осындай ризашылық сезіммен бұрынғы қалпымызға келейік.

 

Қызығушылығын ояту. Ассоциация. Қазақстан туралы не білеміз?

Қазақстан

 

«Қазақстан» сөзін басқаша қалай айтуға болады?

- Отаным, туған жерім, атамекенім, туған өлкем, туған елім.

Атамекен. Туған жер. Туған өлке.

Бұл – ең жоғары құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.

Атамекен – туған халқының, ұлттың қасиетті мекен еткен, ата – бабаның қоныс тепкен жері.

Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері,

Туған өлке - ата – бабаның қоныс тепкен жері мен өмірге келген жеріңнің табиғат көрінісі. Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.

Мағынаны тану.

Өтебай Тұрманжанов – ақын.

Оқулықпен жұмыс. Туған өлкем.

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқы.

Талдау.

1. Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді ата.

- Қуаныш

- мақтаныш

- өкініш

- шаттық

2. Ақын туған жердің күні, гүлі туралы не дейді?

3. Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегенді қалай түсіндің?

4 Туған өлке тағы несімен көрікті?

5. Туған жерді көркейту үшін сен қандай үлес қосасың?

Дәйексөз.

Атамекен аясы – адамның жан саясы.

Халық даналығы.

- Атамекеннің тамаша табиғаты, кең даласы, толқыған теңізі, жасыл орманы, ұшқан құстары, жүгірген аңдары қашан да ата – бабаңа деген сағынышыңды басады.

«Атамекен аясы – адамның жан саясы» деген осы. Осындай жаның сая табатын мекеннің табиғатын аялау керек.

Шығармашылық жұмыс.

Ақын сөздерін пайдаланып, туған өлкең туралы өлең құрастыр.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

......................................

.......................................

Поэзия минуты.

«Отан» туралы топ басшылары өлеңді жатқа оқу.

Топқа тапсырма.

1 топ. Қазақстанның табиғаты.

2 топ. Қазақстанның қазба байлығы.

3 топ. Қазақстандағы халықтар достығы.

4 топ. Қазақтың салт - дәстүрі.

Ойын: Бақыт ағашы.

Мақсаты: Отанға деген өз тілегіңді арнау.

Шарты: Жапыраққа өз тілегіңді жазып, ағашқа орналастыру.

Бекіту. Ой толғаныс.

- Өлең қалай аталады?

- Өлеңді кім жазған?

Сөзжұмбақты шеш. Туған өлкем.

1. Рәміз. (Ту)

2. Киелі құс. (Аққу)

3. Сені оқытып, білім берген кім? (Мұғалім)

4. Мейірімді жан. (Ана)

5. Қасиетті ай.( Наурыз)

6. Біз тұратын қала.( Ақтөбе)

7. Алып жануар. (Піл)

8. Ақтөбедегі өзен аты (Елек)

9. Киелі сан. (Жеті)

10. Бұрынғы Астана.( Алматы)

 

Отан туралы қандай мақал – мәтел білесің?

Жүректен - жүрекке.

Отаным, мен саған ризамын,......

Үйге тапсырма. «Туған өлкем» өлеңін жаттау.

Бағалау. Топты бағалау.

Тыныштық сәті.

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ "Туған өлкем" (2-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 765 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 2435
    • DOCX 17.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карбозова Сайранкуль Туяковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карбозова Сайранкуль Туяковна
    Карбозова Сайранкуль Туяковна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69151
    • Всего материалов: 41

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек