Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ.Тақырыбы "Оюлар"

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ.Тақырыбы "Оюлар"

Скачать материал

 

 

              Батыс Қазақстан облысы                         

              Казталов ауданының

             Алма Оразбаева атындағы

             ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі

             Булкайрова Бибигүл Насиболлақызы

 

Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі.

Мақсаты: Ақын Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру. Өлеңнің мазмұнын, құрылысын меңгерте отырып, автор шеберлігін таныту.

Білімділік: Халықтың асыл қасиетін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнер бұйымдарын, ою-өрнегін,халықтық дәстүрді, өнерді дәріптеу, қастерлеуге баулу.

Дамытушылық: Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, ой-өрісін дамыту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ой және қол еңбегін жасату арқылы шеберлікке, әсемдікке, ізденімпаздыққа,еңбексүйгіштікке баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,желбау, басқұр, текемет, оюланған ыдыстар, көрпе.

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,  қызығушылықты ояту, ой қозғау, топтастыру.

Пәнаралық байланыс:  еңбек, саз, сурет.

                        Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Амансыңба Алтын  күн!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба достарым!

Сендерді көрсем  қуанам!

Үй тапсырмасын тексеру.

Ануарбек  Дүйсенбиевтің     «Ардақты   ана»өлеңін мәнерлеп   оқу  және  «Ана»  тақырыбында   өлең шығару.                                                                                                                                                                                          

 Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

-Балалар, қазір бір ән тыңдайық.(Үнтаспадан «Фариза» әні тыңдалады)

-Бұл ән кімге арналған? (ақын Ф.Оңғарсыноваға)

-Қай әншінің орындауында? (М.Жүнісованың)

-Сөзі М.Мақатаевтікі, әнін жазған Әбиірбек Тінәлиев.

-Бүгінгі сабағымызда әннің кейіпкері Фариза Оңғарсынова апамыздың   шығармасымен танысамыз.

 

 

Сөзжұмбақ   шешу. (интер.тақтадан)

1.Қазақтың   ұлттық    аспабы.           (Домбыра)

2. Мақұлық бар екен даусы зор,

Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол,

Мекені тас бұлақтың төңірегінде,

Мынаны тапқан жанның ақылы мол.

( Аю ) 

3.  Астында төсегі бар салған тағы,

Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,

Теңізден салған жолы сайрап жатыр,

Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы.

( Қалам )

4.Балалардың   сүйікті   журналы.  (Айгөлек)

5.Қазақтың тұңғыш кәсіби  биші   қызы   кім ?   (Шара)  

 

Сабақтың тақырыбы :   Оюлар.                               

Ф.Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.

- Жыр жұлдызы, поэзия падишасы Фариза тереңнен толғап, тебірене жауһар жыр жазып жүрген ақын. «Ойларым- елім, тілім, ар- намысым, Шығады солар үшін жан дауысым»- деген өлең жолдарынан ақынның арман-тілегі анық байқалады.

«Фаризада халықтық рух бар, ол- елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын.Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы бәрімізді де қызықтыратын,қуантатын ақын. 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

                  

                      Әкеме                                                         шаңырақ

                                                 Шығармалары

      

  қазақтың дәстүрлері                                                              оюлар.

 

- «Ою» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?  

«Ою»сөзіне топтастыру     жасау.(интер.тақтаға)

-Балалар ою-өрнек 4 түрге бөлінеді.(Слайдтан суретін көрсету,мағлұмат беру)

1.жан-жануарлар  тектес.Оларға:қошқармүйіз,түйетабан

2.Гүл,жапырақ тектес.

3.Космогониялық(ғарыштық)

4.Геометриялық  оюлар жатады .

Фариза Оңғарсынованың "Оюлар" өлеңін тыңдап көрейік.( мұғалім жатқа мәнерлеп оқып береді) текемет, басқұр, желбау, түскиіздің суреті  көрсетіліп тұрады

 

 

 

 

 

Сөздікпен жұмыс.

Текемет – киіз үйдің ішіне төселетін жайма киіз.(слайдтан көрсету)

Басқұр- киіз үйдің ішін безендіру үшін уық пен керегенің түйіскен  жеріне тағатын өрнекті жалпақ құр.

Желбау- киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

Тарамысты- еті қашқан, арықтаған.

Сергіту сәті.

Өлеңді оқушыларға кезекпен оқытып, мазмұнын ашу.

Сұрақ қою.

1.     Өлең не туралы?

2.     Ою нелерге салынады?( көрпе, ыдыс, киім, т.б)

3.     Өлеңде қандай ою түрі айтылған? (қошқармүйіздің суреті)

4.     Тағы қандай ою түрлерін білесіңдер? ( 230-дай түрі бар ою түрлерін көрсету)

5.     Ақынның көзіне неге жас келді?

6.     «Әжемнің көзіндей оюлар» және «Түрінен текеметтің көріп тұрмын, әжемнің тарамысты саусақтарын» деген өлең жолдарынан нені аңғаруға болады?

7.     Ою оятын адамды кім деп атаймыз? (оюшы, шебер)

Топпен жұмыс.

       1-топ. «Шеберлер» – ою салып, қию және салған оюы қай түрге жататынын айту.

       2-топ.  «Данышпан»- ою туралы мақал- мәтелдер жазу

       3-топ. «Әже»туралы  эссе  жазу.

Қорытындылау.Ойын  «Сиқырлы  қалам». (интер.тақтада)     

        Фариза апамыз оюлар құдіретін, көркемдігін, қайталанбас туынды екендігін өлеңі арқылы дәлелдеді деп толық айта аламыз,бабаларымыздан қалған осындай өнерді қастерлеп,өзіміз үйреніп әрі дамыту -біздің міндетіміз.

   Үйге тапсырма.  1.Өлеңді жаттау.

   Бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ.Тақырыбы "Оюлар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 1351
    • DOCX 164.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Булкаирова Бибигуль Насибуллиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6738
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 562 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 481 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 334 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек