Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту"

"Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту"

Скачать материал

Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Байрбаева Лаура Бакаевна

ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы

«Мақаншы орта мектеп- бақша» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың яғни бүкіл тіршілік көзі.

Қазіргі таңда мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін-өзі қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Ендеше ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген жас ұлан қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеу үшін мамандықтың кез-келген саласына қажетті білік дағдыны мектептен алып шығуы керек. Ал білім негізі бастауыштан қаланады.
Шығармашылықтың түрлері көп. Алайда біздің нысанамыз сөз өнері адамның шексіз мүмкіндігін ашу қасиетімен құдіретті.Ал бастауышта сөз өнерін ұштайтын әдебиеттік оқу пәні.
Шығармашылық процестің 3 сатысы бар.
- Бірінші сатысы жаңаны, өзгеше тың дүниені сезе білу, шығармашылық ой талдауға бейімділік, танымдық қызығушылық.
- Екінші сатысы интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, батылдық.
- Үшінші сатысы өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу.
Міне осыған байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен психологтар мұғалімдерге баланың білімін ғана көтеріп қоймай жеке шығармашылық баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екенін айтады:
- төменгі сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра алғанымен олардың қиялы тұрақтап, бір образды сюжетті ұстап тұра алмайды, алдын ала ой, идея, мақсат тумайды. Ой-қиял тұрақсыз болғандықтан, оны әрбір тапсырма міндет төңірегінде тұрақтандыру өте қиын. Мұғалімнің міндеті баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа бағыттай білу. Сонда ғана керемет образ тууы мүмкін;
- төменгі сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенмен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан әдеби жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде берілуі керек;

Оқушылардың рухани жан дүниесін байыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дарынды оқушыларды мектептен тыс, сыныптан тыс әр түрлі үйірмелерге баулу, олардың жеке шығармашылықтарын көрсетуге жағдай жасап отыру қазіргі таңдағы уақыт талабы деп түсіну қажет. Осылай еткенде ғана оқушы белсенділігі одан әрі артып, өзіне-өзі сенімді, берілген жұмысты тиянақты орындай алатын, рухы мықты тұлға болып шығуы сөзсіз.
Баланың өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру, өз бойынан шығармашылық қасиет іздеуге дағдыландыру, оның өмірде өз орнын табуына жол ашады.Бүгінгі таңдағы білім ісінің негізгі күре тамыры да осы болуға тиіс.

 бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады.

 

Дамыта оқыту да баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетін жағдайға түсу керек.
Сонда ғана баланың білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ төмендегідей 3 құрамдас бөліктрден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолдары.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай үлгі бермейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын, өзінше дәлдей түсуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын, пікірін, айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптың бәрі бірдей дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр балаға жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды,жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Оқулықтағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру тәрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал оның негізгі мақсаты жоғары деңгейдегі адамгершілік, мәдени даму және қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап көрсетілген.
Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғыры – бүгінгі мектеп шәкірттері. Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Қоғамда болып жатқан қарқынды өзгерулер мен жаңарулар білім саласына да тың серпіліс әкелді.Білім берудің қазіргі басты мақсаты - өзінің жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет ете алатын, қажетті ақпаратты іздеп, оны сұрыптауға, меңгеруге бейімді, қоғамдағы бәсекелестікке іскерлігімен төтеп бере алатын тұлғаны даярлау. Білім негізі, іргетасы бастауыш мектепте қаланатыны айқын.Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқыту ісінің маңыздылығы ешқашан күн тәртібінен түсіп көрмеген. Қазіргі бастауыш сыныптарда бітірген жеткіншек – адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, білуге жаңалыққа құмар, шығармашылығы белсенді, үнемі жетіліп отыратын тұлға, яғни ХХІ ғасыр азаматы.
Осы мақсаттардың үрдісінен көріне білу үшін мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктеледі. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері теориялық біліммен мықты қаруланған, өзінің кәсіби шеберлігін заман талабына сай үнемі жетілдіріп отыратын, шығармашыл ұстаз болуы қажет. Қазақ халқының ағртушы ұстазы А.Байтұрсынұлы «Мектептің тірегі де, тілеуі де – оқыта білетін мұғалім» деуінде үлкен сыр жатқандай.
Қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қарқынды қалыптасып, педагогика ғылымында баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған білім берудің жаңа технологиялары көптеп жүзеге асырылуда.Ғалымдарымыз отандық және шетел ғалымдарының тәжірибелерін зерттеп, озық үлгісін таратуда. Мұның бәрі түптеп келгенде қазақстандық білім беру саласын әлемдік өркениетке жақындату, білім беру сапасын жақсарту мақсаты деп білеміз.
Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген мұғалімдер әр сабағын жаңашыл ізденімпаздықпен, оқушының білім алуына барлық жағдай жасалған деңгейде өткізуде. Қазір шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің еңбегі ғана жақсы нәтиже береді.
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды, талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселе әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады.

В.Ф.Шаталов ескі, дәстүрлі әдістемеге қарсы өзінің әдістемелік жаңа жүйесін жасады. М.М.Жанпейісова осы пікірді қолдай отырып, өзінің жаңа модульдік технологиясын жасап, оны іске асырудың жолдарын таба білген.

Оқытуды түрлендіру үшін, әрине, сыныпта әр уақытта көңілді атмосфера ұстауға тырысу керек.
Деңгейлік жұмыс істеуде бала жалықпайды. Күрделі тақырыпты қарапайым тілмен жеткізе отырып, өзінің тіл байлығы мен білімін көтереді. Бірлесе отырып айтылған бір нұсқаны таңдап алудағы мақсат, бала бойындағы дарынның оянуына жол беру. Ол белгіліден белгісізге, яғни жаңа ұғымдарды игеру бала белсенділігі арқылы айқындала түседі. Оқушылардың ой-өріс мен дүниетанымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Осы тәжірибе арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына балалардың сабаққа деген ынтасы белсенділігін арттыра түсуге болады деп ойлаймыз. 

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.
Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сыныбымыздағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Мокаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. 

 дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, әліппеге дейінгі кезеңнен бастап түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Атап айтсам, «Әріптерді сөйлет» ойнында әріптерден сөз құрау тапсырылады. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойнында оқушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. «Не артық?» ойны барысында ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады. Сондай-ақ, сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау кезеңінде кесте бойынша сұрақтың дұрыс жауабын табу сәйкес номерін жазу керек деп тапсырылады. Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу, құрастыру. Баланың тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Айналадағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы ,көрген кинолары баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді.Ой-дамыту –тіл дамытумен ұштасады. Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі- еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, тілдік қоры бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу- біздің мақсатымыз

 Нәтижесінде.

1.      «Айналайын» облыстық интеллектуалдық олимпиадасынан 3 оқушым жүлделі орындар алып, мақтау қағазымен марапатталды.

2.      «Ақ бота» интеллектуалдық олимпиадасынан 8 оқушым сертификат алды.

3.      Еренбек Ақсана 45 минут сайтындағы «Арманы асқақ оқушы» конкурсына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

4.      Темірханова Дина аудандық пән олимпиадасында қазақ тілі пәнінен 2 орын иеленді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2016 3366
    • DOCX 22.9 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байрбаева Лаура Бакаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байрбаева Лаура Бакаевна
    Байрбаева Лаура Бакаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10381
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 33 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 44 регионов

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 278 человек из 65 регионов

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов