Ой қозғау - Қалай ойлайсың табиғат деген не? Сені қоршаған дүние –табиғат- оны неге өз үйім деп айтады? Сенің пікірің? Сурет бойынша жұмыс: Суретте не бейнеленген? Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады? Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар? Суретке қарап «Табиғат және адам» тақырыбына әңгіме құр. -Ендеше, бүгінгі өтетін жаңа тараудың тақырыбы «Табиғат- менің өз үйім» деп аталады. Бейнебаян көрсетіледі. (балалар алған әсерлерін айтады) Топтық тапсырма «Мозайка құрастыру» (ОүБ -2) (әр топ шыққан сурет пен сөзге байланысты ізденіс жұмыстарын орындайды) 1-топ-Есіл 2-топ-Ертіс 3-топ-Жайық 4-топ- Сырдария Осы өзендерді картадан көрсетеді Ендеше біз бүгін сендермен табиғаттың маңызды бөлігі табиғи су туралы сөз қозғаймыз. Ы.Алтынсарин «Өзен» - Ыбырай Алтынсарин кім? (оқушылардың жауабы) - Қандай шығармаларын білесіңдер? Оқулықпен жұмыс: а) . Мұғалімнің оқуы,қосымша түсіндірмесі ә)оқушылардың оқуы. Әдісі: іштей оқу, тізбектей, мәнерлеп оқу, «түртіп алу» стратегиясы Топтық жұмыс. Өлеңді талдау. (ОүБ -2) Әр топ 1 шумақтан оқып өлеңніңмағынасын ашу Тақырыбы - өзеннің сұлулығын суреттеу. Жанр түрі - поэзия (өлең) Идеясы - табиғатты қорғау Шумақ саны - 4 шумақты Тармақ саны - 18 тармақты Бунақ саны - 2 - 3 бунақты Буын саны - 11 буынды өлең Ұйқас түрі: қара өлең ұйқас түріне құрылған. Әдеби - теориялық ұғымдар - эпитет, теңеу 22-наурыз –Бүкіл әлемдік суды қорғау күні Дәптермен жұмыс Сөздік жұмысы .Әдісі: талдау, түсіндірмелі, дәптерге жазып алу. Өксіген - шөлдеген мақсатында, Қынарда – жағасында Жанабында - маңайында Жай - орын, қоныс теңеу сөздер: айнадай, оттай ... Проблемалық сұрақ:Суды неліктен қорғауымыз керек? Судан келетін қандай қауіп бар?Оның қалай алдын алуға болады?Өз ойыңды білдір. Жалпы талдау. Сұрақ- жауап. Ақын өзенді қалай суреттеген? Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге, таудан ағады). Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? Сергіту сәті. |
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.