Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары "Алтын алқа" (2-сынып)

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары "Алтын алқа" (2-сынып)



  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4fc8f17c.gifhello_html_33552deb.gifhello_html_61ff5e8c.gifТақырыбы :«Алтын алқа»

Мақсаты :Білімділік :Мәтінмазмұнынөмірменбайлантыраотыры,мәтінніңмазмұнынашу, асық ойындарының түрлерімен таныстыру
Дамытушылық : Сөздікқорларындамыту, сөйлеу мәнерін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік :Оқушылардымейірімділік пен жанашырлыққатәрбиелеу, қамқор болуға баулу.
Сабақтыңкөрнекілігі :слайд, ұлттықнақыштағыбұйымдарсуреттері.Асықтүрлері.
Сабақтыңбарысы :
І. Ұйымдастырукезеңі :
А) Сәлемдесу

Ә) психологиялық кезең
«Мен бәрін жасай аламын»

Бүгінгі күн тамаша,

Мен өзімді жақсы сезінудемін.

Менің көңіл-күйім керемет жақсы.

Мен жұмыс істеуге дайынмын.

Мен өзіме сенімдімін.

Мен барлығы қолымнан келетініне сенемін.

Мен жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін.


ІІ. Үй тапрмасын тексеру:


Жеті санына байланысты атаулар бар?

Яғни, бір аптада неше күн бар?

Біз нені білуіміз қажет?

А) жеті қазынаны атау

1. ер жігіт

2. сұлу әйел

3. ақыл білім

4. жүйрік ат

5. құмай тазы

6. қыран бүркіт

7. берен мылтық

Ә) «Жеті қазынаның бірі» аңызын рөлдік сомдау

Б) Иттің пайдасы қандай?


ІІІ. Жаңа сабақ:

А) Қызығушылықты ояту.
Сатып алуға болатын бағалы заттарды ата : Алтын, күміс, т.б.
Аже, апамыз, анамыз құлақтарына, мойындарына нені тағады?


Ә) Топтастыру.
«Алтын» сөзіне байланысты тіркестерді айтып, топтастырайық.

А Л Т Ы Н


адам алқасақина білезік тіс шаш сақа

Б) « Алтын сақа » ертегісін еске түсірейік.
Шын мәнінде өмірде алтын сақа бар ма екен ?
Ол не үшін керек ?


Асық ойындары – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.

Асық ойындары бізге не үшін қажет?
Асық ойыны – баланың жастайынан жүйкесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.

Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік те, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді.Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Асық
ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады.

В) Ойтолғау

Тапсырмаларды орындау кезінде
«Венн диаграммасына» салып,өте ертедегі балалар мен қазіргібалалар ойындарын салыстыру.

Өте ертедегі ойын Қазіргі заман ойыны

ақыл, ойын ызақорлық, тұйық, ашу-ыза,

дамытады, атыс-тартыс, балаға көп

сабыр болуға, зиянын тигізеді

төзімділікке,

шыдамдылыққа, мақсатқа жетуге

Г) Сергіту сәті


IV.Мағынаны тану

Мәтінді дауыстап оқу.

Іштей оқи отырып, «Түртіп алу» әдісі бойынша мәтіндегі әпкесі мен інісі арасындағы мейірімділік пен жанашырлық сезімдерін жазушының көрсетуі бойынша белгілеп отырады.

-Осы сәтті көз алдыңа елестетіп, қалай бейнелеп берер едің ?

Анасының махаббатын сездіруі, жан ашуы, бағалы затты өз інісіне қию, өз інісінің жайын ойлауы, өз інісіне деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдері

Топтарға тапсырма

-Әпкесі мен інісіне сипаттама бер.
Әпкесі қамқоршы, жанашыр, адамгершілігі мол

-Әпкесі неліктен бауырының сақасы үшін өте құнды алтын алқасын шығын етті?
-Әпкесінің әшекей бұйымы қандай?
-Мәтіндегі алтын сақа мен ертегідегі сақаның айырмашылығы неде?
- Қай сақаның құны қымбаттырақ болып тұр ? Неліктен ?

V. Сабақты қорытындылау

«Асық, жасырынбақ, жарыс, күрес, ақсүйек ойнау-жастарды ептілікке, шеберлікке, айлакерлікке, мергендікке, ширақтыққа, табандылыққа тәрбиелейді» деген екен Бауыржан Момышұлы.

Сипаттау

-Бауыржан Момышұлы деген кім?

Әпкесі інісі үшін жаны ашыса, Бауыржанның елі үшін жаны ашыды.

-Балалар, әңгіменің осылай аяқталғаны саған ұнады ма? Өздерің осындай жағдайға душар болсаңдар не істер едіңдер?

VI. Үйге тапсырма: «Алтын алқа» әңгімесін оқу, «Менің сүйікті ойыншығым» немесе «Ең қызық ойын» атты шығарма жазу.

VII. Бағалау





























Социал негізгі мектебі













Ашық сабақ:













Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Сейдахметова Асемгуль Нуржановна









2015-2016 оқу жылы


Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров535
Номер материала ДВ-171702
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх