Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары по Малта.Ілияс Жансүгіров

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары по Малта.Ілияс Жансүгіров

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қостанай облысы

Меңдіқара ауданы

Шиелі бастауыш сынып мұғалімі:

Сейдалина Айгуль Хамитовна

Күні:

Сынып: 3

Сабақ:Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Малта» Ілияс Жансүгіров 
Мақсаты:
 
а) Білімділігі: Ілияс Жансүгіров жайлы мәлімет беріп, малта өлеңінің мазмұнын түсіндіру. 
ә)
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істеуге өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, таным белсендіктерін арттыру. 
б
)Тәрбиелік: Ұлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты қадірлеуге, дұрыс тамақтануға үйрету, еңбек сүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ,
 
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап, ой қозғау.
 
Сабақтың көрнекілігі: суреттер І.Жансүгіровтың портреті, мәтінге байланысты суреттер, сөз жұмбақ, жұмбақтар
 

Сабақтың тақырыбы

1.Амандасу 
2.Психологиялық дайындық
 
Қуан шаттан, балалар!
 
Қуанатын күн бүгін!
 
Қайырлы таң достарым!
 
Қуанышты бүгін күн болсын!
 
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
 
І.Үй тапсырмасын сұрап, бағалаймын.
 
1. « Қатқан нан» әңгімесінің мазмұнын сұрау
 
2. Нанның қадірі туралы әңгіме жазып келу
 .

3.Нан туралы мақал мәтел айту.
4. Қорытындылау:Ас атасы не? Ол қалай жасалады? (сұрағына жауап ізделеді)
 
Оқушылардың пікірі тыңдалады.
 
ІІ.Жаңа сабақ.
 
Кіріспе әңгіме.
 
1. Күнде көріп жүрген төрт түлікті атайық. Тақтада суреттерін көрсету
 

2. Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу
 
1. «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады» деп атасынан бата алған бала кім?
 
2. Әліппенің атасы кім?
 
3. Шоқан Уәлиханов кім?
 
4. Ы.Алтынсарин мектеп ашқан қаланың аты.
 
5. Дала жұлдызы атанған кім?
 
Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Малта» өлеңі.Бұл өлеңді жазған І.Жансүгіров – оқулықтағы суреттер арқылы оқушыларды сөйлету-І. Жансүгіров туралы өздеріне айттыру, толықтырту
 
ІІІ. «Малта» Кәдімгі қолдан жасаған құртты көру,қолға ұстау,дайындау ережесін ұғындыру арқылы түсіндіріледі.
 
Суреттер,осы заттарды көзбен көру,ұстау бойынша жүргізіледі. (күбі, қазан, сөре, ананың суреті, сүзілген қаптағы құрт)
-Бұл суреттерді қайдан көрдіңдер?
 Кімнің үйінде осындай заттар бар?

Кім анасымен бірге осындай малта жасап көрді?
-Мына суреттерден не түсінуге болады? деген сұраққа жауап алынады.
 
- «Малта» сөзін естігендерің бар ма? / оқушылардың көрген –білгендерін айтқызу, өмірмен байланыстыру/
 
-Малта – езілген құрттың ұсақталған түрі. Жұп-жұмсақ болады. Алдын ала дайындалып әкелінген құрттардың түрлерін оқушыларға көрсету, түсіндіру. Ыстық суға құртты /алдын ала езілген, көрсетіп , малтаның қандай болатынын ұғындыру/
 
Сергіту сәті. Жұмбақтар шешу.
 
Сұйық еті аппақ,
 
Бауырдай боп қатыпты,
 
Ішсең дәмі тәтті-ақ Бұл не ? (сүт пен айран)
 

Мал төлдеп,
 
Әр ауыл
 
Пісірді ақ бауыр (уыз)
 

Әжем уыстап сығып,
 
Далада кептірген
 
Қатты әрі тәтті
 
Дәмін кім жеп көрген Бұл не ? (құрт)
 
Мәтінмен жұмыс жасалады. Тақтаға кезектесіп құрттың қалай пайда болуын бір сөзбен жазып отырады.
 
Біздің жерімізде негізінен сиырдың сүтінен жасайды .Қойдың,сиырдың сүті, сүтті пісірді, айран қылды, қазанға қайнатты, күіге құйып пісті, іркітті қайнатты, сүзіп қойды, өреге жайды.
 
Не болады деп ойлайсың? Оған дәлел Не болды?
 
Мәтінді бөліп - бөліп оқимын. Оқушылар әр шумақты оқыған соң не болғанын түсініп, келесі шумақтарда не болатынын болжап, оған дәлелдерін айтып отырады. Осылайша мәтін мазмұны меңгертіледі.
 
Тақтадағы сөздіктерді оқып мағынасымен танысады.
 
Жұмыршақ - кедір - бұдыры жоқ, жұп - жұмыр.
 
Сөре - бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.
 
Өре - құрт, ірімшік, жеміс - жидек, т. б. тағамдар кептіруге арналған шиден тоқылған сөре.
 
Шым - шым су - ыстық су.
 
Сыбану - жеңін түру.
 
Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.
 
Сөздік жұмыс.
 
ІҮ. Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар қойылады)
 
Зерттеуші-баяндаушы: Малта қалай жасалады?
 
Сөз тапқыш – сілтеме жасаушы: Мәтін мазмұнына байланысты мақал - мәтел айтып, дәлелде.
 
Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.
 
Бейнелеуші: Мәтін мазмұнына байланысты тақтаға сурет салу.
 
Дәнекерлеуші- өмірмен байланыстырады – құрттың пайдасы,ЭКСПО 2017 мен байланыстыру
 
Топ пікірі тыңдалады. Бүгінгі сабақта мен нені білдім? Сұрағы төңірегінде оқушы өз ойын айтады.
 
«Бес саусақ» толтырылады.
 
Осы жерде не білдім не үйрендім білгім келеді?
 
Оқушыларға пісіру, қайнату, кептіру қимылмен көрсеттірту. Және де әр топ құртты жарнамалайды-оның пайдасы, тәтті жегенше құртты же т.с.с.
 
Оқушы білімі «Ұнады», «Ұнамады» әдісі бойынша бағаланады.
 
Үйге тапсырма: Малта өлеңі мәнерлеп оқу және сүттен тағы нелер жасалатынын біліп келу



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров23
Номер материала ДБ-383500
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх