Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары 3 сынып "Менің туым"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары 3 сынып "Менің туым"

библиотека
материалов

hello_html_m3c3a97c9.gifhello_html_m242c8177.gifhello_html_m3c75c905.gifhello_html_78e481d.gifhello_html_m33c16776.gifСабақтың тақырыбы: Менің туым

Сабақтың мақсаты: Отан туралы білімдерін кеңейтіп мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік қалыптастыру. Өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын жетілдіру. Елін, жерін сүйуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс, өз бетімене жұмыс

Көрнекіліктер:


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәтінде

Біздің алар бағамыз

Кілең «5» тік болсын.


Үй тапсырмасын тексеру.

«Сен білесің бе?» Сұрақ – жауап


1.Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесің?
2. Бұл мерекенің басқа мерекеден қандай айырмашылығы бар?
3. Желтоқсан құрбандарын ата?
4. Қайрат Рысқұлбеков туралы не білесің?

5. Қазақстан Респуликасы өз тәуелсіздігін қай жылы алды?

6. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?


Топтастыру:


бейбітшілік ашық аспан

Тәуелсіздік



мереке


егеменді

бірлік


Жаңа сабақ:

Мұғалім сөзі: Балалар Отан дегенде көз алдымызға не елестейді?

(Отбасы, атамекен, туған жер)


Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Менің туым» өлеңі.

Авторы: Болат Үсенбаев (слайдтан өмірін таныстыру)

Жер бетіндегі мемлекеттік атаулының қай – қайсысының мемлекеттік белгісі рәміздері бар. Олай болса біздің тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері. Ту, Елтаңба, Әнұран.


Болат Үсенбаев - 1955 жылы 24 наурызда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған.


Ту – Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран, ою – өрнек – алтын түсті. Тудың авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба – Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі.

Елтаңба – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Елтаңба негізі - Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – отбасының бейнесі. Елтаңбаның авторлары: Шотаман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Әнұран - 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран сөзін жатқа білу әр адамның парызы. Әнұран авторлары: Ж. Нәжімеденов. Н.Ә.Назарбаев. Ш.Қалдаяқов.


Оқулықпен жұмыс:

а) Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру

ә) 2 - 3 оқушы мәнерлеп оқып береді.

б) Тізбектей оқу

в) Іштей оқу


Сергіту сәті:


Сөздік жұмыс:

Көтерілер шоқтығым - мерейі үстем болу, мәртебесі жоғарылау.

Шартарап - дүниежүзі


Топпен жұмыс:

а) Өлеңде не туралы айтылған?

ә) Өлең сені қандай сезімге бөледі?

б) Қазақстан туына сипаттама, әңгімелеп бер?







Топпен жұмыс:

І топ: а) Өлең мазмұнына сай сурет салу


ІІ топ: ә) Отан, ел, жер туралы мақал – мәтел айту


ІІІ топ: б) Өлең жолдарын жалғастыру:

................. күлімдеп (Күн шықты)

................. әлемге (шуағын шашып)

................. гүлденді (қазақ елі)

................ бар елге (танылды)


Топпен жұмыс:


І топ: Пирамида құрастыру: Мына сөздерден жаңа сөздер құрастыру

( Елтаңба, Байрақ, Әнұран, Рәміздер, Қазақстан)

Ел, таңба, бай, ән, ұран, таң, ақ, рәміз, қазақ, т.б.


ІІ топ: Бес жолды өлең : Отан, Күн, Жылқы

Отан

Үлкен, бай, кең, қымбат

Қорғайды, дамиды, оқытады

Отан оттан да ыстық

Ел


Күн

Ашық, сары, шұғылалы

Жарқырайды, , жылытады, шашады

Күн бәріне нұрын шашады


Жылқы

Жүйрік, әдемі, қайратты

Жүгіреді, жайылады, жатады

Жылқы қазақта киелі жануар

Ат


Эссе жазу

ІІІ топ: Эссе «Рәміздерім»


Ой қорыту: «Аяқталмаған сөйлем»


Біздің туымыз ерекше, себебі...........................................................................................................................


Мен рәміздерімді мақтан етемін өйткені.......................................................................................................................



Тест жұмысы:

1.Мемлекеттік рәміздерге не жатады?

а) Ту, елтаңба, әнұран

ә) ту, байрақ, заң

б) әнұран, заң, тіл

2. Тудың түсі қандай?

а) жасыл

ә) Сары

б) Көк

3. Тудың авторы кім?

а) Жандарбек Мәлібеков

ә) Шәкен Ниязбеков

б) Шотаман Уалиханов

4. Туда не бейнеленген?

ф) қыран құс, күн, ою өрнек,

ә) ою өрнек, жұлдыз, шаңырақ

б) шаңырақ, жұлдыз, қыран құс

5. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды?

ф) 1992 жылы 4 маусымда

ә) 1995 жылы 4 тамызда

б) 1991 жылы 7 шілдеде


  • Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

  • Туымыздың авторы кім?

  • Туымыздың түсі қандай онда нелер бейнеленген?

  • Менің туым өлеңінің авторы кім?

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау


Балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.













Краткое описание документа:

Отан туралы білімдерін кеңейтіп, мемлекеттік нышандар туралы мәлімет беру.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, үй тапсрымасын сұрақ-жауап әдісі арқылы тексердім.Топтастыру жұмысы орындалды. Автор туралы мәлімет беріліп,оқулықпен жұмыс жүргізілді.Өлеңді іштей,тізбектей оқып,сергіту сәті жасалды.Сөздік жұмысы орындалып, пирамида құрастырды.Бес жолды өлең құрастырып, эссе жазды.Тест жұмысы орындалып,бағаланды.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров2572
Номер материала 278469
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх