Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары(4сынып) "Сыбызғышы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары(4сынып) "Сыбызғышы"

библиотека
материалов

Сыныбы: 4 «А»

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Сыбызғышы

Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұны мен негізгі ойды болжай отырып меңгеруіне қолайлы орта құру

Сабақтың міндеттері :

  • Ертегінің мазмұны мен идеясын өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау;

  • Тайыр хан, Асан және биші киік туралы ой пікірлерін болжай отырып оқуға көмек беру;

  • Жеке, жұпта, топта өз көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, бірлесе дамуға мүмкіндік беру;

Күтілетін нәтижелер:

  • Топтағы оқушылар тығыз ынтымақтастықта бір-бірімен пікір алмасады, бірін-бірі тыңдайды;

  • Берілген мазмұн бойынша өз көзқарастарын білдіреді;

  • Алға қойған мақсатқа жету үшін ойланады, жазады, салыстырады;

III. Сабақта қажетті материалдар: Мәтін, көрнектілер, қағаздар, кері байланыс парақтары.

Бағалау: «Суретпен болжау», «Болжау», «Эссе».

Сабақтың түрі: жан-жақты ізденіс сабағы.

І. «Қызығушылықты ояту» сатысы

Суретпен болжау

Мұғалім: Суретке қарап бүгінгі оқитын ертегіміз не жайлы болатынын

болжап көріңіздер?

Кедей бала

Сыбызғы

Киік лағы

Жеке, жұпта, топта талда

ІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы

« Болжау» арқылы оқыту.

    • Қазір сіздер «Сыбызғышы» деген ертегіні оқисыздар,

ертегіде сіздерге таныс емес жаңа сөздер кездеседі.

Кіріптар – бағынышты болу

Нән – үлкен

Қиғылық салу – шатақ шығару

    • Әңгімені бірнеше үзіліспен оқисыздар, сонан соң оқыған бөлім

бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз.

Сонымен 1-ші үзіндіні оқимыз.

Ертеде бір кедейдің жалғыз баласы болыпты. Аты Асан екен. Күндердің күнінде әкесі дүние салып, бала жетім қалыпты. Шешесі ұлын жетелеп ел қыдырып, күн көріпті.

Бір күні бұлар Тайыр деген ханға келіп, мұңын шағып, жәрдем сұрапты. Сонда хан Асанның шешесі Жаңылға: Сен менің тазыларымның күтушісі бол. Иттермен бірге жатып, бірге тамақтанасың. Ал мына балаң қозы бақсын, - дейді.

Асан мен шешесі осылайша ханға кіріптар құл болады. Ауыр жұмыс, итқорлық титықтатып, әбден жүдеткен Жаңыл түні бойы зарлап, өзіне - өзі мұңын шағады екен.

Асан сегіз жасқа толғанда анасының қайғы – қасіретін, зарын қамыға тыңдап, кең далада қозы жайып жүріп, күңірене толғанатын болыпты. Қапалы көңілді қайғысы мен арманын сары даланың сағымымен ұластырыпты.

    • Әрі қарай не болады деп ойлайсың?

    • Оған қандай дәлел бар? (жеке,жұпта,топта талдап жаз)

    • Келесі үзіндіні оқимыз.

Ержете келе ол асқан шебер сыбызғышы болған екен.Бірақ оның өрнектеп сыбызғы жасауға қаражаты жоқ. Қурайдың іші қуыс сабағынан сыбызғы жасап алады да, даланы күңірентеді. Бұл күйіне «Арман» деп ат қойыпты. Сөйтіп, аңырата тарта береді. Тартқан сайын Асанның күйі үдеп, тамылжи сорғалайды.Тау қалғып, дала мүлгіп, жан-жануарға дейін құмарта тыңдайды екен

Бірде Асан өзінің «Арман» күйін аңыратып отырғанда, екі лағын ілестірген нән кер киік қасына келеді. Екі лағы күй сазына билей жөнеледі. Күй сазына елтіп, би қызығына кіріп кеткен киіктер ешбір қауіп-қатер ойламайды. Күнделікті өмірі осылайша өтіп жатады.

    • Болжамдарыңа сәйкес келді ме?

    • Одан әрі не болады деп ойлайсың?

Оған қандай дәлелің бар?

    • Келесі үзіндіні оқимыз.

Күндердің күнінде Асан сыбызғысын сарнатып, киіктер билеп,иен далада ойын қызып жатқанда, аяқ астынан мылтықтың даусы тарс ете түседі. Қою түтіннің астында қалған Асанды біреу келе сала сабай беріпті. Қараса, Тайыр ханның баласы екен.

-Асыранды биші киігің барын маған неге айтпағансың? Қазір ұстап бер! Әйтпесе, басыңды шауып тастаймын! – деп, қиғылықты салады.

Асан амалсыздан киіктің бір лағын ханның баласына ұстап береді. Ханның баласы киіктің лағын әкесінің алдына алып келеді. Оның биші екенін айтады.

Тайыр хан қоластындағы сыбызғышылардың бәрін жинап, кезек-кезек күй тартқызады. Қаншама күй тартса да, лақ билемей қойыпты. Хан қаһарына мініп, құтырған бурадай зіркілдейді, сыбызғышылардың барлығын ордасынан қуып шығады да:

Сыбызғы тартатын тағы кім бар? –деп сұрапты уәзірлерінен.

Жүз жасқа келген бір сыбызғышы бар, - депті уәзірлердің біреуі.

Ендеше соны алып кел! деп бұйырады хан.

Қарт сыбызғышы да күйді күні-түні тартып, киіктің лағын билете алмапты.

    • Сен ойлағандай болды ма?

Қаншалықты сәйкес келді?

    • Одан әрі не болады деп ойлайсың?

Оған қандай дәлел бар?

  • Келесі үзіндіні оқимыз.

  • Тақсыр хан, - депті сонан соң қарт сыбызғышы, - сіз қара халыққа

жарлық беріп, әмір жүргізгеніңізбен, сезім мен ойға бұйрығыңызды өткізе алмайсыз. Сыбызғыда сиқыр жоқ. Сыбызғышыларда жазық жоқ. Киіктің мына лағының сезіміне әсерін тигізетін күйді Асан баланың өзі ғана біледі. Басқа ешкімнің қолынан келмейді.

Хан қарт сыбызғышының сөзіне иланып, Асанды алдыртыпты. Асан күй тартқан екен, лақ құшырлана билей жөнеліпті. Асанның зарлы күйі мен лақтың биі ханның да жүрегін жібітіп, пейілдендіріпті. Содан кейін хан:

  • Мынадай өнерің үшін қандай тілегің болса да қабыл аламын. Не

қаласаң, соны ал! –депті Асанға.

Асан ханнан анасы мен өзінің және киік лағының бас бостандығын сұрап алыпты да, жалпақ даланы кезіп кетіпті.

  • Ертегі сен ойлағандай аяқталды ма?

Қаншалықты сәйкес келді?

  • Асан өз мақсатына қалай және не арқылы жетті?

  • Не болды? Жеке кестеде қысқаша жазып шық.

ІІІ. «Ой толғаныс сатысы»

Эссе


«Менің сабақтан алған әсерім...


IV. Үй тапсырмасы:


Егер Асанның орнында болсам не істер едім?


Автор
Дата добавления 01.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров217
Номер материала ДВ-024746
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх