Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу пәнінен 2 - сынып "Қажымұқан" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Әдебиеттік оқу пәнінен 2 - сынып "Қажымұқан" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектеп: Тіленшін орта мектебі

Мұғалім: Жакупова Ш.С.

Сынып: 2-қазақ

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қажымұқан. Н. Есенов

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шығарма мазмұнымен таныса отырып, оның идеясын анықтату. Ой ұшқырлығы мен тапқырлығы арқылы кез-келген жағдайдан шыға білуге үйрету. 
Күтілетін нәтиже: Әңгіменің идеясын анықтайды. Қажымұқан туралы мәлімет алып, мақтаныш сезімі оянады. Ұлы тұлғадан үлгі алады. Өз Отанының патриоты болуға тәрбиеленеді.  
Әдіс-тәсілдер:Топтық жұмыс, шығармашылық тапсырма,тест.

Ресурстар: Әдебиеттік оқу 2-сынып оқулығы, ноутбуктар, стикерлер, қағаздан мозайка

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 

Күтілетін нәтиже

Қызығушылығын ояту

Мозайка әдісі арқылы

2 топқа бөлу

Мозайканы құрастыра отырып, сурет құрастырады.

Сабаққа қызығушылығы оянып, белсенділігі артады.

Тақырыпқа шығу

Мозайкада құрастырылған суреттен не байқадыңдар?

Сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Қандай атақты палуанды білесіңдер?

Мозайкадан палуандар күресуін көрдік.

Сабақтың тақырыбы Қажымұқан болмақ,

Атақты палуандар Қажымұқан, палуан Шолақ.


Бағалау парағын тарату

Бағалау парағын смайликтер арқылы жүзеге асады.

Бағалау критериилерімен танысады

Әділ бағалауға үйренеді.

Мәтінмен жұмыс

Автормен таныстыру.Интернет желісінен ақпарат тапқызу.

Бөлімдер бойынша оқыту.

1-бөлім.

-Мұрат атасына неге таңқалды?

-Тастар қайда болды?

2-бөлім.

  • Көктөбе дегеніміз не?

  • Көктөбеде нелер жатыр?

  • Ауыл адамдары мұнда не істейді?

3-бөлім.

-Мұрат атасына қандай сұрақ қойды?

-Атасы қай кезеңді баяндайды?

-Ауылға қандай хабар таралады?

-ауыл адамдары қайда жиналды?





4-бөлім.

-Күш тасын танымас деген мақалды қалай түсінесіңдер?

-палуан қандай өнерін көрсетті.

5-бөлім

Жұрт неге демін ішіне тартты?

Ел неге қошемет көрсетті?

  • Алақанның табы қалған дегенді қалай түсінесіңдер?

Автордың айтайын деген ойы не?

Н. Есенов туралы ақпаратты интернет желісінен табады.

1-бөлім

-Берік ағайға қара тастарды бермегені үшін.

-Көктөбенің үстінде болды.



2-бөлім.

-Ауыл шетіндегі төбе.

-Қара тастар жатыр .

- Әңгіме дүкен құрады, қозы лақ жаяды.

3-бөлім.

-Қара тасты Берік ағайға неге бермедіңіз?

-Бұл оқиға соғыстан кейін болады.

-Палуандар келіпті, Қажымұқанның өзі келіпті деген хабар таратылады.

-ауыл адамдары Көктөбеге жиналады.



4-бөлім.

Ол күштің атасы сияқты, палуандардың ішінде ең мықтысы болды.

Тісімен кір тастарын көтерді.

Қара тасты үстіне қойғанда ол шыдай алмайтын шығар деп адамдар демін ішіне тартты.

Қара тастарға Қажымұқанның қолы тигеннен кейін оны көзіндей сақтады.



















Қажымұқанның өнеріне тәнті болған адамдар, қанша уақыт өтсе де, тастарды көзіндей сақтап, палуанға аса құрмет көрсетілгенін түсінеді.

Тв Шоу, газет шығару

1 топ. Сұңқар

Тв Шоу бағдарламасын ұйымдастырады.

2-топ. Қабылан

Газет шығару

1-топ. Оқушылар Режиссер, жүргізуші, оператор, сценарист, таймспикер болып бөлінеді.

2-топ. Редактор, суретші, тілші, таймспикер болып бөлінеді.

Қажымұқанның өмірі, ерлігі туралы қосымша мәлімет ала отырып,оны басқа қырынан таниды.

АКТ қолдану. Сабақты бекіту.

Тест тапсырмасын орындайды.

Ең алдымен өздері орындап, көршілес балаға береді. Көршілес бала АКТ арқылы тексереді.


Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек

Сабақтың ұнаған екі жағын көрсету, бір ұсыныс жасау.




















Қажымұқанның өмірі туралы қысқаша түсініктеме беру
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. 
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған 
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. 
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды. 
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады. 
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. 
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1084
Номер материала ДВ-365354
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх