Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдебиеттік оқу Сабақ жоспары "Ұлы жеңіске - 70 жыл"

Әдебиеттік оқу Сабақ жоспары "Ұлы жеңіске - 70 жыл"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран


Жеңістің туы желбіре мәңгі көгімде

Жасаған мәңгі батырлық мынау өр елде

Ғасырлар бойы қорғаған жерді бабалар

Сынбаған сағы ,рухы асқар өр кеуде.


9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 70 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн! Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан майданға аттанған жауынгер аталарымызға кезек берсек.

Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Олардың көпшілігіне Вермахттың сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді.

9 мамыр –жалпы ұлттық мереке.Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.Әр көктем біздің осынау ұмытылмас 1945 жылдың 9 – мамырын еске салады.

Отан үшін,ел азаттығы үшін шыбын жандарын шүберек түйіп қан маңдайға неміс басқыншыларымен жан аямай арыстандай айқасқан ер аталарымыздың ерлігі де ел есінде дастан болып жазылады. Бұл таусылмас қуаныш пен бүкіл әлемдегі

миллиондаған адамдардың өмірлерін құрбан еткендердің ерлігі туралы жарқын естеліктер күні.

Соғыстан қираған қалалар мен селолар әлдеқашан қалпына келтіреді.Бірақ соғыс солған жара әлі жазылған жоқ.Сол бір қаралы жылдары 20 миллион адам құрбан болды.Халық зердесіне бұл күн мәңгі сақталады.1945 жылдың 9 – мамыры – фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн. Бұл – Жеңіс күні!...


  1. Боздақтар .т.3- Алматы.қазақ энциклопедиясы, 1998.-517 б.

«Боздақтар»- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында мерт болған қаһармандарға ескерткіш кітап.Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналған.3- томға Көксу, Қапал, Қаратал,, Панфилов аудандарынан майданға аттанып, елге қайтып оралмаған жауынгерлер есімдері енгізілген.

  1. Қазақстан Кеңес Одағының Батырлары: Энциклопедиялық жинақ - Алматы. «Өнер», 2010.-320 бет.

Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне орай шығып отырған бұл энциклопедиялық жинаққа қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының ерлікке толы өмірбаяндары енгізілген. Кітап жас ұрпаққа отаншылдық тәрбие беріп, оларды ата дәстүрін қастерлеуге баулуда оқырман көңілінен лайықты орын сөзсіз.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

  1. Нұршайықов Ә.

Ақиқат пен аңыз: Роман диалог. Алматы: Жазушы, 2009.-464 б.

Қазақтың Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогында Ұлы отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының сонау балауса шағынан бастап, аты аңызға айналған қолбасшы, атақты жазушы, алты алашқа ардақты ұлы перзент тұлғалауына дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.

Ұсынылып отырған нұсқасы - әйгілі шығарманың кеңестік қатал цензура кезінде қысқартылып, кітапқа кірмей қалған тараулар қайта қосылған, яғни толықтырылған 7-басылым.

  1. Момышұлы Б.

Жүрекпен жырлап толғаймын. Көптомдық шығармалар жинағы.30 том.- Алматы: Өнер, 2010.-248 бет.

Бауыржан Момышұлы қаламын туындаған өлең-жырлар - батырдың өмірбаяны мен шығармашылық өмір жолын өлеңмен өрнектеумен құнды. Оның өлеңдерінің негізгі ерекшелігі - ойға құрылуында жатыр. Сондықтан батырдың өлеңдерін түгел жинастырып, өзі жинақтаған терме - толғаулары мен мақал – мәтелдерін оқырман қауымға ұсынып отырмыз.

  1. Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер.- Алматы: «Білім»,2007.-208 бет.

Бұл кітап кеңес одағының Батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған. Батырмен қатар жүрген замандастарының, көзі көрген ізбасар інілерінің, балаларының тартымды баяндалған сырлары мен жырлары, мақалалары жинақталған естеліктер кітабын жалпы оқырман қауымына ұсынып отырмыз.


  1. Бек А.

Арпалыс. Көптомдық шығармалар жинағы. 28 том.- Алматы: Өнер,

2010- 280б.

«Арпалыс» - «Волоколамское шоссе» деген атпен ( 1943- 1944 ж.ж.) Мәскеуде, 1946 жылы Алматыда жарық көрді. Б.Момышұлының алғашқы соғысқа кірген сәтінен бастап, 1941 жылдың желтоқсан айына дейін кезеңді қамтиды. Осыған дейін бірнеше рет жарық көрген бұл шығарманы осы көптомдық шығармалар жинағына енгізіп, оқырман назарына ұсынып отырмыз.

  1. Қанахин Өтебай

Ауыр күндерде.Хикаят.- Алматы: Қазақпарат, 2004.- 186 бет.

«Ауыр күндерде» хикаяты - белгілі жазушы Өтебай Қанахиннің ең алғаш жарық көрген көркем туындыларының бірі. Кітапта Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қанқұйлы жаумен қаһармандықпен шайқасып, Ұлы Жеңісті жақындата түскен қазақ жігіті Естібай Омаров пен қарулас достарының қилы тағдыры тартымды да шынайы суреттеледі.

Бұл кітап кезінде автор тарапынан түбегейлі өңделген, ширек ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін оқырман назарына қайта ұсынылып отыр.





Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров97
Номер материала ДВ-477381
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх