Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘдебиеттік оқу. Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты. 2-сынып Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға үйрету. Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру. Амандасудың түрлерімен таныстыру. Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру. Рөлдік ойындарға

Әдебиеттік оқу. Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты. 2-сынып Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға үйрету. Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру. Амандасудың түрлерімен таныстыру. Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру. Рөлдік ойындарға

Скачать материал

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, шеңгелді ауылы

«Қ. Сатпаев атындағы негізгі орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Амирова Айнур Бакытбековна

 

 

Күні

Әдебиеттік оқу

2-сынып

Амирова Айнур Бакытбековна

Сабақтың атауы

Амандасу салты 

Мақсаты

Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға  үйрету. Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру.  Амандасудың түрлерімен таныстыру. Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру. Рөлдік ойындарға бейімдеу.  Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Нәтиже: амандасудың түрлерімен танысып, ролдік ойындарға бейімделеді. Өз пікірін білдіреді.

Көрнекілігі:  мақалдар, кесте, сурет, ойын, үлестірмелі парақшалар, бағалау парақшасы.

Психологиялық ахуал

1)Шаттық шеңбері

-Балалар, мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір -бірімізді көргенімізге қуанышты екенімізді көрсете отырып, амандасайық.

2)Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Кел ,балалар, кәнекей,                     

Парақтайық әліппи,

Талай қызық күтуде.                          

Бәрімізді әлемде.

Жалықпа сен, жалықпа                   

Оқы, тоқы, арманда

Бәрін білген балаға                          

Жақын болар алыс та. 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

-Оқушылар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сондықтан өз білімімізді көрсетейік. Бүгін сабақта топпен жұмыс істейтін боламыз. Әр орындалған тапсырма үшін топтарға асықтар беріліп отырады. Сабақ соңында асықтар саналып қорытынды шығарылады.

- Бүгін бізге ақылды үкі көмек сұрап келген екен. Ақылды үкі Білімпаз ата ауылын басып өтіп  Астанаға сапар шекпекші екен. Бірақ ақылды үкі көптеген жолда кездесетін кедергілерден өте алмаймын ба деп қорқып тұрған сияқты.

-Балалар ақылды үкіге саяхат жасауға кедергілерден өтуге көмектесеміз бе?

-Ендеше сапарымызды бастайық!

1-тапсырмасы: — Саламатсыңдар ма, балалар, сендер ертегі білесіңдер ме? Ендеше маған ертегі оқып беріңдер. (Балалар О.Әубәкіровтың Сүт қалай ұйықтады? ертегісін оқиды.) 

Бұл ертегінің авторы   қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров  1934-1986 жылдары  дүниеге келді. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Оспанхан Әубәкіров – әзіл-сықақ жазудың асқан шебері, Ол мысал өлеңдерді де көп    жазған. Онда ақылсыздарды, қызғанышақтар мен  мақтаншақтарды сынайды. Оның “Бөдене”, “Күлкіңіз келді ме?”, “Қоңырау”, “Ұзын сөздің қысқасы”, т.б. жинақ кітаптары бар.

 Ертегіні 2 топ алма- кезек оқиды.

2-тапсырмасы:

-         Ертегі мазмұнын қара сөзбен әңгімелейді. 

-         Суретпен     жұмыс   жүргізіледі. 

-         Сүттен  не  және   қалай жасалатыны   жөнінде  айтқызу

3-тапсырма   -Балалар, сендер тест тапсырмасын орындай аласыңдар ма?

Ендеше менің дайындаған тест сұрақтарым мынадай:

1.Оспанхан Әубәкіров кім?  А)суретші     Ә)жазушы         Б)әзіл-сықақ жазушы

2.Ертегінің неше түрі бар?   А)2                Ә) 3                     Б)4

3.Сүт қалай ұйықтайды? Е ртегінің қай түріне жатады?

А)Жан- жануарлар туралы ертегі                Ә)Қиял- ғажайып ертегілері

Б) Шыншыл ертегі

4-тапсырма: Балалар, сөзжұмбақ шешуге көмектерің қажет.

1Қосмекенділерге не жатады?(бақа)

2Ақ алтын деп нені атайды? (мақта)

3Жылқы  атасы кім? (қамбар)

4Ас атасы-? (нан)

5Өмірге сәби келді деген сөзде «Өмір» сөзін басқа қай сөзбен алмастыруға болады? (дүние)

6Ақ көйлекті көк желек

  Орманда орны бір бөлек.? (қайың)

7 Қыстап қалатын құс? (сауысқан)

8.Адам қажеттіліктерінің бірі? (Су)

-Балалар сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?   - «Амандасу»

-Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі біздің сбағымыз ен жайлы болмақ?

-Нені оқып білетін боламыз?

-Дұрыс айтасыңдар бүгін біз амандасу салты жайлы сөз қозғаймыз. Дұрыс қарым-қатынас жасап қазақ халқының салт-дәстүрін ұстауға үйренеміз. Білгенімізді ортаға саламыз, білмегенімізді үйренеміз.

-Сендердің ойларыңша адамдар не үшін сәлемдеседі?

-Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?

Оқушылар өз ойларын білдіреді.

 

-Балалар, Білімпаз атаның ауылына да жеттік. Ендеше Білімпаз атамен амандасайық. Және ол кісінің тапсырмаларын орындайық.

Білімпаз ата:

-Саламатсыңдар ма,балалар. 2 топқа мәтін жазылған парақшалар таратамын. Парақшадағы мәтінді өз беттерінше оқып және мазмұнын талдаңдар.

1) Топпен жұмыс:

1.Топ мүшелері берілген мәтіннің  бөлімдерін өз беттерінше оқиды.

2.Мәтіннің мазмұнын топта талқылайды.

3.Мәтін мазмұны бойынша көріністер көрсетеді.

Әр топ  өз мәтіндеріне байланысты көріністер көрсетеді.

Мәтіндегі амандасу  сөзіне байланысты, сөйлемдерді толықтыр:

Аяжанның сұрағы: -Білімпаз ата, басқа елдердің амандасу түрлері туралы білгіміз келеді.

Білімпаз ата:- Жарайды, менің кішкентай білімқұмарларым, тыңдаңдар.

Күншығыс елі жапондықтар бір – біріне иіліп, екі қолын қусырып, басын шұлғып, белін бүгіп жымия күледі.

Гректер «қуаныңыз» деп сәлемдессе, тибеттіктерде тіпті қызық, бір- бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.

Ауғандар алдымен қолын маңдайына  тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.Бұл «Басымыз аман болсын» дегені.

Ертедегі қытайлар өз қолын қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды.

2) Шығармашылық тапсырма: Сызбаны толтыр.

Амандасу түрлері

Кімдерге арналған?

Ассалаумағалейкүм!

Сәлеметсіз бе?

 Сәлем!            

Сәлем бердік!

 Сәлеметсіңдер ме?

3) Білімпаз Ата: достар, мұхият тыңдап, ойланып жауап беріңдер.

        Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді. Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі —  өз құрбысы Жанар. Айгүлді көрген бетте құрбысы оның бетінен сүйіп амандасты. Осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.

Бұл тапсырмасын әр топ топта талқылап, ортақ шешімдерін білдірді.

 4) Білімпаз атаның сұрақтарына жауап беріңдер.

1.”Сәлем” сөзінің мәні қандай?

2.Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады?

3.Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде?

-Балалар, Білімпаз атаның  бізге берген білімі үшін рахмет.

Ойын шарты:Оқушылар тақтаның алдына шеңбер құрып  тұрады. Қоңырауды бір-біріне ұсыну арқылы бүгінгі  сабақта алған жаңа мәліметін бір ғана сөйлем арқылы  жеткізеді немесе   мына сұрақтарға жауап береді.

Сәлемді алдымен  кім береді?            

Жастардың амандасу түрлері қандай?

“Амандасуға да жарамады” деп қай кезде айтылады?

  Сәлем сөзі  қайдан шыққан?

“Жол болсын” деп қай кезде айтылады?

Сәлем беру туралы мақал айту.         

Сергіту сәті

«Сәлемдесу» ойыны.

-Қимылды тез-тез жасаймыз. Амандас көзбен, қолмен, баспен, иекпен, өкшемен т.б.

Шаршағандары басылып, сергиді.

Ой толғаныс

Білімпаз атаның дайындаған мақал-мәтелдерден топпен кезек-кезек жауап беріңдер.

Мақал-мәтел  айтысы.

 – Ассалаумағалайкүм  «Алты  жасар бала келсе алыстағы шал сәлем береді» – демекші,қалыңыз қалай?

- «Келгенше  қонақ ұялады, келгеннен соң  үй иесі ұялады» -деуші еді, келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.

–«Қонағын сыйласа, төрге шық»-дегендей, төрге шығайын.

–«Жат асына қарайды, дос басына қарайды» - деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.

 –Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын  жарылсын».

–«Досыңның  тамағын қасыңдай  іш» -демекші, ала отырыңыз.

-Ой,рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ  тағам»,-демекші,алла риза болсын.

-«Жылқы кісінегенше,адам сөйлескенше»,-осылай таныс-біліс болу да бір  ғанибет қой,ата.

-«Қонаққа  кел демек бар, кет демек  жоқ»,-қой ,қайтайын.

 –«Қонағыңнан  алтын алма , алғыс ал»,-демекші, жолыңыз  болсын.

 Иманы жүрегінде, ақыл-ойы, ішкі сарайы  таза, әке-шешеден, отбасынан тәрбие  алған адам  қандай жағдайда  да  мейлі өкпелесін  ашулансын, қиындыққа, ауыртпалыққа  душар  болсын  сәлемдеседі. Өйткені сәлем берген де, сәлем алған  да олжалы. Халқымыз  «Әдебі жақсының - сәлемі жақсы»  деп  бекер айтпаған, ал берген сәлемді алмау - әдепсіздіктің, көргенсіздіктің  белгісі.

Үйге тапсырма

Амандасу салты мәтінін түсініп оқу. Әдептілік туралы мақал-мәтел жаттау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Психологиялық тренинг.

-Балалар мынау не?

-Доп, шар, күн.

-Бүгінгі сабақ ерекше көңілді , қызықты өтті. Сондықтан мен оны күнге теңесем қалай болады.

-Күнге шуағы жетіспей тұр.

-Оны өздерің толықтырыңдар. Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Нені білдік күн шапағына  жазып толықтырайық.

Парақшаларын өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу. Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты. 2-сынып Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға үйрету. Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру. Амандасудың түрлерімен таныстыру. Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру. Рөлдік ойындарға"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 637 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2016 1754
    • DOCX 61.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амирова Айнур Бакытбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амирова Айнур Бакытбековна
    Амирова Айнур Бакытбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15104
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе