Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдебиеттік оқу, "Шығыс шынары"

Әдебиеттік оқу, "Шығыс шынары"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Кусаинова Г.П. «Гимназия сыныптары бар Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Ақтау қаласы.

___________________________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Әзиза Нұрмұханованың «Шығыс шынары» (4-сынып)

Сабақтың мақсаты: бойынша мәтінді түсініп оқуға үйрете отырып, мәтіннің өзекті түйінді,ойын ашуға жағдай жасауға,Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз Әлия Молдағұлованың жастық шағымен таныстырып,балаларды әсемдікке,ұқыптылыққа, өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеуге жұмыстандым.

Сабақтың көрнекілігі: Батырлардың суреттері, дид. материалдар.

Ұйымдастыру барысында оқушылар өздері 4 топқа бөлініп: 1-Мәншүк,2-топ Талғат,3-топ Тоқтар, 4-топ Рақымжан,5-топ Мәлік,6-топ Әлия. Әр топ өз ішінен топ басшысын сайлап,ол топтың хатшысын,бақылаушысын,репортерын тағайындады. Кезекші «Бағалау бетшесін» әр топтың хатшыларына табыс етіп,тақтада ілулі тұрған балдық жүйемен таныстырып қай тапсырмаға қандай балл қойылатындығын айтты. «Мен соғысты жек көрем» өлеңді жатқа сұрау.

Кіріспе бөлімінде : Диалогті әдіспен сұраққа жауап алдым:

Адам жанын дүр сілкіндірген соғыстың ұлтына,еліне жеріне қарамастан өте қауіпті екенін өлеңнің қай жерінен байқадың?

2.Ақын соғысқа деген жиіркенішті білдіріпті.Ал сенің ше қалай?

Топ өз ойларын қорғап, түйін жасап, мадақталды әрі бағаланды.

Сергіту сәті.

Жаңа сабақ: Диалогті сұрақтар:Қазақтың қос жұлдызы жайлы не білесің?Олар туралы қандай өлең оқыдың?Әлия туралы не естідің? Егер соғыс болмағанда Әлияның өмірі қалай жалғасуы мүмкін? Әлия туралы қандай өлең,тақпақтар білесіңдер?

АКТ. Интербелсенді тақтадан слайдпен:

Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 22 маусым күні таңғы төртте бейбіт жатқан елімізге Германия ойламаған жерден соғыс ашты.Фашистік Германия қарақшылықпен еліміздің шекарасын бұзып, басып кірді. Қазақтың қанында бар қайсарлықты сын сағатта қазақ қыздары да көрсетті. Соның ішінде Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәмбетованың ерліктерін мақтанышпен айта аламыз.

Қаһарман қыз Әлия Молдағұлова Қобданың жағасындағы Бұлақ ауылында

1923 жылы шамамен 15 маусыда Нұрмаханбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында өмірге келген.1933 жылы анасы қайтыс

болғаннан кейін әжесі Тәжікеннің тәрбиесінде,апсының сіңлісі Сапурамен бірге тең дәрежеде жүрді.Нағашы ағасы Әубәкір қызмет бабымен Әулие-Атаға көшіп келеді. Сол жерде №11 темір жол мектебіне Әлия 1-ші сыныпқа 1934 жылы қабылданды. Молдағұловтар отбасы Мәскеуге көшіп келеді. Әлия мен Сапураны №35 Мәскеу орта мектебіне береді. Сол жерде 1938 жылдың наурызына дейін оқиды. Отбасы жағдайына байланысты Молдағұловтар Ленинградтағы 46 балалар үйіне береді. Ол №140 орта мектепте оқиды. Әлия бір беткей,әділетті,шындықты көзге айтатын,қорықпайтын,сыныпта староста болған. Мектепте тәртібі мен білімі үшін «Артек» лагеріне жіберілді.

Глосарий мағынасы

Артек- балалардың демалыс орны.

Мнемоника жадыны дамыту.

1923 жыл- Әлияның туған жылы

140 – мектеп нөмірі

1933 – Әлияның анасының қайтыс болған жылы

1934 жылы – Әлияның мектепке барған жылы №35-Мәскеуде оқыған мектебі

46- Балалар үйі

Мәтінмен жұмыс. Мазмұнын ашу. Оқулықпен жұмыс. Топтағы оқушылар мәтінді тізбектеп оқып шығады,мазмұны қысқа әрі нұсқа сұралады.

Жаңа материалды қорыту сұрақтар топтамасы:

1.Әлияның барлық жұмысқа үлгеру себебі неде деп ойлайсың ? Әлияның осыншама өнерді бойына жинауы мүмкін бе ? Әлияның өсірген гүлдері жайында не білесің ?

Жеке оқушыны дамыту сұрақтары:

Әлияның қандай жақсы қасиеттерін өзіңе үлгі етуге болады деп ойлайсың?

Топқа тапсырма: 1-топ мергендер,2-топ атқыштар,3-топ барлаушылар, 4-топ

пулеметшілер,5-топ жауынгерлер,6-топ зенитшілерге бөлінеді.

1 тапсырма: «Әлияға мінездеме бер.» /постермен/

2 тапсырма: «Әлияның өсірген гүлдері.» /постер/

3 тапсырма:»Әлияның Сапураға жазған хатын талдау.»/ оқу/Қосымша деректер көзі.

Топта әр топ постермен қорғап, түйін жасады.Топтағы бағалаушы өз тобын бағалап болған соң өзім қорытып ,бағалап шықтым.

Сұрақтардың балаға әсері: Қойылған сұраққа жауап іздеп, дәлелдеуге тырысты. Қысқа әрі нұсқа жауап қайтаруға жұмыстанды.

Түйін: Артек» лагері жайлы оқушыларға өзім айтып өтемін. Әлияның оқушы кезінен –ақ жинақы,өзін-өзі реттей білуінің сырын іздетіп,бағдарлату арқылы үлгі етемін. Қиын кезде Отанын қорғауға дайын болып суырылып шыққан қаһармандық мінезінің қалыптасуын балалық шағынан тауып, талдау,өзін-өзі даярлаудың биікке шығаратынына көз жеткізу.

Әлия, Мәншүк, Мәлік пен Төлеген,

Қас батырдың ерлігімен теңелген,

Қасым, Рақым, Бауыржандай ұл туған,

Қазақ елім, батырсың-ау не деген?

Соғыс жұлып кетсе де, әрбір үйдің тірегін,

Соғыс өрті жалмаса да, әрбір адам жүрегін,

Қас батырдың ұрпақтары, қас жауына беріспей,

Жеңіспенен оралды олар туған елге көріспей.

Үйге: «Шығыс шынары» мәтін мазмұнын мазмұндауға, «Барлық балалардың тілегі» ой толғау жазу.

hello_html_3c38a926.png

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-061892

Похожие материалы