Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘдебиеттік оқу "Ұшқыш болғым келеді" (3 сынып)

Әдебиеттік оқу "Ұшқыш болғым келеді" (3 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов. « Ұшқыш болғым келеді»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңінің идеясын түсіне білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Ақын шығармаларын талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айта алатын шәкірт дайындау.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: стикердегі диалог, түртіп алу, сұрақ-жауап, т.б.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, плакат

Сабақтың ұстанымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келді, амандасайық қонақтармен. 
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. 
Психологиялық дайындық: 
Күн жарығын алақанға саламын, 
Жүрегіме басып ұстай қаламын. 
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, 
Болып кетер сонда дереу жан-жағым. 
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық. 
Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы, сабаққа керекті оқу құралдарын партаның шетіне қойыңдар. 


  1. Топқа бөлу (ереже)

  • Суреттерге қарап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтай аламыз ба?

  • Сабаққа мақсат қояйықшы, міндеті ше ?

  • Бағалау парақшаларына өздерін бағалауды ұмытпаңдар

Сабақты «Дана үкі» стратегиясын пайдалану арқылы жүргіземіз


hello_html_136eda2b.jpghello_html_5fac6ee7.jpghello_html_3493dff1.jpghello_html_m66843e49.jpg

ІІІ. Жаңа сабақ.
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Өлеңнің авторын сұрау.

1-топ. Қ.Аманжоловтың өмірбаянын ғаламтордан тауып алу (түртіп алу стратегиясы бойынша)

2-топ. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау (стикердегі диалог)

  • Өлеңнің 1-шумағынан не байқадыңдар? Оны немен теңестіруге болады? (көк байрақ).Неге?

  • Өлеңнің 2-шумағынан не байқадыңдар?

  • Ақын сезімін нақтылай түсетін қандай мақал-мәтел айтар едің?

  • Қазақстан территорриясын картадан көрсет, ол қандай ммлекеттермен шектеседі?


70-жыл туралы айтып кету.

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымызбен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашанда ұмытпақ емес.

3-топ. ҰОС ұшқыш батырлары туралы не білесіңдер?

  1. Қазақстан территорриясын картадан көрсет

(Тоты Амирова видео)



4-топ. Ұшақ туралы мәлімет. (түртіп алу әдісі бойынша)

Маңызды жерлерін плакатқа жазу


(Қажымұқан туралы видео)


ІІІ. Үйге тапсырма

Қызықты мәлімет

Жаттау


ІҮ. Қорытынды

  • Ақын ұшқыш болғысы келеді екен?

Эссе «Менің арманым» (автор орындығы)


Ү. Бағалау

Бағалау парақшаларына қарап бағалау













hello_html_136eda2b.jpg

hello_html_5fac6ee7.jpghello_html_3493dff1.jpghello_html_m66843e49.jpg


ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ


(Жастар тілегі)


Мөлдір, тұнық көк аспан,

Сол аспанға жарасқан

Самолеттей сұңқармен,

Ұшқан құспен таласқан,

Ұшқыш болғым келеді!


Көңілі – дария, ойы – аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан,

Ай, күнімен аспанның

Әзілдескен, сырласқан

Ұшқыш болғым келеді!


Күнге күліп, күй тартқан,

Айға әнін тыңдатқан,

Бақыт жырын жырласа,

Таң шолпанын қуантқан

Ұшқыш болғым келеді!


Тыңда туып түлеген,

Тас түлектей көреген,

Көк қойнында тояттап,

Шың басында түнеген

Ұшқыш болғым келеді!


Жат жерлерге қонбаған,

Жатқа көңілі толмаған,

Асыл затты сұңқардай

Өз ұясын қорғаған

Ұшқыш болғым келеді!


Мұздай болат киінген,

Батпан қару үйірген,

Қорғап бақыт ұясын,

Тас түлектей түйілген

Ұшқыш болғым келеді!


Ар, намысын ақтаған,

Жүректе сыр жаттаған,

Туған елін-ұясын

Жан-тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді!


Ұшқыш болмай немене!

Қуат бітті денеме!

Қанатым бар қайыспас,

Жастарға ісім өнеге,

Ұшқыш болғым келеді!

















  • Шығу тарихы
    1885 жылы орыс теңіз офицері А.Ф.Можайскийдің жобасымен адамды көтеріп ұша алатын дүние жүзіндегі ең тұңғыш ұшақ жасалды. Онда осы заманғы ұшақтың барлық белгілері, корпус, құйрық, қанат, шасси, басқару жүйесі, мотор қондырғысы болды. Сынақ кезінде бұл ұшақ жерден көтерілгенмен, сәлден кейін бір бүйіріне жантайып кетіп, қанатын сындырып алады. Патша үкіметі талантты конструктордың бастамасын қолдамағандықтан Можайскийдің ұшақ жасау  жұмысы тоқтап қалады.

  • 1894 жылы Англияда конструктор Х.Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп қалады.

  • Француз өнертапқышы К.Адер жарқанаттың қанатын көзге елестететін «Авъон» аппаратымен бірнеше ондаған метр қашықтықты ұшып өтіп барып (1897) құлады.

американдық-ағайынды Райттар 1903 жылы 17 желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Бұл ұшу – жоғары көтерілетін және жерге қайта қона алатын нағыз ұшу еді.

  • Ағайынды У. Және О. Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 жылы сенімді басқарылатын және 1,5 сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. Авияция (латынның «авис» - құс деген сөзінен шыққан) өмірге осылайша келді.

  • 1924 жылы 26 мамырда А.Н.Туполевтің конструкциясы бойынша түгелдей металдан жасалған, совет ұшағы – аспанға көтерілді. Осы кезден бастап металл ұшақ жасаудағы ең негізгі материалға айналды.

  • С.В.Ильюшиннің конструкциясы бойынша танкіге қарсы жасалған   ұшағы – Ұлы Отан соғысы жылдарында дүние жүзіндегі ең жақсы ұшақ деп танылды.

  • 50-жылдары алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450км) бір орындық жойғыш ұшағы, 60-шы жылдары американың «Фантом» жойғыш-бомбалаушысы, бірден тік көтеріле ұшып, тік қона алатын ерекше ұшақтары жасалды.

  • 90 жылдардың басында әскери ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3.000 – 3.500 км, биіктігі 30.000 м, ұшу қашықтығы 15.000 км-ден дәрежеге асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті.

























Хиуаз Қайырқызы Доспанова – 1922 жылы Ганюшкин ауылында (қазіргі Атырау облысында) дүниеге келген. Әкесі Қайыр балықшы, анасы Меруерт мұғалім болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Орал қаласының аэроклубында бастап, Ұлы Отан соғысы кезінде 46-гвардиялық полктің құрамында 300-ден астам әуе шайқасына қатысты. Хиуаз Доспанова сол кездлің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «Қанатты қыз» атанған. Еді. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға елбасының жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілді.


Нұркен Әбдіров – 1919 жылы Қарқаралы ауданының бесінші ауылында (қазіргі Нұркен ауылында) дүниеге келген. Жасынан ширақ болып өсіпті. Соғыс басталған Нұркен Орынбордағы әуе училищесінде оқитын. Одан кейін Ташкентте, Сібір қалаларының бірінде шабуылшы ұшқыш шеберлігін меңгерген.

1942 жылы майданға аттанды. Нұркен барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысты. Теңдесі жоқ ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылы ең мәртебелі – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Маратбек Мамраев – 1908 жылы 7 наурызда Қарақаралы округінің 1 Май поселісінде дүниеге келген. Маратбек еңбек жолын 16 жасынан Қарқаралы қаласындағы тұтынушылар қоғамында бастаған.

1942 жылы мамырда Маратбек Мамраев майданға шақырылып, сол уақыттан бастап 1944 жыдың қыркүйегіне дейін қатардағы жауынгер болып Ұлы Отан соғысына қатысты.

1943 жылы 29 қыркүйекте Маратбек Мамраев Днепр өзенінен өту кезінде пулемет оғымен ротаны қорғай отырып, алдыңғылардың бірі болып Днепрді кешіп өтті. Осында ерліктері үшін Маратбек Мамраев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болып, батырдың Алтын Жұлдызын өр кеудесіне тағады.




































1


Сабақ мақсатын қою

Қ.Аманжолвтың өмірбаяны

Эссе «Менің арманым»

Сабаққа жалпы қатысуы






































2


Сабақ мақсатын қою

Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау

Эссе «Менің арманым»

Сабаққа жалпы қатысуы







































3


Сабақ мақсатын қою

ҰОС ұшқыш батырлары. Мақал-мәтел

Эссе «Менің арманым»

Сабаққа жалпы қатысуы







































4


Сабақ мақсатын қою

Ұшақ туралы мәлімет

Эссе «Менің арманым»

Сабаққа жалпы қатысуы













































1-топ. Қ.Аманжоловтың өмірбаянын инернеттен тауып алу (түртіп алу әдісі бойынша)

Дәптерге маңызды жерлерін жазасыңдар




2-топ. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау (стикердегі диалог)

  • Өлеңнің 1-шумағынан не байқадыңдар? Оны немен теңестіруге болады? .Неге?

  • Өлеңнің 2-шумағынан не байқадыңдар?

  • Ақын сезімін нақтылай түсетін қандай мақал-мәтел айтар едің?

  • Қазақстан территорриясын картадан көрсет, ол қандай мемлекеттермен шектеседі?






3-топ. ҰОС ұшқыш батырлары туралы не білесіңдер?

Маңызды жерлерін дәптерлеріңе жазасыңдар






4-топ. Ұшақ туралы мәлімет. (түртіп алу әдісі бойынша)

Маңызды жерлерін плакатқа жазу


































Қасым Аманжолов — қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады.

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді. Қасымның өлеңдері "Гроза" деген атпен 1946 жылы, "Стихи" деген атпен 1949 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылады. Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17-сінде қайтыс болды. Өлеңдері. Соғыстың алдында Қасым "Өз елім", "Дауыл", "Нар тәуекел", "Талғар" тәрізді әдемі лирикалық өлеңдер жазды









Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу "Ұшқыш болғым келеді" (3 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 8432
    • DOCX 480.5 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токбаева Канагат Болатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токбаева Канагат Болатбековна
    Токбаева Канагат Болатбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34405
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 61 региона

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе