Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘдебиеттік оқу 4 сынып Қорқыт

Әдебиеттік оқу 4 сынып Қорқыт

Скачать материал

 

Бекітемін ____________________

 

Оқу ісінің меңгерушісі:Кенжеғалиева А.С

 

Мектеп                                  

№2 жалпы орта білім беретін мектеп

 

Мұғалімнің есімі

Даумова Г.И

 

Сынып

4 «Д»

 

Күні

5.10.2015 ж

 

Сабақтың тақырыбы

Аңыздар.Қорқыт

 

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

 

1.Халық ауыз әдебиеті аңыз үлгілерімен таныстыру

2.Қорқыт ата туралы айта отырып, ол туралы аңыздардан мәлімет беру;
3.Қобыз аспабымен таныстыру

 

Сабақ мақсаттары

 

 

 

 

 

Барлық оқушылар:  Аңыз  мазмұнын  біледі, негізгі идеясын түсінеді.

 

Оқушылардың басым бөлігі: Ертегі мен аңызды ажырата алады.

 

Кейбір оқушылар:Қорқыт туралы аңыздың бүгінгі ұрпаққа не беретінін, Қорқыттың тапқырлығын өмірмен байланыстырып айта алады.

 

 

Тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

Оқушылар:

Аңыздағы  оқиға желісінің байланысын ұғынады.

 

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Желмая, Сырдария, Дрез.

 

Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

 

Талқылауға арналған тармақтар:

 

-Қалай ойлайсыңдар, Қорқыт ата өзі іздеген өлмес өмірді тапты ма?

 

Сіз неліктен ..... екенін айта аласыз ба?

 

- Қорқыт туралы аңыздардың идеясы не?

 

Жазылым бойынша ұсыныстар:

 

Аңыздағы жер-су аттары

 

Алдыңғы оқу

Бес ешкі

 

Жоспар

 

Жоспарланған уақыт

 

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз    )

Оқу үшін бағалау

 

 

 

 

 

Басталуы

4мин

 

 

 

 

 

3мин

 

 

5мин

Оқушылармен амандасу, «шаттық шеңбері» тренингі. Берілген үлестірме  түрлері арқылы топқа бөлемін. Өтілген мәтіндердің үзінділері бойынша оқушыларды топқа бөлу. Әр топтан бір бағалаушыны сайлау. Бағалау парақшаларын ұсыну. Әр топ өз аттарына сәйкес не білетінін айтады. Топтар топ басшысын сайлап алады

Ітоп: Ер тарғын 

ІІтоп: Сатқын жапалақ

ІІІтоп:Бес ешкі 

ІҮтоп:Қобыланды батыр

«Автор орындығы»әдісі оқушы өзі жазған эссесін отырып оқиды.

 «Өрмекшінің торы» әдісі

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, жіпті қарсы тұрған оқушыға сұрақтар беру арқылы лақтырады, дұрыс жауап бергендер жіпті саусақтарына орайды. Осылай жалғаса береді.

 

Топтарға бағалау парақшасы үлестіріледі.

 

Қошемет

 

 

Смайлик арқылы

 

Ортасы

3мин

 

3мин

5мин

7мин

 

 

 

 

 

 

 

 

2мин

 

 

3мин

 

Қызығушылықты ояту: «Ой тастау» Кім туралы айтып отырғанын сұрау.

Бейнеролик «Қорқыт ата» туралы

Мәтінмен жұмыс.

«Әдеби үйірме» әдісі

1 топ: Сілтеме табушылар – мәтіндегі қызықты жерлерді табады.

2 топ: Сұрақ қоюшылар - Басқа топ оқушыларына сұрақ қояды.

3 топ: Баяндаушылар – мәтін бойынша топта өткен ой туралы баяндап береді.

4 топ: Ізденушілер – Қорқыт  атаның бойындағы қасиеттерді табады.

Сергіту сәті.Көңілді күн

Ой қозғау (Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін) .

«Иә», «Жоқ» стратегиясы. Графикалық диктант.
1.Аңыз –ауыз әдебиетінің бір саласы бола ала ма? +
2. Аңыздағы оқиғаның шешілуі адамды жақсылыққа жетелейді деуге бола ма?. +
3.Қорқыт ата өмірде болған жоқ деуге бола ма? -
4. Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері тарихи тұлғалар деуге бола ма? +

 5.Аңыздағы кейіпкерлердің сөзі де, ісі де тапқыр бола ма? + (оқушылар жауаптарының ұтымдылығын, ерекшелігін атап өту)
«5»-5        «4»-4    «3»-3

смайлик

 

 

 

 

Қошемет арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірін-бірі бағалайды.

Аяқталуы

7мин

 

 

 

 

 

 

 

3мин

 «Салыстыру» әдісі

1 топ:Ертегі мен аңыздың ұқсастығы мен айырмашылығы

2 топ:»Аңыз» сөзін негізге алып сөзжұмбақ құрастыу.

3 топ:Қорқыт туралы әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

4 топ: Қазіргі кезде Қорқыт ата сияқты тапқыр адам бар ма? Мысал келтір

Топтар  өзін-өзі бағалайды.

INSERT әдісі. Әр оқушыға таратып беру

Не білемін?      Не білдім?        Не білгім келеді?

VІ. Бағалау

 

 

Бағдаршам

 

 

 

 

 

Жиынтық  бағалау

Қосымша ақпарат

Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

А. «Қорқыт туралы  аңыздардың бүгінгі  ұрпаққа берері не?» деген тақырыпқа ойтолғау жазады.

Ә.Ертегі бойынша адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады?

Б.Қорқыттың күйін аң-құс,жел, өзен қалай тыңдайды мәтіннен тауып жазады.

 

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Жеке жұмыс «Табыс критериі»

Тапсырмалар

Жеттім

Талпын

дым

1Ертегі мен аңызды ажырата аламын.

 

 

2.Аңыздың мазмұнын түсіндім

 

 

3. Қорқыт ата туралы білдім.

 

 

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс.Құндылықтардағы байланыс

Қазақ тілі ,музыка,тарих ,АКТ

Рефлексия

Сабақ\оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілгенуақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақты жағымды атмосфера яғни, тренинг өткізуден бастадым. Топ қызметтерін белгілеп, топ ережесін ескертіп алдым. Мен жоспарлаған әдістерім уақытпен сәйкес келді. Оқушылар топтық жұмысқа, өз-өздерін бағалауға бейімделе бастады. Сабақ  нәтижелі болды. Оқушылар топтық жұмысқа дағдыланған, бір-бірінің пікірін тыңдап, пікірлері құнды екенін ұғынды. Сыныпта ахуал өте жақсы. Ұжымдаса отырып топтық жұмысты орындай алды. Берілген уақыт ішінде өз уақытымен үлгердім. Мен өз жоспарыма өзгертулер енгізбедім.Сабақ өз мақсатына жетті деп сеніммен айта аламын. Оқушылар аңыздар, Қорқыт туралы толық мағлұмат алды. Бейнежазбаны көру арқылы оқушылардың аудио-визуальды қабілеттері дамыды. Мен жоспарлаған уақыт бойынша өтті.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?(оқытуды да,оқудыда ескеріңіз)?

1: «Әдеби үйірме» әдісі бойынша мәтін мазмұнын толық меңгерді.

2: «Салыстыру» әдісі бойынша ертегі мен аңыздың айырмашылығын ажырата алды.

Қандай екі нәрсе  сабақты жақсарта алды? (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1: Сын тұрғысынан ойлауға бейімделген тапсырмалар орындалды.

2: Қошемет арқылы өз-өздеріне сенімділіктері артты.

.

Бұл сабағымда оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, қызығушылығын арттыру үшін оңтайлы әдіс – тәсілдер алдым. Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша нені білетінін анықтау мақсатында «Өрмекшінің торы» әдісін қолдандым. Оқушылар шеңбер болып тұрып, жіпті бір-бірлеріне лақтыра отырып, сұрақтар қойып жауап беріп отырды. Әдістің тиімділігі  барлық оқушыларды қамтиды Осы сәтте кей оқушыларда өздеріне деген сенімсіздіктігі көрініп жатты. Олар жіпті алғанда сұраққа дұрыс жауап бере алмай қалам деген сияқты қорқыныштар болды. Бірақ, бұл кедергілердің барлығы да қалыпты жағдай. Осы сәттерде әр оқушыға бағыт-бағдар беру менің міндетім. Сондықтан, олардан сұраққа жауап беруде еш қысылмауын, олардың сыныптастары бір-біріне көмектесуге әзір екенін ескертіп отырдым. Бір байқағаным, оқушыларға мүмкіндік берген жағдайда олар өздеріне қойылған сұрақтарда ойларын ашық жеткізе алады. Ал, кейбір оқушылар керісінше белсенділік танытып, доптың өзіне бағытталғанын қалады. Бұдан байқағаным, оқушылар өздерінің бұрын алған білімдерін қолданып жатты.Ол оқушылармен бірлесе отырып, қарым- қатынас жасай бастады. Топтардың арасында оқушылар тең дәрежеде барлық оқушылармен  қарым- қатыныс жасады.

 «Ой тастау» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырдым. бойынша интербелсенді тақтадан Аңыздар туралы бейнебаян көрсетіп, бағыттаушы Сұрақ қою және қайта сұрақ қою»,әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақ қойдым.

Қалай ойлайсыңдар балалар көрсетілген бейнероликте нелер туралы берілген?

Аңыздар деп айтуларының себебі неде?

Аңыздар неге аңыз деп аталған?

Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік  беру қажет екендігін ескере отырып, оқулықтағы мәтінді оқушыларға кезектестіре оқыттым. Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен, амал көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады делінген. Бірін – бірі тыңдай отырып, мәтіннің мазмұнын өздері түсінді. Яғни, бірін-бірі оқытты. Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің  болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды. Мәтіннің  мазмұнын меңгерту мақсатында «Әдеби үйірме» әдісін  кіріктіріп,  мазмұнын түсінгеннен кейін оларға постер қорғау қажет болды. Постер қорғай отырып тақырыптың мазмұнын ашады.. Әр топқа мынадай тапсырмалар берілді.

1-топ: Сілтеме табушылар – мәтіндегі қызықты жерлерді табады

2-топ: Сұрақ қоюшылар - Басқа топ оқушыларына сұрақ қояды.

 3-топ: Баяндаушылар – мәтін бойынша топта өткен ой туралы баяндап береді.Бұл жерде оқушыларға ойлануға тура келді. Оқушылар оны түсінсе де жеткізуге дайындық керек болды. Тапсырманы орындауға топ мүшелері біріге, ой бөлісе отырып талдады. Әркім өз пікірін, ұсыныстарын ортаға салды.

4 топ: Ізденушілер – Қорқыт  атаның бойындағы қасиеттерді табады.. Оқушыларға сыни ойлауға мүмкіндік береді.Оның дәлелі оқушылардың басым бөлігі тобына жататын оқушым  Қорқыт атаның бойындағы қасиеттері туралы кеңінен  айтты. Бұл әдісте оқушыларымның өз пікірін білдіргеніне көз жеткіздім.

Сабақты кең ауқымда меңгерту мақсатында «Иә», «Жоқ»  әдісін қолдануда  графикалық диктант алу арқылы жаңа тақырып туралы білімдерін молайтты.

Жаңа сабақты қорытындылау кезінде «Салыстыру»  әдісі  бойынша 4 топқа тапсырмалар бердім.  Оқушылар топтасып, ертегі мен аңыздың айырмашылығын білді, сөзжұмбақ құрастыра білді, Қорқыт туралы өз ойларын айта білді. Нәтижесінде бұл сабақта сын тұрғысынан ойлана отырып, аңыздар, Қорқыт  туралы жан-жақты білімдерін толықтырды.

«Инсерт»  әдісі бойынша сабақ барысында не ұққандары не білгісі келетіндері туралы білдім. Мені қуантқан жағдай оқушыларымның арасында талпындым деген ешкім болмады. Демек, бұл менің жетістігім. Яғни, пайдаланған әдіс-тәсілдердің арқасында сабақтың мақсатына жеткенімді байқадым Оқушыларды бағалау мен үшін қиын болды. Мен бағалауға қошемет, смайлик, бағдаршам тәсілдерін қолдандым. Тапсырманы орындаған әр оқушының еңбегі бағалаудың осындай түрлерімен орын алып отырды. Бұл кезде оқушының белсенділігі артып, талпынысы пайда болады. Сабаққа қызығушылығы артып, жүздерінен күлкі көрінді. Топ басшыларына бағалау парақшаларын ұсындым. Олар топтың әр мүшесін тапсырманы орындауына қарай бағалап отырды. Оларға өзім бағыт бағдар беріп отыруды жөн санадым.

Не сәтті өтті?

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, топқа бөле отырып, сабақта жақсы нәтиже алдым. Оқушылар топқа бөлуде өз ұсыныстарын айтып жатты. Келесі жолы топқа оқушылар өздері бөлгенін қалады. Сыни тұрғыдан ойлана алды. «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы диалогтық карым – қатынасқа түсті.

 Не сәтсіз өтті?

Бірінші орында уақытты тиімді пайдалана алмады, бағалауда өздерін әділ бағаламады.

Нені дамыта алар едің?

Сабақта кездескен жаңа сөздерді есте сақтау үшін және ауызекі сөйлеуде қолдана алу үшін сыни тұрғысынан ойлатуға бағытталған сұрақтарды жиі қолданып отыру. Жетекші сұ рақтарды көбірек қолдану. Кері байланыс стикеріне сабақтың өтілу барысы туралы емес, тақырыптан не түсінгендігін жазу керектігін түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

Сабақ  сәтінен фотосуреттер

«
ПОСТЕР ҚОРҒАУ» 

СӘТІНЕН КӨРІНІС
«INSERT» ӘДІСІ
«САЛЫСТЫРУ» ӘДІСІ

«
«ӘДЕБИ ҮЙІРМЕ» ӘДІСІ
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС«ӨРМЕКШІНІҢ ТОРЫ»ӘДІСІ

 

 

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл селосы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:Аңыздар.Қорқыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

                                                 Даумова Гулимай Исатаевна

№2 жалпы орта білім беретін мектеп

                                                     Бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жыл

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу 4 сынып Қорқыт"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 756 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 4697
    • DOCX 706.7 кбайт
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даумова Гулимай Исатаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Даумова Гулимай Исатаевна
    Даумова Гулимай Исатаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23674
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 27 регионов

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе