Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘдебиеттік оқу сынып Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды

Әдебиеттік оқу сынып Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды

Скачать материал

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Мұғалім: Шаниева Г.К.

Сабақтың атауы

Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1.     Оқушылар өлең мазмұнымен идеясын аша отырып, өмірмен байланыстырады.
2. Өлең тіліне мән бере отырып, талдау, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық дағдыларын дамытады.
3. Халқымыздың салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпын, мәдени ерекшелігін балалардың санасына сіңіре отырып еркін ойлануға мүмкіндік беремін. Адамгершілік қасиеттерді баулиды.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, плакат, бор, маркер, «Инсерт» кестесі, т. б.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз!

Оқушылар шеңберде тұрып екі жол өлеңді айтқан соң, шеңберді жайып қауымға сәлем береді.

Қызығушылықты ояту

Әр елдің салты басқа. Басқа елдердің амандасу түрлерін көрсету. Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ – адал, таза екенін білдіру.
Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек.
Қауышып, амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады. Қыздар бір – бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе «Сәлеметсіз бе?», «Есен – саусыз ба?» деп амандасады. 
Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, ол «Сізге Алланың нұры жаусын» - дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» дегенді ұқтырады.

Жапондар таныстарын көрген жерде қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады. Сол еңкейген қалпы мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Жапондарда ондай тәлім етудің – басы жерге жеткенше еңкею, орташа бүгілу және сәл иілу сияқты түрі бар. Осыған ұқсас сәлем беру әдеттері біздің халықта да кездеседі. Мәселен, қазақ келіндері қайын ата мен енелеріне, үлкендерге тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем салады.
Ертеде Африкадағы, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрегінің тұсына апарып, тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Ол «Басымыз аман болсын» дегені. 

Ерте кезде Қытайда дос – жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты.
Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады, оң, сол маңдайларын түйістіреді.
Сәлемдесуден кейін хал – ахуал сұрасу да әдепке, көрегенділік пен естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әрі басқа қалыптасқан жора – салттар бар. Мысалы, орыстар: «Денсаулығыңыз қалай?» дейтін болса, ертедегі мысырлықтар «Қалай, сіз терлейсіз бе?» дейтін болған. Гректер «Қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар «Бүгін тамақтандыңыз ба, қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен.

Сонымен, сәлемдесу тәртібі мен рәсімдері болатынын, ол түрлі жағдайға байланысты әртүрлі екенін ажырату керек.


  • Сендер қалай амандық сұрастырасыңдар?


Оқушылардың сөздері. Топтау сызбасы.

Сәлеметсіз бе!

Амансыз ба!

http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48974/48974_html_m686d3996.gifhttp://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48974/48974_html_768ee021.gif

Сәлемдесу түрлері

http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48974/48974_html_e049ec5.gifhttp://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48974/48974_html_60350d3d.gif

Қайырлы түн!

Қайырлы таң!
http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48974/48974_html_4fb2aa0c.gif

Қайырлы күн!



  • Үндемей амандасуға бола ма?

  • Өздерің мұғалімге қай уақытта үнсіз амандасасыңдар?(Мұғалім сыныпқа кіргенде).


Оқушыларға тәуліктің үш мезгілінде үш түрлі амандық сұрау рәсімі де бар екенін айту.

Сергіту сәті

Комплимент ойыны

Жаңа сабақ

  • Қазақ халқының әдет- ғұрпында басқа да сәлем сұрау рәсімдері бар. Ол туралы білгілерің келе ме? Олай болса, Ө. Тұрманжановтың «Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды» деген өлеңімен танысп көрейік.


Өлеңді іштей оқу. Оқу кезеңінде оқушының өздігінен жұмыс жасау дағдысын дамыту үшін «Инсерт» стратегиясын қолдану қолайлы.

Белгілер үшін 4 таңба ұсынылады:

«V»- бұрыннан білемін,

«+»- мен үшін жаңалық,

«-» - мен басқаша ойлап ем,

«?» - түсінбедім, сұрағым бар.

Оқу кезінде оқушылар өлең жолдарының тұсына осы белгілерді қарындашпен қойып отырады. Оқу аяқталған кезде таңбалары бар кесте толтырады.

 

 

 

 

 



Кесте үлгісі:


«V»


«+»


«-»


«?»


Бала-шағаңыз аман ба?!

Ауыл-аймақ аман ба?! 


Армысыз!

Күйлі-қуатты бармысыз!


«Сұрайды» дегенді айтады деп ойладым





Ескерту: Оқушы өзі жазған кезде тақтадағы кестені мұғалім толтырады. 3,4 бөліктері бойынша білмеген, түсінбеген, басқаша ойлаған сөздер мен тіркестер бойынша жұмыс жүргізеді.

Нәтижесінде:

Оқушылар мәтінді зерттей оқуға дағдыланады. «Инсерт» стратегиясын үлкенірек мәтінгеде сәтті пайдаланып, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырып, олардың қызығушылығын, белсенділігін арттыруға жағдай туғызылады.

-Амандасудың қандай түрлері болады?
Сәлеметсіз бе? Сәлеметті болыңыз! Аман саусыз ба! Аман сау болыңыз! Аман - есенсіз бе? Бала - шағаңыз, мал жаныңыз аман ба? Сізге амандық тілеймін. Ассалаумағалейкум! Уағалейкумассалам! Сізге де амандық тілеймін.
І. Қарт пен жас жігіттің сәлемдесу түрі.
ІІ. Әже мен қыз баланың сәлемдесу түрі.
«Жол болсын» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Ақын дұрыс сәлемдесудің қалай суреттейді? Өлеңнен тауып оқы.

Ой толғаныс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс.

Топпен жұмыс: топ бойынша тапсырмалар беру.
1 - топ: Амандасудың жаңа түрлерін ойлап шығару.
2 - топ: Тақырып бойынша көрініс қою.

Ойтолғау. «Кім көп біледі?» мақал-мәтелдер жарысы.

1) Бір күн танысқа мың күн сәлем

2) Сәлемі түзудің өзі түзу

3) Сәлемдесу-ізеттілік белгісі

4) Сәлем – сөздің анасы

5) Сәлем берген саулық алады

 

Дәптермен жұмыс: ұнаған мақал-мәтелді жазып алады

 

 

- Балалар, өлеңдегі амандасу түрлерінкөбінесе қандай адамдар, қандай жағдайда колданады? (Үлкен адамдар, ауылда, пьесадағы кейіпкерлер, (ки­нода, т.б.).Сондай-ақ амандық сұраумен 6ipгe отырған жерден кетер кезде қоштасуды да ұмытпау керек.

Балаларға тән амандасу рәсімдері туралы әңгіме, пікіp құру.

 

Тыныштық сәті. Музыкамен демалу.

Есіңде болсын:

Сыныпқа кіргенде әуелі мұғалімге,сонан соң жолдасыңа амандас

Сыныпқа үлкендер кіретін болса,орындарыңнан тұрып амандас

Көліктен түсіп амандас

Көршілеріңмен жылы амандас

Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе

Оқушылар жұмыстарын ортаға шығып, қорғайды. БББ кестесі

Білем

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Сабақты қорыту

Оқушылар сөзімді қорыта келе әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы мен өзіне ғана жарасатын әдет- ғұрпы болады, ұрпақтары ата-баба дәстүрінің кәусарын бойына сіңіріп өссе ғана халқына аброй әкеледі. Күн сайын біз қанша адаммен жүздесеміз, тілдесеміз, пікірлесеміз. Амандасудан адамның иманжүзділігі және инабаттылығы ментәрбиелігі көрініп тұрады.

Қазақта «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп, иіліп сәлем береді» деген қанатты сөз бар. Мұнда жасы үлкен адам келген баладан амандық сұрап, жасының үлкендігін бұлдамай өзінің кішіпейілділігін көрсетеді. Олай болса, сәлеміміз дұрыс болса, әлемімізде тыныш болады деп ойлаймын

 

Үйге тапсырма

1.Халқымыз «Сәлем - сөздің анасы» дейді кейбір халықтар амандасу рәміздерін әртүрлі білдіреді. Қалай?

 

2.Сол туралы деректерді үйде іздеп тауып, оқып келіңдер.

3.Немесе өлеңді жаттап алуға да болады

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу сынып Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 513 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.11.2015 1890
    • DOCX 73.5 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаниева Гульмира Койшыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаниева Гульмира Койшыбаевна
    Шаниева Гульмира Койшыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6041
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 195 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек