Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу 3 сынып"ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП" (қайталау)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Әдебиеттік оқу 3 сынып"ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП" (қайталау)

библиотека
материалов

Базарова Акмарал Досмухамбетовна

Сыныбы: 3 «Б»сынып

Пәні:Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп (Қайталау)

Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріпке байланысты өткен сыныпта берген білімді еске түсіріп, бекіту.Дыбыс түрлеріне талдау жасату.Сөздерді орфоэфиялық нормаға сай дұрыс айтып,дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіру.

Көрнекілігі: Қима қағаздар, плакаттар.Слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Білімді тиянақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың барысы: I-Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім

Әрбір адам?

Әрбір сабақ?

Әрбір ісің?

Әрбір сөзің ? Балалар (хормен)

Туысым, досым, жұрағат.

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Тірлік, тірек, адамдық.

Шындық, бірлік, адамдық.

-Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Қызығушылықты ояту.

2.Дыбыс әлеміне саяхат

2.1 «Темір қақпа» - « Қай әріпті жоғалттым» ойыны

2.2 «Күміс қақпа»- А) Берілген сөздерден жаңылтпаш құрау. 2–жаттығу.

Б)Жатқа айту. 5-жаттығу.

Сергіту сәті.Сарбаздар әнін айту.

2.3 «Алтын қақпа» )Сәйкестендіру кестесі:

Б ) «Құйын сұрақтар»

3. Бекіту кезеңі

4. Бағалау

5.Үйге тапсырма.

1. Қызығушылықты ояту.

1.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

2.Қанша дыбыс бар?

3.Қазақ тіліне қатысты қанша дыбыс бар және оларды атап бер

Қазақ тіліне тән дыбыстар:ә,ө,і,ұ,ү,қ,ғ,ң,һ,(ы)-10 (9)

4.Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

5.Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

Дыбыс

Дауысты Дауыссыз

Жуан жіңішке қатаң ұяң үнді

«Дыбыс әлеміне саяхат»

Э,в,ф,ч,щ,ц,х,һ әріптерінің дұрыс жазылу емлесін түсіндіру.Сөз арасында кездесуі, орыс тілінен енген сөздердің мағынасын ашу.

  1. «Темір қақпа» тапсырмаларын ашайық:

«Қай әріпті жоғалттым» ойыны

Жи...аз ...ирк

...оккей ...олейбол

Мульт...ильм ...абар

Тұ...ы ...етка

Дель...ин Мото...икл

...елосипед Кон...ерт

Э,в,ф,щ,ц,ч,һ бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.

2. «Күміс қақпа» тапсырмаларын ашайық:

А)Берілген сөздерден жаңылтпаш құрап жаз.Дәптермен жұмыс

2-жаттығу:

Болсаң, шахматшы, келе ғой,

Қане, жеңе ғой, Шоқанды!

Жауабы:

Шахматшы болсаң келе ғой,

Шоқанды қане, жеңе ғой!

Шахматшы сөзін сөз құрамына талда.

Шахмат- сөздің түбірі.

Шы- жұрнақ.

Шахмат сөзінің мағынасын ашу.Дәптермен жұмыс.

Б)Жатқа жаз. 5-жаттығу:

Ұлан-байтақ жерімді,

Ұлан-байтақ елімді

Қорғап тұрған сенімді

Армиямыз қаһарман!

Қаһарман- сөзінің мағынасын ашу.

Сергіту сәті.Сарбаздар әні

Жапырақтар ойыны:

Жел уледі у-у

Құйын келіп биледі зу-зу,

Қатты-қатты жел соқты гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду.

3. «Алтын қақпа» тапсырмаларын ашайық:

А)Сәйкестендіру кестесі:

Жақсының аты өлмейді, Халқы оған тіреу.

Елбасы- біреу, Ынтымақ халықты асырар.

Әркімнің өз туған жері- Мысыр шаһары

Ұрыс ырысты қашырыр, Ғалымның хаты өлмейді.

Б) Құйын сұрақтар

Дүние жүзіндегі ең биік ағаш?

-Эвкалипт.

«Табан доп» « Аяқ доп» мағынасын білдіретін сөз?

Футбол.

Шеңбер сызатын оқу құралы?

Циркуль

«Желаяқ» ұғымын қай сөз білдіреді?

Велосипед.

Құс болғанымен ұша алмайтын құс?

Пингвин.

Шабандоздар, акробаттар қайда өнер көрсетеді?

Цирк.

Футбол-6 әріп,6 дыбыс,2 буын

Ф-дауыссыз, қатаң.

У-дауысты.

Т-дауыссыз, қатаң

Б-дауыссыз, ұяң

О-дауысты,жуан

Л-дауыссыз,үнді

3.Бекіту кезеңі.

Дыбыс атамыздың балалары бар.

Ұлдары Қыздары

Дауысты Дауыссыз

Немере Жиендері

Жуан а,о,ы,ұ Қатаң к,п, қс,т,ф,ш,щ,х, ,

Жіңішке ә,ө,і,ү Ұяң б,в,г,ғ,д,ж

Үнді р,л,м,н,ң

Яғни қазақ тілінде алфавитте неше әріп(40 әріп,2 таңба)37 дыбыс ішінде я,ю,е,ъ,ь дыбыс шығармайды.

4.Бағалау.

5.Үйге тапсырма.4-жаттығу,56-бет, көшіріп жаз.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДA-019665

Похожие материалы