Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Жәнібек Карбозин. Жиырма тиын.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Жәнібек Карбозин. Жиырма тиын.

библиотека
материалов

Күні: 22.02.16 ж.

Сабақ реті:1

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 2 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:   Жәнібек Кәрбозин. Жиырма тиын.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Мәтін авторы туралымәлімет беру. Мәтіннің

мазмұнын меңгерту,көркем шығармаларды оқуға

қызығушылығын ояту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту,

өзіндік ой-пікірін айта білуге үйрету.

3)Тәрбиелік: Оқушылардың мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін

арттыра отырып, қамқор, жанашыр болуға үйрету.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру, ойын, ой-толғау.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру,Сыни тұрғыдан ойлау, мәселені болжау, венн диаграммасы, сахналау- образға кіру,миға шабуыл,
Көрнекілік:оқулық, слайд,интерактивті тақта, суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды сабаққа әзірлеу, түгендеу. Оқу құралдарын тексеру.

Көңіл күй ахуалы.

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын алдымен біз айналадағы қоршаған ортамен және сабағымызды тыңдауға келген қонақтарға сәлем беріп, құрметпен сабағымызды бастайық.

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
М. ӘлімбаевтыңНежомарт? Кімжомарт? өлеңін жатқа сұрау. Тақырыпқасаймақалжаттау, қосымша сұрақтар беру.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау:

Жомарттық пен сараңдықты ВЕНН диаграммаға салу.


ІV. Жаңа сабақ

Тақырыбын, мақсатын хабарлау:

Сандарды қосып азайту арқылы, оларлың мәндерін өсу ретімен орналастыру арқылы «Жиырма тиын» сөзін шығарып алу.

-Олай болса, балалар, біздің бүгінгі Жәнібек Карбозиннің «Жиырма тиын» атты әңгімесімен танысамыз. /күн ретін жазу/

-Жиырма саны қандай сан?

-Қандайекісанныңқосындысы 20 болады? 
-Жиырматеңгегеқазір не сатыпалуғаболады?
 
-Ақша не үшін керек?
 
-Төл теңгеміз қашан дүниеге келді?
 
1993жылы 15 – қарашасында елімізге өзіміздің төл ақшамыз дүниеге келді. Бұрын сом, тиын десек, қазір өзіміздің төл теңгеге ауыстық. 

-Айтыңдаршы, қандай елдердің ақшасын білесіңдер?

Ел аты ---------------ақша 
Қазақстан ----------теңге 
АҚШ------------------доллар 
Ресей---------------- рубль 
Франция ------------ франк 
Германи------------ марка 
Сауд Арабия------- риал 
Қытай ---------------- юань 
Индия – Рупия 
Корея-вон 

-Балалар, біз осы қандай көрші елдермен шектесіп жатырмыз?

Қытай, Ресей, Өсбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан
-Олай болса, осы елдердің төл ақшаларының әр тапсырмасын орындай отырып, бүгінгі сабағымызды бастайық.
- Балалар, енді осы тақырыбымызға сай мақал – мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.

1 Дұшпан күлдіріп айтады,

Досың жылатып айтады


2 Жүз сом ақшаң болғанша,

Жүз досың болсын
1 Автор туралы мәлімет беру.

Жәнібек Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. «Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» т.б. балаларға арналған пьесалар жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең жинақтары бар.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық

Салақтықты қояйық.

Қолға қалам алып ап,

Көркем етіп жазайық.

Мәтінмен жұмыс.
А) Оқушыларға тізбектей оқыту.
Ә)мәтінді талдау

Сөздік жұмыс:
Милығына- «милық» - маңдайдың бас киім жауып тұратын жері.
Тымақ- аң терісінен тігілген суықта киетін жылы бас киім.

1. Ой толғаныс
1. «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» деген мақалдың мәтінге қатысы бар ма? Болса қандай?

2. Апасы Алтайға неге риза болды?

3. Сол уақытта қай жыл мезгілі еді?

4. Өзіңнің қолында алпыс теңгең болса, қанша нан алуға болады?


2. «Болжау» стратегиясы

Мәтінді үш бөлікке бөлейік.
І бөлім
«Алтай апасының өтінішімен дүкенге кетті»
ІІ бөлім
«Қардың арасын қарап жүрген Қанат».
ІІІ бөлім
«Алтайдың істеген адамгершілігі!.

3. «Теріп алу» стратегиясы

Алтайға мінездеме беру.
Ақылды, мейірімді,қатыгез, қайырымсыз, адамгершілігі мол, тілазар, тілалғыш, қайырымды.


V.Жаңа сабақты пысықтау,бекіту

4 Жаңа сабаққа байланысты тапсырманы орындау.
Берілген сөйлемдерді ретімен орналастыру (тақтаға бес оқушы шығып орындайды)
1. Мен қалтамдағы екі жиырма тиындықтың біреуін оған ұсындым.
2. Дүкенге жақындағанда, біресе аяғымен, біресе қолымен қардың арасын қарап жүрген Қанатқа көзім түсті.
3. Дұрыс істегенсің.Бұның адамгершілікке жатады.
4. Табылып қалар деп, мен де қардан тиынды іздеуге кірістім.
5. Алтайжан, дүкенге барып келе қойшы.

















5. Тест:

1. Біз бүгінгі сабақта немен таныстық?


а) өлеңмен;

ә) мысалмен;

б) әңгімемен.


2. «Жиырма тиын» әңгімесінің авторы кім?


а) Мұзафар Әлімбаев;

ә) Машқар Гумеров;

б) Жәнібек Кәрбозин.


3. Төл теңгеміз қай жылы айналымға түсті?


а) 1995 ж.

ә) 1993 ж.

б) 1990 ж.


4. Әңгімеде не туралы айтылған?


а) Жақсы-жаман туралы;

ә) Мақтаншақ, даңғой туралы;

б) Адамгершілік туралы.


5. Әңгімедегі басты жағымды кейіпкер:

а) Алтайдың анасы;

ә) Қанат;

б) Алтай.

VІ.Қорыту

Сонымен бүгін біз қандай тақырып өттік?
-Алтай қандай адам?
-Асан сендерге ұнадыма?
-Келешекте Қанат кіммен дос болады деп ойлайсыңдар?

-Бүгін бізге берілген әр тапсырманы бұлжытпай орындадық деп ойлаймын. Енді айтыңдаршы, қазіргі таңда қай шет мемлекеттің ақшасының құны күрт өсуде?

-Осы әңгімені қандай мақалмен қорытындылауға болады?
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Оқушылар әрқайсысы бүгінгі сабақты қыншалықты түсінгенін білу үшін алдарыңда тұрған қағаздарды белгілі бір орынға жабыстыруларыңды сұраймын.
ҮІ.Үйге тапсырма:1.Әңгімені түсініп оқу.
2. «Менің досым» атты әңгіме жазу.

VІІІ. Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.












Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-019407

Похожие материалы