Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘдебиеттік оқу "Жамбыл"(2 сынып)

Әдебиеттік оқу "Жамбыл"(2 сынып)

Скачать материал

Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта меткеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамзаттың Жамбылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі: Жолдыбаева Ж.М.  

 

2015-2016 оқу жылы

Тоғыз ай, тоғыз  күнде  ана  құрсағынан тоқсан  жасқа  келгенде  заман құрсағынан  туылды.

Ғ.Мүсірепов 

 

Білімділік мақсаты:     Оқушыларды жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

 

Дамытушылық  мақсаты:   Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:   Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін    қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

 Сабақта қолданылатын

көрнекіліктер:                            

а) Ж.Жабаевтың портреті

ә) Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге  арналған көркем  суреттер

Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі
 
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
 
     Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау

     Ардақ 1-жүргізуші: Жамбыл Жабаев 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде туған. Сондықтан оның есімін Жамбыл деп қойған. Ата бабалары Ұлы жүз Шапырашты Екей деген елден тараған.

Ләйля:Менің өмірім

Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,
Сары аяз көш-жөнекей боран күні
Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,
Жұтынып суық ауа, шыққан үні.
Мен емес, суық дәмді ел де алыпты,
Жандияр: Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.
Қара күн хан билеген, қаңды жорық
Дегендей ел аузында сөз қалыпты.
Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім.
Ел көрдім - еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім.
Бой бермес ел өмірі асау шері,
Тұрса да құрсауланып тоқсан жері.

 Іңкәр2 –жүргізуші: Жыр алыбы Жамбылбабамыздың әлемі ғасырға тең. Қазақ халқының  ұлы перзенті-ақын, айтыскер, жыршы, суырып салма ақындық өнердің, жыраулық дәстүрдің көшін ілгері апарып, осы заманға жеткізген қайта тумас ғажайып талант, алып тұлға.

Ақтоты: Жыры да дария -Жамбылым

Сыры да дария-Жамбылым

Қара тау сынды-қазынам,

Шежіре қария-Жамбылым.

Сөзі де батыр-Жамбылым

Өзі де батыр-Жамбылым

Алатау сынды айбарлы

Арқалы ақын-Жамбылым.

Ардақ 1-жүргізуші: Жамбылдың әкесі Жапа көшпелі кедей болған. Жамбыл жасынан домбыра тартуды, тыңдауды жақсы көріпті. Табиғат Жамбылға күшті де әсем дауыс береді. Осындай талантты, жас Жамбыл өнерге жақын, өлең айтуға құштар болған екен. Осындай талантты жас Жамбыл жыр алыбы Жамбыл дәрежесіне дейін үлкен жолдардан өтті.

Жамбылдың балалық шағы. Көрініс.

Іңкәр 2-жүргізуші:Көшпелі ауылдағы кедей баласына оқып, білім алуға жағдайы жоқ еді. Сондықтан Жамбыл Медресе мектебінің есігін ашқан емес. Қолына қалам алып, жазуға дегенді білмеген. Ол жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады. Бірте-бірт өз ойынан өлең  шығаратын болды.

(домбыра үні естіледі)

Саят: Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақшы ол маған?

Бала кезде сабаққа

Жем дәм еткен дорбадан

Ақ сәлдесін төңкеріп

Көзін жұмып теңселіп

Күн ұзынға боздаған!

Оқығанша мен одан

Домбырамды қолға алам..

Ардақ 1-жүргізуші:  Жамбылдың Сүйінбайдан алған батасы.

15 жасында ақындық өнер жолына түскен ол өмір бойы туған елін әнмен, жырмен кенелткен.Ауыл арасындағы кішігірім айтыстарға қатысып, ақындық өнерін шыңдай білген.Жетісудың әйгілі ақиық ақыны Сүйінбайдың тұратын ауылына келіпті.Домбырасын ұстап үйіне таяп келеді де, әндете бастайды. Өлеңіне риза болған Сүйінбай ақын Жамбылды үйіне шақырады.

Қуаныш: Сүйеке, сүйенішім, өнерпазым,

Әйгілі ақылгөйі желді сөздің.

Әкежан, сенде тіле, бата берсін,

Балаңа өлең қонып, атақ берсін!

Батаңды маған бер әке,

Тіліме менің ер, әке!

Жапаның ойлы ақыны боп,

Жақсы істепті дер, әке!

Домбыра алып сөйлейін,

Күнде жасап мереке.

Мерекелі болған соң

Елде болар береке.

«Ұлық түбі –қорлық» деп,

Болармыз құр келеке.

Іңкәр 2-жүргізуші: Ұмытылмас Алатаудың тас,

Ұқсапты нағыз аш бөріге.

Сондықтан Сүйінбайдай атақты ақын,

Беріпті ақ батасын жас піріге.

Саят: (Сүйінбай) «–Сенің дарының бар екен, дауысыңда жақсы, ұнайсың жігітім. Өркенің өссін! Жыр алыбы бол, Жамбыл! ...Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын өлең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», -депті.

Қуаныш: Менің пірім –Сүйінбай

Сөз сөйлеймін сыйынбай.

Сырлы сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай.

Сүйінбай деп сөйлесем, сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай.

Ән «

Ардақ 1-жүргізуші:   Жамбылдың жастық шағының мұңды да шуақты сырына толы ақындық өнерін танытатын сұлу жыры – Айкүміспен айтысы.

Айтыс. Жамбыл мен Айкүміс    (Ерасыл мен Айым)

 

Іңкәр 2-жүргізуші: соғыс жылдары  1941жылы фашистік Германиямен соғыс басталғанда Жамбыл Отан қорғауға шақырған өлеңдерін шығарды. Ленинград қаласы қоршауда қалған кезінде Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңін көше-көшеге іліп қойды.Ақынның оқ тескен өлеңдері қаза тапқан жауынгерлердің қалтасынанан табылған.Сүйікті ұлы – Алғадайды Днепрпетровск түбінде қаза тапты.Ұлының қайғысы жүрегін тілгілесе де, елдің бүтіндігіне шүкіршілік етті.Жамбылдың «Алғадайды жоқтауы» -оның парасатты жан екендігін дәлелі.

Жұлдыз:Түне күнгі кеткеннен

Ғали жаңа келдің бе?

Алғадайдың мүрдесін

Жол-жөнекей көрдің бе?

Топырағың торқа боп,

Тыныш ұйқта дедің бе?

Әмір:—Қалай қыйып қалдырдың

Қарт әкеңді еліңде?

Елжірейді өзегім,

Ауырады белім де…

Қаза болып көзелім,

Халім қыйын менің де.

Әнел:Алатауды айналсам,

Алғадайды табам ба?

Сары-Арқаны сандалсам,

Саңлағымды табам ба?

Өлім деген у екен,

Мендей кәріп адамға.

Күнде үйімде күңренем

Көзіме жас алам да.

Бану:Құр сүлдерім, есім жоқ,

Жүріп тұрған десім жоқ.

Деп қараймын сәбиге:

«Игіліктің кеші жоқ!»

Бала қалды жетім боп,

Келін қалды жесір боп,

Біздей кәріп кісіге

Көз салыңдар есіркеп.

Темірлан:Темір өзек пенде жоқ,

Өлмес адам елде жоқ,

«Орынсыз деп өлімі»,

Ондай ойлау менде жоқ.

Көп жайланған жабының

Жал-құйрығы сұйылар…

Ерболат:Сол сияқты Жамбылдың,

Жұқарыңқы түрі бар.

Көңілі бос — кәрінің,

Көкейлерің ұғынар,

Көтермей жан жалынын,

Көзден жасы құйылар.

Ардақ 2-жүргізуші:Ленинград үшін шайқас 1941жылғы 8 қыркүйекте басталып, 1943 жылдың қаңтарына дейін созылды. Қалаға жеңіс толығымен 1944 жылдың 27 қаңтарында ғана келді.Яғни, қала осы уақытқа шейін жау қоршауында болды.Ленинград халқы тұп-тура 900 күн қасірет шекті. Осынау теңдессіз 900 күннің жыры да, сыры да ешқашан таусылмақ емес. Өліспей беріспеуді серт еткен ленинградтықтар жауға тізе бүкпей шайқасып,өшпес ерлік өнегесін көрсетті. Ұлы жырау Жамбыл Жабаев атамыздың «Ленинградтық өренім» деп тебірене, толғана жырлайтын тұсы да сол кез.

Жанерке: «Ленинградтық өрендерім»

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін

Сендерге дем бергелі

Нева алыбын қорғаңдар

Жасмин: Ленинградтың ерлері

Болама мұны айтпасқа

Кешегі отты шайқаста

Жағасын жыртып жауының

Қыран-жыр түсті айқасқа

Алдыңғы шепке қаперім

Жаттаған ақын өлеңін

Жүрегінде әр солдаттың

«Ленинградтық өренім».

Ән:

Іңкәр 2-жүргізуші: Жамбыл атамыз балаларға арнап көптеген өлең жолдарын жазған.

Бекарыс:Шәкiрт балаларға!
Балдыраған балғын балалар,
Мойнына қызыл байлаған.
Майысып сұлу мәуесі,
Түрлерің гүлдей жайнаған.
Мектеп боп ынтық — әуесі,
Жасынан білім ойлаған.
О.Ерасыл:Айналам сендей жеткіншек,
Қарасам көзім — тоймаған.
Мәуелі сендер бәйшешек
Өмірдің жазын тойлаған.
Ұялы мен бір бәйтерек
Ортаңда көктеп бойлаған.
Рахат:Сендерді қоссам жырыма
Саңқылдап үнім сайраған.
Қаздаңдап кірі саусағым
Ішекте бойлап ойнаған.
Мектептен сендер келгенше
Тағы да бір жыр ойланам,
Келген соң айтып бермесем,
Балалар, кінә қой маған!

Қарақат:Балдырған, балғын балалар,

Түрлерің гүлдей жайнаған

Мектепке боп ынтық-әуесі,

Жасынан білім ойлаған.

Айналам сендей жеткіншек,

Қарасам көзім тоймаған

Мәуелі сендер бәйшешек,

Өмірдің жазын тойлаған.

Балқиза: ұялы мен бір бәйтерек,

Ортаңда көктеп бойлаған

Сендерді қоссам жырыма

Саңқылдап үнім сайраған.

О. Балалар,балалар,

Қарашығы көзімнің

Қуанышы сөзімнің

Кеудемдегі жүрегім!

Аяулым: Таянышым тірегім

Ардақтысы елімнің

Гүлшешегі жерімнің

Алдыңа келді қария

Өлең боп аққан дарияң

Домбырасын басуға

Жырынан шашу шашуға.

Ардақ 1-жүргізуші: Балалардың Жамбылға жыр шашуы.

Қ.Зере: Алатауға Жамбыл едің жарасар

Жамбыл десе кәне, бәрің аласар

Қазақ атын әлемге алғаш танытқан

Абыройы асып туған дана шал.

Дастандарын жырлаған таң асар.

Көңілді әзілі мен әні ашар,

Биікпін деп табыла ма таласар.

Б.Зере: Жамбыл жырдың Алатаудай заңғары

Айтысқанда Атыраудай шалқары

Жамбыл жырдың Саырарқадай байтағы

Жамбыл елдің мақтағанда айтары

Ұлы тойда шешіле айтар тағы

Жамбылдан соң мирас қылған жыр тағы.

Өгейсімес қасиетті , қастерлі

Қолдарынан шығарған жоқ ұрпағың.

Іңкәр 2-жүргізуші :Жамбыл өмірге жымия қарап, сынай өскен ақын еді.Оның ойлы көздерінің түбінде қашан да бір ұшқын тұратын.жамбыл жырлары арқылы қазақ халөы өзі сөйледі.Сондықтан да оның творчествосы мәңгі жасайды.

Ардақ 1-жүргізуші:Ақын жүзге қараған шағында дүние салды. Ұлы ақынның денесі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылында жерленген.Басына үлкен кесене тұрғызылып, ауыл ортасында ақынға арналған мұражай ашылған.Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат.Ақын шығармаларының толық жинақтары бірнеше рет басылып шыққан, ол туралы зерттеу кітаптары жазылған, кинофильмдер түсірілген.Жамбыл атымен облыс, елді мекендер, көшелер аталады.Ақынның туғанына жүз елу жыл толуын ЮНЕСКО-ның ұйғарымымен күллі Қазақстан жұртшылығы, бүкіл дүниежүзі үлкен мереке ретінде атап өтті.

 

Іңкәр 2-жүргізуші: Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды.Жамбыл-ақыл-ойдың алғыры,өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс.Жамбыл-жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті.Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.

Мұғалім:Дөңгелек үстелімізді қортындылай келе Н.Назарбаевтың «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманның адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында.Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп,өлмес рухының алдында басымызды иеміз» деген сөзімен аяқтағым келеді.

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жамбыл ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау, бет-бейнелі, аса зор алып тұлға. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» – деген                

 

Мұхтар Әуезов

 

 

«Жамбыл жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі»

 

(Сәбит Мұқанов).

 

«Ақын Жамбылдың екі рет туғаны да, түрлі заманда жасағаны да, өмірінің ең соңғы он жылында бүкіл дүние таныған атақ алуы да – феномен. Сирек кездесетін, себебін осы күнге дейін ғылым таба алмай қойған сыр. Әсіресе тоқсан жаспен жүздің арасындағы он жылда ақындық  дарынның бұрынғысына қарағанда еселеп шарықтап кетуі дүние жүзілік даналардың өмірінен де кездескен емес.  Жәкеңнің тоқсан жасында қайта туғаны феномен болса, ақындығының қайта шырқап кеткендігін Феникс арқылы түсінуге болады».-

 

(Ғабит Мүсірепов)

«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру-біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»

 

 (Сәкен Сейфуллин).

 

 

«Жамбыл мейілінше күрделі құбылыс. Көпшіліктің көз алдында отырып, өлеңді суырып салу жұрттың айтатынындай, ең жоғары мәртебелі өнер. Жамбыл бір сәттегі ақындық үйлесімділіктің асқақ дарынын бойына жиған кісі. Міне, сондықтан да Жамбылдың сөздері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келеді»

 

(Шыңғыс Айтматов).

 

Француздың атақты жазушысы Ромен Роллан Жамбылдың 75 жылдық ақындық қызметін тойлау күндерінде: «Батыс Альпінің жүрегінен қазақ халқының және жаңа адам баласының жыршысы, Қазақстан даласының жүрегі Жамбылға туысқандық сәлем жолдаймын», – деген жеделхат жіберген.

 

 

 

 

«Халқының жарық жұлдызындай ақыны Жамбылға Индия халқынан бауырластық сәлем. Ол өз халқының өмірін терең, толғана жырлаумен заманының ұлы ақыны болып қалады», 

ұлы үнді жазушысы Рабиндранат Тагор.

 

«Қазақ халқы ұлы жыршы Жамбылды дүниеге келтірді. Оның өлеңдерін оқыған кезде көз алдыңа Алатау елестейді. Жамбылдың поэзиясы ғасырлар бойы жасайды, әрқашан да өлмейді. Ең биік шың – адамның жаны, адамның жүрегі, Жамбыл өзінің поэзиясымен бұл шыңға жол таба білді және бұл шыңды бағындырды»7

 

Тәжік ақыны Мирзо Турсын-Заде

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу "Жамбыл"(2 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 119 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 1050
    • DOCX 30.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолдыбаева Жулдыз Мадиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жолдыбаева Жулдыз Мадиевна
    Жолдыбаева Жулдыз Мадиевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6806
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе