Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдебиеттік оқу "Жаз" Абай Құнанбаев

Әдебиеттік оқу "Жаз" Абай Құнанбаев

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңі
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Абай туралы түсініктерін кеңейту. «Жаз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды имандылыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ - жауап, кубизм
Көрнекілік: Абай суреті, Жаз мезгілінің суреті
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Психологиялық дайындық «Жүректен шыққан тілек»

2.Үй тапсырмасын тексеру
3. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды топқа бөлу
1 - топ «Күз».
2 - топ «Қыс»
3 - топ «Көктем»

4.«Ой қозғау»:
- Әр топтан бір оқушы жыл мезгілдеріне байланысты өз ойларын айтып суреттейді.
5. Сөзжұмбақ шешу
6. «Мағынаны тану». Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Сендер, жаз мезгілі туралы осылай суреттейді екенсіңдер. Ал, енді Абай атамыз қалай суреттеген
екен? Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік.
- Әр топтан бір оқушыдан айтады.
Топтастыру арқылы Абай туралы білетіндерін еске түсіру.
жазушы, аудармашы
Абай Құнанбаев. қоғам қайраткері,
ұлы ақын, қазақ халқының ақыны, философ
- Балаларға арнап жазған өлеңдерін білеміз бе?
Абай Құнанбаев өмірімен таныстыру. Мұғалімнің түсіндірмесі
- Сонымен қатар Абайды лирик ақын деп те атаймыз. Өйткені табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өмірінен арнап жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» және т, б өлеңдері бар.
- Бүгінгі сабағымызда Абай суреттеген «Жаз» өлеңімен танысамыз.
1 - топ Өлеңді мәнерлеп оқу.
2 - топ Оқушыларға іштей оқыту
3 - топ Өлеңнің мазмұнын айту
4 - топ Мәнерлеп оқу минутын өткізу

7. INSERT стратегиясы(маған таныс емес) деген сөздің астын сызу.
- Сөздік жұмысы.
Күркіреп - өзеннің ағып жатқандағы дыбысы
Шұрқырап - кісінейді
Шалғын - жайылым немесе қалың шөп
Жоны - арқасы
Ыңқылдап - тойынғанның белгісі

8. Мазмұнын ашу.
Абай бұл өлеңінде...................

9. Топпен жұмыс.
1. топ. Жаз мезгіліне сурет салу.
2. топ. Берілген ұйқастардан өлең құрастырады.
3 - топ Жаз мезгілі. Эссе жазу

10. Сергілу сәті. «Желсіз түнде жарық - ай» әнін орындау
11. Венн диаграммасы.
«Күз»
«Жаз»
12.Ойын «Жұлдызды сағат»
13. Сабақты қорытындылау «Пікірлер ағашын» толтыру
- Абай - ұлы ақын, жазушы, лирик т. б
- Жаз өлеңін оқып таныстық
- табиғат, сұлулық, әсем сырларын ондағы болып жатқан құбылыстырды, адам өміріне арнап жазған

ҮІ. Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Жазғы табиғаттың құбылыстарына болжаулар жазу

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров366
Номер материала ДВ-252671
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх