Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Әдебиеттік оқу. Жақсы мен жаман. 3-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдебиеттік оқу. Жақсы мен жаман. 3-сынып

библиотека
материалов

Мерзімі

31.01.2013

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың атауы

Жаман мен жақсы. Қ.Баянбай

Жалпы мақсаты

Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету. Сауатты, мәнерлі оқуға дағдыландыру. Жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Өлеңдегі негізгі ой анықталады. Өлеңді түсініп, мәнерлі оқиды. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойып, ол сұрақтарға ойланып жауап береді. Өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді анықтайды.

Негізгі идеялары

Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыру. Оқушыларға өзіне есеп бере білуге дағдыландыру. Өз бойындағы жаман қасиеттермен күресе білуге үйрету. Өзіне деген сенімін арттыру.

Тапсырмалар

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастыру. Топтарға бөлу. 2 топ.

1-топ ұраны:

Бес болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

2-топ ұраны:

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз.

Үй тапсырмасы

Эссе «Мен сен үшін ұялдым». Мәтінге жоспар құру.

Жоспар мен эсселер оқылады. Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийі

1. Сауатты оқу.

2. Мақал-мәтелдер айту.

3. Сұрақтарға жауап беру.

4. Өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді анықтай білу.


І. Қызығушылы- ғын ояту.

Екі топқа ребус шешуге беру.

Сабақтың тақырымен таныстыру.

Ребусты шешеді: «Жақсы», «Жаман»

ІІ. Мағынаны тану.

Автор Қастек Баянбай туралы мағлұмат беру. Әр топқа таратылады.

1-тапсырма: Өлеңді екі жолдан оқып шығу.

2-тапсырма:

Мақал-мәтелдер сайысы. Әр топқа 2 мин уақыт беріледі.

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

Автор туралы мағлұматпен танысады.


1-топ: Жаман қасиеттер

2-топ: Жақсы қасиеттер

Әр топ мақал-мәтелдерді айтып, көп айтқан топ мадақталады.

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

Сергіту сәтін өткізу

ІІІ. Ой-толғаныс.


Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерді анықтау.

Әр оқушы өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді жазып, жаман қасиеттерден қалай арылуға болатынын айтады.

Кері байланыс жасау

Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады.

Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.

Оқушыларды бағалау

Бағалау критерийі бойынша оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма беру

Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап беру.

Шығу парағын толтыру

Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсетеді.

Мағлұмат: Балалар жазушысы Қастек Баянбай 1936 жылы қараша айының 15 жұлдызында Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Өзі туып өскен ауылы жайлы жазушы былай деп тебіренеді: «... Тау бауырындағы жасыл баққа бөленген менің ауылымды Талдыбұлақ дейтін. Ауылды ортасынан қақ жарып өтетін бұлақтың жағасы саусақтың саласындай самсаған көк өрім тал болатын. Жер аты осыдан шықса керек, сірә. Салқын сулы тұмалары және көп. Солардың ішіндегі ең атақтысы – Қаратұма. Суы қысы-жазы бірдей мұздай суық. Жерлестерімнің көбі ауыз суды осы тұмадан алады. Алысқа кеткенде аңсап жүреді. Аптасына бір рет өз еркімен Қаратұманың көзін аршып, ернеуін жағалай кесек көк тастармен көмкеріп, тәртіпке келтіріп жүретін Торымхан апайды еске алады. Ауылымның сарқылмас қара сабасындай сол қайнарды қазір мен де сағынамын. Кейде түсімде етбеттей еңкейген күйімде тұманың дәл көзінен сіміріп жатамын. Жасырақ кезімде жазған «Қаратұма» дейтін өлеңімде мен оны туған жердің символы ретінде алып, ауылдан шалғайға кеткен адамның аңсау сезімін айтып беруге тырыстым». 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971-1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған. 



Краткое описание документа:

Әдебиеттік оқу. 3-сынып. Қ.Баянбайдың "Жақсы мен жаман" өлеңі.

Жалпы мақсаты:Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету. Сауатты мәнерлі оқуға дағдыландыру. Жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Негізгі идеиялары: Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыру. Оқушыларға өзіне, өз ісіне есеп бере білуге дағдыландыру. Өз бойындағы жаман қасиеттермен күресе білуге үйрету. Өзіне деген сенімін арттыру.

Оқыту нәтижесі: Өлеңдегі негізгі ой анықталады. Өлеңді түсініп, мәнерлі оқиды. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойып, ол сұрақтарға ойланып жауап береді. Өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттірді анықтайды.

Автор
Дата добавления 11.12.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1905
Номер материала 183972
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх