Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу 4 сынып "Тәуелсіздік монументі" Ш.Сәриев

Әдебиеттік оқу 4 сынып "Тәуелсіздік монументі" Ш.Сәриев

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Цели конкурса: повысить интерес учеников к математике, усилить внутреннюю мотивацию, веру в себя и свои силы. Ученики отвечают на задания прямо на сайте конкурса, учителю не нужно распечатывать задания. Для каждого ученика конкурс по математике «Поверь в себя» - это прекрасная возможность проявить себя и раскрыть свой потенциал.

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4115530c.gifhello_html_m22ad47a3.gifhello_html_m59e86c7e.gifhello_html_40838eaa.gifhello_html_m103e245a.gifӘдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік монументі. Ш.Сариев.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейте түсу. Мемлекеттік рәміздердің құндылықтары мен оған деген құрмет. Отан алдындағы, тарих алдындағы, болашақ алдындағы ақтар борышы мен міндеті екенін ұғынуына жол сілтеу.

2. Ақынның жан дүниесі мен туған еліне деген мақтаныш сезімдерін көркем сөзбен жеткізу тілін ұғынулары арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын, сөздік қорларын дамыту.

3.Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, рәміздер, Тәуелсіздік монументінің суреттері.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік, ой қозғау, «түртіп алу» стратегиясы.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын пысықтау.

3.Қызығушылықты ояту.

«Желтоқсан желі» әнінен үзінді тыңдау.

-1986 жыл. 16 желтоқсан. Қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсы ашық қарсылық көрсеткен күн. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 20 жыл өте шықты. Өмір-өзен толқыны бізді әйгілі 16 желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да, жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар. Ол –дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн оқиғасына қатысқан қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген құрмет, тағзым...

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен, -

деп ақын жырлағандай, өз тілі мен дінін ұмыта бастаған қазақ еліне ұйқысынан оянған жас баланың шырыл дауысы естілгендей болды.

«Желтоқсан» деректі фильмінен үзінді.

Фильмнен кейінгі ойтолғау.

4.Мағынаны тану.

Автор туралы мағлұмат беру.

Өлеңді мәнерлеп оқу. Мұғалімнің, оқушылардың оқуы.

Өлеңді оқу барысында «Түртіп алу» стратегиясы бойынша – өлең жолдарында ел және Алтын адам сөздеріне қандай «Топтастырулар» берілгенін түртіп алып отыру.

Белгілеп алған топтастыруларын дәптерлеріне теріп жазып алу.

Сөздік жұмысын, түсініктеме жұмысын жүргізу.

Өлеңнің мазмұнына тоқталып, мағынасына және автордың жазу тіліне мән беру.

Басқа да жазушылардың осы тақырыпта жазған өлеңдерінен үзінді оқу. Салыстыру.

Қажет дерек

Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан. Кешен мемлекеттік қайраткерлер, мәдениет өкілдері, ғұлама ғалымдар айтқан сөздерден, сәулет, сымбат һнерлерінің тұтастай бірігіп жинақталуынан жасалған.

Кешеннің ортасында 28 метрлік, Маңғыстау құлпытастарының бедеріне ұқсас, тігінен тұрған пластикалық селла бар. Оның ұшында Алтын адам орналасқан. Селланың төрт жағын аллегориялық фигуралардан тұратын «Аспан - дана» , «Жер-Ана» және тай мінген балалар қоршап тұр. Балалар – отанымыздың жастығы мен болашағы. Екінші жағынан – әке, шеше және балалар – отбасын бейнелейді, ол – мемлекеттің негізі отбасы деген сөз. Селланың екі жағынан 18 метрлік ұзын таға түріндегі он бедерлі- сәулеттік қабырға қоршап тұр. Осы қабырғалар стелланың бар мағынасын ашып береді. Олар 10 бедерден тұрады: 1-бедерде қазақтардың арғы бабалары болып саналатын массагет-сақ билеушісі Тұмар патшайым дәуірі көрсетілген. 2-белерле астрономия, медицина, философия ғылымдары өркендеп дамыған әл-Фараби заманы көрсетілген. Күй атасы Қорқыт та, тарихшы Мұхаммад Хайдари да осында. 3-бедер – 15-ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуына арналған. 4-бедер – жоңғар шапқыншылығын бейнелейді. 5-бедер – Абылай ханның жекпе-жегіне арналған, себебі осыдан кейін халық Отан қорғау соғысына көтерілген. 6-бедерде – Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы. Ұлы адамдардың достығы. 7-бедерде – қазақтардың орыс патшасының саясатына қарсы көтерілісі.

8-бедерде – қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы жылдары көрсетілген.

9-бедерде – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы суреттеледі. 10-бедер – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған.

Оқушылардың білгендерін қосу, толықтыру.

«Тәуелсіздік монументі» тақырыбындағы ребусты шешу.

5.Ойтолғау.

«Сабақтан алған әсерім» атты ойтолғау жазу.

-Нені өзің үшін түртіп алар едің?

Жеке, жұпта, топта жұмыс. Топ лидерлерін тыңдау.

Өлең жолдары бойынша қандай оқиғаны ұнамсыз деп есептейсің? (Ауызша).

6.Сабақты бекіту.

Отан, туған жер,атамекен жайында мақал-мәтелдер айту.

Олардың мағынасын ашу.

«Ел болашағы-білімді ұрпақ» деген болатын елбасы Н.Назарбаев.Ел бірлігі –біздің барша табыстарымыздың кілті.Тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерей тойын өткізіп,еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.Еңселі елдің елеулі азаматы болып,сабақты жақсы оқып,бір-бірімізге қамқор болып,жақсы азамат болып жетулеріңе тілектеспін,-деп сабақты аяқтау.



7.Үйге тапсырма.

Өлеңнің ұнаған шумағын жаттау. 77-бет.

Бағалау.





























Әдебиеттік оқу 4 – сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік монументі. Шөмішбай Сариев.

Сабақтың мақсаты:

1. Тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту, Отан алдындағы, тарих алдындағы, болашақ алдындағы,ақтар борышы мен міндеті екенін ұғынуына жол сілтеу. Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

2. Талдау, өзіндік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.

3. Еңбек етуге, ұлттық- сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, рәміздер, Қазақстанның көрнекті қалаларының суреттері. Үнтаспада «Желтоқсан желі» әнінен үзінді, қосымша материалдар, оқулық.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, С.Т.О.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу.

Сабақтың әдісі: Пікірталас.

Жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Өткенді қайталау.

3. Қызығушылығын ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Ойтолғау.

6. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындалу сәті.

2. Өткенді қайталау.

3. Қызығушылығын ояту.

«Тәуелсіздік монументі» деген сурет тақтаға ілінеді.Тақтаға Қазақстанның картасы ілінеді.

«Желтоқсан желі» әнінен үзінді тыңдау.

1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген ғаламат оқиға.(қысқаша тоқталып өту)

Желтоқсанда- мұзда жанған алауым,

Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!

өнерлі

батыр

қазақ





ақылдыы

қонақжай



азат



4.Мағынаны тану. Жаңа сабақпен таныстыру.

Автор жайында білгендерін сұрап, көрнекіліктер арқылы толықтыру.

hello_html_2308bd5b.png

Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы (15.4.1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш станциясы) - зерттеуші, ақын, сазгер. Қазалы ауданы "Ленин туы" және Арал ауданы "Толқын" газеттерінде қызмет атқарған, ҚазҰУ-ды бітірген (1971). 1970 - 74 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. "20 ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы" атты монография авторы. "Ғашықтар жыры", "Боз-жорға" атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. Сариев "Сәлем саған, туған ел", "Домбыра", "Қарағым-ай", "Сарыарқа", "Аралдан ұшқан аққулар", "Атамекен-ай", "Аққу-сенім", "Жер Ана", "Ән жүрегім туған ел", "Үкілі домбыра", "Дос керек", "Бозжорға" атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы. 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған. Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003), "Тарлан" сыйлығының иегері (2004).

Өлеңді мәнерлеп оқу.

а) Мәтінді тізбектей оқу, артынан сөздік жұмысын атқару.

Монумент – үлкен ескерткіш.

б) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту.

Сергіту сәті.

5.Ой түйіндеу.

«Сабақтан алған әсерім» атты ойтолңау жазу.

Жеке, жұпта, топта талқылау.

Оқушылардың пікірін тыңдау.

-Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай, өзің нені көкірегіңе түйіп алдың?

- Бұдан қандай қорытынды жасар едің?

Дәптерге қысқаша ойын жазғызу, қортындылау.

6. Ойтолғау.

Мақал – мәтелдер.

Оқушылардың ойларын қортындылау.

Қазақ бейнесін шығаруда оқушылар 4 немесе 5 жолды өлең жазуы немесе «Бақыттымын» атты эссе жазу.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. 77- бет. Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап келу. Алтын адам туралы дерек жинау.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Краткое описание документа:

4 сыныпта әдебиеттік оқу сабағынан "Тәуелсіздік монументі" атты ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты:Оқушылардың тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейте түсу.Мемлекеттік рәміздердің құндылықтары мен оған деген құрмет. Отан алдыңдағы,тарих алдыңдағы ,тарих алдыңдағы болашақ алдындығы ақтар борышы мен міндетті екенін ұғынуына жол сілтеу.

Сабақ шаттық шеңберімен басталды.Үй тапсырмасы тексерілді. Оқушылардың қызығушылығы "Желтоқсан желі"әнінен үзінді тындалды. Қажетті деректер айтылды. Автор жайында білгендерін сұрап, көрнекіліктер арқылы толықтыру. Өлен жолдары мәнелеп оқылды. Оқушылар мақал-мәтелдер айтып өтті.

Автор
Дата добавления 02.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1134
Номер материала 417925
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх