Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу "екі шыбын" ашық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдебиеттік оқу "екі шыбын" ашық сабақ

библиотека
материалов

hello_html_m5bb98f09.gifhello_html_mdb58b29.gifhello_html_m6d38e557.gifhello_html_m20ad4c03.gifhello_html_m2e7b5f1a.gifhello_html_18cd4011.gifhello_html_m66a527fe.gifhello_html_m4f969de5.gifhello_html_m63e27022.gifhello_html_m5c70f053.gifhello_html_34e0a78d.gifhello_html_m5c40f028.gifhello_html_m97b26b1.gifhello_html_m6d0d95d7.gifБастауыш класс мұғалімі Бурамбаева М.Б.

Сабақтың тақырыбы: Екі шыбын. А.Байтұрсынов

Сабақтың мақсаты: Ақынның өлеңіндегі негізгі ойды ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқуға, жеке

қабілеті мен белсенділігіне сүйене, өлеңдегі түйінді ойды

ашуға жағдай жасау.

2.Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,

байланыстырып сөйлеуін,шығармашылық ойлауын дамыту.

3.Адамгершілікке,қарапайымдылыққа,өз бойларына асыл

қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ой шақыру,сұрақ-жауап,түсіндіру

Көрнекілігі: Суреттер,слайдтар,сызбалар.

Сабақ барысы

1.Алғашқы ұйымдастыру. Назарларын сабаққа аудару

Айналаңа шын жүректен қуаныш сыйлай біл!

а/Психологиялық ахуал. Шаттық шеңбері. Құрбыласпыз,тұрғыласпыз,

15 – іміз күлімдейміз.

Бір бақшаның гүліндейміз,

Таланттымыз,қанаттымыз,

Жақсы оқимыз сабақты біз!

ә/Қызығушылықты ояту.

-Жақсы оқтын оқушыны қалай атаймыз?

-Білімді,оқымысты,алғыр,зерек т.с.с.

Олай болса мына парақшаларды таңдай қойыңыздар.Сонда топтарыңның аты шығады.

1 топ «Зейінділер» 2 топ «Білгірлер» 3топ «Алғырлар»

б/ Топ басшысын сайлау.Бағалау парағын үлестіру.Мерекелік жалаушаларға қол жеткізу

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1 топ «Ақкөл жағасында» мәтінінің мазмұнын сұрау

2 топ А.Байтұрсынов туралы не білесің?

3 топ Мәтінді сахналап көріңдер.

3.Жаңа сабақ. Мағынаны тану. Ребус шешуhello_html_72adf571.jpg

hello_html_m5f7cebf5.jpghello_html_m794c88be.jpg

hello_html_2224c41e.jpg





,,, ,,, , ,,,,, Ы ,,

Шешуі: Екі шыбын



1873-1938ж ағартушы педагог ғалым, аудармашы, ақын





А. Байтұрсынов

Қостанай обл. 1 1901-1922 ж.

Сартүбек аудармамен

деген жерде туған айналысқан



«Қырық мысал» «Маса» А.С. Пушкиннен

Кітабы 1909 ж. «Тіл тағылымы» И.А. Крыловтан



Басқа жәндіктерге азық ауада ұшады, жерде жорғалайды

Шыбын

6 аяғы, 2 қанаты бар

Лас жерде жүреді,

түрлі аурулар

таратады ғаламшардың кез-келген

түкпірінде таралған

Буын аяқтыларға жатады



Крыловтан аударған аудармаларының бірі- «Екі шыбын». Бұл мысал түрінде жазылған.

-Мысал дегеніміз не?

Мысал дегеніміз-шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі.Көбіне, аң,хайуанат,жәндік туралы жазылады.Сол арқылы адам бойындағы мін,кемшілік мазаққа айналдырылып,сықақпен сыналады.

Мысалда түйінді ой болады.Түйінді ой дегеніміз-ақынның айтар өсиеті.

4.Оқулықпен жұмыс

Мұғалімнің мәнерлеп жатқа айтуы

а/ Мәтін бойынша жұмыс

3 топ Мәнерлеп оқып,мазмұнын айт.

2 топ Негізгі ой жазылған өлең жолдарын тап.

1 топ 2 шыбын қандай? /жаз/

5.Сөздікпен жұмыс

Сабан-дәнді-дақылдардың бастырылып, дәннен ажыраған сабақтары

Маңғазданып-кербезденіп

Өзімсіп-өзгенің ісін өзінікіндей көру

Ғибрат-үлгі, өнеге

Шылауында- жетегінде, біреудің ырқында

Текке- босқа, бекерге

Кез болды- жолығу, қарсы жолығу

6. Сергіту сәті

Ән әуенімен «Балапандар» биі.

7.Шығармашылық тапсырма.

1.Мысалдағы шыбынның әрекетіне өгіздің көзімен пікір айтыңыз.

2.Мысалдағы оймен мазмұндас мақал-мәтел табыңыз.

8.Тест тапсырмалары

1. «Жер жыртып күні бойы, шаршап келем,

Мазалап сұрап саған не керегі?» деген мысалдағы қай кейіпкердің сөзі

а/ өгіздің ә/ автордың б/қара шыбынның в/ таныс шыбынның

2.Өзгенің еңбегін, дәулетін өзімдікі деп иемденетін адамдар бейнесін ақын не арқылы суреттейді?

а/ сабан тартқан өгіз ә/ таныс шыбын б/ қара шыбын в/ екі шыбын

3. «Екі шыбын» мысалындағы қара шыбынның әрекеті қандай адам бейнесін береді?

а/өзгенің еңбегін иемденуші ә/өзгелерге көмек беруші б/өзгелерді менсінбейтін

в/ өзін жоғары бағалайтын

9. Өзіңді тексер!

10.Бекіту сұрақтары:

1.Қара шыбын неге шаршап келді?

2.Мысалдағы өзекті ойдың мәнісі қандай?

3.Мысал мазмұны қандай мінезді меңзейді?

11.Үйге тапсырма

1.Мысалды жаттау.

2.Сахналау.

12. Бағалау. Топ басшыларын тыңдау

Мерекелік жалаушалар сыйлау.

«5»- көк жалауша

«4»- сары жалауша

«3»-жасыл жалауша















































Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Т.Жүргенов атындағы орта мектептің

бастауыш класс мұғалімі

Бурамбаева Мейрамгул Бердибаевна



Қазақ тілі 3 класс

Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім

Сабақтың мақсаты: Есептік және реттік сан есім тақырыбын қайталау және оқушылардың алған білімдерін одан әрі жалғастыру.

Оқушылардың ұлттық, спорттық ойынға деген сүйіспеншілік сезімдері арқылы,топта бір-біріне қамқор , ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу дағдысын, ой-өрісін, қиялын, тілін дамыту.

Көрнекілігі: суреттер,кеспе қағаздар,бағалау бұрышы,интерактивті тақта

Түрі: Пысықтау сабақ

Әдісі: Сұрақ- жауап, топтау

Пәнаралық байланыс: Ана тілі,математика,дене шынықтыру

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Сапқа тұрғызу. Бірінші, екінші, үшінші деп санату.

1 топ бір қадам алға, 2 топ екі қадам алға. Топтарға отырғызу.

Топ ережесін еске түсіру

2. Психологиялық дайындық

«От шашу» атайық. Сабақ желісін хабарлау.

  • Ұлттық ойындарды білеміз бе ?

  • Соның бірі «Тай жарыс». Көктем келді, күн жылынды. Тайы бар балалар жарысқа шығады.Біз де бүгінгі сабақта тайымызбен жарысқа түсіп көрейік.Тай жарыста бірнеше бала қатысады.Бірақ мен сіздерге 1 баланың бейнесін алып тұрмын. Әр 3 топқа 3 тай беріледі. Тапсырмаларды орындау арқылы әр белестерден өтіп жарысып отырасыздар./ Топ басшыларын сайлау/

Сонымен қатар сіздерді ат әбзелдері арқылы бағалаймын.Әбзелдерді жинауға ат салысайық.

«Өте жақсы» - ашамай

«Жақсы» - таға

«Қанағаттанарлық» - қамшы

Ат жарыс, тай жарыстардың өздерінің шақырымдары болады.Шақырымды анықтап алайық.

3. Үй тапсырмасын тексеру

Ол үшін үй тапсырмасы бойынша тапсырмаларды орындайық.Мына машиналарды тез сатып жіберсек,мейлінше тез білеміз.

1 топ.1.Жұмбақты оқы,шешуін айт.

2 топ.2.Сан есімді тауып,түрін анықта

3 топ. 3.Қос сөзін қандай сан есіммен алмастыруға болады ?

4. Жаңа сабақ



3 шақырымның тапсырмасы: «Кім жылдам?» ойыны

Реттік сан есімді есептік сан есімге айналдыр.Сонда қандай сұрақ қойылады?

1 топ 2 топ 3 топ

Бесінші бөлме тоғызыншы бет екінші касса

Жетінші пәтер он төртінші қатар сегізінші қайық

Болған топ бес жұлдыз арқылы білдіру

3 шақырымның тапсырмасы орындалды. 4 шақырымның тапсырмасы:

4. Дәптермен жұмыс

23-жаттығу.Көшіріп жаз.Сан есімдерге сұрақ қой.Есептік сан есімнің сатын-бір, реттік сан есімнің астын-екі сыз.

Үш қозы,бес лақ,тоғызыншы үй,он екінші троллейбус,төртінші топ,жеті кітап.

5 шақырымның тапсырмасы:

24-жаттығу 1 топ Мәтінді мәнерлеп оқып бер.

2 топ Сан есімдерді тауып,қай түрі екенін айт. 3 топ Сан есімі бар сөйлемдерді жаз.

Ақ арыстандардың табылғанына 30 жылдай ғана уақыт болды.Ұзын саны 70-тен аспайды.

МҰҒ: Бұл сөйлемдерде сан есімнің жазылуына мәнберу керек. Сан есім цифрмен жазылған кезде сөзден бөлек жазылады.Сызықша қойылмайды.Ал егерде жалғау жалғанса цифрдан кейін міндетті түрде сызықша қоямыз.

6 шақырым тапсырмасы: Сергіту сәті

Тай үстінде би билеу

7 шақырым тапсырмасы: «Тез, ойлан!» ойыны

1 Өзгертпе сөзді шеш 2 Сан есімдерді тап 3 Қандай сан есімдер?

8 шақырым тапсырмасы: Ребус шешу.

Жаздың бір күні- қыстың мың күнін асырайды

9 шақырым тапсырмасы: Бекіту. Тайға мінген бала ұлттық киім үлгісін беріп жіберіпті.Жай киім емес,тапсырмасы бар сиқырлы қағаз екен. Қане,көрейік.

/кеспе қағаздар тарату/

Реттік сан есімге – көптік жалғауларын, есептік сан есімге 3 жақтың тәуелдік жалғауларын қосып айт.

1 топ 2 топ 3 топ

Бір і екі сі үш і

Алты сы он ы бес і

Бірінші лер екінші лер үшінші лер

Алтыншы лар оныншы лар тоғызыншы лар

10 шақырым Мәрені анықтау

7. Бағалау.Жинаған ат әбзелдеріне байланысты ұпай сандарын қорытындылау.Топ басшыларына орын беру.

8. Үй тапсырмасы: 25-жаттығу.Сурет бойынша шығарма жазу

9.Кері байланыс: Ұнады. Ұнама

ды



Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер 3 класс

Мақсаты: 1.Оқушыларға дара, күрделі етістік туралы мағлұмат беріп,сөйлем

ішінен таба білуге дара, күрделі етістіктерді бір-бірінен ажыратуға

дағдыландыру.

2.Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру.

Шығармашылық ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту

3.Әрбір істі сапалы,ұқыпты орындауға,құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, ой ашар, ой толғаныс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек-сызба. «Құстарға көмек» ойыны, «Сәйкестендіру » тесті

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.

2.Үй тапсырмасын тексеру

330-жаттығу.Ауызша оқытып,етістікті табу.

3.Жаңа сабаққа кіріспе. Ертегімен жалғастыру. Ерте,ерте, ертеде «Қазақ тілі» деген елде «Сөз табы»деген ақсақал өмір сүріпті.Ақсақалдың тоғыз ұлы болыпты.Балалары бір-бірімен тату, ұйымшыл тұрған екен. Сендер танисыңдар,кәнекей есімізге түсірейікші.

Слайд:

Сөз таптары

Зат есім Етістік Сын есім Сан есім

Алдыңғы сабақта ақсақалдың «Етістік» деген ұлымен таныстық.

-Етістік туралы не білеміз?

Тірек-сызба: / слайд/

Етістік

Қимылын,іс-әрекетін Не қылды? Қайтті? Не істеді?

4.Жаңа сабақ

Етістіктің егіз баласы болыпты. Бүгінгі тақырыбымыз дара және күрделі етістіктер

Сабақтың мақсаты: Дара,күрделі етістік туралы мағлұмат беріп,сөйлем ішінен дара, күрделі етістікті таба білу.

Ой ашар: Жұмбақ шешу.

Барлық жемін бітеудей асайды

Әйтсе де ұзақ жасайды. /құс/

-Балалар,құстың қимылына байланысты сөйлем құрастырайық

Құс ұшты. Құс ұшып жүр.

Құс қонды. Құс қонып отыр.

-Айырмашылығы қандай?

Ереже шығару. Дара етістік бір сөзден,күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден тұрады./ интерактивті тақтада жазу/

Етістік

Құрамына қарай

Дара Күрделі

-Ақсақалдың баласы Етістік құстарға жақын болыпты.Жыл құстарын асыға күтіп жүреді екен.

«Құстарға көмек» ойынын ойнаймыз.

Жылы жаққа ұшып келе жатқан құстардың тапсырмаларын орындау арқылы ұяға қондыру қажет.

/Слайд/ Тырнаның тапсырмасы:

5.Оқулықпен жұмыс

Тырнаның тапсырмасы оқулықтың 116-бетіндегі 331-жаттығуға көңіл бөлейік.

1 оқушы тапсырмасын оқиды.Берілген сөздерден төрт сөйлем құрап жазу.

Түйе адамға өте пайдалы.Ол шөлге шыдамды.Ыстықта, суықта жүре береді. Шұбат- шипалы сусын.

Тақтамен жұмыс

Әр сөйлемді бір оқушыдан шығып орындап, етістікті тауып дара,күрделі екенін йатады.(Құсты ұяға әкеліп орналастыру)

«Ұйқасын тап» Қаздың тапсырмасы /слайд/

Қарындашты қолға аламын,

Әдемі сурет ...

Жемістер де пісті,

Жерге үзіліп ...

Арба сықырлап жүреді,

Ит арсылдап ...

(Қазды ұяға қондыру)

Үйректің тапсырмасы: 332-жаттығу.Оқушы тапсырмасын оқиды.Жаңылтпашты жатқа жазу.

6.Өзіндік жұмыс. Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.

/Оқушылар бір-бірін тексеріп бағалайды.

Түбіт туралы оқушылардың ойын тыңдау.Түбіт сөзінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты байқау.

Түбіт сөзі айтылуы кезінде үндестік заңы бойынша і дыбысы көрші тұрған дыбыстардың әсерінен естілмей қалады.

/Бейнетаспадан түбіт туралы түсінік беріп өту./

Үйректі ұяға қондыру

7.Шығармашылық жұмыс.Сурет бойынша әңгіме құрау.

/Слайд/

1.Тақырып қою.

2.Әңгіме құрастыру

Қарлығашты ұяға қондыру.

8. Тест «Сәйкестендіру» Тоқылдақтың тапсырмасы

Интерактивті тақтамен жұмыс

Бардым Келе жатыр

Келді Сайрап отыр

Сайрады Барып едім

Көрді Көріп тұрмын

/Оқушылар тақтаға келіп орындайды./ Тоқылдақты ұяға қондыру

9.Сабақты бекіту

Ой толғаныс

-Бүгінгі сабақта етістіктің қандай түрімен таныстық?

-Дара етістік неше сөзден тұрады?

-Күрделі етістік неше сөзден тұрады?

10.Үйге тапсырма: 333-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз,

11.Бағалау.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

4 кластың әдебиеттік оқу пәнінен "Екі шыбын" тақырыбындағы ашық сабақ. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызып, 3 топқа бөлінді. Қызығушылықтарын оятып, үй тапсырмасы сұрақ-жауаптар арқылы пысықталынды.Ребус шешілді. Автор Ахмет Байтұрсынов туралы мәлімет берілді.Шыбын туралы не білетіндіктері сұралды.Мысал дегеніміз шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі екені түсіндірілді. "Екі шыбын" мәтіні мәнерлеп оқылды. Мәтін бойынша 3 топқа топтық тапсырмалар берілді.Сөдік жұмыссы , сергіту сәттері жүргізілді.Шығармашылық тапсырмалар берілді. Тест сұрақтары таратылып, өзіңді өзің тексер айдары бойынша өздерін тексерді.

Автор
Дата добавления 30.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров433
Номер материала 466003
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх