Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Әдеби-сазды кеш "Мұқағали-ақиық ақын"

Әдеби-сазды кеш "Мұқағали-ақиық ақын"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби сазды кеш


1-жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби сазды кешке қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық- шынымен де бақытты халық.

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табылсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлаған Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.


1-жүргізуші

Хантәңірінің биік шоқтығындай болған қазақ поэзиясының қанатын кеңге жаюға қайталанбас кең үлес қосқан Мұқағали туралы сөз, айтылар әңгіме азаймақ емес.

Бүгінгі кеште Мұқағали туралы сыр ашып, ой толғайтын, мұрасын бар халыққа паш ететін, оның поэзиясын ерекше өздеріне серік ететін оқушылардың өнерін тамашалайсыздар!

Үлкендерді қадір тұтқан ел едік,

Өсейік біздер, ақ алғысқа бөленіп

Ортада отыр үлгі тұтар ұстаздар,

Қазы болып айту үшін төрелік.

(Әділқазылар алқасымен таныстыру)


2-жүргізуші

Поэзия!

Менімен егіз бе едің ?

Сен мені сезесің бе, неге іздедің ?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің ?- деп поэзияны ақын егізінің сыңарындай көріп , тебірене жырлаған.

Ендеше ақын өлеңдерін сүйсіне қызығып оқитын мектеп оқушыларының өнерін тамашалайық!

(Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқиды.)


1-жүргізуші

Ақын сөзіне жазылған алуан әндердің сазы мен назына еліте тыңдай отырып, сыршыл ақынның бейнесі еске еріксіз түсері заңды құбылыс. Оның бар арманын, ойын халқы түсінді, халқы сүйді. 100-ден астам өлеңіне ән шығарды. Әрбір ойын-сауық, той-думан, шығармашылық кеш Мұқағалидың өлеңдерінсіз өтпейтін болды.

Қарсы алмаса,

Құрысын, қарсы алмаған,

Ән салып бер,

Әніңмен жан салмаған!

Жаңғырығып жасыл тау жөнелсін бір,

Жатсын ұйып, жапанда дел сал далам.


2-жүргізуші

Ән сал жаным !

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын, тірлік жер-көктегі,

Дала ұйысын,

Дамылдап таулар жатсын,

Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі ,- деп жырлағандай келесі кезек ақын өлеңдеріне жазылған әндерге беріледі.

1. «Үш бақытым» әні.

(6б сынып оқушылары: Нұрболатова Ә, Нүсіп А, Өмірғазы Г.)

2. «Қарасазым» әні.

( 10 б сынып оқушысы Құдайберген А)

3. «Сәби болғым келеді» әні.

( 3б сынып оқушысы Кәрімбай А)

4. Т.Құсайыновтың «Мереке» күйі.

«Домбырашылар» ансамблі.

5. «Құттықтаймын мама туған күніңмен» әні.

( 4а сынып оқушылары Серікқызы А, Серікқызы Ә)

6. «Сарыжайлау» әні.

( 6в сынып оқушылары)

7. «Фариза қыз» әні.

( 10б сынып оқушысы Амандық А)

8. «Наурыз-думан» әні.

( 6б сынып оқушылары)

9. Қазақ биі.

( 4а сынып оқушылары Серікқызы А, Серікқызы Ә)

10. Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі.

«Домбырашылар» дуэті.

1-жүргізуші

Өмір жайлы, өзің жайлы,ел жайлы,

Әлі талай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойланған шын ақынның,

Өлген күні болған емес, болмайды.



2-жүргізуші

Құрметті ұстаздар! Бүгінгі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби сазды кешіміз осымен аяқталды.






































Талғар аудандық білім бөлімі

«Мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар №33 жалпы білім беретін орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі










Мұқағали -ақиық ақын

(әдеби сазды кеш)























Өткізген: Баймухамедова Қ.Қ.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров8
Номер материала ДБ-299209
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх