Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Статьи / «Дефектолог мамандығы – ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды заманауи қоғамға бейімдейтін мамандық»

«Дефектолог мамандығы – ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды заманауи қоғамға бейімдейтін мамандық»



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

«Дефектолог мамандығы – ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды заманауи қоғамға бейімдейтін мамандық»


«Баланың психикалық немесе (және) дене дамуы неғұрлым төмен болса, ұстаздық білімділігі мен біліктілігі соғұрлым жоғары болу қажет», деп жазған XX ғасырдың басында атақты неміс-педагог-дефектологы П.Шуман. Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім-білік дағдысын, тәртібін, әлеуметтік ортаға бейімделуін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шымшытырғы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұғу болып табылады», -деп атап көрсетеді В.А. Сухомлинский. Әсіресе ұстаздық шеберлік әрекеті қалыпты, дені сау баламен жұмыс кезінен гөрі, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынас кезінде көбірек қажет. Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалық, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.

Қазіргі уақытта арнайы педагогиканың түрлі мамандықтарын игеруге болады. Педагог-дефектологтың кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері маман дайындау бағытына, олардың жұмысы мазмұнына тәуелді ерекшеленеді. Дефектология мамандығы бойынша: логопед, сурдопедагог,олигофренопедагог, түзете-дамыту оқытудың оқытушысы, тифлопедагог, түзету мекемелердегі педагог-психолог.

Арнайы педагогтың кәсіптік қызметтің бағыты; арнайы оқытуды қажет ететін адамдарға емдеу және алдын алу көмегін көрсету; ерте жастан көмек көрсету; мектепте дейін тәрбиелеу; мектепте білім беру; кәсіби-оқыту; әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік көмек. Арнайы педагогтың кәсіптік қызметтің мазмұны: мүмкіндіктері шектеулі балаларға түрлі түзету-педагогикалық, әлеуметтік және емдік көмекті ұйымдастыру: дамуында пайда болған ауытқулардың түрлеріне ерте анықтау, арнайы мектеп жасына дейінгі және мектеп мекемелерін, оңалту орталықтарын толықтыру, ерте араласу және мектепке дейінгі тәрбие, мектеп білімі; кемтар балаларға әлеуметтік және арнайы білімді қажет ететін адамдарға әлеуметтік көмек және қызмет көрсету, дәрігерлік мекемелерінде денсаулық сауықтыру орталықтарының жұмысы, емдік мекемесіндегі логопедиялық кабинеттерінде кеңестік және түзету жұмысы. Арнайы мектеп мұғалімін білім, медицина мен әлеуметтік салаларында мүмкіндіктері шектеулі балалармен оқыту –тәрбиелеу және нақты арнайы білім беру ұйымдарында ғылыми-әдістемелік мекемелерінде типтік номенклатураға сәйкес жоғары білімді мамандарының орнын басатын бастапқы қызметтерді атқара алатындығына бағыттайды.

Қоғамның даму деңгейіне сәйкес маманның кәсіби дайындығы, демократиялық және гуманистік сенімдері, жалпы адамзаттық рухани байлығы жоғары дәрежеде болуы қажет. Қазіргі маман кең фундаментальді және тәжірибелік дайындыққа ие болу, өз мамандығын жетілдіре ала білу, өз білімін өрістегі білу, іс жүзінде қызмет ұйымдастыру принциптерін қолдана алу, сонымен қатар педагогикалық процесті басқару озық әдістеріне ие болу қажет. Арнайы педагогтың кәсіптік қызметінің сферасы: педагогикалық, әлеуметтік, медициналық. Ал кәсіптік қызмет нысаны болып әлеуметтік-мәдениеттік және педагогикалық феномен арнайы оқытуды қажет ететін балаларға анрайы білім беру. Жалпы арнайы педагог- бұл жан дүниесі өте кең ерекше рухани құндылықтарға ие, мейірімді, ақ көңілді, жан-жақты кәсіби құндылықтар жүйесін меңгерген, өзінің кәсіби әрекетін нәтижелі әрі сәтті болатынына сенімді тұлға. Оның кәсіби әрекеті соншалықты кең, тіпті оған әлеуметтік-мейірімділік акциялардың жетекшісі және белсенді қатысушысы болуына тура келеді.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды замануи әлеуетке бейімдеу туралы ҚР-ның көптеген заңдары бар. Мысалы: ҚР-ның «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңында I - тараудың 3- бабының I – тармақшасында «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» баланың туғанынан басталып, ол кәмелет жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді медициналық-психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік тексеру мен кәсіби диагностика жүргізу, оңалтудың бағдарламасын әзірлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі» делінген. Осыған сәйкес әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары бар. ҚР-ның «Білім туралы» заңындағы 6-бапқа сәйкес: «Білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті атқарушы органдардың құзіреті-мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету» туралы айтылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылуынан тіршілік тынысының шектелуін жоюға немесе оның орнын мүмкіндігінше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешенін қамтид. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Арнайы педагогикада жаңа тенденцияларды даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалар медициналық, педагогикалық және әлеуметтік сипаттағы кешенді көмек алатын мекемелердің көбеюімен байланыстыруға болады. Мұндай балалардың ұзақ уақыт бойы оңалту орталықтарында болуы күнделікті өмірінде өз-өзіне қызмет етуде қолданатын әлеуметтік бейімдеудің қарапайым және күрделірек дағдыларын меңгеруіне әсерін тигізеді. Мүгедек балаларды қоғамға қосудың екі жолы бар екенін атап өтуге болады. Алғашқысы, мүгедек балаларды қоғамға қосуды және қоғамның мүгедек балаларды өздеріне қабылдауға деген дайындығын қарастырады. Біздің мемлекетімізде бұл жағдай енді қолға алынып келеді.Ал, екіншісі, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоршаған ортаға бейімделуін қарастырады. Басқа сөзбен айтқанда мүмкіндігі шектеулі тұлға қоғамға қосылудың объектісіне айналады, яғни олардың әлеуметке үйлесімді түрде ену мүмкіндіктерін шектейді. Қоғамға қосудың бұл екі жолы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көмек көрсету жүйесінің даму тарихымен тікелей байланысып өз көрінісін табады.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғам дарынды қабілетті адамдарды қажет етеді. Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәні әртүрлі әдіс-тәсілдерді білуі, оқушылармен қарым-қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Жеке тұлғаның өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиет сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. Жас нәресте сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Еліміздің өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азамат пен азаматшалар тәрбиелеу керек.

Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына қолдау көрсету, толыққанды, еркін өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу,оқу, қатарлас құрбылармен араласу, мектеп немесе балабақша сахнасында өнер көрсету, қол өнер жасау және сурет салу, ересек өмірге дайындау, өз еліне халқына қажетті азамат болу мүмкіндігін сыйлай алатын маман- арнайы педагогтар.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Статьи
Просмотров9
Номер материала ДБ-398069
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх