Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІНІҢ ДЕҢГЕЙІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІНІҢ ДЕҢГЕЙІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІНІҢ ДЕҢГЕЙІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ.


Бүгінгі Қазақстанға өзіндік дербестігімен ерекше, қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, шығармашыл азаматтар қажет.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», - деп айқындап көрсетіп отыр. Олай болса, оқыту үрдісінде тек қана білімділік мақсаттың нәтижелі болуымен қанағаттанбай, оқушының жеке-дара қасиетін, қабілет ерекшелігін дамыту жолдарын қарастыру қажеттілігі туындайды.

Балалардың даму деңгейін, оның қаблеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – тәрбиешінің тәрбиелік ықпалының міндеті. Сондықтан тәрбиеші өз жұмысын ең алдымен балаларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды және отбасын зерттеу арқылы бастайды. Осы зерттеу барысында топ балаларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік мақсат пен міндеттер анықталады, тәрбие жоспары жасалады.

Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне аса көңіл бөліп,балабақша және мектепте оқушының жеке басының, жеке тұлға деңгейінде даму мен тәрбиеленуіне бірден-бір көмегін тигізетін жаңаша көзқарастар мен ұсыныстарды тәжірибеге енгізуде. Ал баланың дамуының іргетасы қаланып, тұлғаның «Мені» қаланатын кезеңі – балабақша және бастауыш мектеп.

«Егер баланы жан – жақты тәрбиелегің келсе оны жан – жақты зерттеп біліп ал», - деп Ушинский айтқандай, мектепке даярлық топ балаларын оқыта отырып, оларға дұрыс тәрбие беруді алғашқы шарт –баланың жеке – дара даму деңгейін зерттей отырып, жеке тұлға қалыптастыруға үлес қосу.

Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану. Елбасымыздың жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

Қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

  • Білімді, іскер, шебер болу керек.

Қазіргі оқушы:

  • Дүниетаным қабілеті жоғары;

  • Дарынды, өнерпаз;

  • Іздемпаз, талапты;

  • Өз алдына мақсат қоя білу керек.

Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымның қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Жеке тұлғаның дамуында маңызды рөл атқаратын:

  • ·баланың өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;

  • сол арқылы білім, білік, дағдының  жоғары деңгейіне шығу;

  • баланың түрлі дара қабілеттерін арттыру.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу- оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Инновациялық технологиялар:

Жобалау технологиясы;

Саралап даралап оқыту;

Дамыта оқыту технологиясы;

Модульдік оқыту технологиясы;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

Сатылай комплексті талдау;

Деңгейлеп оқыту технологиясы;

Қазіргі таңда педагог мамандарда қазіргі заманғы озық педагогикалық техналогияларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы шәкіртті жарасымды әрі жан-жақты тұлға етіп дамыту үшін қандай педагогикалық технологияны пайдалануы керек екенін анықтап алуы тиіс. Бұл орайда бастауыш сыныптарда оқыту процесін барынша тиімді әрі қонымды етіп ұйымдастыру көзделеді. Яғни балаларға білімді жеңіл әдіс-тәсілдермен меңгерте білу керек. Сондай технологиялардың бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, ол оқушының ойлауын, белсенділігі мен дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты: оқушыларға жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып оқушының ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.

Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыруда баланы пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Ал бұл өзгеріс балабақша мен бастауыш мектептен басталады. Балабақша және бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Балабақша, бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Баланың жеке ерекшелігін зерттеу үшін, оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта деңгейлік тапсырмаларды пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау. Балалар өз бетінше жасаған өнімдерін жариялау арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығу. Ол үшін мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

Деңгейлік тапсырмаларда тез, анық, дұрыс орындаған оқушы өзінің ақыл-ойының тереңдігін, тездігін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін көрсетеді. Индукция құбылысы бойынша жеке фактілерді жинақтап қорытынды пікір жасайды. Дедукция құбылысы бойынша жалпы ереже мен жалпы пікірден жеке қорытынды жасайды.

Деңгейлік тапсырмалардың төмендегідей түрлері қарастырылды:

  1. Мектепалды даярлық топтарында математикаға арналған деңгейлік тапсырмалар:

1 карточка

Тақырыбы: Үшбұрыш.

Мақсаты: Үшбұрыштың элементтерін білу.

І деңгей: Үшбұрышты дәптеріңе сыз. Үшбұрыштың бұрыштарын, қабырғасын сана.Үшбұрышта неше үшбұрыш бар.

hello_html_290c547f.gif


ІІ деңгей: Үшбұрыштың ішінен көп үшбұрыштарды тап.

hello_html_72dbd7c5.gif


ІІІ деңгей: Шаршының ішінде қанша үшбұрыш жасырынған.

hello_html_m2c02ce73.gifhello_html_c8b321e.gif


2 карточка

Тақырыбы: Көпбұрыш.

Мақсаты: Көпбұрышты тани білу. Үшбұрыштан көпбұрыш құрастыр.

І деңгей: Дәптерге көпбұрышты сыз. Қанша бұрышы, қабырғасы барын анықта.

hello_html_m43403be8.gif


ІІ деңгей: Түрлі геометриялық пішіндерден көпбұрыш құрастыр.

hello_html_m35af4d9a.gifFrame1Frame2


ІІІ деңгей: Көпбұрыштың ішінде қандай геометриялық пішіндер жасырынған.

hello_html_b220bee.gif


3 карточка

Тақырыбы: + , - , = , ≠ белгілерімен таныстыру.

Мақсаты: + , - , = , ≠ белгілерін айтқызу.

І деңгей: Керекті белгіні қорша.

hello_html_m27481393.gifFrame3hello_html_m6b270e8a.gifhello_html_m27481393.gifFrame4hello_html_11756dd4.gifhello_html_2def1cd5.gifFrame5hello_html_m27481393.gifFrame6



ІІ деңгей: Керекті белгіні қой.

1 * 1 = 2 3 * 1 = 2 2 * 1 = 3


ІІІ деңгей: Керекті санды қой.


2 + 3 = * 4 + 3 = * 6 - * = 4


4 карточка

Тақырыбы: Салыстыру.

Мақсаты: >, < таңбаларын ажырата білу.

І деңгей: Заттарды сана және керекті таңбаны қой >, <

hello_html_4a08a8c9.gifhello_html_4f79a5ff.gifhello_html_m4871516c.gifhello_html_m5ecdedba.gifhello_html_79f99220.gifhello_html_79f99220.gif


ІІ деңгей: Пішіндерді сана және керекті таңбаны қой. >, <

hello_html_m31538e89.gifhello_html_5d09b2b0.gifFrame7hello_html_79e0e4e1.gifhello_html_243f583a.gifhello_html_m54b93e3f.gifFrame8


ІІІ деңгей: Өрнектерді салыстыр.

4 + 1 * 6 + 2 5 - 1 * 8 - 2 3 + 2 * 4 + 3


5 карточка

Тақырыбы:1-10-ға дейінгі сандарды қайталау.

Мақсаты: 10-ға дейін санау.

Іhello_html_266b0b2b.gifhello_html_266b0b2b.gifhello_html_m5e0ee920.gifhello_html_m5c6742f3.gifhello_html_591a5ebe.gifhello_html_5c384dbc.gifhello_html_591a5ebe.gifhello_html_m205dffb3.gifhello_html_591a5ebe.gifhello_html_m10617517.gifhello_html_m3a12b9a5.gifhello_html_6f7076d7.gif деңгей: Сана, қай геометриялық пішіндер көп.



ІІ деңгей: Геометриялық пішіндерді ата және қайсысы аз екенін анықта.

hello_html_6b0d6b95.gifhello_html_438d6050.gifhello_html_m794008ea.gifhello_html_76495690.gifhello_html_364997c9.gifhello_html_m12fe3e94.gifhello_html_58131c07.gifhello_html_58131c07.gifhello_html_6a1c637c.gifhello_html_53305e85.gifhello_html_m6ebd3194.gifhello_html_m38688279.gifhello_html_m5e992c2e.gif



ІІІдеңгей: Салыстыру дұрыс болу үшін сонша үшбұрыштарды сал.

hello_html_m1b6b1a73.gifhello_html_4148c502.gifhello_html_4148c502.gifhello_html_4148c502.gifhello_html_4148c502.gifhello_html_m31bd19fa.gif

hello_html_m2d44878f.gif

hello_html_4148c502.gifhello_html_4148c502.gifhello_html_m4278e254.gifhello_html_ca5927d.gif


6 карточка

Тақырыбы: Мысалды шығар.

Мақсаты: 13 санына дейінгі мысалдарды шығарту.

І деңгей.

1hello_html_50a37b18.gifhello_html_50a37b18.gifhello_html_50a37b18.gif2 + 1 = 13 - 1 = 10 + 2 =


ІІ деңгей.

1hello_html_50a37b18.gifhello_html_50a37b18.gifhello_html_50a37b18.gifhello_html_50a37b18.gif0 + = 13 8 + = 10 13 = 10



ІІІ деңгей.

10 13 8

hello_html_m5efa981f.gifhello_html_m5639c71a.gifhello_html_m65913c80.gif


7 карточка

Тақырыбы: Мысалды шығар.

Мақсаты: 15 санына дейінгі мысалдарды шығарту.

І деңгей.

7 + 1 = * 8 - 5 = * 10 + 5 = *

ІІ деңгей.

7 + 6 = * 15 - 6 = * 5 + 6 = *

ІІІ деңгей.

7 - 5 - 1 = * 6 + 3 + 4 = * 15 - 4 2 = *


8 карточка

Тақырыбы:Қосу. Азайту ( +, - )

Мақсаты: +, - таңбаларын жаздырту.

І деңгей.

10 * 1 = 11 4 * 10 = 14 16 * 6 = 10

ІІ деңгей.

hello_html_mb20d753.gifFrame95 = 16 15 Frame10hello_html_mb20d753.gif = 13 11 Frame11hello_html_mb20d753.gif = 14


ІІІ деңгей.

hello_html_mb20d753.gifhello_html_mb20d753.gif3 = hello_html_mb20d753.gif 6 hello_html_mb20d753.gifhello_html_mb20d753.gif = hello_html_mb20d753.gifhello_html_mb20d753.gifhello_html_mb20d753.gifhello_html_mb20d753.gif = 15

Қорыта келе, деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ынталандыру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан "оқушылық міндетті", яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаумен бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде "оқушылық" деңгейге сәйкес білімді толық меңгереді. Өйткені, алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді. "Міндетті" деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне деген өзіндік сенімі артады.

«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі», – деп көрсетеді С.В.Селевко.







































Әдебиеттер тізімі:

1. Караев Ж.А. «Методологические основы совершенствования педагогической системы обучения в школе». Вестник, 1998, №3

2. Педагогическая технология Ж. Караева. Алматы, 1999

3. Тұрғынбаева Б. Дамыта оқыту технологиялары, Алматы, 2000









































Регистрационная форма


II Международная научно-практическая конференция

«Инновационный менеджмент и передовые технологии в эпоху глобализации»

на Шри-Ланке (Панадура)

15-16 января 2015 г.

Фамилия

Қазақша / на казахском языке:

Сатибалдиева

На русском языке:

Сатибалдиева

In English / на английском языке:

Satibaldiyeva

Имя

Қазақша / на казахском языке:

Гулнара

На русском языке:

Гулнара

In English / на английском языке:

Gulnara

Отчество

(если есть)

Қазақша / на казахском языке:

Менгликуловна

На русском языке:

Менгликуловна

ИИН / ИНН / ID

620928450700

Число, месяц, год рождения

28.09.1962

Ученая степень (если есть)


Ученое звание (если есть)


Основное место работы (полное название организации без сокращений)

Екібастұз қаласының №18 жалпы орта білім беретін мектеп- коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Должность

Учитель

Адрес места работы (с почтовым индексом)

141200, г.Экибастуз, ул. Энергостроителей 9

Точный почтовый адрес для переписки

(с почтовым индексом)

141200, г.Экибастуз, ул. Королева 76/1 кв 24

Рабочий телефон, факс (с кодом международной / междугородней связи)

8 7187 761331

Домашний телефон (с кодом международной / междугородней связи)

8 7187 330546

Сотовый телефон

87023054634

E-mail

mendikul@mail.ru

Название статьи

Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білімінің деңгейін ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту

Секция

Мир знаний: актуальные вопросы совершенствования качества образования, педагогики и андрогогики

Нужен ли сертификат участника (да / нет)

нет





Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров145
Номер материала ДВ-385965
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх