Инфоурок Начальные классы КонспектыДеңгейлі оқу бағдарламасы бойынша мақала

Деңгейлі оқу бағдарламасы бойынша мақала

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығыMicrosoft Office Word (4).docx

 

 

Алғы сөз

   «Ұлттың  бәсекелстік қабілеті оның білімділігімен өлшенетінін» басты назарында ұстайтын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сапалы білім берудің маңыздылығына ерекше мән беріп отыр. Мұндай ауқымды мақсатты білім саласының жасампаз жауынгерлері - мұғалімдер жүзеге асыратынын ескерсек, бар мәселенің түйіні педагогтардың қабілеті мен қарымына, таным мен тағылымына байланысты екені хақ.

      Қарқынды дамыған заман талабына сай жаңа тұрпатты шәкірттер тәрбиелеу- ұстаздар қауымынан аса зор жауапкершілік пен ізденісті, байыпты білімді, тағылымды тәжірибені қажет етеді. Ендеше, білім мен ғылымға жаңаша талаптар қойылып, байыпты бетбұрыстар жасалып жатқан тұста ұстаздардың тыныс-тіршілігін, ғылыми пікірлерін, жаңашыл әдістерін көпшілік талқысына ұсынып, еңбегімімізбен бөлісіп, басқаларға да көмегіміз тиетініне  сенім білдіремін.

Абишева Жанат Балтабаевна

Мектеп директорының міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАҢА ИДЕЯЛАР ЖАРШЫСЫ

 

МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ

 

         Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер (1-сурет) әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етеді. Осыған сәйкес біздің елімізде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектеп үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңыздылығы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды 21-ғасырға қалай дайындайды?» деген келелі тұжырымдар. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен, біз, мұғалімдер, өзгеруіміз қажет. Ол үшін заманауи тәсілдерді меңгеруіміз керек.

        Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады,  21-ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқу әдістемелері арасында сыңдарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.

                  Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасын оқып келгеннен кейін мектепте мұғалімдердің көшбасшылық идеясын дамытуды жүзеге асыруды мақсат еттім. Өйткені, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы

Мақсаты: Оқушылардың оқу сапасын арттыру негізінде, өз әріптестеріммен тәжірибе алмасу арқылы мұғалімнің көшбасшылық идеясын жүзеге асыру және дамыту.

Міндеттері:

1.Іс -тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу.

2.Мұғалімдердің кәсіби білім беру қоғамдастығын құру.

3.Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестеріммен стратегиялық шешімдерді бірлесіп таңдау.

4.Мұғалімдермен бірге   оқытудың  түрлі әдістерін  қолдана  отырып,  оқу сапасын арттыруға байланысты эксперимент  жасау  және  оның тимділігін  анықтау  мақсатында  ақпарат  жинау.

5.Коучинг және тәлімгерлік жүргізу.

6.Бір  топ  мұғалімдермен қысқа мерзімді жоспарды және материалды  бірлесіп  әзірлеу, жасау  және  тәжірибеде  қолдану.

7.Мұғалім көшбасшылығын дамыту

Шыны призмадан өткен ақ жарық жеті түске жіктелетіндіктен, ақ жарық мақсат болып,ал жеті түспен көрсетілген  міндеттерді жүзеге асыру мақсатқа жету жолы болып табылады.

Фотография Абай Кунанбаев (photo Abay Kunanbaev)Мектепте көшбасшылықты жүзеге асыруда  Абай Құнанбаевтың  "Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек" деген сөзін әрдайым өзіме ұстаным етіп келемін. Абай атамыздың осындай ой түйіні қазіргі әлемдік білім беру жүйесінде маңызды орынға ие . Осыған сәйкес Шульман :мұғалімде «үш көмекші» (Shulman, 2007)  «бас,қол,жүрек» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады деген.Бұл идеяны  жүзеге асыруда Кембридж университетінің профессорлары  Джон Макбет  пен   Дэвит Фросттың «Мұғалімнің көшбасшылығы» туралы жазған еңбектеріне сүйендім. 

                                                                           

Дэвит Фрост

                                  Джон Макбет

 

1.                     Іс- тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу.

       Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өзінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады.

Көшбасшы болу үшін:

1.Бастаманы өзіне алады.

2.Құрбы- құрдастарын құрметтейді.

3.Басқалармен жылдам тіл табысады.

4.Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады.

5.Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді.

6.Өзіне сенімді.

7.Жаңа жағдайларға тез төселеді.

Көшбасшылықты жүзеге асыру үшін мұғалім жаңа технологияларды, яғни, жеті модульді меңгеруі қажет.  

                                                                                      

    Көшбасшылықты жүзеге асыру үшін, әріптестеріммен бірнеше коучинг сабақтар,өзім беретін сыныптарда білім сапасын арттыруға байланысты жұмыс жүргіздім. Балаларды  оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнатуға барынша күш жұмсадым. Әріптестерімнің де көзін жеткізу мақсатында, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасай отырып, мектеп өміріне өзгерістер еңгізуді басты мақсат етіп қойдым.

         Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарына зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Әр сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысулары керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.

2.Мұғалімдердің кәсіби білім беру қоғамдастығын құру.

        Жаңа идеяларды ұсыну  мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.Ең бірінші, нақты пәндер бірлестігінде қауымдастық құрдық. Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші, екінші және үшінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдермен бірлесіп, мектепте кәсіби білім беру қоғамдастығын құрдық. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылап, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері

үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады.

3.Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестеріммен стратегиялық шешімдерді бірлесіп таңдау.

 Практик-әріптестермен ынтымақтастықта болып, құзыреттілігі төмендеу мұғалімдерге олардың оқушыларының білімдегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмек көрсету.

 4.Мұғалімдермен бірге   оқытудың  түрлі әдістерін  қолдана  отырып,  оқу сапасын арттыруға байланысты эксперимент  жасау  және  оның тимділігін  анықтау  мақсатында  ақпарат  жинау.

5.Коучинг және тәлімгерлік жүргізу.

          Көшбасшылықтың келесі кезеңі мұғалімдерге коучинг және тәлімгерлік жүргізу.Мектептегі көшбасшы мұғалім коуч және тәлімгер міндетін атқарады. Коучинг – оқудың нәтижелілік дәрежесін арттыру арқылы оны жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс.  Тәлімгерлік – тәжірибесі аздау мұғалімнің білімін, ойлауын, практикалық қызметінің тиімділігін жетілдіру қарқынын арттыру мақсатында тәжірибелі мұғалім мен тәжірибесі аздау мұғалім арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас орнату үдерісі болып табылады. Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістердің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін, өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады.Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылары мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін, оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді.

Бір  топ  мұғалімдермен қысқа мерзімді жоспарды және материалды  бірлесіп  әзірлейді, жасайды  және  тәжірибеде  қолданады.

Көшбасшы мұғалім ретінде әріптестеріме өз тәжірибесіне жеті модульді енгізуге көмектесу мақсатында олармен жұмыс істеп,  өз әріптестерім жүзеге асыратын өзгерістерді ойластырып, зерттедім. Бейнетаспаға түсірген сабақтарды бірге талқылап,келесі өткізетін сабақтарына жоспар бірлесіп жасалады.

 

7.Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту.

Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады. Көшбасшылықты дамытуда Lesson Study  қолдану.

Lesson Study мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады, бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді.

Өзімді өзі әріптестерімнің ортасында көшбасшы сезіну мен үшін үлкен бақыт. Атқарып жатқан еңбегім далаға кетіп жатпағанын сезінемін. Сол себептен де аянбай еңбек етуге бар күш – жігерімді жұмсаймын.

Алда атқаратын жұмыстар жетерлік. Мектебімізде жыл санап деңгейлі мұғалімдердің саны артып келеді. Осы мұғалімдермен бірлесе отырып, болашақтың жоспарын құрып, мектептің жоғары деңгейден көрінуіне, оқушыларға дұрыс білім алуына жағдай жасалады деген сенімдемін.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Деңгейлі оқу бағдарламасы бойынша мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2015 1429
    • RAR 6.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абишева Жанат Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абишева Жанат Балтабаевна
    Абишева Жанат Балтабаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66005
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 27 регионов