Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / Деңгейлік бойынша рефлексивтік есеп

Деңгейлік бойынша рефлексивтік есеп

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:



Мұнайлы ауданы «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі

    1. оқу жылының ІІІ тоқсан бойынша ағылшын тілі пән мұғалімі Басбаева Айнурдың рефлексивтік есебі.


ІІІ тоқсанда сабақ қаңтар айының тоғызынан басталды. Сабақ беретін сыныптарыма ағылшын тілі пәні бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспарға сәйкес қысқа мерзімді жоспарды күнделікті жоспарлау арқылы жүзеге асырылды. Берілген сағат саны толық қамтылды. Сынып жетекшілік ететін 6 «А» сыныбы ІІІ тоқсанды 24 оқушымен аяқтады. Үлгерім-100, сапа- 45,8 болды. Ақпан айында өткізілген мектепішілік пәндік олимпиада да ағылшын тілі пәні бойынша 6 «А» сынып оқушысы Ибилиева Айсұлу аудандық кезеңіне жолдама алды.

1. 2015-2016 оқу жылындағы ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасының салыстырмалы анализі

«Мұғалім өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру керек» демекші мен өз білімімді одан әрі жетілдіру мақсатында қаңтар айының 25-30 күндері аралығында Ақтау қаласындағы «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «PISA» бағдарламасы бойынша курстан өттім. Курс тақырыбы: «Развитие функциональный грамотности учащихся в рамках проведения международного исследования PISA». Бұл курста өтілген тақырыптар жалпы PISA бағдарламасында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер күнделікті сабағымда қолданып жүрген тәсілдерге сәйкес келетін болғандықтан маған қиындық келтірген жоқ. Керісінше жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, басқа да қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен сабақ беретін тәжірибелі мұғалімдермен пікір алысып, ой бөлістік.

hello_html_6410782.jpghello_html_2a359761.jpghello_html_m7ad64f16.jpg

Сонымен қатар ақпан айының он екісі күні өткізілген аудандық «Тілші мұғалімдер олимпиадасы- 2016 » сайысына қатысып, өз бағымды сынап ІІІ орынға ие болдым. Олимпиада ІІ турдан тұрды. І тур мұғалімнің портфолиосы, берілген тақырып бойынша эссе жазу, грамматикалық талдау және ІІ турда жеребе бойынша түскен сыныпқа ашық сабақ өткізу болды. Маған жеребе бойынша 7 «Ғ» сыныбы түсті. Бұл сыныпқа мен тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сәйкес «Illnesses and their treatment» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

hello_html_76690957.jpg

Сабақтың мақсаты: Ауру және ауруды емдеуге арналған ұсыныстар туралы мәлімет алу.Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ағылшын тілінде ауру және оны емдеу жолдарын айтуға үйренеді. Шығармашылық қабілеттері іс-әрекетте көрінеді. Топтық бағалау мен топішілік бағалауды үйренеді.

Ұйымдастыру бөлімінде оқушылармен амандасып, жақсы атмосфералық қарым-қатынас орнатып, оқушыларды үш топқа бөлдім. Қызығушылын ояту бөлімінде интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы сәйкестендіру әдісін қолдандым. Оқушылар берілген ауру түрлерімен оны емдеу жолдарын сәйкестендірді. Бұл тапсырманы орындау барысында үшінші топ оқушылары белсенділік танытты. Мағынаны тану бөлімінде оқушылар тақырыптарға байланысты жаңа сөздермен танысып, оны мәтінде қолдана алды. Топтық тапсырмада І топқа бас ауруы, ІІ топқа іш ауруы және ІІІ топқа тіс ауруы тақырыбында диалог құрастыру тапсырылды. Оқушылар берілген тақырыптар бойынша 10 минут ішінде диалог құрастырды. Бұл тапсырма бойынша топтар бірін-бірі критерий бойынша бағалады. Бағалаудың дескрипторларын оқушылармен бірге белгіледік. Ой толғаныс бөлімінде БББ кестесін қолдандым. Ал кері байланыс ретінде оқушылар бес саусақтың суретін сызып, ішіне сабақтан алған бес түрлі әсерлерімен бөлісті. Сабақ барысында кейбір оқушылар ағылшын тіліндегі сөздерді қате оқып, аудармаларын білмеген кезде өзім көшбасшылық танытып бағыт бағдар беріп отырдым.



2. Ашық сабақ өткізу





3.Басылымға жариялану:

«Оқу үдерісіндегі өзгеріс»

«Маңғыстау әдіскері» газеті

4 (9)

31 желтоқсан, 2015ж

2.

Басбаева Айнур

«Сыныптағы бағалаудың маңызы»


«Мұнайлы» газеті

8


12 ақпан, 2016ж





4. Сайттарда жариялануы:

Басбаева Айнур










«ЖҚТБ-ғасыр індеті»

kopikourokov.kz

ашық тәрбие сағаты

288922 05.02.16

«Shoqan Ualikhanov is a Kazakh traveller»

kopikourokov.kz

ашық сабақ

№288929 05.02.16

«Ағылшын тілінен 8 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар»

kopikourokov.kz

орта мерзімді жоспар

298560 24.02.16

«Ағылшын тілінен 6 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар»

kopikourokov.kz

орта мерзімді жоспар

298553 24.02.16

«Үш тілді меңгер-жарқын болашақтың кепілі»

kopikourokov.kz

мақала

301142 01.03.16







2.

Басбаева Айнур

Тақырыбы

Сайттың адресі


Жариялау түрі


Жарияланған мерзімі

«Nature of Almaty»

infourok.kz

қысқа мерзімді жоспар

№ 416650 04.02.16

«Abai a great Kazakh poet»

infourok.kz

қысқа мерзімді жоспар

№ 416667 04.02.16

«Revision of grammar»

infourok.kz

қысқа мерзімді жоспар

№ 416670 04.02.16

«Parties»

infourok.kz

қысқа мерзімді жоспар

№416692 04.02.16

«Lexis dictation»

infourok.kz

қысқа мерзімді жоспар

№416627 04.02.16

«Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі»

infourok.kz

мақала

497982 01.03.16

«Test»

infourok.kz

қысқа мерзімді жоспар

№ 510242 08.03.16



5.Кәсіби байқаулар:

6. Семинарлар мен курстарға қатысу:

03.03.2016ж МАБҮО-ның ұйымдастыруымен № 7 орта мектепте «Жаңаша талап-жаңаша бағыт» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарда деңгейлік бағдарламаны оқып келген мұғалімдер коучинг, ашық сабақ және шебер сынып көрсетті.

Коучинг «Критериалды бағалау». Жауапты мұғалім ІІ деңгей тыңдаушысы Қалмұратова А.

Бұл коучингте мұғалімдерді үш топқа бөліп әртүрлі тапсырмалар берілді. Топтар бірін-бірі критериалды бағалады. Мұғалім критериалды бағалау дегеніміз не және оның бірнеше маңызды бөлімдері туралы интербелсенді тақта арқылы мағлұмат беріп өтті. Маған коучинг ұнады. Мұғалім бірнеше жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды.

Ағылшын тілінен ашық сабақ « Theatre». 9 сынып. Жауапты мұғалім ІІІ деңгей тыңдаушысы ағылшын тілі пән мұғалімі Бисенгалиева А.

Сабақтың жоспары жүйелі құрылған. Қызығушылығын ояту бөлімінде мұғалім интербелсенді тақтадан бірнеше теартлар мен актерлардың суретін көрсетті. Оқушылар Олардың атаулары мен қай жерде орналасқандарын айтып өтті. Мағынаны тану бөлімінде оқушыларға жеке, жұптық және топтық тапсырмалар берілді. Оқушылар мәтінмен танысып, сәйкестендіру стратегиясын орындады. Әр топқа рөлге кіріп, диалог құрастыру тапсырылды. Оқушылар бұл тапсырманы жақсы орындап шықты. Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі бағалады.

Орыс тілінен ашық сабақ «Имя прилагательное» 7 сынып. Жауапты мұғалім ІІІ деңгей тыңдаушысы орыс тілі пән мұғалімі Аймағанбетова З.

Мұғалімнің сабақты жоспарлауы және оны жүйелі түрде белгілі уақыт аралығында жақсы өткізіуі оның педагогикалық шеберлігіне байланысты екені көрініп тұрды. Сабақ барысында бұл мұғалім бағыт бағдар беруші ретінде қызмет атқарды.Сабақта қолданған әдіс-тәсілдері берілген тапсырмаларға толық сәйкес келеді. Оқушылар уақытқа бағынып берілген тапсырмалардың барлығын дұрыс орындап шықты. Сабақ жақсы өтті.



hello_html_m7244d9b3.jpghello_html_6917611f.jpghello_html_514d90ef.jpg


Жалпы мен мен бұл семинардан өзіме қажетті азығымды алдым десем қателеспеймін. Семинар соңында дөңгелек үстел арқылы кері байланыс болды. Тәжірибелі мұғалімдер жас буын өкілдері өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлістік. Алдағы уақытта да осындай семинарлар көп ұйымдастырылсын деген пкірлер айтылды.

«Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан-тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интеллектісін көтеру керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктету керек» демекші мен болашақта да өз білімімді одан әрі жетілдіруім керек деп ойлаймын.














Менің жетістіктерім

hello_html_m1a23b5a4.pnghello_html_1a4231c.pnghello_html_m64b78689.png





hello_html_54e4dece.png




hello_html_6ff971e0.jpg




hello_html_4580d3b8.jpg





hello_html_m590bcc08.jpg



hello_html_m63d2935e.jpg


hello_html_m716756eb.jpg

hello_html_m55628093.jpg



hello_html_m239142e6.jpg


hello_html_24195c53.jpg







Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Статьи
Просмотров146
Номер материала ДБ-036129
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх