Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыДеңгейлік тапсырмалар (10 сынып)

Деңгейлік тапсырмалар (10 сынып)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Деңгейлік тап. 10-сынып.doc

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Зеленобор мектеп-гимназиясы

 

 

 

 Қазақстан тарихы пәнінен

Өздік жұмыстар

§1- §46

Құрастырған:

Жуздибаева Ш.Б.

 

2014-2015 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

Алғы  сөз.

 

Құрметті  әріптес!

Оқушылардың оқу материалын оқып үйренуі үшін, саяси- тарихи оқиғаларды талдауға, салыстыруға, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын  табуға пайдасы тиер деген мақсатпен 10 сыныптың «Қазақстан тарихы» бойынша деңгейлік тапсырмаларды ұсынып отырмын.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі- әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруі қамтамассыз етіледі, себебі оқушылардың танымдық іс- әрекеті олардың жеке бас ерекшелігіне байланысты.

Мысалы, ойлау дағдысы жоғары оқушылар кез- келген жағдайда мәселені шеше алады, жаңа білім көздерін өз беттерінше игере алады. Ал, ойлау қабілеті төмен оқушылар стандартты емес жағдайда шешім таба алмай қиналады. Сондықтан, мұндай оқушылармен жеке жұмыс жүргізу қажет.

Ұсынылып отырған көмекші құралдың оқушылардың сабақты меңгеруіне

көмегі тиер деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§1. Тас дәуірінің хронологиясы.

3 деңгей.

 

1.Ежелгі тарихи кезеңге бөлудің түрлерін ата.

2.Геологиялық кезеңге бөлу бойынша жердің тарихы неше кезеңге бөлінеді?

 

2 деңгей.

1. Геологиялық және археологиялық кезеңдердің ерекшеліктерін көрсет.

2.Археологиялық кезеңге сүйене отырып, адамзат тарихының ең көне дәуірі нешеге бөлінетінін айт, әрқайсысына сипаттама бер.

 

1 деңгей.

1.Адамзат баласының шығу тегі жөніндегі әр түрлі көзқарастарды ата

2.Бұл жөнінде өз пікіріңді білдір.Дәлелде.

 

 

 

 

§2. Палеолит. Мезелит. Неолит дәуіріндегі Қазақстан.

 

3 деңгей

1.Қазақстан жеріндегі палеолит дәуірінің неше аймағы белгілі?

2.Палеолит дәуірінің ескерткіштері қандай түрлерге бөлінеді?

                  

2 деңгей.

1.Шақпақата, Арыстанды өзені бойында табылған ескерткіштер Олдувай кезеңіне жататындығын қалай дәлелдейсің?

2.Ашель, мустье кезеңінде қандай өзгерістер болғанын сипатта.

 

1 деңгей.

1. Адамзаттың палеолиттен неолитке өту кезеңін салыстыр. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта.

2.Адамның эволюциялық даму үрдісінде еңбектің алатын орны қандай ?

Өз көзқарасыңды білдір.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§3. Энолит. Ботай мәдениеті.

3 деңгей.

1. Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланған уақыт қалай деп аталады?

2. Ботай тұрағы Қазақстанның қай аймағында орналасқан?. Картадан көрсет.

 

2деңгей.

1.Шаруашылықтың өндіруші түрін сипаттап бер.

2.Адам баласы неліктен тұтынушы шаруашылықпнен қатар өндіруші шаруа шылықты дамытқанын түсіндір.

 

1.деңгей.

1.Энолит дәуірінде аналық қауымды сақтап қалу мүмкін бе еді?

2. Қалай ойлайсың, рулық қауым ер адамдар басқарған кезде күшейді ме, әлде әйелдер басқарған кезде мықты болды ма?. Ойыңды дәлелде.

 

 

 

ІІ- тарау.Қазақстан Қола дәуірінде.

§4. Дәуірдің жалпы сипаттамасы және аймақтық ескерткіштер.

3 деңгей.

1. Біздің жерімізде Қола дәуірі қашан басталды?

2. Қазақстандағы ең көне металлургияның орталықтарын атап, картадан көрсет.

 

2 деңгей.

1. Нұра және Атасу кезеңдеріне сипаттама бер. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта.

2.Андронов мәдениетінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне өтетін кезеңдегі қандай ескерткіштерді білесің, сипаттама бер.

 

1деңгей.

1.Қазақстанның барлық аймақтарынан қола дәуірі ескерткіштерінің табылғанын дәлелде.

2.Беғазы- Дәндібай мен Түгіскен кесенесін салыстыр. Ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықта.

 

 

 

 

 

 

 

 

§5. Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы

3 деңгей.

1.Қола дәуірі тайпалары қандай шаруашылықпен айналысты?

2.Қолөнердің қандай түрлері дамыды. Мысал келтір.

 

2 деңгей.

1.Қазақстанның әр аймағының шаруашылық құрылымындағы ерекшеліктеріне сипаттама бер.

2. Қола дәуірі тайпаларының қоғамдық құрылысына сипаттамабер.

          

1 деңгей.

1.Қола дәуірі кезеңіндегі әйел адамдардың қоғамдағы орнын қазіргі қоғамдағы әйелдер орнымен салыстыр. Ерекшелік бар ма?

2.Андронов тайпалары кейінгі өмір сүрген сақ тайпаларының тікелей мәдени этникалық ата-тегі болғанын дәлелде.

 

 

 

ІІІ- тарау.Қазақстан темір дәуірінде.

§6 Ежелгі Қазақстан тарихи жазба деректерде.

 

3 деңгей.

1.Ежелгі Қазақстан тарихы туралы мағлұматтар қандай деректерде көп айтылады?

2. «Авеста» кітабы туралы не білесің?

 

2 деңгей.

1.Көне грек авторларының шығармаларында Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы не айтылады?

2.Қытый жазба деректерінің ежелгі Қазақстан тарихын оқып, үйренудегі алатын орны қандай?

 

1 деңгей.

1. Скиф данасы- Анахарсис туралы атақты  Солонның пікірінен қандай жайларды аңғаруға болады?

2 Қытай, парсы, грек авторларының ежелгі Қазақстан туралы еңбектерін салыстырып, ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықта.

 

 

 

 

 

 

 

§ 7. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы.

3 деңгей.

1.Темір дәуірінің хронологиялық шеңберін ата.

2. Темір дәуірі тайпалары шаруашылықтың қандай түрімен айналысты

 

2 деңгей.

1.Темір дәуірінде Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан аудандарының шаруашылық өмірінде қандай өзгерістер болды?

2.Қола дәуірінде ыдыстардың жаңа типтерінің пайда болуы немен байланысты екенін түсіндір.

 

1 деңгей.

1. Қалай ойлайсыңдар, неліктен  қолөнер өндірісі қосалқы мәнге ие болды және зерттеп отырған мерзімдегі егіншілікпен, мал шаруашылығымен қатар дамыды?

2. Қола дәуіріне қарағанда темір дәуірінде тайпалардың шаруашылығы едәуір алға жылжығанын дәлелде.

 

 

 

§8.Сақтардың қоғамдық құрылысыжәне идеологиясы.

3 деңгей.

1. Темір дәуірінде пайдаланған ат жүгенге сипаттама бер.

2. Темір дәуірі тайпаларының қару жарақтары туралы айтып бер.

 

2 деңгей.

1. «Скиф үштігі» ұғымын түсіндір. Бұл үштікке қандайзаттар кірді?

2.Сақтардың қоғамдық ұйымдарында қола дәуірімен салыстырғанда қандай өзгерістер болды?

 

1деңгей.

1.Б.з.б ҮІІ-ҮІІІ ғ.ғ Еуроазия далаларындағы көшпелі тайпалардың тағдырының ортақтығы туралы не айтуға болады?

2.«Алтын адамның» киіміндегі идеологиялық мәнге ие болған негізгі бейнелер туралы не айта аласың?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§9.Ғұндар мемлекеті

3 деңгей.

1.Қытай тарихшысы Сыма-Цянь Қытайдың солтүстік шығыс жағын мекендеген тайпаларды қалай атайды?.

2.Ғұндарда қанша тайпалар одағы болған?. Ғұндардың жер аумағын картадан көрсет.

 

2 деңгей.

1.Ғұндардың Қытаймен, Үйсіндермен, Қаңлылармен қарым-қатынасына баға бер.

2.Ғұн мемлекетінің құрылу, гүлдену, ыдырау кезеңдерін жеке-жеке бөліп көрсететін хронологиялық кесте жаса.

 

1 деңгей.

1. Қалай ойлайсың, б.з.б ІІ ғасырдан бастап б.з ІҮ ғасыр аралығында тек ғұндар ғана емес, басқа да көптеген тайпалар шығыстан батысқа қоныс аударды. Бұл қоныс аудару тарихта қалай аталады? Қоныс аударудың себептері не деп ойлайсыңдар? Өз көзқарасыңды білдір.

2. «Халықтардың Ұлы көші» Қазақстанның саяси картасына, этникалық құрамына қалай әсер еткенін айтып бер.

 

§10.Үйсін және Қаңлы мемлекеттері.

3 деңгей

1.Үйсін және оның мемлекеті жайлы жазба деректерде қай ғасырлардан бастап айтылады ?

2.Үйсін мемлекетінің құрылуы қай  жылдарға жатады?. Олардың халқы қанша болды?

 

2 деңгей.

1.Қытай тарихшысы Сыма- Цянь қаңлы мемлекеті туралы не айтады? Оқулықтан үзінді келтір.

2.Қаңлылар мен Ғұндардың одағыҚытайға қарсы, соғыста қандай рөл атқарды?

 

1 деңгей.

1. Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың ( сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар) қандай ұқсас белгілері және айырмашылықтары болды?

2. Қалай ойлайсың, бұл тайпалар қазақ халқының құрылуына әсер етті ме?

 

      

 

 

 

 

 

§11.Көне дәуірдегі Қазақстан жеріндегі ежелгі

этникалық үдерістер.

3 деңгей.

1.Қола дәуірінде өмір сүрген тайпаларды қалай атаған? Не себепті?

2. Бұл тайпалар Қазақстан жерін қанша уақыт мекендеді?

 

2 деңгей.

1. Не себепті Геродот сақтарды «Азиялық скифтер» деп атады?

2.Қазақстан жерінде сақтардан басқа өмірсүрген тайпаларды ата, олардың орналасқан жерін картадан көрсет.

 

1 деңгей.

1. Ғұндардың, Үйсіндердің, Қаңлылардың этностық қоныстарын картаға түсір.

2.Этногенез, кулльтурагенез, глоттогенез, расогенез ұғымдарына анықтама бер, тірек- сызбалар арқылы.

 

 

§12. Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі.

3 деңгей.

1. Түрік этногенезі алғаш рет қай жерлерде пайда болды, қандай деректерді білесің?

2.Көне түрік тайпаларын атаңдар.

 

2 деңгей.

1. 7 сыныпта өткен материалдарды еске түсіріп, ерте ортағасырлық мемлекеттер туралы айтып беріңдер.

2. Қазақ халқының құрылуында  қыпшақтардың рөлі қандай?

 

1 деңгей.

1. Орта ғасырлық тайпалар бірлестігінің бірігуіне немесе ыдырауына қандай себептер ықпал етті?

2. «Түбі бір түркі тайпалары» дегенді қалай түсінесіңдер,өз білгендеріңді дәптерге түсіріңдер.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§13. Монғолдар жаулап алғаннан кейінгі этностық өзгерістер.

3        деңгей.

1.Монғол шапқыншылықтары туралы не білесің, еске түсір. Шыңғысхан кім?. Ол не себепті Қазақстанға шабуыл жасады?

2.Монғол шапқыншылығының  Қазақстанға тигізген ауыр зардаптары туралы әңгімелеп бер.

 

2 деңгей.

1. Біраз кеңістікті жаулап алған монғолдар неліктен Алтын Орданың жетекші тайпалары бола алмады?

2. Қазақ жері не себепті «Дешті Қыпшақ»  деп аталып келді?

 

1 деңгей.

1.Қазіргі кезде « Шыңғысхан бытырап жүрген түркі тайпаларының басын біріктіріп, үлкен империяға айналдырды»  деген пікірге өз көзқарасыңды білдір.

2.Ортағасырлық кезеңде мемлекетпен бірге халықтардың ру тайпалық бөліністерінің сақталып қалуы немен байланысты болды?

 

 

 

§14. Қазақ халқының антропологиялық деректер

бойынша қалыптасуы.

3 деңгей.

1. Антропология деген не?

2. Қола дәуіріндегі адамдардың түр сипаттарындағы ерекше белгілер қандай?

 

2 деңгей.

1. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан жерін мекндеген тайпалардың антропологиясы туралы әңгімелеп бер.

2. Түрік антропологиясына сипаттама бер.

 

1 деңгей.

1.Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың түр- түсіндегі ортақ белгілер мен айырмашылықтарды анықтаңдар..

2. Адамның антропологиялық түрінің қалыптасуы қандай факторларға байланысты?

 

 

 

 

 

 

 

 

§15.Қазақ халқының қалыптасуы.

 

3 деңгей.

1. Халық болып қалыптасу үшін қандай жағдайлар қажет?

2.Осы шарттарды қазақ халқына қатысты салыстыр.

 

2 деңгей.

1.Шумер мен түркі тілінің ұқсастығын түркі тілдерін зерттеуші

А.Аманжолов және ақын О.Сүлейменов қалай дәлелдеген?

2. Қазақ халқының қалыптасуына оның мемлекеттілігінің орны қандай болды?

 

1 деңгей.

1. «Атамыз- Алаш, атымыз- Қазақ, Үш жүздің ұрпағымыз» ұранының мағынасын қалай түсінесің?

2. «Қазақ атауы» тақырыбын оқып шық .Қазақ атауына байланысты тұжырымдар ішінен қайсысы саған ұнайды. Неге?

 

 

 

 

 

§16.Қазақ жүздерінің шығуы.

Қазақ халқының этностық құрамы.

 

3 деңгей.

1. Қазақ қоғамында қандай жүздерді білесің?

2.Ұлы,Орта, Кіші жүз бірлестіктеріне жататын тайпаларды ата.

 

2 деңгей.

1.Картадан Ұлы, Орта, Кіші жүз тайпаларының орналасуын көрсет.

2. Қазақ жүздерінің мәні, олардың құрылуы жөнінде қандай ой пікірлер бар.

 

1 деңгей

1.Қазақтардың руға бөліну дәстүрлерінің  жағымды, жағымсыз жақтары туралы қандай ойың бар.

2.Не себепті, қазақ халқы үш жүзге бөлінгені туралы өз көзқарасыңды білдір.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

§17. Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар.

3 деңгей.

1. Көшпелі қоғамдағы туыстық қатынастар дегенді қалай түсінесің?

2. «Тайпа» деген атаудың мағынасын түсіндір.

 

2 деңгей.

1.Рулық тайпалық құрылымның туыстық жүйедегі орны, мәні қандай екеніне сипаттама бер.

2. «Қарға тамырлы қазақпыз» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндір.

 

1 деңгей.

1. Көшпелі қоғамдағы басқару жүйесінің отырықшы қоғамдағы басқару жүйесінен ерекшеліктеріне баға бер.

2. 15-18 ғасырлардағы ханның қызметі мен  қазіргі Қазақстан Президентінің  қызметін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ата.

 

 

 

§18.Көшпелілікті зерттеу тарихы.

 

3 деңгей.

1.Көшпелілік деген ұғымды қалай түсінесің?

2. Біздіңата-бабаларымыз не себепті көшіп қонып жүргенін түсіндір.

 

2 деңгей.

1.Көшпелі қоғам жөнінде 17-19 ғ.ғ пікірлер қандай болды?

2.Көшпелілік жөнінде кеңес тарихшыларының, Қазақстандық тарихшылардың пікірі қандай?

 

1 деңгей.

1. Көшпелілер өрениетінің негізгі белгілерін анықта.

2. 5- 15 ғасырларда көшпелілер отырықшы халыққа қарағанда саяси билікте басым болғанын дәлелде.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

§19.Қазақстан жерінде мал

шаруашылығының  қалыптасуы.

3 деңгей

1.Жабайы жануарларды қолға үйрету қай дәуірден басталған және ең алғаш қолға үйретілген жануар туралы айт.

2. Қазақстан жерінде ең көне мал сүйегі табылған қандай аймақтар.

 

2 деңгей.

1.Қазақстан жеріндегі көшпелі шаруашылықтың қандай түрлері қалыптасты, әрқайсысына анықтама бер.

2. Әрзаманда Қазақстан жерінде өсірілген түліктер, олардың шаруашылықтағы орны, үлес салмағы туралы әңгімеле.

 

1 деңгей.

 

1.Кестені толтыр!

Мал шаруашылығының түрлері

Таралу аймақтары.

1.Көшпелі мал шаруашылығы.

2. Жартылай көшпелі.

3. Отырықшы

 

 

2.Сол кездерде малды шығынға ұшыратпай  баға білудің сыры неде деп ойлайсыңдар.

 

          §20.Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өз ара байланысы.

 

3 деңгей

1.Көшпелі халықтар мен отырықшы халықтар арасындағы байланыстар туралы әңгімелеп бер.

2. Мәдени және саяси салада қандай байланыстар болды?

 

2 деңгей

1. «Жібек Жолы- ынтымақтастық жолы» дегенді қалай ұғынасың?

2. Жібек жолы ежелгі қандай қалаларды басып өткен.?

 

1 деңгей.

1.Көшпелілер мен отырықшы халықтар арасында тек қана жаугершілік саясат емес,бейбіт қарым- қатынастар басым болғанын дәлелде.

2. «Діндердің тоғысуы» дегенді қалай түсінесің, дін халықты жақындататынын дәлелде.

 

          

 

 

 

§21.Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік.

              

3 деңгей.

1.»Мемлекет» деген ұғымды қалай түсінесің, оның негізгі белгілері қандай?

2. Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуы туралы әңгімеле.

 

2 деңгей.

1. Төмендегі терминдер мен категориялардың мәнін ашып бер. «Ұлы державалық көзқарас», « Өркениетті тұрғыдан келу», « Еуроцентризм»,

«патриархалдық- феодалдық құрылым», «буржуазиялық ұлтшылдар»

2. Қазақ мемлекеттілігі туралы еуроцентристердің көзқарастарындағы қандай  қайшылықтарды  аңғардың.

 

1 деңгей.

1.Көшпелі және отырықшы елдердегі мемлекеттілік деңгейлерін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беріңдер.

2. Көшпелілердің мемлекеттілік құрылымымен қазіргі мемлекеттілік құрылымды салыстыр.   

 

              

§22. Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.

                   

3 деңгей.

1.Қазақстан жерінде қандай мемлекеттік бірлестіктер өмір сүрді?

2.Сақтардың  әлеуметтік құрылымы жөнінде айт.

 

2 деңгей.

1.Сақтар, үйсіндер, ғұндарда мемлекеттік құрылым болғандығын қалай дәлелдейсің?.

2. Ғұндардың мемлекеттік құрылымын сұлба түрінде көрсет.

 

1 деңгей.

1.Сақтар, үйсіндер және ғұндардың мемлекеттік жүйесінде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқадың?

2.Қалай ойлайсың, осы көне мемлекеттер кейіннен қазақ хандығының құрылуына ықпал етті ме?. Ойыңды дәлелде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§23. ХІҮ-ХҮ ғасырлардың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

                         

3 деңгей.

1. «Алтын Орда» мемлекетінің тарихын есіңе түсір.

2. «Ақ Орда» туралы не білесің?.

 

2 деңгей.

1. «Алтын Орда» мемлекетінің саяси мәнін ашып көрсет.

2.Құрылтай, беклербек, диван, уәзір, даруға, басқақтар сияқты билік ұйымдары мен лауазымды бірліктердің функциясын сызба түрінде көрсет.

 

1 деңгей.

1.ХІҮғ. соңы мен ХҮ ғасырдың  бірінші жартысында Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің ортақ белгілерін анықта.

2.»Монғол шапқыншылығы түркі тілдес халықтардың бірігу үдерісін тежеді, бірақ тоқтата алмады» деген тұжырымды дәлелде

 

§24.Қазақстан жеріндегі ерте және ортағасырлық мемлекеттер.

 

3 деңгей.

1.7 сыныпта өткен материалдарды еске түсір: Қазақстан жерінде ерте және дамыған орта ғасырда қандай мемлекеттер өмір сүрді

2. Осы мемлекеттердің басқару жүйесін есіңе түсір.( саты бойынша)

 

2 деңгей.

1.Ерте және дамыған ортағасырлық мемлекеттердің әлеуметтік, экономикалық, және саяси жағдайына сипаттама бер.

 

1 деңгей.

1.«Көне түрік дәуірінде Қазақстан аумағында мемлекеттілік болған жоқ» деген пікірді жоққа шығар.

1.Түрік қоғамы екіге бөлінгенде, Батыс Түрік қағанатынан Шығыс Түрік  қағанатының қандай ерекшеліктері болды.

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§ 25.Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.

3 деңгей.

1. Қазақ хандығының құрылу тарихын есіңе түсір.

2.Қазақ хандығын басқарған хандардан кімдарді білесің?

 

2 деңгей.

1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын ата.

2.Моғолстан ханы Есенбұға не себепті Керей мен Жәнібекті үлкен құрметпен қарсы алды?.3-4 себебін айт.

 

1 деңгей.

1.Қазақ хандығының құрылуы, нығаюы туралы жазылған қандай тарихи шығармаларды білесің, олардың авторларын ата.

2. Қалай ойлайсың, егер Керей мен Жәнібек Әілқайыр ханнан бөлінбеген жағдайда Қазақ хандығы құрылмас па еді?

 

§26. Қазақ хандары.

                 

3 деңгей.

1. Қасым хан билік еткен кезде Қазақ хандығы қалай дамыды?

2. Қасым ханнан кейін Қазақ хандығын кімдер басқарды?

 

2 деңгей.

1. Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандар кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама бер

2.Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының көрші елдермен

қарым-қатынасының өзгеруін қалай түсіндіресің?

          

1 деңгей.

1.Қасым хан мен Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының дамуын салыстырып, ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықта

2.Мемлекеттің дамуы ең алдымен оны басқарып отырған Елбасына байланысты екенін дәлелде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§27.Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары.

 

3 деңгей.

1. Қазақ қоғамында хан сайлау рәсімі қалай жүргізілген?

2. Би қандай қызмет атқарды?. Қандай билерді білесің ?

 

     2 деңгей.

1. Қазақ хандығының иерархиялық билігінің сатыларын тірек- сызба арқылы түсіндір.

2.Қазақ мемлекетіндегі меншік қатынастары, салықтар мен міндеткерліктер туралы әңгімелеп айт.

 

    1 деңгей.

«Жеті жарғы- Қазақ мемлекетінің бірінші төл заңы»  деген тақырыпқа әңгіме құрастыр.

2.ХҮғ. Қазақ хандығы мен ХҮІІ ғ. Қазақ хандығының экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуында қандай айырмашылықтар болды.?

 

         

 

 §28.Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі

                    

3 деңгей.

1. «Мәдениет» ұғымына сипаттама бер.

2.Материалды және рухани мәдениет туралы не білесің?

 

2 деңгей.

1. Көне түркі жазуы ескерткіштері туралы айт, табылған жерлерді картадан көрсет.

2. Орта ғасырлардағы жазудың көне руналық жазудан қандай айырмашылықтары болды?

 

1 деңгей.

1.Кейбір батыс зерттеушілерінің «Көшпелілер өз беттерінше құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін  қабылдайды» деген пікірді жоққа шығар.

2.Түрік дәуірінде өмір сүрген ру тайпалардың  ауызекі тілдесу және жазу ерекшеліктері туралы айтып бер.

 

                 

 

 

 

 

 

§ 29.Орта ғасырлардағы Қазақ жерінен  шыққан даналар.

                      

3 деңгей.

1.Әл-Фараби туралы не білесің, есіңе түсір

2.Әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі қандай?

 

2 деңгей.

1 Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашғаридың қандай еңбегін білесің. Екі еңбекті салыстырып көр.

2.Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінің  маңызы қандай?

              

1 деңгей.

1.Мұхаммед Хайдар Дулати  мен Қадырғали Жалаири шығармаларындағы ұқсастықтар неде деп ойлайсыңдар.

2.Орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан даналардың еңбектері күні бүгінге дейін маңызды екенін дәлелде.

 

 

§30.ХҮ-ХҮІІІғ.ғ қазақ ауыз әдебиеті.

 

3 деңгей

1.Қазақ поэзиясының дамуы қандай кезеңдерге бөлінеді?

2.Қорқыт, Асан-қайғы туралы білетін ойларыңды жинақтап, айтып бер.

 

2 деңгей.

1. Жыраулардың қазақ қоғамында алатын орны қандай?

2. Қазтуған, Сыпыра, Шалкиіз, Доспамбет, Бұқар жыраулардың шығармашылық өнері туралы айт.

 

1 деңгей.

1. Жырау шығармашылығының ақындық поэзиядан қандай айырмашылықтары бар.

2. « Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді!- деген нақыл сөздің авторы кім?. Автордың осы ойына өз көзқарасыңды білдір.

 

 

 

 

 

 

                                                                      

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Деңгейлік тапсырмалар (10 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 4543
    • RAR 23.3 кбайт
    • 40 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жуздибаева Шолпан Боранбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жуздибаева Шолпан Боранбаевна
    Жуздибаева Шолпан Боранбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18156
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек