Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / 1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.

библиотека
материалов

Джанасова Саина Жанболатовна

hello_html_m24f9e7e2.gifЕресек топ балаларына арналған ашық ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеті


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: 1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.

Мақсаты: Заттардың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінік қалыптастыру және оларды салыстыруды үйрету.

Білімділік: «Биік – аласа», «қалың – жұқа», «жуан – жіңішке», «тар – кең» деген сөздерді пайдалана отырып салыстыру, заттарды көзбен салыстыру, бір-бірінің үстіне қою арқылы салыстыруды үйрету. Баланың танып-білуге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған оқу процесіне ынтасын ояту.

Дамытушылық: Зейін, есте сақтау қабілеті, қабылдау, шығармашылық қабілет, ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру. Жеке жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, практикалық.

Қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, буратино, тиіннің суреті, қасқырдың суреті, қоянның суреті, мысықтың суреті, геометриялық пішіндер, дидактикалык карточкалар (әр балаға).

Билингвалдық компонент: биік – высокий – tall, аласа – низкий – low, қалың – толстый – thick, жұқа – тонкий – thin, кілт – ключ – key.


Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:


Тәрбиеші: - Балалар, қараңдар, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен қонақтармен сәлемдесіп алайық. (Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.)

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: - Қане, балалар, жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайық:

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Күніміз жарқын болсын!

  • Еліміз тыныш болсын!

  • Ауырмайық , денсаулық болсын!

  • Нанымыз көп болсын!

  • Ата-анамыз аман болсын!

  • Бейбітшілік болсын!

  • Балабақша гүлдене берсін!

Тәрбиеші: - Қане, балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді келген қонақтарға сыйлайық. (Балалар жүрекшелерді қонақтарға сыйлайды.)

(Осы кезде есік қағылады.)

Тәрбиеші: - Балалар, есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, осы жер «Ғажайып білім әлемі» ме?

Балалар: Жоқ, Буратино, бұл жер – балабақша.

Буратино: Балалар, мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен, баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме? (Балалардың жауаптары.)

Тәрбиеші: - Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» біз де саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд16.JPG









- Балалар, саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір-бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар, қане, енді паровозға мініп, жолға шығайық.

Тәрбиеші: - Балалар, міне, біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз.

Бірінші аялдама: Тиіннің аялдамасы

- Балалар, мына ағашқа не болды?

- Бұл ағаш қай мезгілді бейнелейді?

- Тиін бізге жерге түскен жапырақтарды ретімен жина дейді.

- 1 – 6-ға дейін тура және кері санау.

C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд3.JPGC:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд2.JPG









- Тиіннің бізге арналған 2-ші тапсырмасы бар екен.

Жоғалып кеткен цифрларды тауып ретімен орнына қояйық.

C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд4.JPG









Екінші аялдама: Қасқырдың аялдамасы

Мақсаты: Балаларды топтай білуге және оларды санай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиеші: - Қасқырдың туған күніне арнап достар оған кітаптар сатып әкелді. Сол кітаптарды оған топтастыруға көмектесейік. Қалың кітаптарды қызыл сөреге, ал жұқа кітаптарды сары сөреге қоямыз.

C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд5.JPGC:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд6.JPG









Үшінші аялдама: «Бау-бақша» аялдамасы

Тәрбиеші: - Қане, балалар, бақшаға барайық. Алдымызда көлшік жатыр ғой, одан қалай өтеміз? Аяғымызды ластамай, батпаққа батпай, көлшіктен ақырындап, абайлап  өту үшін не керек?

Балалар: Көпір керек

Тәрбиеші: Балалар, мына жерде таяқшалар жатыр екен, енді осы таяқшалардан көпір жасайық. Балалар, мына таяқшалардың қандай (жуан, жіңішке)? (Балалардың жауаптары.) Енді осы түрлі-түсті таяқшалардан көпір жасайық. (Балалар таяқшалардан көпір жасайды.)

C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд8.JPG









- Міне, балалар, бау-бақшаға да келіп қалдық. Мына жерде біреу көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар депті. (Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратады. Жемістерді жуан талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.)C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд9.JPG










Төртінші аялдама: Мысықтың аялдамасы.

- Мына тапсырманы орында:C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд10.JPG







- Мына мысалдардың шешуін тауып, сөз құрастыр.

C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд11.JPG









- Енді, денемізді сергітіп алайық!

Тыныштық сәті: (жәй музыка қойылады)

Күн ана жер әлемге шуағын шашып, жылуын беріп тұр, құстар ән салып, көбелектер ұшып жүр. Сендер өздеріңді жап-жасыл алқапта жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Тып – тыныш. Кенет, жаңбырдың жылы тамшылары денемізді сипағандай болды. Өздеріңді жалаң аяқ жасыл шөптің үстінде жүгіріп жүрміз деп ойлаңдар. Қандай керемет!

Жаңбыр толастап, күннің көзі күліидеп, айнала нұрға бөленді. Аспанда доға тәріздес түрлі-түсті кемпірқосақ пайда болады.

өздерін ашу кемпірқосаққа таңдану.)

C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд12.JPG









- Көңіл – күйлерің қалай, не сезіндіңдер?

5-ші аялдама: 

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

(Буратиноның кілтін құрастыру.)

C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд14.JPGC:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд13.JPG





Буратино: Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында, Буратиноның алтын кілті тұрады. Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.)C:\Users\User\Desktop\Откр\Слайд16.JPG

C:\Users\User\Desktop\102404259_92.jpg








Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер,  көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Ақ ерке» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын. Мен сендерге және қонақ апайларға арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде сіздерге арналған өлең шумақтарым  бар.

(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады.)

Тәрбиеші: Міне, балалар, Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытындылау

Тәрбиеші:

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Сендер саяхатқа қайда бардыңдар?

- Біздер кімге көмектестік?

- Өте жақсы, балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық:

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: 
- заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруды; 
- геометриялық пішіндердің ажырата білуді; 

 Нені игереді:
- «биік – аласа», «қалың – жұқа», «жуан – жіңішке», «тар – кең» сөздердің мағынасын; 

Нені біледі:
- 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды таниды.





Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Презентации
Просмотров609
Номер материала ДВ-512288
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх