Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Дендер өңірі және оның қазба байлығы. 5-9 сынып

Дендер өңірі және оның қазба байлығы. 5-9 сынып

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:

Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:____________ Қ.Баянғалиев



Сабақ жоспары

Сабақ : 48

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Дендер өңірі, оның қазба байлығы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ауданымыздың қазба байлығымен тереңірек танысу, зерттеп, зерделеу


Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту,талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту,оқу материалынан ең бастысын бөліп алу, классификациялау, әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану.


Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру,Қазақстандық патриотизм,ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый-кішіге жол көрсету, мамандық бағдарлау және экономикалық тәрбие.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, саяхат жасау

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сабаққа қатысты құрал-жабдықтар

Сабақ барысы:



І.Ұйымдастыру кезеңі


ІІ.Жаңа сабақты қалыптастыру


Өлке туралы, оның қазба байлығы хақында И.И.Лепихин, П.С.Паллас, К.Г.Гнелин, М.М.Коволевский сияқты зерттеушілер өз еңбектерінде сөз етті. 1927 -31 жылдары бұл аймақта А.Н. Волков басқарған геологиялық партия жұмыс істеп Индер күмбезінің топографиялық картасын жасады, су көздеріне жүйелі химиялық сипаттама берілді. Алғаш рет сұлба түріндегі геологиялық карта құрастырылды. Волков тобы атқарған қызметтің ішіндегі маңыздысы – борат кенінің табылуы.

1932-35 жылдары академик Н.С.Чурнаковтың жетекшілігімен М.Г.Валяшко, Н.И.Лепешков сынды ғалымдар Индер көлінің тұз қабаттары мен оның басты қасиеттеріне физикалық- механикалық талдау жүргізді. 1936 жылы жүргізген бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде калий тұзы қабаттары анықталды. 1950-51жылдары зерттеу жұмыстарының ауқымы кеңи түсті. Бес жылдың ішінде 40 км, гипс қабаты бұрғыланып , № 90,93,94,95,96 кен орындары ашылды. С.С.Коробов пен Қ.Тұхфатов басқарған экспедиция Индер тұз күмбезінің 1:10000 және 1: 25000 масштабтағы геологиялық картасын жасады. Өте құрғақ, әрі ыстық климат жағдайындағы булану әсерінен аумағы 110 км Индер көлінің айдынында ас тұзы түзіліп, су орнына шөгінділер тұнады, тіпті кей жерлерде тұтас тұз қабаттары пайда болады. Сырт кескіні аса зор сопақ зереңді, еске салатын көлдің түбіндегі тұз қабатының қалыңдығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 56 метрден 8 метрге дейін жұқарады. Аудан жерінде қазіргі таңда калийлі- магнийлі тұздар галит, гипс, бор, гравий құмды қоспасы, тас, тасты балшық т.б түрлі өндірістік шикізаттар қоры анықталып, пайдалануға берілген.


ІІІ. Жаңа білімді бекіту

  1. Индер күмбезінің топографиялық картасын жасаған ғалым.

  2. Индер тұз күмбезінің геологиялық картасын жасаған кім?

  3. Индер тұзы туралы мәлімет.

ІV. Қорытынды

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.11.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров21
Номер материала ДБ-376781
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх