Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физкультура / Рабочие программы / Дене шынықтыру "Біз ержүрек баламыз".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Дене шынықтыру "Біз ержүрек баламыз".

библиотека
материалов

Біз ержүрек баламыз.

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар»

Мақсаты: Сыныптағы ер балалар мен қыз балалар бойына сыпайылық, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру, ой-өрістерін дамыту.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: слайд

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт- дәстүрлері, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.

Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер бар.

Оқырмандар арасында – халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше «Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» атты сайыс байқауын бастаймыз.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Сайыс 1 бөлімнен 5 кезеңнен құралған.

Сайыс кезеңдері:   

 

  1. Жорға

  2. Қонақ күте білеміз бе?

  3. Сөздің көркі – мақал.

  4. Өнер сайысы

  5. Поэзия минуттары

  6. Білгенге маржан… (Сұрақ-жауап ойыны)

 

Сайыс байқауымыздың міндеттерімен таныстырайық.

  1. Әр топ мүшелеріне мұғалім кезекпен сұрақтар қояды.

  2. Егерде сұрақ қойылған топ мүшесі жауап бере алмаса, онда қарсылас топтан жауап беруіне болады.

  3. Сұрақтардың жауаптары «5» ұпайлық белгімен бағаланады.

  4. Дұрыс жауап бере алмаған топтың жауаптары бір ұпай кеміп отырады.

Мінеки, сондай жомарт сенің халқың,

Ешқашан жоғалтпаған ата – салтын.

Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан,

Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын, -деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.

 

I- кезең:  Жорға

Сұрақтар:

  1. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?

(Бәйге)

  1. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды?

(Көкпар)

  1. Ертедегі елін жаудан қорғаған қазақ батырларының адам жинауын қалай атаған?

(Қол жинау)

  1. Қазақтан шыққан алғашқы космонавт кім?

(Тоқтар Әубәкіров)

  1. «Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар» деп айтқан кім?

(Сырым батыр)

6.Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім?

(Ыбырай Алтынсарин)

7.«Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер?

(Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин)

8.Үш дана кім?

(Абай, Ыбырай, Шоқан)

9.Үш байлық не?

(Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

10.Үш жұрт?

( Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын

жұрты)

11.Үш арсыз не?

(Ұйқы, күлкі, тамақ)

12.Үш тәтті не?

(Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)

  1. Үш жүз?

( Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)

  1. Еліміздің намысын қорғаған қандай боксшыларды білесіңдер?

(Бекзат Саттарханов, Ермахан

Ыбырайымов)

  1. Қазақстанның атын әлемге жайған қандай балуандарды білесіңдер?

(Әлсейіт Айханов, Дәулет Тұрлыханов)

  1. 16. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындады?

(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым

сәлем, Қаламқас» әнін орындады)

17.«Үш қуаныш» дегеніміз не?

(Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі,

ісіңнің өшпеуі)

18.«Бес қатер» деген не?

(От, жау, борыш, ауру, сөз)

  1. Жеті ата ?

(     Ата, әке, бала, немере,

шөбере,шөпшек, немене)

 

20.Дүниежүзілік чемпион атағын алған, алғашқы қазақтан шыққан балуан кім?

(Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

 

Мұғалім            :  Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал, таңдаңыз  қымсынбай кеп,

Жауап берсеңдер, сұраққа жарайсыңдар!

 

II- кезең: Қонақ күте білеміз бе? /интерактивтік тақта арқылы сұрақтар беріледі/

Сұрақтары:

  1. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?

(Сыйлы қонаққа)

  1. Қандай жілік қыз балаға берілмейді?

(Кәрі жілік)

  1. Төс кімге тартылады?

(Күйеу балаға)

  1. Шешеңнің әкесі саған кім?

(Нағашы ата)

  1. «Абысын тату болса, ас көп» деген сөз бар. Сондағы абысын кім?

(Ағайынды адамдардың әйелдері)

  1. «Жеңге қойған астың ішінде желке жүреді» дегенде «жеңге» кім?

(Ағаның, жасы үлкен туыстардың  әйелі)

  1. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегі «жиен» кім?

(Күйеуге шыққан қыздан туған бала)

  1. «Төрт аяқтыда бота тату,

Екі аяқтыда бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім?

(Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балалары)

  1. Қазақтарда үй иесінің атауы?

(Отағасы)

  1. Баланың тәрбиесін қадағалайтын мейірімді жан?

(Ана)

  1. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.

(Әулет).

 

Мұғалім:

                                   Ата — дәстүр абырой көтергенге,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге.

 

III- кезең:

Қазақта «Сөздің көркі -  мақал» деген ұғым бар.

Мақал-мәтел, ақыл-нақыл аталы сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен  кейбір мақал-мәтелдердің шығу тарихы туралы аңыздар аз емес. Демек мақал-мәтел, ақыл-нақыл, аталы сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс-ау.

Олай болса, оқырмандармен сергіту сәтін ұйымдастырып, сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды мен бастайын, сендер жалғастырып айтыңдар.

  1. Тойдың болғанынан … (боладысы қызық)

  2. Таз таранғанша…           (той тарқайды)

  3. Әншейінде ауыз жаппас…           (той дегенде өлең таппас)

  4. Жүзігің алтын болғанша…           (жүзің жарқын болсын)

  5. Бала жетіге келгенше… (жерден таяқ жейді)

  6. Ұяға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)

  7. Қыз жоқ жерде… (қызық жоқ)

  8. Әкенің жақсылығы… (жездедей-ақ)

  9. Астың дәмін тұз келтірер… (ауылдың сәнін қыз келтірер)

  10. Атаңның баласы болма…           (адамның баласы бол)

  11. Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)

  12. Шешен сөз бастар…           (батыр қол бастар)

  13. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)

  14. Жақсы байқап сөйлейді…           (жаман шайқап сөйлейді)

  15. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)

  16. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)

  17. Баланың ұяты әкеге… (қыздың ұяты шешеге)

  18. Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)

  19. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)

  20. Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)

 




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Рабочие программы
Просмотров184
Номер материала ДВ-313141
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх