Инфоурок Физическая культура Рабочие программыДене шынықтыру пәні бойынша құрастырылған әдістемелік нұсқау

Дене шынықтыру пәні бойынша құрастырылған әдістемелік нұсқау

Скачать материал

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif
































Амангелді

орта мектебінің дене тәрбиесі

пәнінің мұғалімі

Аймағамбетов Кенжеболат Жұматұлы




Дене шынықтыру пәні бойынша құрастырылған әдістемелік нұсқау


j0301480


2015-2016 оқу жылы









































Түсінік хат.

Осы жинақта волейбол жарысы спорттық жұмыстарының ұйымдастыру формасымен қатар дененің жаттығу деңгейі, әр ойыншымен команданың техникалық мүмкіндігі, тактикалық сауаттылығы, ойыншының психологиялық даярлығы жайлы түсінік жан- жақты берілген.

Волейбол ойынының ережесі, ойын алаңы, командалардың орналасуы, допты ойынға қосу, шабуыл соққылары, үзілістер мен кідірістер, либеро, ойыншылар тәртібі, ойыншылардың теріс қылықтары үшін берілетін санкциялар шкаласы да рет- ретімен қарастырылған. Осы жинақ арқылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынып отырмын.






















































Қолданылған әдебиеттер.


Дене тәрбиесі. Б. Төтенай. 2008жыл

Волейбол . Организация и проведение

соревнований. Омск 2004г.

Уроки физической культуры. Г. П. Богданов

























І. Волейбол жарысын өткізу және ұйымдастыру.

Волейбол жарысы –спорттық жұмыстарды ұйымдастыру формасы болып есептеледі. Волейбол жарысы негізінде оқу-жаттығу жұмыстары нәтижелерімен:

-дене жаттығуы деңгейі;

- әр ойыншы мен команданың тактикалық мүмкіндігі;

- тактикалық сауаттылығы

- ойыншының психологиялық даярлығы тексеріледі.

Жарыс нәтижесін команда бапкері талдау жасап, келесі жарысқа даярлық деңгейіне өзгерістер енгізеді. Кейбір жарыс нәтижесіне қарап бапкер команданы қайта пысықтауы немесе ойынға тактикалық өзгерсіс енгізуге мүмкіндік береді.

Ойыншылар басқа команда ойыншыларына қарсы ойынның керекті жерін үйреніп жаттығу кезінде пайдаланады.

Жарыс түрлері: біріншілік, чемпионат, кубоктық бәсекелер, классификациялық іріктеу ойындары, блиц турнирлер, теңестірілген жарыс.

Біріншілік жылына бір-ақ рет болады.

Чемпионат бір, екі және одан көп айналымдардан тұрады. Тек чемпионатта ғана чемпионат атағы беріледі.

Кубоктық бәсекелер және жүлделі жарыстар түрлі мекемелермен ұйымдастырылады. Бұндай жарыстар көбінесе спортшыға, белгілі адамға, мерекелік күндерге аралады.

Қысқартылған немесе блиц турнирлер ұпай санын азайтуы арқылы жеңісті анықтау. Бұндай жарыстар мереке күндері немесе спорттық маусымның ашылуы кезінде ұйымдастырылады.

Классификациялық жарыстар спортшының спорттық деңгейін және спорттық разрядын анықтау үшін өткізіледі.

Теңестірілген жарыстар. Бұл жарыстың негізгі мнідеті разряды төмен спортшылардың деңгейін өсіру, жоғары разрядты спортшылармен ойнап, оны жеңуге мүмкіндік береді.

Гандикал-волейболда бір-бірімен кездесетін командалар әр партия қандай есеппен басталатыны жайлы біліп отырады. Мысалы, дәрежесі төмен команда мен жоғары дәрежелі команда кездескен кезде есеп айырмасы 7 ұпай болады.

2. Волейбол ойыны тәжірибесінде жарыс жүйесінде бір жеңілістен кейін, екі жеңілістен кейін ойыннан шығу, айналым жүйесі, аралас жүйе.

Айналым жүйесі бойынша барлық командалар бір-бірімен бір рет кездесіп шығады, ал екі айналымды жүйе болса, екі мәрте кезедеседі.

Әр жеңілістен кейін жарыстан шығу. Жеңілген команда жарысты одан әрі жалғастыра алмайды. Бұл жүйенің жетіспеушілігі жарыс барысында 1 және 2-ші орын шеберлері анықталады, кейбір мықты командалар кездейсоқ ұтылып қалуы мүмкін. Бұлай болмас үшін

мықты командаларды жеребе тастау арқылы турнир таблицасының жоғарғы және төменгі бөлігіне орналастырады немесе екі топқа бөліп жібереді.

Жарысқа қатысушы командалар 0,4,8,16,32 т.с.с. болса, барлық команда бірінші айналымнан бастап ойынға қатысады да, таблицаға жоғарыдан төмен жасалады. Мысалы, 8 команда болса



Дәреже

Жағ-дай

Бұзушы

санкция

Карточк

салдары

Дөрекі тәртіп

бірінші

Команда әрбір мүшесі

Қатаң ескерту

сары

Допты ойынға қосу

Екінші


Сол команда мүшесі

Ойныннан шығару

қызыл

Ойын алаңынан партия біткенше шығады

үшінші

Сол команда мүшесі

Ойнау құқығы-нан айыру

Сары+ қызыл

Ойын соңына дейін жарыс алаңынан қуылады

Тіл тигізу әрекеті

Бірінші

Команда әрбір мүшесі

Ойныннан шығару



Екінші

Сол команда мүшесі

Ойнау құқығынан айыру

Сары+ қызыл

Ойын соңына дейін жарыс алаңынан қуылады

Агрессия

Бірінші


Команда әрбір мүшесі

Ойнау құқығынан айыру

Сары+ қызыл

Ойын соңына дейін жарыс алаңынан қуылады





Ойыншының қарсыласқа, серіктеріне, көрермендерге көрсеткен теріс қылығы жасаған тәртіпсіздігін үш дәрежеде жазалайды:

-дөрекі тәртібі үшін:жақсы кейіп көрсеткеніне қарамастан немесе әдепсіздік мінез көрсетсе;

-тіл тигізу әрекеті: жала жабу немесе балағат сөздер айту;

-агрессия (шабуыл жасау) :

Жасаған іс-әрекетіне қарай бас төреші хаттамаға жазып төмендегі шараларды қолданады: қатаң ескерту ойыннан шығару, ойынға қатысу құқығынан айыру.

Қатаң ескерту.

Алғашқы дөрекі тәртібі үшін.Онда допты ойынға қарсы команда қосады.

Ойыннан шығару

Бұл санкция салынған команда мүшесі партия біткенше жазаланған ойыншылар отырған жерде отырады.

Ойынға қатысу құқығынан айыру

Бұл санкция салынған ойыншы матч біткенше ойыннан шектеледі.

Бұл санкциялар үшін берілетін карточкалар.

Ескерту:ауызша немесе қол қимылымен карточкасыз.

Қатаң ескерту:сары карточка

Ойыннан шығару: қызыл карточка

Ойынға қатысу құқығынан айыру:сары және қызыл карточка(бірге).








1

2

3

4

5

6

7

8


Егер командалар 2п-ге сәйкес келемесе, онда таблицаны 2 –турда ойнайтын команда саны 4,8,16,32 және т.б. тең келетіндей етіп құрау керек.

І турда ойынды бастайтын командаларды анықтау үшін мына формуланы қолданамыз:

(А-2п)х2, мұнда А-барлық команда саны, п- А-числоның жақын, екілік дәрежесі.

Мысалы: 11 команданы алайық А-11.

11-ге жақын екілік дәреже ол 8, яғни п-8. Формуланы ашу керек. - (11-8)х2=6. Сонда І турда, 6 команда ойнайды. Ал екінші турда ойнайтын командаларға жоғарғы шеткі және төменгі шеткі сандар алынады. Бұл жағдайда І турдағы командалар жұп болса, ІІ турдағы команда саны тақ, яғни екінші турда 5 команда ойнайды. Олар былай орналасады: жоғарғы екі сан екі командаға, ал соңғы үш сан үш командаға беріледі. Таблица былай сызылады:








1

  1. 2

4

5

6

7

  1. 9


10

11

Айналмалы жүйеде командалар бір-бірімен бір рет немесе екі рет ойнайды. Бұл жүйенің ойындарын анықтау үшін барлық командалар саын барлық команда санына көбейтіп, 2-ге бөлеміз.

Бұны мына формуламен есептейміз

5)5-1) = 10 ойын

2

Ойын санын тапқаннан кейін керек құжаттарды дайындап, ойын күнтізбесін қолдануға болады.

Алаңды кезектестіріп отыру әдісі:








Енді командаларды орналастыру үшін бірінші бағанның астыңғы жағынан жоғары қарай, ал екінші бағанның үстіңгі жағынан төменге қарай жазамыз, әрі қарай осы бағытта қайталана береді.



6.Либеро.


Әрбір команда өз ойыншыларының ішінен қорғаушы ойыншы сайлай алады. Ол-либеро деп аталады. Либеро ойын алдында хаттамаға жеке толтырылуы керек. Оның нөмірі 1-партиядағы алаңда орналасу парағына белгілену керек. Либеро артқы шепте тұрған кез-келген ойыншыны алмастыра алады. Ол тек артқы шепте ойнайтын болғандықтан шабуыл жасай алмайды. Либероны айыстыру негізгі алмсатырудан өзгеше.оның айыстырылуы шексіз, бірақ әр айыстырылу кезінде бір рет доп ойынға қосылу керек. Либеро алғашқы ауыстырады.

Ауыстыру допты ойынға қосу ысқырығы алдында болады:

а)әр партия басындағы алаңда орналасу схемасын тексеріп болғаннан кейін;

ә) доп ойыннан тыс кезде.

Егер тіркелген либеро жарақат алып қалса, негізгі төреші рұқсатымен жаңа либероны тіркейді.ол ойынға араласпаған тіркеу кензінде алаңға шықпаған ойыншы бола алады. Жарақатталған либеро матч соңына дейін ойынға шықпайды.


7.Ойыншылар тәртібі.


7.1.Тәртіпке қойылатын талаптар.

-Оыншылар төреші шешімін талқылаусыз дұрыс қыбылдауы керек;

-ойыншылар қандай да бір әрекеттен өзін-өзі ұсмтауы керек.

7.2.Ойыншылардың теріс қылықтары мен санкциялары.


5.3.Ойындағы маңызды үзілістер.

Егер ойында қайғылы оқиға орын алса, төреші ойынды тез арада тоқтатып, алаңға медицина қызметкерін

шақырту керек. Бұндай кезде допты ойынға қосу қайталанады. Егер жарақат алған ойыншы ереже

бойынша ауыстыруға келмесе, онда ойыншыға үш минут дем алыс береді. Егер ол қалпына келмесе ,команда толық емес болып саналалады.

5.4.Ұзаққа созылған үзіліс.

Бұл төрт сағаттан аспайтын бір немесе бірнеше үзіліс.

-егер ойын сол алаңда жалғасатын болса, онда үзілген партия сол есептен, сол алаңда орналасуымен, сол ойыншылармен жалғасады. Ойналып кеткен партия есебі сақталады;

-егер ойын басқа алаңда жалғасатын болса,онда үзілген папртия есебі жойылады, бірақ сол ойыншы, сол құрам, сол алаңда орналасуымен ойын жалғасады. Ал ойналған партиялар есебі сақталады;

-егер бір немесе одан да көп үзіліс төрт сағаттан асып кетсе, бүкіл ойын қайта ойналады.

Әр партиялар арасындағы үзіліс.

Ұзақтығы үш минут болу керек. Сол уақыт ішінде хаттама толтырылады және алаң ауысады. Шешуші партияда командалар 8 ұпайға жеткен кезде, командалар алаң ауыстырады, ал алаңда орналасу сақталады.









І ІІ ІІІ ІҮ Ү

1-6 6-4 2-6 6-5 3-6

2-5 5-3 3-1 1-4 4-2

3-4 1-2 4-5 2-3 5-1

ІІ. Алаңды кезектестірмей ойын өткізу. Ол үшін күнтізбелік ойынды былай құрамыз. Бірінші номер өз орнында, қалады, ал қалған номерлер сағат тіліне қарап бағытта айналып отырады.

Мысалы:

І ІІ ІІІ ІҮ Ү

1-6 1-5 1-4 1-3 1-2

2-5 6-4 5-3 4-2 3-6

3-4 2-3 6-2 5-6 4-5

Егер командалар тақ болса, соңғы жұп сан 0 болып белгіленеді.

І ІІ ІІІ ІҮ Ү

1-0 1-5 1-4 1-3 1-2

2-5 0-4 5-3 4-2 3-0

3-4 2-3 0-2 5-0 4-5

Егер 12 команда болса, онда командаларды топқа бөлеміз.

Мысалы, айналмалы жүйеде болатын болса екі команда ойын саны 12(12-1)=66 ойын.

2

12 команданы үш топқа төрт командаға бөліп ойнатамыз. Онда ойын саны 4(4-1)=6 ойын болады. 2

Финалдық ойындарды мына әдіспен өткіземіз.

  • әр топта бірінші орын алған командалар 1-3 орын үшін

  • екінші орын алғандар 4-6 орын үшін

  • үшінші орын 7-9 орын үшін

  • төртінші орын 10-12 орын үшін ойындар өткізеді.

Топқа бөлгенде барлығы 30 ойын ойналады.

Жарыс ережесін өткізетін мекеме өтілетін мерзімнен бұрын құрып жібереді.

Жарыс ережесі мына бөлімдерден тұрады.

  1. Жарыстың мақсаты мен міндеті

  2. Өтілетін күні мен орны

  3. Жарыс ұйымдастырушылары

  4. Қатысушылар мен мекемелер

  5. Жарысты өткізу мен жеңімпаздарды анықтау жүйелері

  6. Командаларды марапаттау

  7. Өтініш формасы және қабылдау күні, жеребе тастау күні мен уақыты.

ІІ. Волейбол ойыны ережесі

ІІ. Ойын алаңы

Ойын алаңына алаң мен бос аймақ кіреді. Ол тіктөртбұрыш және симметриялы болады. Ойын алаңы көлемі 18х9 км; бос аймақ бүйірдегі сызықпен 3-5 м, қарсы сызықтан 5-8 м. Алаң төбесі-12,5 м. Сызықтар жалпақтығы 5 см.

Алаңның дәл ортасы ойын алаңын теңге бөліп тұрады. Әр бөлінген алаң 9х9 м. Шабуыл алаңы 3 метр.

1.2. Тор мен тіреуіш.

Тор ортаңғы сызықтың бойына орналасқан. Торың жоғарғы биіктігі ерлер үшін 2,43 м, әйелдер үшін 2,24 м.

Балалар үшін


11-12 жас

13-14 жас

15-16 жас

17-18 жас

Ұлдар

220см

230 см

240 см

243 см

Қыздар

200 см

210 см

220 см

224 см

Тордың жалпақтығы 1м, ұзындығы 9,5 м.

Антенна дегеніміз майысқақ стержень, ұзындығы 1,8 м. Екі антенна лентаның жанында орналасады.

5.Үзілістермен кідірістер.

5.1.Ойындағы үзіліс.

Әр командаға ең көп дегенде бір партияда екі тайм –аут пен алты рет ойыншы алмастыруға рұқсат беріледі.Тайм –аут ұзақтығы 30 секунд. Ойыншы алмастыру кезінде алмастырушы ойыншы дайын болу керек. Егер ойыншы алмастыру кешіктірілетін болса, ойыншы

алмастырылмайды, ал команда ойынды кідірту санкциясына ие болады.

5.2. «Ойынды кідіртуге ескерту» санкциясы.

«Ойынды кідірту ескертуі» бұл командалық санкция.Партиядағы бірінші кідіріс жасағаны үшін «ойынды кідіртуге ескерту» беріледі. Ал екінші және басқада кідірістерге қатаң ескерту беріледі де, доп беру кезегінен айырылады.

Ойынды кідірту санкциясы шкаласы.


Ойынды кідірту

Бірінші

Команда-ның кез-келген мүшесі

Ойынды кідірту үшін ескерту

Карточка-сыз

ескерту

Екінші және т.б.

Команда-ның кез-келген

мүшесі

Ойынды кідірту үшін қатаң ескерту

Карточка-мен

Доп беру құқығынан айыру








қосар алдында жерге соғу ға рұқсат етіледі. Допты ойынға қосушы 8-9 секунд ішінде соққы жасап үлгеру керек. Егер допты төреші ысқырығына дейін қосса,онда ол есепке алынбайды да, қайта беріледі. Допты ойынға қосу кезінде доп қабылдаушы командаға допты көруге кедергі жасауға болмайды.

4.6.Шабуыл соққылары.

Шабуыл соққылары кезіндегі шектеулері :

-егер доп өз командасының кеңістігінде болса;

-алғы шет ойыншысы шабуыл соққысын әртүрлі біктікте жасауға болады;

-екінші шептегі ойыншы шабуыл соққысын әр түрлі биіктікте жасай алады, тек екінші алаң сызығын баспауы керек;

а) секіру кезінде ойыншы табаны шабуыл сызығын баспау керек және одан өтіп кетпеуі керек;

б)шабуыл соққысын асағаннан кейін алғы шеп алааңына түсуге болады.

-егер доп тордың жоғарғы жақтауынан аспаса,онда екінші шеп ойыншысы шабуылды алғы шептен аяқтауға болады;

- қарсылас жақ допты ойынға қосқан кезде, шабуыл соққысын жасауға болмайды,доптың төрден өткенін күтуі керек.

4.7. Тосқауыл қою

Қарсыластың шабуылын тосқауыл қою арқылы тоқтатады.Тосқауылды тек алғы шеп ойыншылары қояды. Қарсылас жақ шабуыл соққысын жасамас бұрын тосқауыл қоюға болмайды.Тосқауылға тиген доп есепке алынбайды.доп тосқұауылға тиіп қайтқаннан кейін тосқауыл қоюшы команданың допқа үш рет жанасуына рұқсат етілген. Допты ойынға қосу кезінде тосқауыл қоюға болмайды.

1.3. Доп

Доп сфералық және эластикалық құрымнан жасалу керек. Көлемі 65-67 см, салмағы 260-280 гр. Ішкі жел қысымы 0,30-дан- 0,325 кг\ см2-ге дейін.

2. Қатысушылар.

2.1. Негізінен командаларда 12 ойыншы 1 бапкер, 1 бапкер көмекшісі, бір дәрігер болады.

Ойыншылардың біреуі команда капитаны болады және ол хаттамада белгіленуі керек. Либера капитан бола алмайды. Ойыншы формалары: футболка, шорты, шұлық, тізе қап және спорттық аяқ киім. Ойыншылар футболкалары номерленуі керек. Волейболда номерлер 1-ден 24-ке дейн белгіленеді. Номерлер өлшемі кеудедегі 15 см, арқадағы 20см болу керек. Әр номер жалпақтығы 2 см. Команда капитаны кеудесіндегі номердің астында 8х2см көлемде сызық болады.

2.2. Бапкер мен капитан команданың тәртібіне жауап береді. Ойын алдында команда капитаны жеребеге қатысады және ойын соңында хаттамаға қол қояды. Даулы жағдай кезінде төрешіге тек капитан ғана бара алады. Ойыннан кейін капитан төрешілерге рахмет айтып, хаттамаға қол қояды. Ойын алдында бапкер

хаттаманы тексеріп, танысқан соң, қол қояды. Ойын барысында бапкер ойынға бақылау жасайды.

Негізгі құрамды және алаңда орналасу, ойыншы алмастыру, ойындағы үзілісті тек қана бапкер жасайды. Ол үшін ол екінші төрешімен хабарласады.

3. Ойын үлгісі.

3.1. Ұпай жинау, ойынды жеңу. Командалар ұпайды мына жағдайда жинайды.

1. Доп ойын алаңына түскенде;

2. Қарсыластар қателік жібергенде;


- егер екі қателік бірінен-соң бірі жасалса, онда алғашқы қателік есепке алынады;

- егер екі қателік бір мезгілде жасалса, онда ұпай қарсы командаға беріледі.

3. Егер қарсылас командасы ескерту алса.

Партиядағы жеңіс. Бір партияда 25 ұпай жинаған (соңғы шешуші партиядан басқа) команда жеңіске жетеді. Егер есеп 24:24 болса, онда ұпай айырмашылығы 2 ұпайға жеткенше ойналады. Егер партия есебі 1:1 немесе 2:2 болса, соңғы шешуші партия ойналады да, ол 15 ұпай жинағанша ойналады.

Ойынға келмеген және толық емес команда. Егер команда ойыннан бас тартса немесе толық

болмаса онда команда жеңілген болып саналады да, 2:0 не 3:0 болып жеңіліс жазылады. Ал партияға 25:0 болып жазылады.

3.2. Ойын структурасы.

Жеребе тастау. Ойын алдында негізгі төреші бірінші доп беруші мен алаң иегерін анықтау үшін жеребе тартады.

Жеребені тапқан жақ екінің бірін таңдайды.

  1. Допты бірінші беру құқығы.ф

  2. Алаңды таңдау құқығы.

Командалардың орналасуы. Ойында әр команда да алты ойыншыдан ойнатылады. Әр ойын алдында бапкер екінші төрешіге негізгі орналасу схемасын береді. Негізгі құрамда тіркелмеген ойыншылар қосалқы құрамда тіркеледі. (Либерадан басқа)

Позиция. Допты ойынға қосу кезінде өздеріне тиесілі орында орналасуы керек.

Ойыншылар позициясы номерленген болады. Алдыңғы үш ойыншы алдыңғы шеп ойыншылары болады және

көмегімен тартып алуға болады. Доп ойыншының денесінің барлық бөлігіне тигізуіне болады. Допты қағып алуға болмайды, оны тек ұру керек.

4.3.Доп тор бойында.

Қарсы командаға жіберген доп тордан асып өтуі керек.Тек торға жанасуға болмайды.

4.4. Ойыншы тор бойында.

Ойыншы қарсыласына тосқауыл қоя алады, егер;

ол қарсыласының ойынына кедергі жасамайтын болса.

Орталық сызық арқылы қарсылас алаңына өту;

  • егер қол немесе табан орталық сызық үстінде тұрса, олқателікке есептелмейді;

  • дене мүшесінің басқа бөлігі қарсыласының орталық сызығын баса не болмаса өтіп кетсе ереже бұзғандық болып есептеледі.

  • тордан қайтқан допты (егер соңғы доп болмаса) ойынға қосуға болады.Тор бойындағы ойыншы қателігі

  • қарсыласы шабуылдаған кезде ойыншы қарсыласына кедергі жасаса;

  • ойыншы қарсылас кеңістігіне өтіп кетсе,және кедергі жасаса;

  • ойыншы қарсылас алаңына өтіп кетсе;

-ойыншы ойын әрекеті кезінде сеткаға немесе антеннаға қолы тиіп кетсе.

4.5.Допты ойынға қосу.

Бірінші және шешуші партияларда бірінші болып допты таңдап алған команда ойынға қосады.

Қалған партияларда бірінші партияда ойынға қоспаған команда қосады. Екі команда дайын болғанда төреші ойынға рұқсат береді. Допты ойынға қосу үшін допты жоғары лақтырып,бір қолмен ұрады. Допты ойынға қосу үшін жоғарға допты бір-ақ рет лақтырады. Допты ойынға

4. Ойын әрекеті.

4.1. Ойын жағдайы:

- негізгі төреші белгісімен доп ойынға қосылады;

- доп ойыннан тыс қалса, төреші ысқырығымен тоқтатылады;

- доп еденге тисе, доп алаңда деп есептеледі;

- доп сызықтың сыртына түссе, сол сияқты төбеге, жарға тисе доп алаң сыртында деп есептеледі;

-доп алаң сыртындағы ойынға қатысы жоқ

көрермендерге тиетін болса;

  • доп тор шетіндегі антеннаға, қадаға және тор бүіріндегі лента сыртынатисе, доп алаң сыртында деп есептеледі.


4.2. Доппен жүргізілетін ойын.

Әр команда өз алаңында және алаңдағы бос аймақтарда ойнай алады. Әр командаға ең көп дегенде үш рет допқа жанасуға болады. Егер допқа үш реттен артық жанасса, онда допқа «төрт рет жанасу» қателігі орындалады. Бір ойыншы допты қатарынан екі рет ұруға болмайды.

Ойын барысында екі не үш ойыншы бір мезгілде допқа жанасуы мүмкін:

  • егер екі (үш) ойыншы бір мезгілде допқа жанасса, қателік болып есептеледі;

Егер ойыншы қателік жасау шегінде тұрса, (торға жанасу, орталық сызықтан өту, т.б.) серіктерінің







былай белгіленеді: «4»(алдыңғы сол жақ), «3» (ортаңғы), және «2» (алдыңғы оң жақ).

Қалған үш ойыншы артқы шеп ойыншылары болып есептеледі. Орналасуы: «5» (артқы сол жақ), «6» (орталық артқы), және «1» (артқы оң жақ).

Доп ойынға қосылғаннан кейін ойыншылар алаңның әр жерінде орналаса алады.

Алғы шеп пен артқы шептің орналасу дұрыстығы

Алғы шеп

hello_html_m4c99e280.gifартқы шеп



Қате



hello_html_m13846e43.gif

Алғы шеп

артқы шепhello_html_209ac417.gif

Дұрыс



hello_html_57375beb.gif




Қате







Бір сызық ойыншыларының орналасу дұрыстығы.


hello_html_69d2a79d.pnghello_html_2cd22560.png












Ц-ортаңғы ойыншы

Л- солжақ қанат ойыншысы

П- оң жақ қанат ойыншысы

Орналасу кезіндегі қателік.

Қателік доп беру кезінде ойыншылардың өз орнында дұрыс тұрмаудан туындайды.

Бұндай қателік кезінде:

а) қарсыласқа бір ұпай беріледі;

б) ойыншылар өз орындарына тұрады.

Орын ауыстыру. Орын ауыстыру негізгі орналасу қалпымен жүреді.









3.3 Ойыншыларды алмастыру.

Әр партияда әр командаға 6 рет ойыншы алмастыруға болады.

Негізгі орналасу схемасындағы ойыншы ойыннан ауыстырылып, қайта кіруге болады, бірақ өзін алмастырған ойыншымен ауысады. Жарақат алған ойыншы(либеродан басқасы) егер ойынды

жалғастыра алмаса, ойыншы алмастыру ережесімен алмасады. Егер ондай жағдай мүмкін болмаса, амалсыз ойыншы алмасу жасалады. Ескерту алған және ойыннан қуылған ойыншылар ойыншы алмастыру ережесімен алмастырылады. Егер ол мүмкін болмаса, команда толық емес беп есептеледі.











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дене шынықтыру пәні бойынша құрастырылған әдістемелік нұсқау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 178 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 2706
    • DOCX 307.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аймагамбетов Кенжеболат Жуматович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37510
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы учебно-тренировочного процесса в учреждениях физкультурно-спортивной направленности (плавание)

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 196 человек

Курс повышения квалификации

Методика осуществления тренировочного процесса по теннису

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика организации инструкторской работы и проведения занятий по баскетболу

Инструктор по баскетболу

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек