Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Конспекты / Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ "Бір мезгілді бір адымды жүрісті, алма-кезек екі адымды " 7-сынып

Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ "Бір мезгілді бір адымды жүрісті, алма-кезек екі адымды " 7-сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

І.Сабақтың тақырыбы: Бір мезгілді бір адымды жүрісті, алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалу.(үйрету). Шаңғы жүрісіне арналған жаттығу (бекіту). Бір мезгілді бір адымды жүрісті (жетілдіру).

ІІ.Сабақтың мақсаты:Шаңғы даярлығына арналған жүру ережелерін түсіндіру,көрсету сол жаттығуларды өздеріне орындату арқылы

шаңғы даярлығының тәсілін меңгерте отырып, шапшаңдыққа,

ептілікке, төзімділікке, қайсарлыққа, табандылыққа,

батылдыққа, күштілікке, дәлдікке, әділдікке, сыпайлыққа,

салмақтылыққа, ұжымшылдыққа, өзін –өзі игеруге тәрбиелеу.

ІІІ.Сабақтың міндеті:Ғылыми – теориялық деңгейін практикамен ұштастыра

отырып шаңғы даярлығының – тәсілін толығырақ меңгергендігін

көрсету.

ІҮ.Сабаққа керекті құрал – жабдықтар:Шаңғы,шаңғы таяғы,аяқ киім. Күні 21.01.2016ж. Сыныбы 7 «а»Сабақтың өтетін орны: спорт алаңы.


р/с

Сабақтың мазмұны

Жүктеме мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

1





Сабақтың кіріспе бөлімі

Қатарға тұр! Түзел!Тік тұр! Сәлемдесу! Еркін тұр!Санақ сана.

Кезекшінің мәлімдемесі.


12 -15 мин

Спорттық киімге, қатардағы тұрысқа назар аудару

Шаңғының дұрыс киілуін қадағалау.

2
















Шаңғымен жалпы дамытужаттығулары. 1.Б.Қ. Шаңғы үстінде басыңды оңға, солға айналдыру. 2. Б.Қ.Шаңғы үстінде, қолыңды иығыңның үстіне қойып алға,артқа айналдыру. 3.Б.Қ. Шаңғы үстінде қолды мықынға қойып алға,артқа иілу. 4. Б.Қ. Шаңғы үстінде аяқты иық көлеміне қойып отырып тұрамыз. 5. Б.Қ.Шаңғы үстінде шаңғы таяғын тірей дене салмағын сол аяққа түсіріп, оң аяғын алға, артқа сілтеу. Тап солай сол аяққа жасау.Сабақтың мақсатын түсіндіру.



















Үйрену барысында кездесетін қателер; аяқпен әлсіз серпу нәтижесінде жылжитын қадамның қысқа болуы; таяқпен әлсіз итеру және шаңғымен жеткіліксіз сырғанау; таяқпен өте кешігіп итеру; қозғалыс ырғағының бұзылуы; тепе- теңдікті кездейсоқ жоғалту; дененің жан-жаққа көбірек ауытқуы; таяқтың сүйретілуі.

ІІ

Негізгі бөлім.

25 -28 мин








Бірмезгілдегі бір адымды жүріс. Екі шаңғымен сырғанай отырып, бір қалыпты қимылмен екі таяқты да ілгері шығарады, салмақты аяқтың ұшына түсіреді.Осы жағдайда тізені аз ғана бүгіп, бір аяқпен сырғанай отырып екінші аяқты ілгері шығарып, осы аяққа салмақты салады, сонымен бір мезгілде таяқ қарға тіреле бастайды. Аяқты сермеудің аяқталар кезінде таяқтар сәл-пәл ілгері еңкейтілген жағдайда болады. Ақырында, шаңғышы екі таяқпен итеріп, кейін тұрған аяқты алғашқысының жанына әкеледі. Жүрістің бұл түрінде екі таяқ қатар, екі аяқ кезек-кезек серпіліп отырады.Шаңғымен бір мезгілдегі бір адымды жүрісті жазықтау төбелерден түсу арқылы үйренеді. Жаттығуды санау арқылы үйренуге де болады; «бір»-адымдап, таяқты шаншу, «екі»- қолмен итеру, «үш»- аяқты бірге ұстау. Қол және аяқпен қатты сермеуге, сілтейтін аяқты шапшаң екінші аяқпен біріктіруге назар аудару қажет.






1-2 рет қайталау


hello_html_74f18792.jpg

1

Алма-кезек екі адымдыжүріс. Бұл жүріс көбінесе тегіс жермен жүргенде пайдаланылады және шаңғы тебудегі негізгі әдістің бірі болып табылады. Алма-кезек екі адымды жүрістің техникасын меңгеру үшін төмендегі жаттығуларды шаңғысыз, кейін шаңғымен орындау арқылы үйренуге болады.

1.Аяқты жартылай бүгіп қысқа адыммен жүру.Жаттығу шаңғысыз өрлеу жерге шыққанда орындалады. Жүруді қысқа адыммен аяқты бос ұстап, жай қозғала жүруден бастайды.

2.Бір орында тұрып сілтеу. Жартылай бүгілген аяқта тұрып, екінші аяқпен және екі қолмен ілгері-кейін үйлесімді сілтеу қимылын жасау керек.Бірақ машықтанған соң осы қимыл-қозғалысқа 3-4 сілтеуден кейін шамалы ғана ілгері еңкеюді қосу қажет.

3.Қозғалысты аяқтың басымен аяқтау.Бұл жаттығу салмақтың тобыққа қосылған жеріндегі аяқ басын серпілтетін бұлшық еттерді жазу арқылы орындалады.

4.Толық адыммен жүру. Бастапқыда аяқ пен қолдың сілтеу қимылы қуатты болуды, аяқпен жылдам және күшті серпілуді қажет етеді.

5.Шаңғымен серіппелі қозғалыс жасамай сырғанау.Ілгері қарай жылжу – сол қалпын өзгертпей,таяқты қарға тіреген қалыпта еңкею арқылы қозғалу.Артынан кеудені қозғалыссыз қалыпта ұстап, тек қолдың күшімен қозғалу.Соңында кеудені еңкейту арқылы қолмен итере отырып қозғалу. Алма-кезек екі адымды жүрістің техникасы; оң аяқпен адымдап жүрген кезде сол қолдағы таяқты алға қарай шығарып қарға тірейді; оң қолмен және сол қолмен кезек-кезек тіреп итереді, дененің салмағы оң аяққа түседі; сол аяқпен жүргенде оң қолды ілгері шығарады, салмақ сол аяққа түседі Содан кейін сол аяқтың буындары босаңсиды және шаңғының өкше жағы өз екпінімен жоғары көтеріледі. Бұл кезде оң аяқ сырғанау қалпында болады. Шаңғының сырғанауы тоқтай берген кезде оң аяқтың ұшы тұсына сол қолдағы таяқ қарға тіреледі және сол аяқты өзіне қарай жинап, оң қолды бір мезгілде алға қарай шығарады. Осылай алма-кезек екі аяқты алмастыра отырып сырғанайды.

Қортынды бөлім.

Сабақ барысындағы кемшіліктер мен жетістіктер.Үйге тапсырма беру. Оқушыларды бағалау. Сап түзел,тік тұр! Сабақ аяқталды сау болыңыздар! «Оңға», «Солға» бұрыл лек бойынша мектепке шаңғымен қадам бас.




hello_html_mee25d52.jpg

Бұл жаттығу аяқты еркін сілтеп жүру қимылын қалыптастыруға аса тиімді. Үйлесімділікті жақсарту үшін бұл жаттығу қол мен таяқтың қимылымен орындалады.


Қолды қозғай отырып.

Бұл таяқсыз орындалады.

Сонан соң осы жаттығуды таяқпен орындауға және серпілудің дұрыс орындалуына назар аудару керек.


Жалпы, таяқсыз жүру аяқтың күшін рыс пайдалана білуге, тепе-теңдікті сақтауды қалыптастыруға,дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыра білуге үйрететінін есте сақтаған жөн.







(оң аяқпен адымдап жүргенде).







Бұрылуды ,лекпен жүруді ара қашықтықты сақтауды қадағалау.Шаңғыны ұқыпты шешіп, қарын тазалап, мұқият жинау.




















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров172
Номер материала ДВ-414988
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх