Инфоурок Физическая культура КонспектыДене шынықтыру пәнінен сыныптан тыс шара "Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар."

Дене шынықтыру пәнінен сыныптан тыс шара "Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар."

Скачать материал

 

                                           Пән мұғалімі:  Кажғалиев Салауат Салахиятович.

                                        Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

                                                                   Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы.

Подстепный ауылы                                                                    

Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.

 

Сабақтың мақсаты:   

                                  А) Теориялық:  Ойын түрлерін, мазмұнын,

                                                            ережелерін, ерекшелігін меңгерту.

                                 Ә) Жетілдіру: Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен

                                                            қабілеттігін арттыру.

                                 Б) Тәрбиелік: Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.

 

Сабақтың типі:      Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі :     Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру

Қолданылатын құралдар: Ысқырық, доптар, қаптар, кеглилер, орындықтар,  

                                                 сақина, арқан т.б.

 

Өткізілетін орны:                    Спорт зал.

 

Сыныбы:                                    5 –сыныптар

 

Сабақтың мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқау

 

 

 

 

 

  1

 

ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ

 

1.      Оқушыларды сапқа тұрғызу.

 

2.      Сынып санын түгелдеу.

3.      Рапорт қабылдау.

 

4.      Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау.

 

10    МИНУТ

 

 

 

Спорттық киімдеріне назар аудару.

Себепсіз оқушыларды анықтау.

Рапортты  дұрыс тапсыруын қадағалау

Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2

Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.

- Екі қол белде өкшемен жүру.

- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.

- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.

- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.

- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.

- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.

- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.

- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.

- Екі қол тізеде,  толық отырып жүру.

- Отырып секіре жүру.

- Дем алу,дем шығару.

Саптағы бой жазу жаттығулары

- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.

- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.

- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.

- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.

- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.

- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.

- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені  бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.

- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру

- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.

- Дем алу, дем шығару.

 

 

 

 

Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту.

 

Оң және сол бүйірмен жгіруін ескерту.

 

Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту.

 

Отырып жүру, жүгіруін ескерту

 

 

 

 

Қатарға дұрыс тұруын ескерту.

 

 

Қолды белге ұстауын ескерту.

 

 

Дұрыс иілулерін ескерту.

 

Қолдың Аяққа тиюін ескерту.

 

Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту.

 

 

Аяқтың қолға тиюін ескерту.

 

 

Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  3          

НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ.

Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.

 

Доппен жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команде бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді.

Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды.  Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады.

Ойынның мақсаты-мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.

Допты түсірме

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

Қап киіп жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Мұғалім белгі берісімен Саптың ең алдында тұрағн ойыншылар екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секіректей жүгіріп, жалаушаны айналып келеді.Осы ретпен ойын қайталана береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеіңке жетеді.

Кім жылдам

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты бассынан асырып келесі ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға, сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.

Көп болып жүгіру.

Ойынға екі команда бір уақытта қатысады. Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерден айналып кері қайтатын белгі (жалауша) қойылады.

Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп, өз командасына оралады да, өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды. Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп, белгіні айналып өтіп, тағы да өз командасына оралады. Бұларға енді үшінші ойыншы қосылады. Сөйтіп, ақыры команданың барлық ойыншылары қол ұстасып бірге жүгіретін болады. Жүгіруді ойын тәртібін бұзбай бірінші болып аяқтаған команда жеңеді.

Бір топ үйрек

Ойыншылар бір қатарда бір-бірінен қашықтау тұрып, тізелерін аздап бүгіп, қолдарын тізелерінің артынан біріктіріп ұстайды. Белгі берілгенде ойыншылар қолдары мен аяқтарының қалпын өзгертпестен жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

Тақия тастамақ

Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреулеріңнің артыңа білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулерің керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

Орындықтар айналасында

Спортзалдың  ортасына бір-біріне тигізіп төрт орындық қойылады. Алдымен 5 оқушы шығады. Мұғалім белгі берісімен ойыншылар орындықты айнала жүгіреді қайта белгі берілгенде ойыншылар орындыққа отырып үлгеруі тиіс. Үлгермеген ойыншы ойыннан шығады. Орнына басқа ойыншы қосылады. Ойыншылар таусылғанға дейін. Соңында орындықтар біртіндеп алына береді. Қалған бір орындыққа, қалған екі ойыншының қайсысы отырса сол ойыншы жеңіске жетеді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

Арқан тартыс

Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байлаған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты–екі команданың бір ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.

       30  

 МИНУТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

4

қорытынды  кезең

1.      Сабақты қорытындылау.

2.      Оқушыларды бір сапқа  тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.

3.      Үйге тапсырма беру.

 

4.      Оқушыларды бағалау.

 

5.      Қоштасу.

6.       Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару.

        5         МИНУТ

 

Түгел тындауын қадағалау.

Толық сапқа тұруларын қадағалау

Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау

Сабаққа қатысуына байланысты бағалау

Түгел қоштасуын қадағалау.

Бір саппен шығуын қадағалау.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дене шынықтыру пәнінен сыныптан тыс шара "Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 2669
    • DOCX 20.1 кбайт
    • 54 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кажгалиев Салауат Салахиятович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23384
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы коррекционно-оздоровительной работы с детьми в деятельности инструктора физической культуры

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 312 человек

Курс повышения квалификации

Теория и методика тренировочного процесса по легкой атлетике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания гимнастики в образовательных организациях

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 93 человека

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек