Инфоурок / Физическая культура / Другие методич. материалы / Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту

библиотека
материалов

Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту

 

Мазмұны:

  1. Кіріспе

  2. Волейболдың даму тарихы

  3. Ойын барысындағы нақты қозғалыстар

  4. Қорғаныс әдістері

  5. Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту 

  6. Қорытынды

  7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады.  Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.

 

Волейболдың даму тарихы

Волейбол (( volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — ойын спорты.

1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:

  • Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.

  • Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м).

  • Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м).

  • Биіктігі: 6,5 фут (198 см).

  • Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 г.

Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.

Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.

Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.

1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.

1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.

1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.

1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.

Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.

Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.

Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.

1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.

Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды.

1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді.

1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB — ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді.

80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті.

 

Ойын барысындағы нақты қозғалыстар

Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс

Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.

Ойын барысында орындалатын бұрылыстар

Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.

Допты ойынға қосу

Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады.

Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.

Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.

Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады.

Допты беру және қабылдау.

Қарсыластардың берген добын қағып алып, өзара ойнап қарсыластарына шабуыл ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. Біріншіден – екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып алуға болады.

 

 Қорғаныс әдістері

Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру – ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау – жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла – тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады.

 

Қазақстандағы волейбол

Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.


 Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту

 

Волейбол ойынының ережелері.

 Волейбол ойыны аумағы  9∕18 м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың  үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім  ер балаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы      250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екі рет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады.


Жасөспірімдер

13-14

жастағылар
үшін

15-16

жастағылар
үшін

17-18

жастағылар
үшін

Ер балалар

Қыздар

2 м 20 см

2 м 10 см

2 м 35 см

2 м 20 см

2 м 43 см

2 м 24 см

Ережелері:

  1. Доп жерге тисе;

  2. Команда допқа үш реттен артық қол тигізсе;

  3. Доп лақтырылса немесе қолда кідіріп (ұсталынып) қалса;

  4. Доп дененің белден төмен кез – келген жеріне тисе;

  5. Ойыншы допқа қатарынан екі рет қол тигізсе;

  6. Ойыншы торға тиіп кетсе;

  7. Қарсы жақтағы допқа ойыншының қолы тиіп кетсе;

  8. Доп кезексіз ойынға қосылса;

  9. Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса;

  10.  Допты ойынға қосқан кезде  сол ойыншы алаңның сызығын басып тұрса немесе ішке еніп кетсе;

  11. Ойынға қосылған доп бағанға, торға т.б. тиіп немесе  алаңнан шығып кетсе.

 

Волейболда допты берудің тәсілдері

Волейбол ойынының ереже – талабы мынадай айла – тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір – біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою. Волейболдағы орын ауыстыру тәсілдерін тіркемелі адыммен, қосарланған адыммен, жүгірумен, секірумен, бағытты кенеттен өзгертумен және допты құлап бара жатып алумен орындайды.

Волейболда допты берудің екі тәсілі болады.

  1. Допты жоғарыдан беру.

Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

  1. Допты төменнен беру.

Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.

 Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.

Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.

Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.

 Допты төменнен тіке ойынға қосу

Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.

Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді.

 Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.

 Тіке шабуылдау соққысы

Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады.

Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.

Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:

  • Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;

  • Шабуыл соққысын жасау;

  • Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);

  • Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;

  • Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;

  • Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы "шабуыл соққысын" жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);

  • Тордың маңындағы ұстағышқа (держатель) бекітілген допты соғу;

Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.


Дене шынықтыру сабағында волейбол тәсілдерін меңгеру мақсатында орындалатын арнайы жаттығулар

1.Алаңда орын ауыстыра білу

     Алғашқыда асықпай орынды    ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу. 

2.Волейболшының тұрысын қайталау.

Допты солдан, оңнан, алдан, арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру. Волейболшының тұрысымен допты астынан қабылдау кезіндегі қолдың және аяқтың қалпы. Допты солдан, оңнан, ортадан арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.

 

3. Допты астынан беру.

Допты солдан, оңнан солдан, оңнан , арттан, ортадан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.

1. Бір орында доппен жаттығу: допты астынан қабылдауға арналған жаттығу: допты жоғары лақтыру, оны қабылдау.

Допты жоғары лақтырып, оңға – солға бұрылып астынан қабылдау.

Допты астынан қабылдауда алға артқа секіру.

Допты алға жоғары лақтырып, биіктен беру.

Допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биіктен беру.

  

4. Доппен жүру жаттығулары:

Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.

Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.

Оңға – солға секіру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биікке беру.

Допты беруде оңға-солға секіру.


Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.

1. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.
2. Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.
3. Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді.
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
4. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.
5. Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын  қадағалау.
6. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.


Допты төменнен қабылдауды меңгерту

Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.

Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.

Арақашықтық 8-10 м. оқушылар  қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.


Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.

- Әр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату

- Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету

- Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету

- Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету

- Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету

- Допты жанынан беру тәсілін үйрету

- Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету

- Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету



Қорытынды

Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.

Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп,қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор.

Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,ден саулықты сақтауға, көңіл- күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. А. Г. Ариянц — Волейбол ФИС 1986

  2. Ю. Н. Жещев — Волейбол ФИС 1986

  3. С. Қасымбекова — Әдістемелік құрал, Волейбол, Алматы, “Атамұра”

  4. М. Т. Тұрыскелді – Қимыл- қозғалыс ойындары

  5. С. Қасымбекова, Д. Мырзамед. Дене тәрбиесі.

  6. С. Тайжанов, С Қасымбекова,. Дене тәрбиесі Алматы, « Атамұра»

  7. Бағдарламалар дене тәрбиесі. Алматы 2004 ж

  8. Л.В. Былова, И.М. Коротков.Қозғалыс ойындары, М. ФИС.1982


7



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-440408

Похожие материалы