Дене
тәрбие
оқу іс-әрекетінің жоспары.
Білім беру саласы: денсаулық
Бөлім: дене шынықтыру
Өткізілетін күні, айы, жылы:
08. 01.14ж. 10.01.14ж.
Топтың аты: «Айгөлек»
Тақырыбы: 1. Төрт татағандап
бөрене бойымен еңбектеу.
2.
Гимнастикалық орындық бойымен қолдары белдерінде, басқа қап қойып жүру.
3.
Цигун гимнастикасының тыныс алу жаттығулары.
Мақсақсаты: Төрт
татағандап бөрене бойымен еңбектеуде қол мен аяқтың жұмысын
координациялауды
үйрету.
Гимнастикалық
орындық бойымен қолдары белдерінде, басқа қап қойып жүруде
арқа
және бастың дұрыс қалпын сақтауды, дененің қалпын бақылауды үйрету.
Цигун
гимнастикасының тыныс алу жаттығуларын жасату.
Өткізілетін орны: топта
Құрал - жабдықтар: бөрене,
гимнастикалық орындық, текшелер доп.
№
|
Мазмұны
|
мөлшері
|
қарқыны
|
дем алуы
|
Әдістемелік нұсқаулар
|
І.
|
Кіріспе бөлім
Шеңбер бойы бірінің артынан бірі жүру ; баяу
жүру, теріс қарап алға қарай жүруді алмастыра, педагогтің тапсырмасын орындай
жүру. Екі шеңбер құру; бір орында тұрып жан-жаққа секіре бұрылу. Бір –
біріне қақтығыспай, бірінің артынан бірі, жұптасып, «жыланша» ирелеңдеп жүгіру.
Жеңіл жүгіру, жұптасып айналу. Аяқты тарсылдатып жүру.
|
2-3 рет
|
орташа
|
Дем алу дем шығару
|
Балалардың сапқа тұруларын әр түрлі жүріспен жүрулерін екі
қатарға тұруын
қадағалау.
|
ІІ.
|
Жалпы
дамыту жатығулары.
1. «Толқын» Б.қ.: аяқ сәл алшақ, бір қол
алға, екінші қолды артқа созып тұрады. 1-3-қолды ауыстыра , қолдын басын
қимылдата,таспаны толқын тәрізді сермеу. 4- б.қ. келу.
2. «Бұрылу» Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, қол шетке
созулы. 1- оңға бұрылып, сол қолды оң қолға тигізу . 2- б.қ, келу. 3-4- солға бұрылып, оң қолды сол
қолға тигізу. Аяқты қимылдатпау және бүкпеу.
3. «Қатты сермеу» Б.қ.: өкшеде отыру,
таспаны төмен түсіріп ұстап тұру. 1-2 – тізерлеп тұрып, таспаны жайлап жоғары
көтеріп, қатты сермеу.
3-4- б.қ келу.
4. «Еңкею» Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, қол
дене түзілісі бойында. 1-3- жайлап алға еңкею, иіліп, қолды алға созып,
қолдың басын қимылдата, таспаны толқын тәрізді сермеу. 4-б.қ. келу.
5. «Жел еседі» Б.қ.: аяқ сәл алшақ,
таспаны алдыда жоғары салбырата ұстап тұрып таспаны үрлеу.
|
6- рет
6-рет
5-6 рет
6 рет
30сек
|
орташа
орташа
орташа
орташа
орташа
|
Бір қалыпты
Еркін тыныс алу.
Қолды жоғары көтеріп, демді ішке тарту, қолды
босаңсытып, алға қарай еңкейіп, дем шығару.
|
Балалардың дамыту жаттығуларын бір қалыпты, бір
мезгілде жасауларын қадағалау. Және тыныс алу жаттығуларын дұрыс
жасауларын қадағалау.
|
ІІІ.
|
Негізгі қимылдар
1.
Төрт татағандап бөрене бойымен еңбектеу.
2.
Гимнастикалық орындық бойымен қолдары белдерінде, басқа қап қойып жүру.
3.Цигун
гимнастикасының тыныс алу жаттығулары.
|
2-3 рет
3-4 жаттығу
|
орташа
|
Еркін тыныс алу
|
Негізгі қимылдарды көрсетіп балаларды
жаттықтыру.
|
ІҮ
|
Қорытынды
бөлім
Оқу іс-әрекетін қорытындылап қимылды ойын
ойнату. «Қасқыр мен қояндар». Еркін бағытта қос аяқпен секіру,
кеңестікке бағдарлау.
|
2-3 рет
|
орташа
|
Еркін тыныс алу
|
Ойын ережесін түсіндіріп
қимылды ойын ойнату.
|
Ү
|
Жеке жұмыс
|
2-3 рет
|
орташа
|
Еркін тыныс алу
|
Үлгерімі төмен баламен жұмыс жүргізу
|
Дене тәрбие оқу іс-әрекетінің
жоспары.
Білім беру саласы: денсаулық
Бөлім:
дене
шынықтыру
Өткізілетін күні, айы, жылы:
14. 01.14ж. 17.01.14ж.
Топтың аты: «Айгөлек»
Тақырыбы: 1. Музыкалық-ырғақты
қимылдар.
2.Сызықтың
үстінен қос аяқтап секіру.
3.
Цигун гимнастикасының тыныс алу жаттығулары.
Мақсақсаты: Түрлі қимылдар түрлі
қарқында музыкалық сүйемелдеуге сәйкес: өзінің айналасында
айналу,
жіңіл және ырғақты секіруді орындауды үйрету. Сызықтардың үстіне
қос
аяқтап
жеңіл секіруге жаттықтыру.
Цигун
гимнастикасының тыныс алу жаттығуларын жасату.
Өткізілетін орны: топта
Құрал - жабдықтар: Жіп, доп, алдын-ала
дайындалған музыка әуені, шарлармен бағаналар.
№
|
Мазмұны
|
мөлшері
|
қарқыны
|
дем алуы
|
Әдістемелік нұсқаулар
|
І.
|
Кіріспе бөлім
Шеңбер бойы бірінің артынан бірі жүру ; баяу
жүру, теріс қарап алға қарай жүруді алмастыра, педагогтің тапсырмасын
орындай жүру. Екі шеңбер құру; бір орында тұрып жан-жаққа секіре бұрылу.
Бір – біріне қақтығыспай, бірінің артынан бірі, жұптасып, «жыланша»
ирелеңдеп жүгіру. Жеңіл жүгіру, жұптасып айналу. Аяқты тарсылдатып
жүру.
|
2-3 рет
|
орташа
|
Дем алу дем шығару
|
Балалардың сапқа тұруларын әр түрлі жүріспен жүрулерін
екі
қатарға тұруын
қадағалау.
|
ІІ.
|
Өрілген
жіппен орындалатын жалпы дамыту
жатығулары.
1. «Өрілген жіпті арқаға
сал!». Б.қ,: аяқ сәл алшақ, өрілген жіпті ұстап, қолды төмен түсіріп
тұру. 1- өрілген жіпті соза жоғары көтеру, оған қарау. 2- қоды түзу
ұстап, арқа жаққа түсіру. 3- жоғары созу. 4- б.қ. келу.
2. «Гамак». Б.қ.: аяқ
алшақ, өрілген жіптің екі шетінен алып, төмен ұстау. 1-7- аяқты
бүкпей алға еңкейіп, өрілген жіпті бүгулі қолмен алға, артқа гамак
тәрізді тербеу. 8-б.қ. келу.
3. «Аяқты артқа соз!». Б.қ.:
н.т., өрілген жіпті ұстап, қолды төмен түсіріп тұру. 1- өрілген жіпті
соза жоғары көтеру, бір мезгілде оң аяқты артқа созып, аяқтың ұшын
еденге тигізіп, демді ішке тарту. 2-б.қ. -дем шығару. 3-4 – осы қимылды
сол аяқпен орындау.
4. «Тізеңе қой». Б.қ.: н.т.
өрілген жіпті бүгілу тізеге қою, алақанды жоғары қаратып, қолды артқа
тығу, бір аяқта тұрып дауыстап, 10-ға дейін санау. 4-б.қ. Келесі аяқпен
орындау.
5. «Секіру». Б.қ.: аяқ сәл
алшақ, қол белде, өрілген жіп еденде созылып жатады. Өрілген жіп
үстімен алға, артқа секіру және бір орында жүру.
Баяу жүру және тыныс алу жаттығуымен
аяқтау.
|
6- рет
6-рет
5-6 рет
6 рет
2-3 рет қайталау
|
орташа
орташа
орташа
орташа
орташа
|
Еркін тыныс алу.
Қолды жоғары көтеріп, демді ішке тарту, қолды
босаңсытып, алға қарай еңкейіп, дем шығару.
|
Балалардың дамыту жаттығуларын бір қалыпты, бір
мезгілде жасауларын қадағалау. Және тыныс алу жаттығуларын дұрыс
жасауларын қадағалау.
|
ІІІ.
|
Негізгі қимылдар
1. . Музыкалық-ырғақты
қимылдар.
2.Сызықтың үстінен қос аяқтап секіру.
3.Цигун гимнастикасының тыныс алу жаттығулары.
|
2-3 рет
3-4 жаттығу
|
орташа
|
Еркін тыныс алу
|
Негізгі қимылдарды көрсетіп балаларды
жаттықтыру.
|
ІҮ
|
Қорытынды бөлім
Оқу іс-әрекетін қорытындылап қимылды ойын ойнату.
«Шарлар мен бағаналар».Доптарды сызыққа дейін тура бағытта
домалату..
|
2-3 рет
|
орташа
|
Еркін тыныс алу
|
Ойын ережесін түсіндіріп
қимылды ойын ойнату
|
Ү
|
Жеке жұмыс
|
2-3 рет
|
орташа
|
Еркін тыныс алу
|
Үлгерімі төмен баламен жұмыс жүргізу
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.