Инфоурок / Физическая культура / Другие методич. материалы / " Дене тәрбиесі міндеттері саламатты ұрпақ үшін " баяндама

" Дене тәрбиесі міндеттері саламатты ұрпақ үшін " баяндама

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_1bc15ee8.gifhello_html_6987fd5.gifhello_html_m2dd6ec43.gifhello_html_583375b5.gifhello_html_76a6a564.gifhello_html_403cd681.gifДене шынықтыру сабағының міндеттері.

Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор.

Дене тәрбиесі – оқушылардың денсаулығын қалыптастырумен бірге, жан-жақты жетілген, отанының қайратты, батыл азаматын дайындау; дене тәрбиесі жүйесінен хабардар ету, адам баласының күнделікті тіршілігіндегі орнын анықтау, спортпен шұғылдануға бейімдеу және дайындау.

Дене шынықтыру сабағының міндеттері үшке бөлінеді: білім беру міндеттері, сауықтыру міндеттері, тәрбиелік міндеттері.

Білім беру – оқу бағдарламасында бекітілген материалды меңгерумен анықталады. Білімділіктің мақсаты – оқу бағдарламасының жүйелі түрде орындалуын талап етеді. Сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері бір сабақпен-ақ шешліу мүмкін болса, ал білім беру міндетін орындау ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы: арқанмен өрмелеу әдісін үйрету бір сабақпен аяқталмайды. Бұл үшін бірнеше сабақтар жүйесі керек. Оқушыларды арқанды аяқпен қармау әдісі бірінші сабақта өтсе, бұл сабақ жүйесінің бірінші бөлімі ғана, ал қалған әдістерін келесі сабақтарда үйретіп, арқанмен өрмелеу әдісін меңгертуге болады.

Білім беру міндеттерінің мақсаты: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, икемділік ептілік, күш-қуат, шыдамдылық т.б) қалыптастыру, арнаулы білімді менгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.

Сауықтыру міндеттерінің мақсаты: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардын ұзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.

Тәрбиелік міндеттерінің мақсаты: жан-жақты тәрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.

Грек ойшылы Аристотельдің «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағиданы әлі күнге өз мәнін жойған жоқ. Дені сау, ағзасы дұрыс қалыптасу үшін бала 5 жасқа дейін тәулігіне 6-8 сағат қозғалыста болуы керек. Одан ары 10 жасқа дейін 4-6 сағат бойы, 10 жастан 116 жасқа дейін 2-4 сағат қозғалыста болуы керек. Адам өзінің денсаулығына бақылау жасау білу үшін алдымен ағзаның құрылысын, қала берді жүйке, бауыр және т.б. мүшелердің жұмыс істеу әрекетінен хабардар болуы міндетті. Дене шынықтыру жаттығуларын орындаған кезде ағзаға түсетін жүктемені де білу керек.

Дене шынықтыру сабағының міндеттері













Тәрбиелік міндеттері: жан-жақты тәрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.

Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ шығармашылық өміріне қамтамасыз ету.

Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш-қуат т.б.) арнаулы білімді меңгеру















Салауатты өмір





Дене жаттығулары –дене шынықтырудың негізгі құралы болып табылады. Дене жаттығулармен жүйелі айналысу адамның дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің жұмысын күшейтеді, тыныс алу, қан айналым жүйкелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.

Адамның қозғалыс әрекетінде сапалық қасиеттері күш-қуат, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады.

Күш-қуат – сырттан түсетін жүктемеге қарсы тұруы. Адамның күш-қуаты табиғи жағдайда 8 жастан 18 жасқа дейін жетіліп қалыптасады.

Жылдамдық – қоршаған ортаның тигізген әсеріне ағзаның өте тез жауап қайтаруы. Адамның жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығуларға негізінен жүгіру мен жоғары қарқынды қозғалыс ойындары жатады.

Адамның төзімділік қасиеті – ағзаның ұзақ уақыт бойы шаршамай жұмыс істеу жүйесін жалғастырады. Сондықтан адамның төзімділік қабілетін мүмкін болғанша жас кезден қалыптастырудың орны бөлек. Әсіресе, қыз балалардікі 9-13 арасында, ұлдардікі 10-16 жас аралығында қалыптаспаса, онда болашақ тіршілікке бейімдеу бағытын дұрыс деп түсіну керек.

«Ептілік» атауы – адамның дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданған кездегі бауырдың қозғалысы. Негізінен, адамды ептілікке, икемділікке тәрбиелейтін дене шынықтырудың керілмелі-созылмалы жаттығулары. Керілмелі-созылмалы жаттығулары мүмкіндік болғанша үлкен амплитудамен орындалатын тербеліс жаттығулары икемділікті, ептілікті тез қалыптастырады.

Адам баласының бойындағы қайраты оның күш-қуатынан, шапшаңдығынан, ептілігінен, т.б. қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Міне, осы аталған, адам бойындағы қабілеттерінің жиынтығының қорытындысы ретінде қайраттылық-қайсарлық қабілеті жетіледі.

Сымбат – мүсінің сыртқы көрінісі, күнделікті дағдыға айналған қозғалысы, жүріс мәнері. Өмірде мүсіннің сымбаты да, көріксізі де кездеседі. Мүсіннің сымбатты болуы денені тік ұстайтын қозғалыс – тірек аппаратының бұлшық еттері симметриялы түрде барлығы бірдей дамыса, ол адам өте сымбатты болады.

Білім беру – оқу бағдарламасында бекітілген материалды меңгерумен анықталады. Білімділіктің мақсаты – оқу бағдарламасының жүйелі түрде орындалуын талап етеді. Сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері бір сабақпен-ақ шешуліу мүмкін болса, ал білім беру міндетін орындау ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы: арқанмен өрмелеу әдісін үйрету бір сабақпен аяқталмайды. Бұл үшін бірнеше сабақтар жүйесі керек. Оқушыларды арқанды аяқпен қармау әдісі бірінші сабақта өтсе, бұл сабақ жүйесінің бірінші бөлімі ғана, ал қалған әдістерін келесі сабақтарда үйретіп, арқанмен өрмелеу әдісін меңгертуге болады.

Сонымен бірге дене тәрбиесі, спорт, денсаулықты сақтау, күн тәртібінің сақталуы, дұрыс демала білу, шынығу, дене шынықтыру жаттығуларын дұрыс орындау сабақтың білімділік міндетіне жатады. Сабақтың білім беру, тәрбиелік және сауықтыру міндеті үйлесіп отыру керек. Дене тәрбиесі сабағы тәртіп, зейін, ерік, ұқыптылық, қоғам мүлкіне жауапты қарау, достық, жолдастық сияқты қасиеттерді қалыптастырады, қиындықты жеңуге бағытталады.

Сонымен бірге дене тәрбиесі тәрбиелік міндетін шешетін арнайы құрылған сабақтар да болады. Мысалы: мұғалім оқушылардың бойында қиындықты жеңе білу, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен дене шынықтыру жаттығуларының шартын күрделендіреді. Бала бойында алғырлық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру үшін секіру, өз тепе-теңдігін сақтау, шаңғымен өрден секіру орындарын ұйымдастырады. Балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатымен мұғалім балаларға спортшылардың өмірі, еңбегі, жетістіктері туралы айтып, олардың суреттерін көрсете отырып әңгімелейді. Сауықтыру мақсаты да тәрбиелік мақсаты сияқты әр сабақта бірге қарастырылып отыруы керек. Сапқа дұрыс тұру, дене тәрбиесі сабағының дұрыс өтуі, талапқа сай спорт киімінің болуы, сабақ өтетін орынның санитарлық талапқа сай болуы, сабақтың ашық ауа астында өтілуі осының барлығы дене шынықтыру сабағының сауықтыру мақсатын құрайды.

Гигиеналық жағдай дене шынықтыруға қажетті гигиеналық жағдайды сақтау негізгі орынды алады. Күнделікті өмірде күн кестесін нақты тәртіп бойынша ұйымдастыру; еңбек, демалыс, ұйқы, тамақтану сәттерінде уақытты тиімді пайдалану болып табылады. Тәртіпті сақтау денсаулықты нығайтады, жағымды көңіл-күй тудырады және жаттығуларын игеруге неғурлым қолайлы жағдай жасайды.

Сабақ, секциялық сабақ және дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын іс-шаралар өткізілетін орында тазалық сақтау қажет, сондай-ақ қалыпты жағдайдағы қалыпты температураны ұстай отырып, үнемі таза ауамен желдетіп отыру керек.

Жеке гигиенаның негізгі талаптары – дененің тазалығы және оны күте білу, киім тазалығы, жұмыс орны жайлығы, жеке басына қажетті заттарды ұқыпты ұстау.

Сабаққа дейінгі гимнастика – мектепте күнделікті сабаққа дейінгі өткізілетін дене жаттығулары. Гимнастика сауықтыру, тәрбиелеу міндеттерін шешеді. Күнделікті ұйымдастырылған гимнастиканың маңызы зор.

Сабаққа дейінгі гимнастика маңызды білімділік міндеттерді де шешеді. Дене шынықтыру сабағындағы өткізілген жаттығулар гимнастика құрылысына кіргізіледі.

Салауатты өмір сүрудің негізгі принципі – еш ауруға шалдықпай, адам өзін дертке жеткізбей-ақ, алдын-ала мол денсаулық көзін ашу.

Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жетеді. Сондықтан, әрбір адамның денсаулығының мықты болуы да өз қолында.

Ұсынып отырған тұжырымдаманың негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтынан туындайды. Адам баласының салауатты өмір сүруі оның қоршаған ортамен әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ деген халықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз керек. Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары будан гөрі кеңірек. Әр адамның өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса, нұр үстіне нұр!







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-274723
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>