Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Дене шынықтыру пәнінен әдістемелік нұсқау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Дене шынықтыру пәнінен әдістемелік нұсқау

библиотека
материалов


Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар



1. БАСТАУЫШ, ОРТА, ЖОҒАРҒЫ СЫНЫПТАРДА

ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛІ ТИПТЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі



Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.

Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

- денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;

Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;

- дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;

- оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;

- дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;

- бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;

- жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;

- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;

- оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;

- оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.

Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;

- оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.



1.2. Бастауыш сынып оқушылары дене дамуының

морфофункционалдық және психологиялық ерекшеліктері

Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.

Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.

Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады. Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар 14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.

Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы салмағының 27%-ын алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады. Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, біржақты жүктемелер, қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар беруге болады. Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып беріп, денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі туралы мәліметті 1-кестеден қараңыз (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).


1-кесте - Бала жүрегінің соғу жиілігі мен қанның систоликалық көлемі


Жасы

Жүрегінің соғу жиілігі, рет/минут

Қанның систоликалық

көлемі, мл

Жаңа туған

120-168

2,5

1-2 ай

132-171

-

6 ай

120-150

-

1 жас

103-150

10,0

2 жас

96-135

10,2

5-6 жас

83-119

20,6

Ер балалар

8 жас

50-93

25,0

10-12 жас

53-86

33,4

15-16

50-77

41,4

Ересек

55-75

60 ж/е одан көп

Қыз балалар

8 жас

67-99

27,0

10-12 жас

60-89

31,6

15-16

55-85

38,5

Ересек

60-75

55-65


Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/минутқа дейін жетеді. Өкпенің ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығуларды орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс.


1.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын

жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері


Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзаққа созылатын ойындар оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.

1-сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды, зейіні тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.

Бастауыш сынып оқушыларына денені дамыту жаттығуларын бергенде, ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық ет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,ұзаққа, биікке секіреді, алысқа лақтырады, күшті, әрі шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, қашыққа, жүгіргенде, секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. (Өйткені 1,2-ші сыныпта ұлдар мен қыздардың дене тәрбиесі жаттығулары амалдары бірге, бөлуге келмейді). Қыздарға 3-ші сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.

Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

1. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар тобы табиғи қимыл-әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.

2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.

3. Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.

4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.

5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс.

Балалардың қимыл-әрекеттерді есте сақтау қабілеттері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан ары қарай баяулай бастайды.

Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана, қосымша түрде қолданамыз.

Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу, допты ойыншыға тигізу және т.с.с. 2, 3 сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру қажет.

Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.

Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және жоғарғы оқу орындарында оқығанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтан да ол мұғалімдер дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп, дайындалып, мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан үйреніп, сабақтарды мектеп бағдарламасы материалдарына сай жүргізуі керек. Ал дене тәрбиесі мұғалімдері келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізуіне жол бергізбей, бастауыш сыныптардың оқушыларының оқу жоспарын қадағалап, көмектесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:

- бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік тұрғыдан дұрыс сабақ өткізу;

- дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын

жұмыста пайдалану;

- сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;

- оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;

- сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;

- ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;

- оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты жетілдіру;

- балаларды дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;

- жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына, әдістемелік кеңестеріне қатысу.


2. Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесі

2.1. Орта сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері


Орта сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

- денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;

- негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;

- дене қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті әрі қарай дамыту;

- жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне әсері, өнегелік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;

- негізгі спорт түрлері, жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру;

- таңдап алған спорт түрлерінің жаттығуларымен өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу;

- сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысының ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру;

- өзінің дене мүмкіншіліктерін бағалау біліктілігін қалыптастыру;

- тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ынталықты тәрбиелеу;

- психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.



2.2. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері


Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге өседі.

Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің қатаюын тездетеді де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.

Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.

Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.

Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста - қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек.

Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады. Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді, біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік болу үшін төмендегі кестені беріп отырмыз (2-кесте). (Қ.Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).



2-кесте – Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа сыйымдылығы


Балалар

Жасы


6

7

10

12

15

17

Ер балалар

1200

1400

1630

1975

2600

3520

Қыз балалар

1100

1200

1460

1905

2530

2760



Тыныс алу жиілігінің де дене дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың тыныс алу жиілігі сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алу оқушылардың өкпесін ғана емес, олардың кеуде бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады. Бір демалу циклінде жасөспірім ағзасы 14 мл ауа пайдаланса, үлкен жастағы адам 20 мл ауа пайдаланады. Олар үлкендерге қарағанда тыныс алу уақытын көп тоқтатып отыра алмайды. Олардың ағзасына келіп жатқан ауа аз кездеріндегі жұмысқа іскерлігі тез төмендейді. Адамның жасқа байланысты тыныс алу жиілігі өзгеру кестесін қараңыз (3-кесте).

(Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).


3-кесте - Тыныс алу жиілігінің адамның жасына байланысты өзгеруі


Жасы

1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет

1

44

5

26

15-20

20

20-25

18

25-30

16

30-35

18

Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық жүйке жүйесінің әлі толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін, бағыттайтын әр түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық іске қосылмағаны себепті, балалардың ағзалары дене жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып келеді. Жасөспірімдердің жүрек – қан тамыры жүйесі жүктеме кездерінде экономикалық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық қызметінің жетілуі 20 жасқа келгенде толық аяқталады.

Жасөспірім кезеңде дене қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму кезеңі болып келеді. Негізгі дене қасиетерінің орта сынып жастары кезеңінде даму мүмкіншіліктерін (Ж.К. Холодов, В. С. Кузнецов, 2003) 4 кестеде беріп отырмыз.



4-кесте – Орта мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны ( %)


Дене қасиеттері


Бір жылдағы орташа дамуы

Жалпы дамуы

ұлдар

қыздар

ұлдар

қыздар

Жылдамдық

3,9

2,9

15,4

11,5

Күш

15,8

18,4

79,0

92,0

Жалпы төзімділік

3,3

2,1

13,0

8,4

Жылдамдық төзімділігі

4,1

1,0

16,4

4,0

Күш төзімділігі

9,4

3,3

37,5

13,1

Орта сыныптар жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер: кіші доптарды дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар спорттық, қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с. әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы жас кезінде күш, күш-жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің дамуы аз байқалады.


2.3. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері


Орта мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.

Орта сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет. Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.

Орта мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», - деп жазылған министрліктің осы бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіліп жатса өте дұрыс болар еді.


3. Жоғары сынып оқушыларының дене тәрбиесі


3.1. Жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері


Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

- денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;

- негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;

- дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;

- қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;

- дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;

- өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;

- тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.

3.2. Жоғары сынып оқушылары дене дамуының ерекшеліктері


Жоғары сынып жасындағы оқушылардың денесінің өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.

Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады. Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.

Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.

Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.

Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға үлкен, жүрек соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу күші күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың өкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.

15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.

Жоғары сынып оқушыларының алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қасиеттерінің даму пайыздары азырақ болады. (5-кесте).


5-кесте – Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу

қарқыны (%)

Дене қуаты

Қасиеттері

Жылдық орташа дамуы


Жалпы дамуы

жігіттер

қыздар

жігіттер

қыздар

Жылдамдық

1,5

0,2

3,1

0,5

Күш

14,0

9,0

28,0

18,0

Жалпы төзімділік

2,1

0,7

6,4

2,1

Жылдамдық төзімділігі

2,1

-0,6

6,3

-1,8

Күш төзімділігі

8,5

-2,0

26,7

-6,0


3.3. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері

Жоғары мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.

Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.

Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе -теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударса дұрыс болады.

Жоғары сынып жасындағы оқушылармен өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе жарыс әдістері қолданылады.

Осы жас кезеңінде олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.

Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.


4. Әр түрлі мектептердегі дене тәрбиесі

4.1. Аз комплектілі ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі


Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.

Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:

1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.

2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе айналмалы, топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады. Мысалы: дене деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде әлсіз оқушылар, үлкен шеңберде күшті, мықты оқушылар жасайды. Сапта оң жақ қатарда үлкен сынып, одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады. Кіріспе бөлімінде жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге жүргізіледі. Негізгі бөлімде сыныптар бойынша топтарға бөлініп, оларға мектеп бағдарламасындағы материалдар бойынша спорт түрлері, жаттығулары беріледі. Мұғалім барлық топтарға барып қателерін түзеп, әдістемелік нұсқаулар беріп отырады.

Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт белсенділерін, мұғалім көмекшілерін дайындауға күш салу керек. Дене тәрбиесі үйірмесінің сабақтары жетісіне 3 рет бір сағаттан өткізіледі. Үйірме сабақтары оқушылар оқу бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын жетілдіру, дене дайындығының деңгейін жоғарылату және сынақ жаттығуларын орындауға дайындайды. Басқа барлық жұмыстар дене тәрбиесі мұғалімінің тапқырлығымен, білімділігімен, біліктілігімен, ұйымдастыру белсенділігі және шеберлігімен үлкен мектептердегі жұмыстарға ұқсас жүргізіле береді.


4.2. Мектеп-интернаттағы дене тәрбиесі

Мектеп-интернаттарда оқушылар интернат жатақханасында тұрып оқиды, үйлеріне, ата-аналарына демалыс кездерінде ғана барады. Қалалық интернаттарда оқитын оқушылар апта бойы жатақханада тұрып, оқу оқып, сенбі күні түстен кейін дүйсенбіге дейін үйлеріне ата-аналарына қайтарылады. Осындай интернат жағдайларындағы оқушылар оқу сабақтары кезінде, сабаққа дайындық, дайындықтан бос уақыттарында күні бойы мұғалім мен тәрбиешілердің бақылауында болады.

Дене тәрбиесі сабағы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептердегідей өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға, спорт түрлерінен секцияларға, жалпы дене дайындығы топтарына мүмкіншілік болғанынша барлық оқушылар түгелдей қатысуы тиіс. Бұл шаралардан тек қана дене тәрбиесі сабағынан босатылған және арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылар ғана босатылады.

Мектеп – интернаттарда күн тәртібі өте қатаң орындалады. Күн тәртібінде міндетті түрде таңғы гигиеналық гимнастика, сергектік сәттері, денсаулық сағаттары, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары және спорт түрлерінен секциядағы жаттықтырулар орындалу қажет. Спортты насихаттау үшін дәрістер, әңгімелер, сынып сағатары, диспуттар, спорт мерекелері, спорт кештері өткізіліп тұру к


5. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ


5.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру


Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:

- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;

- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;

- жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.

Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.

Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды.Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.

Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.

Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді.


5.2 Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының

жалпы жылдық жоспары


Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:

1. Ұйымдастыру жұмыстары.

2. Оқу жұмыстары.

3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары.

4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық - көпшілік жұмыстары.

5. Үгіт-насихат жұмыстары.

6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.

7. Шаруашылық жұмыстары.



6-кесте


р/с

Негізгі бөлімдер, бөлімдердің

жұмыс мазмұны

Орындау

уақыты

Орындауға жауапты

1. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

1

Дене тәрбиесінің жоспарлау құжаттарын

жасау және бекіту:

- жалпы жылдық жоспар;

- тоқсандық жоспар кестелері;

- жылдық спорттық шаралардың

күнтізбе жоспары


Тамыз



ДТ мұғалімі

2

Мұғалімдер кеңесінде сабаққа

дейінгі гимнастика, сергектік сәттер,

үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындарын

өткізуді ақылдасу


Тамыз


Әкімшілік,

ДТ мұғалімі

3

Бастауыш сынып мұғалімдері мен

күн тәртібіндегі сауықтыру

шаралары, сыныптан тыс жұмыстарды

ұйымдастыру туралы семинар өткізу



Тамыз


ДТ мұғалімі

4

Әрбір сыныпқа сабаққа дейінгі

гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы

ойындар өткізу орындарын бөліп беру


Қыркүйек

ДТ мұғалімі

5

Сыныптарда сабаққа дейінгі гимнастика,

үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар

өткізу тәртібі туралы әңгіме өткізу


10 қыркүйекке

дейін


Сынып жетекшілері

6


Спорт түрлерінен жаттықтыру кестесін жасау

10 қыркүйекке

дейін

ДТ мұғалімі

2. ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ

1

Дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу

Тұрақты

ДТ мұғалімі

2

Ашық сабақтар, семинарлар өткізу,

әдістемелік бөлме ұйымдастыру,

ата-аналарға арнап ашық сабақтар өткізу

Жыл бойы,

тұрақты

ДТ мұғалімі

3. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ - САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ


1

Сабаққа дейінгі гимнастиканы өткізу

Күнделікті

Ұйымдастырушы

нұсқаушылар

2

Ұзақ үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар

мен дене тәрбиесі жаттығуларын өткізу


Күнделікті


Ұйымдастырушы

нұсқаушылар

3

1-11 сыныптардың жалпы білім беру сабақтарында сергектік сәттерін өткізу


Күнделікті


Мұғалімдер,

нұсқаушылар

4

Ұзартылған күн топтарында жаттығулар

мен ойындар өткізу

Күнделікті

Тәрбиешілер

4 САБАҚТАН ТЫС СПОРТ-КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

1

Оқу жылының басталуына арналған

дене тәрбиесі мейрамын өткізу


Қыркүйек

Әкімшілік

ДТ мұғалімі

2

Спорт секцияларындағы,

үйірмелердегі жұмыстарды жүргізу

Жыл бойы

ДТ мұғалімі

3

Мектеп Спартакиадасын өткізу

Сәуір

Әкімшілік, ДТ мұғалімі

4

Аудандық жарыстарға қатысу

Жоспармен

ДТ мұғалімі

5

Спорттық жорықтар өткізу

Маусым

Әкімшілік,ДТ мұғ.

6

Президенттік сынама жарыстарына

дайындық және өткізу

Жыл бойы

Әкімшілік, ДТ мұғ.

5. ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

1

Дене тәрбиесі бұрышы, сыйлықтар

мен марапат қағаздар, жоғары

көрсеткіштер, «Мектепетің

үздік спортшылары» көрмелері


Қыркүйек


ДТ мұғалімі

2

Спорттық кештер, «спорттық

көңілді тапқыштар»,

«спорттық білгіштер»

сайыстарын өткізу

Қараша

Мамыр


Әкімшілік, ДТ мұғалімі

6. ДӘРІГЕРЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР:

1

Оқушыларды дәрігерлік тексеруден

өткізу, дәрігерлік топтарға бөлу

Қыркүйек

Дәрігер, әкімшілік,

ДТ мұғалімі

2

Арнайы дәрігерлік топтың

денсаулығын бақылау

Ай сайын

Дәрігер

3

Оқушыларды қорытынды дәрігерлік

қараудан өткізу

Мамыр

Дәрігер,әкімшілік,

ДТ мұғалімі

7. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

1

Спорттық құрал-жабдықтарды жөндеу

Жыл бойы

ДТ мұғалімі

2

Көрнекі құралдар дайындау

Жыл бойы

ДТ мұғалімі


Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.


5.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы


5.3.1. Дене тәрбиесі ұжымы жұмысының мазмұны және

оны ұйымдастыру


Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі ұжымдары жұмыс істеді, әлі де істеп жатыр. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері – мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі мұғалімдері.

Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге дене мәдениетіне, дене тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы, денсаулыққа байланыстылығынан. «Басты байлық – денсаулық», «Тәні саудың-жаны сау» дейді дана халқымыз. Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына мұғалімдер мен оқушыларды көбірек қатыстыру. Оларды тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту.Тұрақты жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді», -деген.

Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала жарыстарында жүлделі орындар алуы. Жүлделі орындар алу үшін, мектеп ұжымы директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.

Дене тәрбиесі ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі дене тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла атсалысады.

Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төрағаның орынбасары, хатшы сайланады. Дене тәрбиесі кеңесі жанынан бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын басқару кеңес мүшелеріне жүктеледі.

Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын, Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу, дайындау жұмыстарына жауапты.

Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын сынып және мектеп құрама командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған оқушыларды есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.

Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және тұрғылықты жерлерде оқушылармен сауықтыру-дене тәрбиесі, спорттық шаралар жұмыстарын ұйымдастыруға, қоғамдық спорт нұсқаушыларын, спорт төрешілерін, спорт ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.

Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын, мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс түрінде жүргізілуі керек). Комиссия әр түрлі көрнекі материалдар жинау арқылы мектептің дене тәрбиесі бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру дене тәрбиесі және салауатты өмір салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.

Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, стандарттық емес әр түрлі снарядтар жасау, спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс сақтау, жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Мектеп дене тәрбиесі ұжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша өз шешімдерімен басқа да комиссиялар құруына болады.


5.3.2. Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы


Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:

- мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдануына ұсыныс қағаз береді;

- дене тәрбиесі және спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар түсіреді;

- мектептің көпшілік жиындарында, спорт мерекелерінде спортшыларды, спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;

- дене тәрбиесі ұжымының «Құрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт жұмыстарының озаттарын жазады.


5.3.3. Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің

құқығы мен міндеттері


Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:

- спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында жаттығу, жарыстарға қатысу;

- дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;

- мектептің туристік, спорттық құрылыстарын,құрыл-жабдықтарын пайдалану.

Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:

- дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі білім алуды қатар ұштастыру;

- өзін тәрбие мен спорттық этика талаптарына сай ұстау;

- дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау, мәртебесін көтеру;

- өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын тапсыруға дайындық, орындау;

- өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша жаттығу, разряд нормаларын орындау;

- мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;

- мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын, құрама командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;

- дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;

- өз ағзасының дамуын бақылау және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.

Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының арасында, қоғамдық жерлерде, спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған, сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің, сыныптың құрама командасы мүшелерінен шығару.

Әр мектеп дене тәрбиесі ұжымының өз кеңесі бекіткен спорттық формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады.


5.4. Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары

Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:

1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.

2. Тоқсандық жоспар-кестесі.

3. Әр сабақтың жоспары.

4. Жоспар-конспект.

Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген (21- кесте).

Келесі беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген (21, 22, 23, 24-кестелер).Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер мектеп базаларына, мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.

Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына, мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.


5.5. Әр сабақтың жоспары

Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.

Дене тәрбиесі сабақтарының ... оқу жылына ... тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.

Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады (7-кесте):




7-кесте


р/с

Сабақ

Міндеттері

Сабақ бөлімдері

Ескертулер

Кіріспе

Негізгі

Қорытынды












Екінші нұсқада үлкен дәптердің бетіне сабақ нөмірлері қойылып рет-ретімен жазылады.

1-сабақ

1. Міндеттері

1. ____________________

2. ____________________

3. ____________________


2 Өткізілетін орын ____________________

3 Керек құрал-жабдықтар ______________


I. Кіріспе бөлім- 12 минут

1. Саптық жаттығулар.

2. Жүру жаттығулары.

3. Жүгіру жаттығулары.

4. ЖДДЖ.


II. Негізгі бөлім – 28 минут.

1. Жаттығу

- Негізгі жаттығулар.

- Дайындық жаттығулары.

- Жетекші жаттығулар.

2. Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары

3. Дене қасиетін дамыту жаттығулары.

III. Қорытынды бөлім – 5 м

1. Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.

2. Баға қою.

3. Үйге тапсырма.









8 – кесте – Дене тәрбиесі сабағының үлгі құрастырылған жылдық жоспар кестесі


Оқу

материалы,

спорт

түрлері


Сабақ

сандары

1-тоқсан,

27 сағат

2-тоқсан

21 сағат


3-тоқсан

30 сағат


4-тоқсан

24 сағат


Тоқсан

бойынша

сағат саны


қыркүйек


қазан


қараша

желтоқсан

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр



Сабақтың нөмірлері



1-27

28-48

49-78

79-102

т-н

сағат


Білім

негіздері

2























I

II

1

1

Жеңіл атлетика

30



















I, IV

15

15

Спорттық

ойындар

37



















I, II

III

IV

11; 5

12

9

Гимнастика

15



















II

15

Шаңғы дайындығы

18



















III

18

Барлық сағат

102

27 сағат


21 сағат


30 сағат


24 сағат




102











9-кесте «Бекітемін»

Мектеп директоры


1 сынып, 1 тоқсан


Оқу материалы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23


25

26

27

1.

Білім негіздері

1. Спорт залдағы

тәртіп ережелері

+

+

























2.

Саптық жатт-р

негізгі тұрыс: сап

түзеп тік тұру

Бір лекке,

қатарға тұру


+

ү


+

к


+

ж


+

ж


+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


+

+

















3.

Жалпы

даму жаттығулары

(ЖДЖ)

1. Аңдарды,

құстарды бейнелеу

жаттығулары

2. Әр түрлі спорт

түрінің

жаттығуларын бейнелеу

3. Дене

қыздыру жаттығулары

(6-8 жаттығу)










+








+








+








+








+




+




+




+



+





+


+





+





+





+


+





+


+




+


+







4.

Жүру – жүгіру

1. Аяқтың ұшымен

2. Аяқтың өкшесімен

3. Баяу жүгіріс

800-1000 м

4.Заттармен

әр түрлі эстафеталар

5. 30 м жүгіру

6. 4 минут

жүгіру жаттығулары


+








1



+







2





+





2






+




3








+


3










4










4


+



+







+






+







+








+


+





+




+





+






+








+


+


+



+




+






+










+


+












+







+







5.

Секіру жаттығулары

1. Екі аяқпен

орнынан биіктікке

2. Екі аяқпен

алға жылжып

3. Орнынан

екі аяқпен секіру







Ү







Қ







Ж







Ж







Б


Ү


Қ


Ж


Ж


Б




Ү






Қ




Ж




Ж




Б












6.

Доппен орын-тын

жат-лар

1. Допты қағып

алу және беру

2. Орында тұрып,

допты еденге соғу

3 - 4 м-ден

допты нысанаға

лақтыру




















Ү




Қ




Ж


Ү




Ж


Қ




Б


Ж






Ж



Ү






Б



Қ









Ж



7.

Ойындар

1-сын-р арасын-ғы

(«Ұлттық ойындар»)

























+



+



8.

Бақылау жатты-ры:




1.Жүгіру 30 м (сек)

2. Қайталап жүгіру

3х10 ( сек)

3. Орнынан

ұзындыққа секіру(см)

4. Кермеде тартылу

(ұ) саны

5. Аласа кермеде

тартылу

(қ) саны


Ұлдар


Қыздар

« 5 »


7,5


11,2




100


3

« 4 »


7,9


11,8




95


2

« 3»


8,1


12,1




85


1

« 5 »


7,5


11,2




100






8

« 4 »


7,9


11,8




95






6

10-кесте – Дене тәрбиесі пәні бойынша шаңғы дайындығының жоспары

5-сынып , III тоқсан


Оқу материалы

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64

65

66

67

68

69

70

71

72

73

74

75

76

77

78

1.

Жалпы даму

жаттығулары

1. Дене

қыздыру жаттығулары

2.Гимнастикалық

таяқпен жаттығулар

3.Нығыздалған

доппен жаттығулар

4.Серіктес

пен жаттығу





















+





+







+








+



+





+






+








+




+





+






+









+

2.

Шаңғы

дайындығы

1.Екі адымды

алмастырып жүру

2.Бір мезгілді

Бір адымды жүру

3.«Шыршамен» көтерілу беткейден төмен түсу,

«соқамен» тоқтау

4.Қашықтықты

2км жүріп өту

5.Қашықтықты бақылау сынағы 1 км


Ү


Қ


Ж

Ү


Б

Қ



Ж






1

+



Ж



Ү



1



Б



Қ



2






Ж



2

+






Ж



2






Ж



2

+






Б



2









2

+









2









2

+













+












Б

























3.

Спорт ойындары

Баскетбол

1.«Ирелеңдеп

жүру» допты

алып жүру

2. Допты жүгіре

екі қол мен

алып жүру

3. Допты торға

тастау

Волейбол

4.Допты астынан екі

қолмен қабылдау

5. Допты

жоғарыдан, төмен

екі қолмен алып,

беру

6.Допты тордан

асырып беру





























Ү







Ү


Қ







Қ


Ж







Ж


Ж

Ү






Ж

Ү


Б

Қ






Б

Қ



Ж







Ж




Ж

Ү






Ж

Ү



Б

Қ






Б

Қ




Ж







Ж




Ж







Ж




Б







Б





Б







Б































4.

Спорттық ойындар

1.Баскетбол

элем-мен

эстафеталық ойын

2.«Орамал тастау»

эстафеталық ойыны





















+




+




+





+


+





+


+


5.

Бақылау

Жаттығулары


Шаңғы жүрісінің

тех-н қабылдау

Шаңғы жүрісі

2 км

Баскетбол

ойынында

допты алып жүру

Допты серіктестен

жоғарыдан алу


Ұлдар Қыздар


«5»


Жат-у тех-н бағ


6.30


Жа-у тех-н бағ




Жат-у тех-н бағ

«4»


Жат-у тех-н бағ


7.00


Жат-у тех-н бағ




Жат-у тех-н бағ


«3»


Жат-у тех-н бағ

7.30


Жат-у тех-н бағ



Жат-у тех-н бағ

«5»


Жат-у тех-н бағ


7.00


Жат-у тех-н бағ




Жат-у тех-н бағ

«4»


Жат-у тех-н бағ


7.30


Жат-у тех-н бағ




Жат-у тех-н бағ

«3»


Жат-у тех-н бағ



8.00


Жат-у тех-н бағ




Жат-у тех-н бағ




1 кесте 11- сынып, IV тоқсан


Оқу материалы

79

80

81

82

83

84

85

86

87

88

89

90

91

92

93

94

95

96

97

98

99

100

101

102

1.

Білім негіздері

1. Салауатты өмір

салтының денсау-

лыққа әсері

2. Граната лақтыру

қауіпсіздік ережелері


+


+









+


+



+





+
















2.

Саптық жаттығулар

9-10 сыныптағы саптық

жаттығуларды

қайталау


+



+





+



+





+




+




+




+




+

3.

Жалпы даму жатты-ы

(ЖДЖ)

1. Гимнастикалық

қабырғадағы жаттығулар

2.Серіктеспен жаттығулар

3.Нығыздалған

доппен жаттығулар

4. Арнайы жүгіру,

секіру жаттығулары



+






+







+









+



+






+








+









+



+






+


+






+






+



+






+


+






+








+



+



+





+





+








+



+






+


+







+








+

4.

Жеңіл атлетика

1.Бес-жеті адым

жүгіріп келіп биіктіккке

секіру жаттығулары

2. «Төменгі сөре»

100 м жүгіру

3.Ұзындыққа секіру

жаттығулары

4. Граната лақтыру

жаттығулары 500 гр

(қ), 700 гр (ұ)

5. 2000-3000 м

жүгіру жаттығулары





















+


Ү


Қ










+


Ж




Ж

Ү



Б

Қ









+



Ж

Ү





Ж

Қ



Б

Ж








+




Ж

Ү




Ж

Қ





Б

Ж







+





Ж





Ж





Б

Б


5.

Спорттық ойындар

Баскетбол

1.Қалқаннан қайтқан

доп ұстауды меңгеру

2.Торға айып алаңынан

допты тастау

3. Қорғаныс тәсілдерін

және

шабуылды меңгеру

4. Екі жақты ойын

Волейбол

1. Бірінші алған допты

№ 3 Ойыншыға беру

2.Екінші допты

№ 4 Ойыншыға

беруді меңгеру

3. Шабуыл және

қорғану

жаттығуларын меңгеру

4. Екі жақты

ойын 6х 6




Ү










Ү



Қ









+

Қ



+



Ж


Ү








Ж


Ү




Ж


Қ


Ү


+




Ж

Қ

Ү

+



Б


Ж


Қ






Б

Ж

Қ





Ж


Ж


+





Ж

Ж

+







Ж


+






Ж

+







Б








Б




























Сынақ жаттығулары


1. Жүгіру 30 м

2. Қайталап жүгіру

3х10 м.

3. Нығыздалған

допты желкеден

лақтыру

4. Кермеде

тартылу (ұ),

кеудені көтеру (қ)






























Бақылау жаттығулары




1. Жүгіріп келіп биіктікке

секіру (см)

2. Жүгіріп келіп ұзындыққа

секіру (см)

3. Граната лақтыру 500гр (қ),

700 гр (ұ) (м)


4. Жүгіру 100 м (сек)


5. Жүгіру 2000 м қ (м)


3000 (ұ) (мин / сек)



Ұлдар Қыздар

«5»


135


460



38


13,8




13,00



«4»


130


420



32


14,5




15,00

«3»


120


370



26


15,0




16,0

«5»


123


3,65



23


16,00


10,00


«4»


118


350



18


16,3


11,30


«3»


105


310



12


17,0


12,30



6. МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН

БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ


6.1. Мектепте бақылау

және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру


Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс, жақсы ұйымдастыру, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгерімін бақылауға көмектеседі.

Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу.

1. Алдын ала есепке алу оқушылардың денсаулығын, дене дайындығын білу үшін қолданылады. Ол жұмыстар: оқушының жеке құжатымен танысу, ата-анамен әңгімелесу, дәрігерлік бақылау кездерінде дене тәрбиесі мұғалімінің қатысуы.Жыл басындағы алғашқы сабақтар кезінде оқушының оқуға дайындығын, дене қуаты деңгейін білу үшін әр түрлі сынақ жаттығулары алынады.

2.Негізгі есепке алу түрі – ағымдағы есеп. Бұл есеп кезінде жалпы дене тәрбиесі жұмысының жүргізілуі, оқушылардың сабаққа, спорт түрінен жаттықтыруларға қатысуы, оқу үлгерімі, жарыс нәтижелері бақыланып, есепке алынып отырылады. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын, ынтасын бақылайды, сабақ кездерінде баға қояды. Бапкер жаттығуға қатысуын белгілейді, жарыстарда орындаған нәтижелерін, разрядтарын бақылап, есепке алып отырады.

3. Қорытынды бақылау және есепке алу әрбір тоқсанның және жылдың аяғында жүргізіледі. Оқушыларға тоқсандық, жылдық баға қойылады, оқу жоспарының қалай орындалғаны тіркеледі, бақылауға алынады.

Есепке алу жүйесінде жоғарыда айтылған негізгі түрлерден басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады.

Негізгі есеп алу құжаты мектептің сынып жорналы болып есептеледі. Жорналда оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі, өтілген сабақ міндеттері, үй тапсырмасы жазылады. Жорналдағы оқушылардың фамилиясы тұсына тек қана сабақта жоқ болса «ж» әрпі және сабақтағы алған бағасы қойылады. Қазір біздің мемлекеттің жалпы білім беру мектептерінде пайдаланып жүрген сынып жорналының мазмұнымен және оны жұмыс барысында қалай толтыру керек екенімен танысайық.


12-кесте – Сынып жорналының сол жақ беті

Пәннің аты...


Оқушының тегі, аты

Айы, күні

1



2



3





13-кесте – Сынып жорналының оң жақ беті

Мұғалімнің тегі, аты-жөні...


Айы, күні

Сабақта не өтілді?

Үй тапсырмасы

Мұғалімнің ескертпесі








«Сабақта не өтілді?» бағанасына өтілген сабақ материалы қысқа, нақты түрде жазылады. «Үй тапсырмасы» бағанасына мұғалімнің үйде орындауға берген тапсырмалары жазылады. Олар: сабақта үйренген жаттығу техникасын қайталау, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын орындау, берілген теориялық мәліметтерді пысықтау түрлерінде болады. «Мұғалімнің ескертпесі» бағанасында жеке оқушыға ескертулер, олардың тәртібі, сабақ барысы туралы ескертулер жазылады.

Сынып жорналынан басқа мұғалімнің жұмыс дәптері болу керек. Онда оқушылардың дәрігерлік тобы, спорт түрлерінен тапсырған барлық сынақ және жаттығу техникасын орындау көрсеткіштері, оқушылардың жақсы көрсеткіштері т.б. мұғалімге керек мәліметтер жазылады.

Сынып жорналының ақырғы беттерінде дене тәрбиесі мұғалімі толтыруы керек беттер:


14-кесте – Президенттік сынама – тест тапсыру туралы мағлұматтар


Оқушының тегі, аты


Д.Ш. дайындық деңгейі

Белгі

түрі және

грамоталары

Президенттік тесті

тапсырған күні

Президенттік

деңгей

Ұлттық

деңгей

1





2





3






15-кесте – Оқушылардың дене дайындығының көрсеткіштері


Оқушылардың

тегі, аты

Медициналық топ

30-60-100 жүгіру

Оқу жылының басында

Қолының

күші


Орнынан

секіру

Нығыздалған

допты лақтыру

Тартылу


Дене

дайындығының

бағасы


сол


оң

ұлдар

қыздар

1











2













Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу, олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы белгілер қойылып отырылады. Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындалған тізімі, жоспардың орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы, Президенттік сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген жұмыстардың құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік. Сол құжаттардың тізімін, үлгі түрлерін төменде көрсетіп отырмыз.


6.2.Мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарының

тізімі

( Тізімдегі мынандай *_ белгімен белгіленген құжаттар

үлгісі келесі беттерде берілген)


I. ҚР үкіметі. Білім және ғылым министрлігі бекіткен дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының арнайы нормативтік құжаттары.

1. Дене тәрбиесі және спорт туралы заң (Sport 04.01.2000 ж).

2. Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011жж. Мемлекеттік бағдарламасы.

3. Дене тәрбиесінің стандарты. Авторлар: С.Т. Тайжанов, Ю.Г. Тілеуғалиев.

4. Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптарға арналған дене тәрбиесі бағдарламалары.

II Жоспарлау құжаттары.

1. Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.

2. Дене тәрбиесі сабағының жылдық жоспар-кестесі.

3. Тоқсандық жоспар-кестесі.

4. Әр сабақтық жоспар.

5. Жоспар-конспект.

6. Мектептің көпшілік спорт және сауықтыру жұмыстарының жылдық күнтізбелік жоспары. * Келесі 158 беттегі 1- үлгі түрі.


III Мектептің дене тәрбиесі ұжымының құжаттары.

1. Ережесі, құқықтары мен міндеттері.

2. Кеңес құрамы. * 2-үлгі түрі.

3. Отырыстарының жоспары. * 3-үлгі түрі.

4. Кеңес отырыстарының хаттамалары.

5. Оқу жылына арналған жоспары. *4-үлгі түрі.


3.1. Жалпы жұмыстар мен мәліметтер:

1. Сыныптардағы оқушылар туралы мәліметтер. *5-үлгі түрі.

2. Қоғамдық спорт нұсқаушылары, олардың жұмыс бағыттары.

* 6-үлгі түрі.

3. Спорт төрешілері.

4. Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі. * 8-үлгі түрі.


3.2. Спорттық жұмыстар мен жарыстар:

1. Мектепішілік жарыстардың хаттамалары.

2. Аудандық, қалалық жарыстардың хаттамалары.

3. Спорт түрілерінен жүргізілетін секциялар мен үйірмелердің құжаттары:

- мектептің спорт секциялары туралы мәліметтер. * 9-үлгі түрі;

- мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы мәліметтер. *10-үлгі түрі;

- жоспарлау құжаттары;

- жорналдары.


VI. Есепке алу құжаттары.

1. Әрбір сыныптың бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының көрсеткіштері. * 11-үлгі түрі.

2. Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс дәптері.* 12-үлгі түрі.

3. Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру жұмыстарының өткізуін есепке алу кестесі. *13-үлгі түрі.

4. Спорттық жарыстардың құжаттары:

- өткізілген жарыстардың толық құжаттары: мәлімдеме, сұраныс, хаттамалар, бас төрешінің есебі.

5. Мектеп құрама командасының аудан, қала жарыстарына қатысуы:

- қатысқаны туралы жалпы кесте. * 14-үлгі түрі;

- құжаттары.

6.Мектеп оқушыларының жарыстардағы үздік көрсеткіштері кітабы. * 15-үлгі түрі.

7. Спорттық дәреже (разрядтар), атақтар алған спортшылар тізімі. * 16-үлгі түрі.

8. Спорт төрешілерінің жарыстарға төрелік еткендігі туралы есептері.*17- үлгі түрі.

9.Президенттік сынама жұмыстарының құжаттары:

- мектеп директорының Президенттік сынама тапсыру комиссиясын бекіту туралы бұйрығы;

- Президенттік сынама көрсеткіштерін бағалау кестесі;

- 5,9,11 сынып оқушыларының сынақ түрлері мен нормалары;

- сынақтар және жарыс хаттамалары;

- Президенттік сынаманың қорытынды кестесі.

10. Оқу құралдары мен жабдықтарының есеп тізімі.

11. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізуге рұқсат берілгендігі туралы акт. * 18-үлгі түрі.

12. Спорттық снарядтардың тексеру сынағынан өткені туралы акт. *19-үлгі түрі.

13. Мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы туралы құжат. *20-үлгі түрі.

14. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау бойынша мектеп директорының бұйрығы. * 21-үлгі түрі.


VII. Дене тәрбиесі мен спортты көрнекі түрде насихаттау.

1. Президенттік сынама стенді.

2. Жоғары көрсеткіштер көрсеткен мектеп спортшылары стенді.

3. Дене тәрбиесі сабағының сынақ жаттығуларының нормалары стенді.

4. Салауатты өмір салты стенді.

5. Спорт түрлерінің қауіпсіздік шаралары стенді.


6.3. Үлгі түрінде берілген құжаттар кестесі

1-үлгі

Көпшілік-спорт және сауықтыру шараларының

жылдық күнтізбелік жоспары


р/с

Өткізілетін

шаралар

Өткізілетін

Уақыты

Қатысатын

спортшылар

Өткізуге

жауапты адам










2-үлгі


Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құрамы

200...- 200... оқу жылы


р/с

Тегі, аты, әкесінің аты



Жұмыс орны,

оқитын

сыныбы

Кеңестегі

орындайтын

жұмысы

Тұратын

мекен-жайы


1

2


Аяғанов Медет Асылұлы

Баянов Мұрат Датұлы

Мектеп директоры,

Дене тәрбиесі

Мұғалімі

Төраға

Төраға

орынбасары

Абай д., 15-24

Арай, 23-45



3-үлгі

Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің отырыстарының жоспары


Тоқсан

Айы, күні

Күн тәртібіндегі

негізгі мәселелер

Орындалғаны

туралы белгі

I

қыркүйек



қазан




II

қараша



желтоқсан



III

қаңтар



ақпан



наурыз



IV

сәуір



мамыр




4-үлгі


Дене тәрбиесі ұжымының ... оқу жылына арналған жоспары


р/с

Өткізілетін

шаралар

Өткізілетін уақыты

Өткізуге

жауапты адам

Орындалғаны

туралы белгі









5-үлгі

Сыныптар туралы жалпы мәліметтер ... оқу жылы


Сын-

ып

Оқушы-

лар саны

Оның

ішінде

Спорт

ұйым- дасты-

рушы

Жаттығатын мекемелер

мен топтар

Сабақтан

боса-тылған

Қыз-

дар

Ұл-дар



ЖДҚД

мектеп

секц.

спорт

мект.

спорт мект.

арн

мед.т















6-үлгі

Қоғамдық спорт нұсқаушылары


р/с

Аты-жөні

Оқитын сыныбы

Кеңестегі орындалатын

жұмысы

Тұратын

мекен-жайы,

телефоны

1. Волейбол спорты бойынша

1.

Халелов Алмас

11

Жаттықтыру жүргізеді

Шәкәрім, 20-5

21-14-45

2. Шаңғы спорты бойынша

2.

Абышов Думан

10

Мектеп құрама командасына

Жауапты

Абылай, 9-15

42-13-27

3. Гимнастика түрлері бойынша

3.

Акенов Азамат

10

Сабаққа дейінгі гимнастиканы

жүргізеді.

Шоқан, 2-44

26-10-95


7-үлгі

Қоғамдық спорт төрешілері


р/с

Аты-жөні

Оқитын

сыныбы

Қай спорт түрінен

Тұратын мекен-жайы,

телефоны

1.

Жеңісханов Әлібек

11

Волейбол, шаңғы

Сәкен, 13-19












8-үлгі

Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі


р/с

Аты-жөні



Сынып


Спорт түрі


Спорт

мектебі


Мекен-жайы,

телефоны









9-үлгі

Мектептің спорттық секциялары туралы мәліметтер ... оқу

жылы


р/с

Спорт түрі



Жаттығушылар

Саны

Жаттықтыру өткізеді

жаттықтырушы

нұсқаушы

















10-үлгі


Мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы

мәліметтер ... оқу жылы


р/с

ЖДД топтары

(жастарына байлан-ы

Жаттығушылар

Саны

Жаттықтыру өткізеді

жаттықтырушы

нұсқаушы





















11-үлгі

6.4. Үлгі түрінде берілген есепке алу құжаттары

Бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының

көрсеткіштері


р/с

Оқушының

аты-жөні

30 м

Жүгіру

3*10


Орнынан

ұзындыққа

секіру

6 мин

жүгіру

Допты

желкеден

алдыға

лақтыру

Қолдың

қысу

күші


Айы

IX

V

IX

V

IX

V

IX

V

IX

V

IX

V

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

12

13

14

15
















12- үлгі

Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс

дәптері

200... – 200... оқу жылы


р/с

Аты-жөні

Ұзындыққа

секіру

100 метрге

жүгіру

Ұ 2000

Қ 1000

Волей-

бол

Баскетбол


Жалпы



К-ш

баға

К-ш

баға


К


Б

БАҒА

БАҒА



1

2

А

Қ

1

2

А

Қ

А

Қ

А

Қ


































Ескерту: А - ағымдағы; Қ - қорытынды; К-ш – көрсеткіш; 1-тоқсан басында, 2-тоқсан аяғындағы көрсеткіш;



13-үлгі

Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру

шараларының өткізілуін есепке алу кестесі


р/с

Шаралар

Қатысқан

командалар

Қатысушылар

саны

Өткізілу

бағасы

Ескертулер




















14-үлгі


Мектеп құрама командасының … оқу жылында аудан,

қала жарыстарына қатысуы


р/с

Спорттық

жарыстар

Өткізілу

уақыты

Қатысқан командалар

Алған

орындар

Ескертулер








15-үлгі

Мектептің жоғары спорттық көрсеткіштерге жеткен

спортшылары

I. Жеңіл атлетика

р/с

Жоғарғы

спорттық

көрсеткіш

көрсеткен

оқушы


Жоғарғы

спорттық

көрсеткіш


Қашан, қай

жарыста

көрсетті?


Спорттық

разряды


Оқитын

сыныбы


Мекен-жайы,

телефоны










16-үлгі


II. Гимнастика

р/с

Жоғарғы

спорттық

көрсеткіш

көрсеткен

оқушы


Жоғарғы

спорттық

көрсеткіш


Қашан, қай

жарыста

көрсетті?


Спорттық

разряды


Оқитын

сыныбы


Мекен-жайы,

телефоны


17-үлгі



Спорттық дәреже (разрядтар) орындаған спортшылар тізімі


р/с

Аты-жөні

Сынып


Спорт

түрі

Спорт дәрежесі

Қашан, қай

жарыста

көрсетті

Мекен-жайы



































Пайдаланылған әдебиеттер

1.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030», Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан., Алматы. 2012ж.-140 бет

2. Антропова М.В. Оқушылар күн тәртібі, денсаулық және еңбек қаблеттілігі.-М.: Педагогика, 1984, 135-138 бет

3. Уманов Г.А. Біз және біздің балалар.- Жалын. Алматы, 1979ж-380бет














































МАЗМҰНЫ


1. БАСТАУЫШ, ОРТА, ЖОҒАРҒЫ СЫНЫПТАРДА ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛІ ТИПТЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ.....................................................................................................................................3

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі.....................................................................3

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының морфо-функционалдық және психологиялық ерекшеліктері..........................................................................................................3

1.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері.....................................................................................................................................5

2. Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесі ...............................................................................6

2.1.Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері...................................................6

2.2.Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.................................................6

2.3.Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері..............................................................................8 3.Жоғарғы сынып оқушылары дене тәрбиесі................................................................................9

3.1 Жоғарғы сынып оқушыларының дене тәрбиесініңміндеттері................................................9 3.2.Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері...........................................9

3.3. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері..............................................................................9

4. Әр түрлі мектептердегі дене тәрбиесі............................................... ........................................11 4.1. Аз комплектілі ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі.............................................................11

4.2. Мектеп-интернаттағы дене тәрбиесі.......................................................................................12

5. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.................................................................................................................................12

5.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.............................................................................12

5.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.................................12

5.3.Мектептің дене тәрбиесі ұжымы.............................................................................................15

5.3.1. Дене тәрбиесі ұжымының жұмысының мазмұны және оны ұйымдастыру...................15

5.3.2. Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы............................................................................16

5.3.3. Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы мен міндеттері.............................................16

5.4. Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары..................................................................................17

5.5. Әр сабақтың жоспары.............................................................................................................17

6. МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ...................................................................................................................................................296.1. Мектептегі бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.....................................29

6.2. Мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарыныңтізімі......................................30

6.3. Үлгі ретінде берілген құжаттар кестесі..................................................................................32 6.4. Үлгі ретінде берілген есепке алу құжаттары.......................................................................35

7. Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................................................................37









































Ж.Л. Садықова, М.Ш. Тұяқбаева, Е.Қ. Уанбаев

Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі (Әдістемелік құрал), 2012 ж. 83 бет.




Пікір жазғандар:


Амренова Г. Р. п.ғ.к., доцент

Кокебаева Р.С. – п.ғ.к., аға оқытушы

Бекмухамбетов Б.С. – п.ғ.к., ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы


Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған.











Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған























АЛҒЫ СӨЗ


Бұл «Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі» оқу кітабы «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша жоғарғы білімді мамандарды даярлау саласындағы мемлекеттік тілде жазылған, бірнеше рет өңделген алғашқы оқулықтардың бірі. 2000 ж. Алматы қаласының «Санат» баспасында Е. Қ.Уанбаевтың авторлығымен «Дене тәрбиесінің негіздері» атты оқу құралы, 2006 ж. Өскемен қаласының «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың баспасынан» Е.Қ. Уанбаев пен Ф. Ж. Уанбаеваның «Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі» атты оқу құралы басылып шыққан болатын. Бұл оқу құралы үшінші рет толықтырылып, өңделіп басылып шығарылып отырылған еңбек.

Кеңес заманы кезінде дене тәрбиесі мен спорт бағытындағы көптеген жұмыстар, соның ішінде арнайы орта және жоғарғы дәрежелі мамандар даярлау тек қана орыс тілінде жүргізілгендіктен барлық терминдер, ұғымдар, анықтамалар, саптық бұйрықтар мен нұсқаулар осы тілде дамыды. Орыс тілінде оқып, қазақ мектептеріне жұмыс істеуге барған дене тәрбиесі мамандары сабақ кезінде дене тәрбиесі және спортқа байланысты арнайы термин, ұғымдарды, арнайы сөздерді орыс тілінде, жай әрекеттерді түсіндіруді қазақ тілінде беріп, екі тілде араластыра сабақ беруге мәжбүр болды.

Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғарғы оқу орындарында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандары көптеп даярланып жатыр, басылып шығарылып жатқан оқу кітаптары да баршылық. Бірақ сол кітаптар әлі де жас мамандардың сұраныстарын толықтырмай отыр. Бұл оқу құралының қайта өңделіп басылып отырғаны да сол сұраныстарды қанағанттандыру қажеттігінен туындап отырған мәселе.

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған.

Оқу құралы екі бөлімнен тұрады:

1. Дене тәрбиесі және спорт ілімінің жалпы негіздері бөлімі.

Бұл бөлімде дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің алатын орны анықталып көрсетілген. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер, анықтамалар берілген, дене тәрбиесі амалдары мен әдістерінің заңдылықтарын, оларды дене тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану керектігі көрсетілген. Дене қасиеттері ұғымына терең түсіндірме берілген. Дене қасиеттері: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікке анықтамалар, олардың түрлері, дамыту әдістері, әдістемелері, жасқа байланысты даму ерекшеліктері жазылған.

2. Дене тәрбиесінің әдістемесі бөлімі. Бұл бөлімде әр түрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктері, заңдылықтары көрсетілген. Оқушылармен жүргізілетін дене тәрбиесі сабағының мазмұны, құрылымы, түрлері, ұйымдастыру әдістері, әдістемелері, оқыту, үйрету, жоспарлау жолдары берілген.

















ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ ІЛІМІНІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

1. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ІЛІМІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ


1.1. Дене тәрбиесі, оның бөлімдері


Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәнінің әлеуметтік орнын анықтау алдында біз одан да кең ұғымдарды зерттеп білуіміз қажет. Ол «дене тәрбиесі» деген ұғым.

Дене тәрбиесі – жалпы мәдениеттің бір саласы. Адамзат баласы жаратылғаннан бастап рухани дами келе, осы мәдениет салаларын өз қолымен жасап келе жатыр. Ал адамзат баласын, табиғатты, тау, өзен, көлдерді, жан-жануарларды Ұлы күш, Ұлы ақыл иесі жаратты. Адамзат баласына сана берді. Санасы, жаны, рухани жетілуі себепті адамзат баласы үйлер, сарайлар, керемет архитектуралары бар қалалар салды. Ғылымды игерді, космосқа ұшты, техниканы, экономиканы дамытты. Осының бәрін Адам өз қолымен жасаса, сол адамды мәдениеттендіріп, денесіне, санасына әсер етіп тұрған – дене тәрбиесі. Адамның денесін, бүкіл ағзасын жаттықтыратын, шынықтыратын, денсаулығын нығайтатын, қимыл-әрекетін әдемілендіретін, кеңістікте дұрыс, үйлесімді қозғалуға үйрететін, дене қуатын жетілдіріп, жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жеткізетін - дене тәрбиесі. Адам мәдениеттің барлық салаларын қолдан жасаса, оның денесіне, ағзасына әсер етіп, оны осы салаларды өркендетуіне мүмкіншілік, қуат, күш, денсаулық беріп отырған дене тәрбиесі болып табылады.

Дене тәрбиесі – адамдардың дене, мүсін сұлулығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Материалдық байлықтар – спорт сарайлары, стадиондар, бассейндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал- жабдықтар. Рухани байлықтар – дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми-зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар. Дене тәрбиесінің бағыттары – негізгі дене тәрбиесі, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене тәрбиесі, жеке басылық дене тәрбиесі.

Негізгі дене тәрбиесінің міндеттері - біріншіден, адамдардың өмірге керек қимылының ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерінің деңгейін дамыту; екіншіден, осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т.б.) қолдану. Негізгі дене тәрбиесі жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу-тәрбие мекемелеріндегі дене тәрбиесі сабақтарында, әр түрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі. Ол еліміздегі ересек адамдардың дене дайындығы деңгейін арттыруға, денсаулықтарын нығайтуға, жұмысқа ынтасын, төзімділігін дамытуға көмектеседі.

Дене тәрбиесінің бір саласы - спорт, бұл түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты – спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.

Қолданбалы дене тәрбиесі кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл-әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.

Сауықтыру дене тәрбиесі емдеу және денсаулықты нығайту дене тәрбиесі деп бөлінеді. Емдік дене тәрбиесінің мақсаты - адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Емдік дене тәрбиесі кабинеттері еліміздің емханаларында, ауруханаларында, спорттық, дәрігерлік мекемелерде жұмыс істейді. Дене тәрбиесі – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергектік сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары), күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттығу сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.

Жеке басылық дене тәрбиесі – адамның өз басының, дене тәрбиесі және спорт жаттығуларын, оның керектігін, мәнін, мағынасын түсініп, өзіне, маңайындағы адамдарға үйрете бастауы, оның осы салада білім, хабар көздерін іздеп, ол білімді өзінің, айналасындағы адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, спорт түрлерінің қозғалыстарын үйретуге, өмірге қажет қимыл шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға қолдануы.

1.2. Дене тәрбиесінің қызметтері


Дене тәрбиесі қызметтерін арнайы және жалпы дене тәрбиесі қызметтері деп екіге бөледі.

Арнайы дене тәрбиесі қызметтері:

- білімділік қызметі – қимыл-әрекетке үйрету арқылы, қимылдың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене тәрбиесі саласында теориялық білім беру;

- қолданбалы қызмет – келешек жұмысқа дайындау үшін қолданылатын арнаулы дене тәрбиесінің жүйесі;

- сауықтыру қызметі – дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалысты ұйымдастыру, адам ағзасының ауырып уақытша жоғалтқан қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына келтіру, денсаулықтарын нығайту.

Жалпы дене тәрбиесі қызметтері:

- нормативтік қызмет – адамның қимыл-әрекетін тиімді мөлшерлеуге үйрету бағдарламасы, Президенттік сынамалар және спорт классификациясы нормаларынан тұрады.

Жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, институттардың, университеттердің дене тәрбиесі бағдарламаларында әрбір сынып оқушыларына, әрбір курс студенттеріне арналған дене дайындығы деңгейін анықтайтын, бағалайтын сынақ нормалары бар.

Президенттік сынамаларға бүкіл Қазақстан мемлекетінің 12 жастан бастап егде жастағы адамдарға дейін арналған сынақ нормалары кіргізілген. Президенттік сынама нормаларын тапсыру арқылы Қазақстан Үкіметі халықтың жер-жерлердегі дене дайындығы деңгейін біліп отырады. Оның Отан қорғау және еңбек етуге адамдарды дайындауға үлкен әсері бар.

Спорттық классификация нормалары арқылы мемлекетімізде спорт түрлерінен разрядтар, атақтар беріледі.

1. Эстетикалық қызметі - адамның әсемдікке деген құштарлығын дене сымбаттылығы, әсем қимыл-қозғалыс арқылы қанағаттандыруы. Адамдар осы эстетикалық құштарлықтарын қанағаттандыру үшін спортпен шұғылданады, жарыстарды көруге барады. Дене сымбаттылығы, сұлулығын, әсем, әдемі қимыл-қозғалысты көру үшін атлетикалық, көркем, спорттық гимнастика, культуристер, конькимен мәнерлеп сырғанау және т.б. жарыстарды көреді.

2. Хабарлау қызметі - адамның денсаулығын сақтау, нығайту жолдарын, спорттық шеберлікті жетілдіру жолдарын, әр түрлі жарыстар өтілуін ақпараттық құралдар (газет-жорнал, теледидар, радио) арқылы халыққа хабарлау, тарату.

3. Қарым-қатынас қызметі – адамдардың бір-бірімен араласуы, өзара түсінісу жолдары. Спорт жаттығулары, дене тәрбиесі сабақтары, жарыстар адамдарды таныстырады, араластырады. Спортшының спорттық дәрежесі артқан сайын оның адамдармен араласу кеңістігі кеңи береді (аудан, облыс, республика, шетел).

4. Тәрбиелік қызметі – адамның адамгершілік, зейінділік, еңбек сүйгіштік, шыдамдылық, батылдылық, патриоттық қасиеттерін қалыптастырады.

Дене тәрбиесінің бағыттары, түрлері мен қызметтерінің тұжырымдалған жүйесінің тек танымдық қана емес, тәжірибелік маңызы зор. Ол көптеген әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың талабын қанағаттандыруға бағытталған. Дене тәрбиесінің мүмкіншіліктерін, оны қолдану жолдарын, амалдарын, әдістемелерін көрсетеді, оларды дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде қалай қолдану керек екендігін түсіндіреді.




1.3. Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәнінің

мазмұны мен құрылымы

Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәні – жоғары білімді дене тәрбиесі мен спорт мамандарын даярлайтын оқу пәндерінің ішіндегі негізгі пән болып табылады. Ол өз ілімінің мазмұны бойынша студенттерге теориялық және әдістемелік білім негіздерін береді.

Дене тәрбиесі және спорттың теориясы дегеніміз – ол ғылымның жалпы заңдылығының ішінде адам тәрбиесі жүйесіне кіретін дене тәрбиесі пәнінің педагогикалық ұйымдасқан үрдісінің мазмұны мен құрылысын анықтайтын ілім.

Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады.

Дене тәрбиесі ілімінің (теориясының) жалпы негіздері дене мәдениеті және спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі мен шұғылданатын адамдарға, әдістеріне, дене қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т.б. дене тәрбиесінде кездесетін әр түрлі мәселелерге терең ғылыми-теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесін қалай пайдалану керек екенін оқытады. Дене қасиеттері, ұғымы түсіндіріледі. Дене қасиеттері: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікке анықтамалар беріледі. Оларды дамыту әдістері, әдістемелері, жас ерекшелік дамулары туралы оқытылады.

Дене тәрбиесінің әдістемесі – әр түрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарларды ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педогогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.

Спорт теориясы мен әдістемесі – жаттығу өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әр түрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әр түрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.

Бұл пән – дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.

Қазіргі кезде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің дамуының негізгі көздері:

- денсаулығы мықты, Отанын қорғауға, еңбек етуге дайын адамдарды керек етуі;

- қоғамымыздың тәжірибе жұмыстары. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар, терең ойлар осы тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі, дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесін байыта түседі.

- Президенттің, Үкіметтің еліміздегі дене мәдениетінің орны, оны дамыту жолдары туралы қарарлары, үкімдері, заңдары;

- дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесінің, басқа ілімдер көлеміндегі ғылымдық зерттеулердің нәтижелері.

Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі өзінің даму жолында педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, анатомиялық ғылымдар мен қосыла отырып, олардың білімі мен тәрбиесін, жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу, денсаулықтарын нығайту жолдарында тиімді пайдаланып отырады.

Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесіне гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, спорттық ойындар т.б спорттық-педагогикалық пәндер өте жақын, олар теория зерттеген жалпы заңдылықтарға сүйенеді. Ал осы пәндерден алынған нақты нәтижелер дене тәрбиесінің теориясы мен әдістеме пәніне негіз болып табылады.



    1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар


Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатын қалыпқа келтіру», «Денені тынықтыру», «Дене дайындығы», «Дененің жетілуі», «Дене туралы білім», «Дене дамуы».

Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.

Дене тәрбиесі сабағында біз жаттығушыларды, біріншіден, өмірге қажетті қимыл-әрекетке қозғалысқа үйретеміз. Ол - әрбір спорт түрлері жаттығуларының техникалары, жүгіру, секіру, лақтыру т.б. кеңістіктегі қозғалыс жаттығулары. Екіншіден, жаттығушылардың дене қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділіктерін дамытамыз. Үшіншіден, дене тәрбиесі мен спорт саласына қатысты әр түрлі теориялық білім береміз.

Дене дайындығы дегеніміз – әр түрлі әрекеттердің (әскери, спорт, өнеркәсіп) талабына сай дамытылған дене қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.

Ол жалпы және арнайы дене дайындығы деп бөлінеді.

Жалпы дене дайындығы – жалпы әр түрлі және бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

Жалпы дене дайындығы – жалпы әр түрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

Арнайы дене дайындығы дегеніміз - арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

Дене қуатының дамуы – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әр түрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.

Спорт дегеніміз – әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге бағытталған өнер түрі. Спорт көпшілік спорты және жоғарғы жетістіктер спорты деп екіге бөлінеді. Жоғары жетістіктер спорты – жоғарғы көрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордшылар спорты. Көпшілік спорты - барлық адамдар қатыса алатын, қатысулар санына шек қойылмайтын спорт түрі. Мысалы, көп адамдар қатысатын кросс, шаңғы жарыстары т.б. Жоғары жетістіктер спорты: әуесқой және кәсіпқой спорт деп бөлінеді. Әуесқой спортшылар бір жерде жұмыс істеп, не оқып жүріп бос уақыттарында спорт түрлерімен айналысу арқылы бір жағынан жетістіктер, жоғары көрсеткіштер көрсету болса, екінші жағынан жұмыс түрі, олар күні бойы жаттығады, сол үшін ақша алады.

Денені тынықтыру – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.

Денені қалыпқа келтіру – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедуралары арқылы емдеу, қалпына келтіру.

Денені жетілдіру – адамның дене қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғарғы деңгейге жеткізу.

Дене туралы білім – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.









2. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ


2.1. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері


Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:

1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.

2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады.

3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.

2.2. Дене тәрбиесінің бұрынғы жүйелеріне тарихи шолу


Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) VI-V ғғ. Қазіргі Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз – сақтардың кезінде өз заманына сай дене тәрбиесі жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбиесі жүйесінің негізі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып, негізгі кәсіптері мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан отбасын, елін, жерін қорғау үшін өте сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болуы керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті сайыс жаттығуларын үйреніп, меңгере бастаған. Он үш жаста «отау иесі» болатын боз балалар, ер қаруы бес қаруды еркін меңгерген. Сол кездердегі сақ жауынгерлерінің шабуыл жасайтын қарулары – айбалта, қылыш; соғатын қарулары – қалқан, сауыт, дулыға, тізелерін, аяқтарын қорғайтын қалқаншалар болған. Осы аты аталған қару-жарақаттарды соғыста пайдалану, оларды өте жетік меңгеру үшін сақ жауынгерлері өте көп жаттыққан. Садақ ату, найзамен, ақинақпен сұғу, қылышпен, айбалтамен шабу, шоқпармен соғу жаттығулары көп рет, әр түрлі жағдайларда қайталана орындалған. Жаудың қаруларынан жалтару, қалқанды тосу, сақтандыру жаттығулары жетілдірілген. Осы қаруды қолдану жаттығулары жерде, ат үстінде, атты тізгінін ұстап басқару кезінде орындалған. Соғыс жағдайына жақындатылған жағдайда шауып келе жатып қарулар қолдану, бірнеше адамдардан қорғану, шабуыл жасау жаттығулары сайыс түрінде орындалған.

Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің «спартандық», «афиндық» дене тәрбиесі жүйелері болғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері де ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан. Сақ патшайымы Томирис пен оның құрған «Шығыс амазонкалары» әйелдер әскер бөлімі, «Бабыл» Византия патшасы Кирмен соғыстың шешуші кезеңіндегі жеңісте өте үлкен рөл атқарғаны тарихта белгілі.

БДД II ғ. Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Қылмыс жасап, тәртіп бұзған, ұрлық жасаған адамдардың беттері тілініп, жазаланған. Ғұндар ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде ауысып, теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп түсіп, қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу, жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген. Осы кездегі Еуропа цирктеріндегі ат үсті жаттығуларын ғұн дене тәрбиесі жүйесінен алынған деген цирк өнерін зерттеушілердің дәлелдері бар.

Шыңғысхан құрған «Мың қол» империясы кезінде (XIII-XII) әскери - дене тәрбиесі жүйесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам, атымен, қару-жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде «Ерлердің үш ойыны» дене тәрбиесі жүйесі болды. Ол – күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.

Әмір Темір билігі кезінде (XI ) жеке сайыс, шахмат (шатрантаж) өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.

XV ғ. бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене тәрбиесі жүйесі ұлттық ойындарды және әскери-жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Сол кезеңде қазақ арасында батырлар, палуандар, шабандоздар, сал-серілер, ақындар қадірлі болды. Қазақтың ұлттық ойындары – ат бәйгесі, жорға жарыс, күрес дамыды. Ат үсті ойындары – көкпар, аударыспақ, күміс алу, қыз қуу, шауып келе жатып жамбы ату, ат үсті әр түрлі жаттығуларын орындау (ат үстінде тік тұра, теріс отыра, ат бауырынан өте, жерге түсе қайта шыға шабу) өнерлері дамыды. Жәрмеңкелерде, ас беруде, үйлену, сүндет т.б. той-жиындарда осы спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталып отырылды. Ол жеңімпаздар халық арасында аттары аталып, аңыз-әңгімелеріне арқау болып, ақындардың өлең-жырларында айтылып, өте жоғары сый-сияпатқа бөленді.

Қазақ хандығының дене тәрбиесі жаттығулары жүйесі тек қана жарыс сипатында ғана емес, күнделікті тіршіліктерінде де жетілдіріліп отырылды. Күнделікті атқа отыру барысында орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын бие байлау, бұғалық тастап құлын ұстау, жүгіріп малдарды жаю, мал қайыру, мал ұстау, аңға шығу, тауда, жазықта жүгіру, кешке ойналатын әр түрлі қазақтың ойындары (ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан тебу т.б. ойындар), қолдары босағанда күреспен айналысу, садақ ату, қару-жарақ түрлері жаттығуларын меңгеру жастарды шынықтырады, батырлыққа, батылдыққа тәрбиелейді, дене қасиеттерін жетілдіреді. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан-байтақ жерді сақтап қалғаны, өздеріндей саны бар, тұрақты әскері бар, темірдей тәртібі бар, бір орталыққа бағынған жоңғар әскерін, жоңғар елін жеңуі.

XVIII-XIX ғғ. Ресей патшалығына қосылған кезеңдерде қазақ жеріндегі дене тәрбиесі орыс дене тәрбиесі арқылы түрленіп, күрделілене түсті. Ресей мемлекетінің дене тәрбиесінің негізін қалаған П.Ф. Лесгафт он алты Еуропа елдерін аралап, дүниежүзі дене тәрбиесі мен спорт жүйелерін орыс жеріне әкелсе, енді сол классикалық спорт түрлері, дене тәрбиесі жүйелері орыстар арқылы қазақ жеріне тарады.

XX ғ. Кеңес дәуірінің де өзіне тән ерекше социалистік дене тәрбиесі жүйесі болды. Оның бір ерекшелігі дене тәрбиесі және спорт түрлерімен айналысу тегін, коммерцияланбаған болды. Барлық спорттық құрылыстар, құрал-жабдықтар мемлекет қарауында, иелігінде жұмыс істеді. Жұмысшы, шаруа, студент, оқушы, барлық адамдарға спорттық құрлыстардың есігі ашық тұрды. Кеңес Одағының спортшылары соның арқасында Олимпиада ойындарында, халықаралық жарыстарда басқа мемлекеттің спортшыларын ұтып, тұрақты жеңімпаздар қатарында болды.

Қазақстан Республикасы егемендігін алып жеке дербес мемлекет болғалы он тоғыз жылда өз Конституциясы, Ата заңы шығарылып, өзіне тән дене тәрбиесі жүйесі дамыды.

2.3. Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі жүйесінің негіздері

Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.

Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізі - дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске керектігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі – адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.

Заң-құқықтық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.

Еліміз егемендігін алған кезеңнен бері дене тәрбиесі мен спортты дамыту туралы көптеген заңдар, қарарлар қабылданды. Олар:

1. Қазақстан Республикасының 1999 жылы шілде айының 6-жұлдызында қабылданған № 389 – 1 «Білім туралы» заңы.

2. Қазақстан Үкіметінің 1999 жылы желтоқсан айының 2-жұлдызында қабылданған «Дене шынықтыру және спорт» туралы заңы.

3. «Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2005-2011 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы».

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №148 бұйрығымен 11.03.2003 ж. бекітілген «Дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы».

Дене тәрбиесі жүйесі ғылыми-әдістемелік негізде құрылады. Оның барлық теориялық және іс-тәжірибиелік жұмыстары ғылыми түрде негізделген.

Дене тәрбиесі жүйесінің құрылу және даму заңдылықтарын қоғамдық, педогогикалық-психологиялық, әдістемелік-биологиялық ілімдер (дене мәдениеті тарихы, әлеуметтік спорт, гигиена, физиология, спорттық медицина т.б.), спорттық-педагогикалық пәндер (жеңіл атлетика, шаңғы спорты, гимнастика т.б.) зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні алады.

Дене тәрбиесі жүйесінің бағдарлама-нормативтік негізіне жататындар:

1. Дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы.

2. Президенттік сынама.

3. Мемлекеттік спорттық классификация.

Дене тәрбиесінің мемелекеттік бағдарламасы барлық оқу-тәрбие орындарында: бала бақшаларда, жалпы білім беру мектептерінде, жоғарғы оқу орындарында, Республика Қарулы Күштерінде, т.б. оқу орындарында болады. Бұл бағдарламада дене тәрбиесінің амалдары, жүргізілуі тиіс керек спорт түрлері, оның негізгі жаттығулары, сынақ түрлері, қалай жұмыс істеу жолдары көрсетілген.

Дене тәрбиесі мен спорт қозғалысында Президенттік сынаманың маңызы өте зор. «Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы» Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысымен қабылданды.

Президенттік сынама - бақылау нормалары арқылы халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке дене дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын, әр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.

Президенттік сынамаларда халықтың дене даярлығын – күштілікті, шыдамдылықты, ептілікті, жылдамдықты көрсететін жеті сынақ түрі қамтылған.

12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене даярлығының екі деңгейінен, яки Президенттік және ұлттық деңгейінен тұрады.

1. Президенттік деңгейі жан-жақты дене қуаты даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.

2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша спорттық секцияларда, топтарда, командаларда, дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған.

23 жастан асқан адамдар үшін олардың денсаулық деңгейін анықтайтын Президенттік сынама сынақтары ретінде, адам организмі қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тәсілі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1,5 мильге (2400 м) жүгіру сынағы енгізілген.

Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11-сыныптарында, кәсіби-техникалық лицейлердің, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының соңғы курсына барар жылы өткізіледі.

Еңбекші жастар үшін сынақтар жас ерекшеліктеріне байланысты өткізіледі.

Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты бар, спортпен арнайы немесе өз бетінше айналысып жүрген адамдар жіберіледі.

Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық, аудандық, облыстық білім басқармасының дене тәрбиесі бөлімі, туризм және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сәйкес әр оқу орнының, кәсіпорынның дене тәрбиесі мұғалімдерінен, жаттықтырушыларынан, спорт нұсқаушыларынан құрылған төрешілер алқасы өткізеді.

Президенттік сынамаларды республикада, облыстарда, аудандарда, қалаларда орындау жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт басқармалары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дене тәрбиесі орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

Президенттік сынамалар бойынша жарысты ұйымдастыру жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби-техникалық мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындары мен кәсіпорындарда - әкімшілікке жүктелген.

Президенттік сынамалар бойынша негізгі практикалық жұмыстарды орындау оқу орындарында дене тәрбиесі мұғалімдеріне, медициналық қызметкерлерге, ал кәсіпорындар мен ұйымдарда спорт мамандарына, спорт жөніндегі нұсқаушыларға, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге жүктелген.

Президенттік сынамаларға кіргізілген сынақтардың түрлері: 60, 100,1000, 2000, 3000 метрге, 1,5 мильге (2400 м ) жүгіру, тұрған орнынан ұзындыққа секіру, биік белтемірге (турникке) тартылу, шалқалап жатқан қалыптан кеудені көтеру, мылтық ату, шаңғымен жүгіру, қол добын лақтыру.

Тағы да маңызды нормативтік негіз – спорт классификациясы. Республикалық спорт классификациясы дегеніміз – спорттың әр түрінен жасөспірімдер разрядынан бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беру тәртібі, нормалары, ережелері. Ол спортта жоғары жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жұмысын жетілдіруге, балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық спорт мектептерінің, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарының, спорт қоғамдарының жұмысын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан спортының дамуына негіз қалайды. Спорттық классификация КСРО-да 1935 ж. қабылданды. Одан кейінгі жылдары спорттың даму деңгейіне байланысты өзгертіліп отырылды. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, тәуелсіздік алуына байланысты, қазір елімізде классификация мазмұны мен құрылымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріліп келеді.

Дене тәрбиесі жүйесі Республикамызда мемлекеттік, қоғамдық және жеке дербес негізде ұйымдастырылады.

Мемлекеттік ұйымдастыру түрі Қазақстан Республикасының мемлекеті деңгейінде қаржыландыруымен, жауапты министрліктердің қатысуымен орындалады. Республикамызда дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын басқарып, бағыт беріп отыратын арнаулы мемлекеттік екі министрлік бар. Бірі – Қазақстан үкіметінің Туризм және спорт министрлігі. Бұл министрлікке республикалық спорт мекемелері, ұлттық ғылыми іс-тәжірибелік орталығы, облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармалары, спорт мектептері, спорт интернаттары бағынады. Бұл министрлік негізінен жоғары жетістіктер спорты мәселелерімен айналысады. Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар өткізу, спортшыларды сол жарыстарға дайындап, қаржыландыру – осы министрлік, мекеме басқармаларының міндеті. Мемлекетіміздегі Ұлттық Олимпиада Комитетімен бірігіп еліміздің құрама командасын төрт жылда бір болатын Азия ойындары мен Олимпиада ойындарына дайындау, қатысу да осы министрлік басқармаларының, мекемелерінің жұмысы.

Екінші, дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарына жауап беретін министрлік – Білім және ғылым министрлігі. Бұл министрліктің қарауындағы облыстық, қалалық, аудандық білім басқармалары, балалар, оқушылар, студенттер арасында мектептерде, колледждерде, институттар мен университеттерде жүргізілетін дене тәрбиесі сабақтары мен барлық спорттық жұмыстарға жауап береді. Дене тәрбиесі сабақтары мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында және басқа да мемлекеттік, қоғамдық мекемелерде ұйымдастырылады. Сабақ мемлекеттік бағдарлама, ресми кесте бойынша жүргізіледі. Ол үшін арнайы уақыт белгіленіп, қаржыландыру мәселесі шешіліп, материалдық база жасалады. Дене тәрбиесі сабақтары мен спорт түрлерінен жаттығуларды, жарыстарды, басқа да көпшілік спорт жұмыстарын арнайы мамандандырылған мұғалімдер, оқытушылар, сондай-ақ кәсіби жаттықтырушылар, нұсқаушылар жүргізеді.

Қоғамдық ұйымдастыру барлық жастағы адамдарды дене тәрбиесі мен неғұрлым көбірек қамтуға бағытталған. Елімізде көптеген ерікті спорт қоғамдары жұмыс істейді. Ол ерікті спорт қоғамдарында қоғам мүшелері өздерінің қосатын жарналары мөлшерін белгілеп, басқаратын адамдарын жиналыс негізінде сайлайды. Қоғамдық ұйымдастыру түрінің ең бастапқы ұйымы – спорт клубы. Бұл ерікті спорт қоғамдары Кеңес дәуірінен келе жатқан ерікті спорттық қозғалыс түрі. Ол кезеңде республикамызда ауыл-село ерікті спорт қоғамы «Қайрат», студент жастар қоғамы «Буревестник», т.б. әрбір шаруашылық салаларының ерікті спорт қоғамдары болған. Қазіргі кезде де осындай қоғамдық спорт қоғамдары жандана бастады. Мысалы, Ішкі істер министрлігі қызметкерлері үшін құрылған «Динамо» ерікті спорт қоғамы жұмыс істейді, жалпы білім беретін мектептерде, арнайы орта оқу орындарында оқушылардың ерікті спорт қоғамы «Жастар», ауылдық жерлерде спорт жұмыстарын ұйымдастыратын «Жігер» құрыла бастады.

Кейінгі жылдары жеке, дербес жаттығу түрінің маңызы артты. Жер-жерлерде жеке меншікті өзін-өзі қаржыландырған клубтар, тренажер залдары, боулинг, аэробика, шейпинг т.б. денсаулық нығайту, спорт жаттығулары арқылы халықтың көңілін көтеру, сауықтыру кешендері жұмыс істей бастады. Денсаулықты сақтауға бағытталған көптеген қозғалыстар, клубтар пайда болды. Бұл – жеке, дербес жаттықтыру түрінің ерекшелігі, мекемелердің өзін-өздері қаржыландыруларында, жеке меншік түрі екенінде. Жеке адамдардың бір ғимаратты, спорт зал, бассейнді жеке меншігіне сатып алып, сол жерде өз мүмкіншілігі бойынша қаржыландырып, спорт түрлерінен жаттықтыру жұмыстарын ұйымдастыруы. Жеке меншік түрі өзін-өзі қаржыландыратын болғандықтан ол жаттығулар міндетті түрде ақылы болады. Жеке жаттығу ұйымдары әрбір адамға ұнайтын спорттың түрімен әр түрлі, белгіленген уақытта айналысуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік, қоғамдық және дербес спорттық ұйымдар бірін-бірі толықтырып отырады.

Дене тәрбиесі жүйесінің жұмыс істеу жағдайы материалдық база мен мамандарға көп байланысты. Дене тәрбиесі мамандарын Алматыдағы Спорт және туризм академиясы, еліміздегі жоғарғы оқу орындарындағы университеттер мен педагогикалық институттардағы дене тәрбиесі факультеттері, көптеген арнаулы орта оқу орындарында, колледждерде дайындайды. Арнаулы курстар мен семинарларда қоғамдық кадрлар (спорт төрешілері мен нұсқаушылары, жаттықтырушылар) білім алады. Жоғары, орта білімді мамандардың әрбір бес жыл жұмыс істеген мезгілі толған сайын еліміздегі білім көтеру институттары ол мамандардың білімдерін толықтыру, жаңалықтармен таныстыру, білім деңгейлерін жоғарылату курстарын өткізіп тұрады. Қазіргі кезде дене тәрбиесі жүйесінің материалдық-техникалық базасы нығайып келеді.

2.4. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары

Дене тәрбиесі жүйесінің үш бағыты бар:

1. Жалпы дене дайындығы.

2. Кәсіптік-қолданбалы дайындық.

3. Спорттық дайындық.

Жалпы дене дайындығы бағыты денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене дайындығына әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары, табиғаттың табиғи күші және санитарлық-гигиеналық факторлары жатады.

Кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы дегеніміз – еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындығы тәсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.

Адамның өзі қалаған спорт түрінен биік жетістіктерге жету жолындағы жаттығуларын, ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.

2.5. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары

Қағида – бір негізгі мәселенің түпкі, бастапқы қалпы, қандай да бір теория ілімінің, жүйелердің даму заңдылығы. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларына мыналар жатады:

1. Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы.

2. Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесімі.

3. Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы.

Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы дене тәрбиесі жүйесінде екі бағытқа бөлінген: а) дене тәрбиесінің басқа еңбек, ақыл-ой, өнегелік, эстетикалық тәрбиелермен тығыз байланыса отырып, жастарды өнегелікке, тәртіптілікке баулу, зейінділікке, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру, адамның көркемдік-әсемдік танымына көп әсерін тигізу; ә) дене тәрбиесінің әр түрлілігі. Жалпы және арнайы дене дайындығы, дене қасиеттерін дамыту, қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру сияқты дене тәрбиесі үрдісінің әр түрлілігі спортшыларды, жаттығушыларды қызықтырады. Адамның жан-жақты дамуы үшін қимыл шеберлігін меңгерумен бірге барлық дене қасиеттерін дамытуға ұмтылдырады.

Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесуі дене тәрбиесінің жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға баулитын қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Қазіргі таңдағы азаматтық және әскери мамандық адамның дене қуатының жетілуін талап етеді. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу адамның денсаулығын нығайтып, кең көлемде қимыл ептілігі мен дағысын меңгеруге көмектеседі, жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысқан адамдар игеру кезеңінде, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда 1,5-2 есе аз уақыт жұмсайды.

Дене дайындығына, әсіресе, әскерде үлкен мән беріледі. Сарбаздың жауынгерлік қабілеттілігі – оның жылдам жүгіретініне, төтенше жағдайға бейімділігіне, әскери мамандықты тез меңгеруіне т.б. байланысты. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық училищелерде, арнаулы білім беру орындарында жеткіншектерді әскер қатарына шақыруға дейін дайындаған жөн. Әскери мамандықты жақсы игеру үшін жас кезден бастап ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа т.б. тәрбиелеу керек.

Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, сабақтары адам денсаулығын нығайтуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижелілігі олардың көлемі мен жаттығудың орындау қарқынына байланысты. Оқытушы өсіп келе жатқан жасөспірім ағзасының биологиялық заңдылықтарын, адамның жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педогогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті жұмыс істей алады.






3. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ АМАЛДАРЫ

Адамдарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу, спорт түрлерімен жаттықтыру, денсаулықтарын нығайту кездерінде төмендегідей дене тәрбиесі амалдары қолданылады:

1. Дене тәрбиесі жаттығулары.

2. Табиғаттың табиғи күші.

3. Гигиеналық тазалық факторлары.

Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды.Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша тәсілдері – бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады.


3.1. Дене тәрбиесі жаттығулары


Арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған, көп рет қайталанған адамның қимылын, әрекетін дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек дене тәрбиесі міндеттерін шешуге бағытталып, педагогикалық заңдылықтарға бағынған қимыл-қозғалыстар ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Дене тәрбиесі міндеттері – жаттығуды орындауды үйрену, жетілдіру, күшті, жылдамдықты дамыту т.с.с. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек, тұрмыс-қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалдың бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркәсіп заңдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес, оның бір ғана негізгі элементі. Дене тәрбиесі жаттығулары – көп рет қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланып жүрген дене тәрбиесі жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны да әр түрлі. Дене тәрбиесі жаттығуы негізіне қимыл-қозғалыстармен бірге, адам ағзасында жаттығу жасалып жатқан кезде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай әсер еткенін көрсететін үрдістер де кіреді.

Бұл әр түрлі күрделі үрдісті біз мынадай тұрғыда қарастырамыз: психологиялық (сезім, ойлау, әрекетінің өзгерістері); физиологиялық (ағзаның белсенді жұмыс істеу деңгейі, өсуі, қан айналымы, тыныс алу жүйесінің жақсаруы); биохимиялық (қимылды энергиямен қамтамасыз ету, шөгінділер шығару); педагогикалық (білім беру, тәрбиелеу міндеттерінің орындалуы т.б.).

Дене тәрбиесі жаттығуларының түрі олардың сыртқы және ішкі құрылысын көрсетеді (құрылымы, ұйымдастырылуы). Дене тәрбиесі жаттығуларының ішкі құрылысын қарасақ, жаттығу кезінде ағзаның әр түрлі жұмыс істеу үрдістері бір-бірімен бірігіп, ұйымдаса қимылдап жатады (моторлық және вегетативтік қызмет). Мысалы, жүгіру кезінде штанга көтеруге қарағанда ағзадағы вегетативтік жүйе басқадай болып өзгереді.

Жаттығулардың сыртқы түрі – ол көрініп тұрған жағы, адамның кеңістіктегі қозғалысын, уақытын, қозғалыс шамасын көрсетеді. Жаттығулардың түрі мен құрылымы бір-біріне байланысты. Белгілі бір жаттығуды дұрыс орындау үшін құрылысын өзгертсек, оның формасы, түр қозғалысы да өзгереді (мысалы, жүгіргенде артатын күш пен шыдамдылық қозғалыс амплитудасына да әсерін тигізеді т.б.).

Жаттығулардың жаттықтыратын әсері күш кезеңі арқылы орындалады.

Тез әсер етуі. Жаттығу жасап жатқан кезде ағзаның функционалдық жұмыс істеу өзгерістері айқын көріне бастайды. Бұлшық еттердің көлемі үлкейді, жүрек соғу, тыныс алу жиіленеді, ағза қызынады, қызарады, терлейді т.с.с.

Із қалдыруы. Жаттығу орындалып біткен соң қимыл-әрекетімен пайда болған құбылыс іздері ағзада жоғалмайды, бірталай уақыт сақталып қалады, шамамен бір, бір жарым тәуліктен артық. Адамның денесі қызып, қимыл-қозғалысы ширақ болады, асқа тәбеті жақсарады және т.б. Бұрын жаттықпаған адамдардың бұлшық еттері ауырып, дел-сал болып жүреді.

Бейімделу әсері. Егер қимыл-әрекет алдыңғы қимыл-әрекеттің әсері сақталынып тұрған кезде қайталанса, мұндай қабаттасу адамды осы қимыл-әрекетке белсенді бейімдейді. Егер ол апта, айларға созылып жаттыға берсе барлық дене мүшелерінің қызметі жақсарады, денсаулық нығаяды, дене қуаты қасиеттерінің жұмысқа біліктілігі жоғарылайды, қимыл шеберлігі пайда болады. Адам жаттығу уақыты келгенде ширығып, белсенділеніп, жаттыққысы келіп тұрады.


3.2. Дене тәрбиесі жаттығуларының техникасы


Кез келген жаттығудың екі түрлі техникасын, тәсілін дұрыс немесе тәсілсіз, қате орындауға болады. Жаттығудың тәсіл техникасы дегеніміз не? Қимыл-әрекетті тиімді жолмен орындау - жаттығудың тәсілі, техникасы деп аталады. Тиімділік дегеніміз – жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (мысалы, күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықтыру) және әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру жаттығуының техникасын дұрыс орындау кезінде барынша алысқа секіру).

Жаттығуды орындау техникасы әрқашан да дамып отырады. Ескі тәсілдер орнына жаңа, тиімді тәсіл, жаттығуды орындау техникасы келеді. Бұл құбылыс жаттығуды орындаудың жетілген жолын үздіксіз ізденуге, үйрену әдістемесінің кемеліне келуіне, осы арқылы күрделі, тиімді жаттығуларды орындауға қол жеткізеді. Спорт дайындығының деңгейіне қойылатын өскелең талап, жаңа жетілдірілген спорт құрал-жабдықтарының пайда болуы, ескі тәсілдің орындалуының өзгеруі, жаңа жетілген жаттығу техникаларының пайда болуы. Мысалы, жүгіріп келіп биіктікке секіру техникасын алсақ, ерте кезде аяқты кезекпен қайшылап секірсе, келе-келе қырымен келіп аунап секіру, ал қазіргі кезде арқаны бере аунап секіру техникалары өмірге келді. Әрбір техника түрі ауысқан сайын биіктік кергісі де, әлемдік рекордтар да жоғарылай береді.

Дене тәрбиесі жаттығуларының эталондық орындау тәртіптері бар. Бірақ әрбір спортшы өзінің дене күшінің мүмкіндігін, психоқимылдық қабілетін ескере отырып, өзіне ғана тән техника қолданады. Жаттығулардың техникасының өзіне тән бөлімі, бөлшегі болады. Жаттығу техникасының негізі – спортшының толық жаттығу орындаған қозғалыс суретінен тұрады. Мысалы, жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді алсақ, ол екпіндеп жүгіру, серпін жасау, ұшу, жерге түсу секілді техника бөлшектеріне бөлінеді. Қозғалысты орындау кезінде ең керекті шешуші техника бөлшегі болады. Мысалы, ұзындыққа секіруде - аяқ күшімен серпілу. Басқа техника бөлшектері: екпіндеп жүгіру, ұшу, жерге түсу - ол негізгі дене қозғалысына көмектесетін қосалқы қимылдар. Жаттығуды орындау техникасы үш кезеңге бөлінеді:

Дайындық кезеңі – негізгі қозғалыс әрекетіне жақсы жағдай тудыруға арналған қимыл-қозғалыс.

Негізгі кезең – негізгі мақсатты орындауды шешетін қимыл-қозғалыс. Мысалы, ұзындыққа секіруде серпілу, ұшу.

Қортынды кезеңі - қозғалыстың аяқталу кезеңі. Мысалы, ұзындыққа секірудегі жерге түсу.


3.3. Қозғалыс техникасының сипаттамасы


Қай жаттығудың орындалу техникасын алсақ, олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті - уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін – тік тұру, ілініп тұру (аспа темірде, шығыршықта), тіреліп тұру (қос сырықта, белтемірде т.б.) немесе көлденең (тепе-теңдік, суда жүзу) және таяну (еденде, скамейкада тірей сүйену) түрінде де кездеседі.

Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы, жалпы дененің қалпы жаттығуларды орындау техникасында үлкен рөл атқарады. Тәжірибеде ол үш түрлі жағдайларда кездеседі:

- жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі. Мысалы, 100 метрге жүгіру алдындағы төменгі сөреге тұру қалпы, палуанның өз әдісіне керек қалыпты ұстауы т.б.;

- қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау спортта көп кездеседі. Мысалы, конькимен сырғанаушының жартылай отыру қалпы, шаңғышының секіру кезіндегі ұшу қалпы т.б.;

- жаттығуды аяқтағанда керек дене қалпын сақтау. Мысалы, спортшының снарядтағы жаттығуды орындап болғаннан кейінгі секіріп түсіп, дұрыс дене қалпын сақтауы т.б.

Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дененің, дене мүшелерінің траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз - кеңістіктегі қозғалыс шамасы және қозғалысты елестетудегі дененің жағдайы. Траекторияға қарап дене мүшелері қозғалысының бағытын, түрін, амплитудасын анықтайды. Қозғалыс траекториясы түзу сызықты және қисық сызықты болады. 100 метрге жүгіруді – түзу сызықты, ядро итеруді – қисық сызықты деп шартты түрде айтамыз, өйткені тәжірибе бойынша таза түзу сызықты қозғалыс жоқ. Олардың ішінде әрқашан да қисық сызықты қозғалыс жүреді (дененің серпілуі, ауырлық нүктесінен ауытқу амплитудасы т.б.). Жаттығушылардың ағзасына дене тәрбиесі жаттығуларымен тиімді әсер ету және қозғалыс техникасын жақсы орындау қозғалып келе жатқан дене немесе оның мүшелерінің траекториялық бағытына байланысты (мысалы, биіктікке секіру үшін спортшылар жерден аяқпен дұрыс серпілу бұрышын, тиімді қозғалыс бағытын дұрыс анықтай білуі керек).

Қозғалыс бағыттары: жоғары-төмен, алға-артқа, оңға-солға болып бөлінеді. Дене мүшелерінің бір шеткі қалыптан екінші шеткі қалыпқа дейін жеткізе сілтеген қозғалысын – қозғалыстың амплитудасы дейміз (мысалы, аяқты алға-артқа сілтеу қозғалысы). Қозғалыс амплитудасы белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді қозғалыс амплитудасы – жаттығушының жаттығуды өзінің, өз бұлшық еттерінің күшімен орындауы. Енжар - серігінің, тренажердің көмегімен орындалатын керілу, созылу икемділік жаттығулары. Белсенділік амплитудасы енжар амплитудаға қарағанда әрқашан да аз болады.

Уақыт сипаттамасы уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы деп бөлінеді. Ұзақтық - әрбір қозғалысқа кететін уақыт шамасы. Мысалы, 1000 метрге жүгіру. Жаттығу уақытын азайта отырып, оқушы өзінің шеберлігін арттырады немесе жүктеме көлемін азайтады, көбейтеді. Қарқын – белгілі бір уақытта қайталана беретін қозғалыс (мысалы, палуанның бір минөттағы қарсыласын лақтыру саны, ескек есушінің ескекті бір минөтта 40-50 рет есуі т.б.). Қозғалыс қарқынын өзгерте отырып, жүктеме шамасын басқаруға болады. Уақыт азайса, қозғалыс қарқыны артады, ал уақыт көбейсе, қозғалыс қарқыны азаяды. Уақыт мөлшері мен қозғалыс бөлімдерінің ұзақтық қатынасын ырғақ деп атаймыз (мысалы, уақыт бойынша шаңғымен жүгірудегі алма-кезек екі адым әдісінің кезеңдерін өзгерту). Ырғақ тек қана күрделі қозғалыстарда болады. Баланың жасы ұлғайған сайын, спорттық дайындық деңгейі жоғарылаған сайын өзгеріп отырады (мысалы, аяқ-қолдың күштері көбейген сайын қозғалыс фазаларына кететін уақыт азайып отырады).

Кеңістікті-уақыт сипаттамасы - жылдамдық және үдеу. Спортшының кеңістікте шапшаң қозғалуын жылдамдық дейміз. Бір уақыт мөлшерінде спортшының жылдамдығын көбейте, өзгерте қозғалуын үдеу деп айтамыз. Ол болымды үдеу (мысалы,100 метрге жүгіруде сөреден шыға үдей жүгіріс) және болымсыз үдеу (мысалы, мәре сызығынан өткеннен кейінгі ақырын жүгіріс) деп аталады. Спортшының кеңістіктегі уақыт қозғалысын білуі, кеңістік сипаттамасы (мысалы, жүгіргендегі адам ұзындығы) және уақыт сипаттамасының (мысалы, жүгіру қарқыны) тиімді арақатынасын табуына, жүгіргенде қатты бар мүмкіншілігімен жүгіре алуына, жақсы көрсеткіш көрсете алуына көмектеседі.

Қозғалыс сипаттамасы. Адамның қозғалу үрдісі кезінде ішкі және сыртқы күштердің бірге жұмыс істеуі қозғалыс сипаттамасын көрсетеді. Ішкі күштерге жататындар: бұлшық еттердің тартылу, созылу, қарсыласу күші және қозғалыс кезіндегі пайда болған дене мүшелерінің біріккен күші. Сыртқы күштерге жататындар: дене мүшелерінің тірелу нүктесі, сыртқы ауырлық, сыртқы ортаның үйкелу және қарсылық күші, басқа жанды-жансыз денелердің, нәрселердің қозғалып келе жатқан күштері. Дене мүшелерінің тірелу нүктесі – жүгіріп келіп кергіге, гимнастикалық көпіршеге, сырыққа тіреле секіру, таяқтарды қарға тірей шаңғымен жүгіру, суға тірей ескек есу т.с.с. Сыртқы ауыр заттар – штанга, батпандар, гирлер, күрестегі манекендер және т.б. сыртқы ортаның үйкелу және қарсылық күші – су, ауа, қар, құм т.б., бұлар адам жүгіргенде, қозғалғанда үйкеледі, қарсылық тудырады. Басқа күшке – адамның өз дене салмағының ауырлық күші, басқа да дене күштері (күрестегі қарсыласының күші т.б.) жатады. Сондықтан да адамның әрбір қимыл-әрекетін өзінің бұлшық етін тарту, итеру, созылу күшімен бірге сыртқы және ішкі күштерге де байланыстыра қарастыру керек.


3.4. Жаттығуларды топтау


Дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді, дұрыс пайдалану үшін оларды топтарға бөле қолдана білу қажет.

1. Дене тәрбиесі жаттығуларын тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Бұл белгі бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар (жалпы дамыту жаттығулары, гимнастикалық снарядтағы жаттығулар т.б.); ә) ойын жаттығулары (ойын кезінде орындалатын қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері); б) туристік жаттығулар (туризмнің әр түрінде кездесетін жүру, атқа міну, велосипед, шаңғы тебу, қайықта ескек есу т.б.) в) спорттық жаттығулар – спорттың әр түрінде қолданылатын негізгі жаттығулар (100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру т.б.).

2. Дене қуатын, қасиеттерін дамыту бағыты бойынша топтау: а) жылдамдық жаттығулары, жаттығушылардың күштерін дамытатын жаттығулар; ә) төзімділіктің пайда болуына әсер ететін жаттығулар (ұзақ қашықтықтарға жүгіру, шаңғы тебу т.б.); б) үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар (гимнастика снарядтарындағы жаттығулар, суға секіру т.б.); в) икемділікке арналған жаттығулар (созылу, бүгілу, еңкею т.б.); г) кешенді қимыл қасиеттерінің (ептілік) пайда болуын талап ететін жаттығулар.

3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: а) негізгі жаттығулар. Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін, спорт түрлерінің негізгі жаттығулары. Мысалы, волейбол спортындағы допты жоғарыдан, төменнен алу, ойынға қосу, шабуыл соққысы. Жеңіл атлетикадағы гранат лақтыру, ядро серпу, биіктікке, ұзындыққа секіру т.с.с.; ә) дайындық жаттығулары. Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қасиеттерін дамытатын жаттығулар; б) жанама жаттығулар – негізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын техника негізіне ұқсас қимыл-әрекеттер (мысалы, ұзындыққа жүгіріп келіп секіруге бейімдейтін жаттығулар – бір-үш адымдап келіп ұзындыққа секіру).

4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшық еттеріне, кеуде бұлшық еттеріне, аяқ, іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

5. Қозғалыс құрылымына байланысты қатысты жаттығулар: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) ациклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.); б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт ойындары).

6. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секөнд аралығында орындалады); ә) жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секөндтан 5 минөтқа дейін); б) күшті қарқынмен орындалатын жаттығулар (5 минөттан 30 минөтқа дейін); в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 минөттан көбірек).


3.5. Дене тәрбиесі жаттығуларының

адам ағзасына әсерін анықтайтын себептер


Жаттығулардың адам ағзасына әсер етуі әр түрлі себептерге байланысты:

1. Оқыту, үйрету үрдісі екі жақты – ұстаз оқытады, оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығулардың әсер етуі ұстаз өнегесіне, білім деңгейіне, қимыл шеберлігіне, дене қуатына, сондай-ақ, оқытушы мен оқушының белсінділігі мен ынтасына байланысты.

2. Ғылыми себептер – адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын ғылыми деңгейде түсінуі, білуі.

3. Әдістемелік себептер – жаттығуларды орындау кезінде ескеретін көптеген әдістемелік талаптар.

Жаттығулардың күшті әсері осы әдістемелік талаптарды орындап, дұрыс пайдалануына байланысты. Олар: жаттығуларды орындау уақыты, орындау қарқыны, жаттығуларды орындау саны, аралық тынығу уақыты, қайталау арасындағы тынығу уақыты, демалыс түрі.

4. Санитарлық-гигиеналық себептер. Дене тәрбиесі жаттығулары адам ағзасына тиімді әсер ету үшін тамақтану, демалу, жұмыс істеу тәртібін сақтап, жаттығатын орынды, спорт залды санитарлық нормада ұстау.

5. Метеорологиялық себептер (ауа температурасы, ылғалдылығы, жел күші т.б.).

6. Материалдық себептер. Дене тәрбиесі жаттығуларын қамтамасыз ететін спорт ғимараттары, жабдықтар, снарядтар, спорттық құрал-жабдықтар, спорт киімдері т.б.


3.6. Табиғаттың табиғи сауықтыру күштері мен

гигиеналық факторлар – дене тәрбиесінің қосымша амалдары


Табиғи күштер (күннің қызуы, судың, ауаның температурасы, атмосфераның қысымы т.б.) денсаулықты нығайтуға, шынықтыруға, жұмыс қабілетін өсіруге, жаттығуларды тиімді пайдалануға көмегін тигізетін дене тәрбиесінің қосымша амалдары болып есептеледі.

Дене тәрбиесі үрдісінде табиғи күштер жаттығуларды қолайлы жағдайда орындау бағытында пайдаланылады. Еңбек және оқу тәртібінде бұл процедураларды тиімді пайдаланса, белсенді демалысқа немесе шаршаған ағзаны қалпына келтіруге қол жетеді.

Дене тәрбиесінің бір қосымша амалы – гигиеналық факторлар. Бұл амалдың тәсілдерін екі топқа бөлуге болады.

1. Дене тәрбиесі үрдісіне кірмейтін тәсілдер. Олар: еңбек гигиенасы, тамақтану, демалыс режімдері, яғни дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысуға толық мүмкіндік беретін жағдайлар.

2. Дене тәрбиесі үрдісіне кіретін тәсілдер. Бұған марафонды жүгіру кезіндегі арнайы тамақ беру, жаттығу кезінде жайлы жағдай туғызу (ауа тазалығы, жақсы жарық беру т.б.) ағзаны тез қалыпқа келтірудің гигиеналық тәсілдері (ауаны аэронизациялау, ауа – температура ортасы) жатады.

Ауа температура ортасы. Оларға жүзу бассейндері, су бүркетін себез қондырғылары, ванналар, монша, сауна, термокамерлер жатады.

Ауаны аэронизациялау – спортшылар дем алып жатқан жердің ауасына қосымша оттегі жіберу. Бұлардың бәрі спортшылардың көңіл-күйлерін көтеріп, бойын сергітеді.











4. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕРІ


4.1. Терминдер мен түсініктер


Дене тәрбиесінің тәжірибесінде әдістер қаншама көп болғанмен, оның бәрі жан-жақты пайдаланыла бермейді. Сондықтан олардың анықтамаларын білу, біздің дұрыс бағыт алуымызға, әр түрлі міндеттерді орындауға тиімді әдістерді таңдауымызға көмектеседі. Әр түрлі жаттығушылар тобымен әр қилы жағдайда белгілі бір міндеттер орындау үшін дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану, пайдалану жолын дене тәрбиесінің әдістері дейміз. Мысалы, қайталау әдісі, үйрету әдісі. Әрбір әдіс өзінің құрамына кіретін әдістемелік тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес жаттығуларды орындауды әдістемелік тәсіл дейміз. Мысалы, үйрету әдісінің көрсету тәсілдері: жаттығуларды айла-тәсілмен көрсету, керекті қарқынды түрде немесе баяу қарқында көрсету т.б. Әдістемелік тәсілдер көп. Олардың бірі ескіріп, жоғалып жатса, екіншісі өзгеріп, ал келесі біреулері мұғалімнің ізденісімен өмірге келіп жатады. Сабақ беру деңгейінің әр түрлілігі мұғалімнің осы әдістемелік тәсілдерді көп білуіне, кеңінен қолдануына байланысты.

hello_html_m294b5e27.gifhello_html_m747eaa89.gifhello_html_m294b5e27.gif



Жалпы

Арнайы



hello_html_m7eaa7d36.gifhello_html_19d48c92.gif

hello_html_282b66e0.gifhello_html_57aed7ff.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_m59492c59.gifhello_html_57aed7ff.gifhello_html_57aed7ff.gif

Қатаң шек-ген

жаттығу

әдістері

Ойын

әдісі

Жарыс

әдісі

Сөз қолдану

әдістері

Көрнекі

қолдану

әдістері





hello_html_m7eaa7d36.gif

hello_html_m36cbf4b2.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_4641c3ba.gif


Үйрету әдістері

Дене қуатының қасиетін

дамыту әдістері



hello_html_m7eaa7d36.gif

Тұтас

үйрету

hello_html_m36d2df2a.gifhello_html_m2fd3af.gifhello_html_m2fd3af.gifhello_html_m1586c114.gif

Бөлшектеп

үйрету




hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_2ef6b371.gifhello_html_m2fd3af.gifhello_html_m2fd3af.gifhello_html_m2fd3af.gifhello_html_57aed7ff.gifhello_html_1554f555.gif

Бірқалыпты

орындау

әдісі

Өзгермелі

орындау

әдісі

Қайталап

орындау

әдісі

Аралық

орындау

әдісі

Шеңберлі

орындау

әдісі







«Әдіс» деген түсініктен біз «әдістеме» түсінігін ажырата білуіміз керек. Әдістеме деп дене тәрбиесі үрдісінде белгілі бір нәтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады.

Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді.

Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: а) қатаң шектелген жаттығулар әдістері; ә) ойын әдісі; б) жарыс әдісі.

Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: а) сөзді қолдану әдістері; ә) көрнекілікті қолдану әдістері.

4.2. Ойын және жарыс әдісі


4. 2.1. Ойын әдісі


Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:

1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.

2hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_2d2985a9.gif. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.

3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).

4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.

5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары.

Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бірқалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі, жүктеме мөлшерін дәл біле алмайтынымыз.

4.2.2. Жарыс әдісі

Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі – біріншілікте қарсыласыңды, команданы, топты жеңу үшін бәсекелесу, күрес, күш сынасу жағдайында жоғарғы көрсеткіштерге жету. Бұл әдіс әр түрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады. Мысалы, адамгершілік, жігерлілік, дене қасиеттерін тәрбиелеу, күрделі жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Жарыс әдісі адам ағзасының мүмкіншіліктеріне жоғарғы талаптар қояды да, оның ары қарай тез дамуына ықпал етеді. Бұл жарыс әдісінің міндетті түрде орындалуы үшін керекті шарт: жарыс, бәсеке жаттығуларына оқушылар өте жақсы дайындықпен келулері керек, ол болмаса берілетін үлкен қарқынды жүктемелер олардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Сонымен қатар бұл әдіс оқушылардан жаттығуды орындау кезінде пайда болатын міндетке өз шешімін тез қабылдауын талап етеді (өйткені, мұғалімнің, жаттықтырушының ақыл-кеңесін жарыс кезінде ести қою мүмкіндігі өте аз).


4.3. Қатаң шектелген жаттығу әдістері


Жаттығу кезінде көп қайталанатын жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетте қатаң шектелген жаттығу әдістерін пайдалану көптеген мүмкіншіліктерге қол жеткізеді:

1. Жүктеме көлемін қатаң мөлшерлеуге. Бұл әдісті қолдану кезінде жүктемені ең төменгі шамаға дейін жоғарылатып, басқаруға болады.

2 Әр түрлі дене қуатының қасиетін дамыту және жаттығу арқылы жеке дене мүшелеріне әсер ету.

3. Дене тәрбиесі үрдісінде жеке үйретуді пайдалану.

4. Кез келген күрделі жаттығуларға үйрету.

5. Дене тәрбиесі жаттығуларын әр түрлі жастағы адамдар арасындағы сабақ, жаттықтыру кездерінде пайдалану мүмкіншілігі. Біз осы әдістің көмегімен жаттығуларды жас балалардан бастап егде жастағы адамдарға дейін қолдана аламыз.

Қатаң шектелген жаттығу әдістері екі топқа бөлінеді: а) қимыл-әрекетке үйрету; ә) дене қасиеттерін жетілдіру.


4.3.1. Қимыл-әрекетке үйрету әдістері

Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады.

Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде мынадай жағдайларда қолданылады.

- қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде;

- дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен жүргізілетін жаттығу сабақтарында;

- қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника негізінің сапасы болмайтын жағдайда;

- бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруде.

Жаттығуларды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды. (Мысалы, гимнастика сабағындағы алға аунап түсу, басқа тұру, жанға айналу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық қайталау және т.б.).

Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жетілдіруге жақындататын жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар біртұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.


4.3.2. Дене қасиеттерін дамыту әдістері


Дене қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығулар әдістері әр түрлі формадағы жүктеме мен тынығудың түрлерін ұштастыру мүмкіндігіне байланысты қолданылады. Жүктеме дегеніміз – дене тәрбиесі жаттығуларымен адам ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету. Жүктеменің шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне байланысты. Жүктеменің көлемі – орындалған дене қуаты жұмысының саны (мысалы, 10 минөттық жүгіру, жаттығуды қайталау саны т.б.).

Жүктеме қарқындылығы - ол белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын қарқынды, тездете орындау. Жүктеменің ішкі және сыртқы қарқынды көрсеткіштері болады. Сыртқы көрсеткіш – қозғалыс жылдамдығы (жүгіру, шаңғы жарысы, суда жүзу т.с.с.), спорт ойындарындағы ойын қарқыны т.б. Қарқындылықтың ішкі көрсеткіштері – жүректің соғу жиілігі, белгілі бір уақытта күш жұмсау өлшемі. Адам ағзасына әсер ету көлеміне байланысты жүктеме:

- кіші (жүректің минөтына 130 ретке дейін соғуы);

- орта (жүректің минөтына 131-155 рет соғуы);

- үлкен (жүректің минөтына 156-175 рет соғуы);

- жоғары (жүректің минөтына 176-190 рет соғуы);

- өте жоғары (жүректің минөтына 190-нан көп рет соғуы) болып бөлінеді.

Спортшының жаттығуларды орындау, жұмыс істеу қарқынына байланысты жүктеме бірқалыпты және ауыспалы болып келеді. Бірқалыпты жүктеме – ол спортшының белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы қарқындылығының өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып өзгеруі мүмкін). Жүктеме әрқашан да тынығумен кезектесіп отыру керек.

Тынығу аралықтарының үш түрі бар. Олар: қарпайым, қатаң шектеулі және төтенше.

1. Қарапайым немесе толық тынығу аралығы деп бір жаттығуды орындап болып келесі қайталанар жүктеменің алдында ағзаның жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалыпқа келуін айтамыз. Толық қалпына келуін тамыр соғысын есептеу арқылы анықтаймыз. Мысалы, жаттығу орындағаннан кейін ЖСЖ 180 соғу / мин, толық қалпына келуі 60 соғу/мин.

2. Қатаң тынығу аралығы дегеніміз - бір жаттығуды орындап болып, келесі қайталанар жүктеме жаттығушының ағзасының жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалпына келмеген кезде қайталануы.

3. Төтенше тынығу аралығы дегеніміз – келесі жүктеме ағзаның жұмыс қабілетінің көтерілген кезіне, жаттығушының өзіндік дайындық ниетінің толық көрінген кезіне тап келуі. Мазмұны жағынан тынығу бәсең (қозғалмай жату, бұлшық еттердің белсенді қызмет етпеуі) және белсенді болып екіге бөлінеді. Белсенді тынығу – спортшының алдыңғы жаттығуға қарағанда қарқыны аз түріне көшуі (мысалы, жүгіруден соң ақырын жүру).

Дене қасиеттерін дамыту үшін мынандай әдістер қолданылады:

Бірқалыпты орындау (стандартты) әдісі. Бұл әдіс жаттығуларды үзбей, ұзақ уақытта, бір қарқында орындауды талап етеді (мысалы, ұзақ уақыт бірқалыпты жүгіру, жүзу, ескек есу және т.б.). Жүктеме бұл кезде жоғары деңгейдің 70 пайызынан аспауы керек, жүрек соғуының жиілігі минөтына 130-150 рет). Ұзақ уақыт бірқалыпты істелген жұмыс жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерін нығайтып, ағзаның жалпы төзімділігін дамытады.

Өзгермелі орындау әдісі. Бұл әдісте жүктеме қарқыны жаттығуды орындау кезінде өзгеріп отырады (мысалы, 400 метр қашықтыққа жүгіруде жылдамдық - бірінші 100 метр жүгірген кезде 1/2 жартылай күшпен, екінші, 100 метрде қатты қарқында, үшінші 100 метрде – еркін, төртінші 100 метрде 3/4 күшпен орындалып отырылады). Жүктеме бұл жүгіру кездерінде кіші жүктемеден үлкенге және керісінше өзгеріп отырады. Өзгермелі орындау әдісінің көмегімен біз жалпы төзімділікті және жылдамдық төзімділігін дамытамыз, спортшыларды жігерлілікке тәрбиелейміз.

Қайталап орындау әдісі. Бұл әдіс кезінде жаттығу көп қайталанады, аралықтағы тынығуда ағза толық бастапқы қалпына келуі қажет (мысалы, қысқа қашықтыққа өте жоғары жылдамдықпен қайталап жүгірген кезде, аралық тынығу толық болуы қажет). Қайталап орындау әдісі күшті, жылдамдықты және күш жылдамдығын, жылдамдық төзімділігін дамытады.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде қайталап орындау әдісінің түрлері кездеседі. Мысалы, циклді жаттығуларды орындау кезінде мынадай түрлер жиі кездеседі:

- тұрақты бірдей қашықтықтарға жүгіру (7 х 100 м);

- біртіндеп ұзартылып отырылған қашықтыққа жүгіру (200х400х600х800);

- біртіндеп қысқартылған қашықтыққа жүгіру (800х600х400х200);

- біртіндеп ұзартылған, сонан соң біртіндеп қысқартылған қашықтыққа жүгіру (200х400х600х800х600х400х200).

Аралық орындау әдісі. Бұл әдістің мәнісі көп рет қайталанған жаттығудың орындау қарқыны жоғары (минөтына 160-180 рет жүрек соғу жиілігі) және тынығу аралығы қатаң болуында. Жаттығуды орындаған соң тынығу кезінде жүрек соғысы минөтына 120-140 ретке жеткенге дейін созылады да, сонан соң жаттығу қайталанады. Әрбір жаңа жүктеме ағза толық бастапқы қалпына келмеген кезде беріледі. Тынығу белсенді немесе бәсең болуы мүмкін, жаттығу тізбекпен орындалады (мысалы, 7х200). Бұл әдістің көмегімен аз мерзімде жалпы және арнайы төзімділік қасиетін дамытуға болады.

Жоғарыда аталған әдістер дене тәрбиесі тәжірибесінде жеке ғана емес, топтастырыла, жіктестіріле қолданылады (мысалы, бірқалыпты аралық жаттығулар әдісі, өзгермелі-аралық жаттығулар әдісі т.б.). Осындай әдістерді топтастыру тәсілдері ағзаның функционалды мүмкіндіктерінің өсуіне тиімді әсер етеді және кең көлемде дене қасиеттерін дамытады.

Айналмалы орындау әдісі. Спорт зал мен спорт алаңдарында шеңбер бойынша орналасқан «бекеттерде» жаттығуларды шеңбер бойымен айналып жүріп орындау айналмалы орындау әдісі деп аталады.

«Бекеттерде» (саны 6-10 болуы мүмкін) қарапайым, үйренген бір жаттығу орындалады (мысалы, штанганы иықта ұстап отырып, тұру, белтемірде тартылу және т.б.). Жаттығуды орындау саны әрбір «бекетте» жеке белгіленеді. Бір сабақта «шеңберді» бір реттен үш ретке дейін тынықпай немесе тынығу аралығымен өтуге болады. Бір айналып жаттығуды орындау уақытын, тынығудың аралық уақытын, жаттығуды қайталау санын мөлшерлеп белгілеу қажет. Шеңберлі орындау әдісінің бірнеше түрі бар:

1. Жаттығуларды ұзақ, үзбей орындау. Сабақ тынығусыз, шеңбер бойынша бірден үш ретке дейін қайталана орындалады. Сабақ міндеті – жалпы және арнайы төзімділікті дамытады.

2. Аралық орындау әдісі бойынша. Жаттығуларды орындау аралығында тынығу қатаң аралықты сақтауға, күш және жылдамдық, күш төзімділігін тәрбиелеуге қолданылады.

3. Бірқалыпты орындау әдісі бойынша. Тынығу аралығы толық. Күшті және жылдамдықты тәрбиелеуге қолданылады.

Шеңберлі жаттығу әдісін қолданар алдында жаттығуларды топтап, жүйелеп алады, «бекеттердің» орындары, жаттығуларды орындау мөлшері белгіленеді.


4.4. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері

Сөзді қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету үрдісінде, дене қасиеттерін тәрбиелеуде сөзді қолдану әдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөзді қолдану әдісі үш топқа бөлінеді:

1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.

2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.

3. Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған.

Енді осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық.

Баяндау теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайданылады. Оқушыларды жаттығуды орындау техникасымен таныстыруға түсіндіру әдісі қолданылады. Оқушылардың білімін, бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін артыру үшін әңгімелеу әдісі қолданылады.

Қысқа, бұйрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрін бұйрық беру әдісі дейміз. Бұйрық саптық (әскери) және төрешілдік (сөреден жүгіру кезіндегі бұйрықтар, төрешілердің бұйрық сөздері) болып бөлінеді. Бұйрық көп адамдар қатысатын әрекеттерді ұйымдастыруда қолданылады. Мысалы, жаттығуды орындауға берілетін бұйрықтар, жаттығушылардың саптағы әр түрлі қозғалыстарын басқаруға берілетін бұйрықтар т.б.

Сабақ алдында немесе сабақ кезінде кейбір жеке міндеттер қою тапсырма әдісінің қызметіне жатады.

Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындауды талап ететін сөз әсерін нұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс көбінесе қозғалысты үйретуде қолданылады. «Жылдамдат», «тездет», «асықпа», «еркін жүр», «тізені бүкпе», «шынтақты түсірме» т.с.с. нұсқаулармен мұғалім қимыл-қозғалысты басқарып отырады. Белгілі бір тапсырма орындалған соң (сынаманы, ойын) талдау жасалады. Талдау әдісінің көмегімен қателер, оларды түзету жолдары көрсетіледі, келешектегі оқу-дайындық әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып болғаннан соң, оған «жақсы», «орташа», «жаман» деген ауызша баға беріледі. Сабақ аяғында оқушылардың жаттығулар техникасын, сынақ жаттығуларын орындағаны бағаланады, баға қойылады. Осы жұмыстар бағалау әдістері көмегімен орындалады.

Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді:

1. Көру көрнекілігі әдістері.

2. Есту көрнекілігі.

3. Қимыл көрнекілігі әдістері.

Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар:

Үйренетін қозғалысты мұғалімнің немесе мұғалімнің тапсырмасымен оқушының көрсетуі. Көрсету кезінде мұғалім мынандай әдістемелік талаптарды басшылыққа алу керек:

- көрсетудің мазмұны сөзді қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс;

- көрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет;

а) бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, оқушыларға түсінікті деңгейде толық орындалуы керек; ә) үйрету кезінде оқушылар қиын элементтерді жақсы игеру үшін қозғалыс толық немесе бөлшектеліп, ақырын өз қарқынында немесе баяу қарқында көрсетіледі; б) жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрсетуі керек, ол оқушыларды ынталандырады, сол деңгейде орындауға ұмтылдырады;

- жаттықтырушы жаттығуды көрсеткенде спорт залдың, алаңның ең қолайлы, оқушылардың бәріне көрінетін, өзі де жаттығудың орындалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы керек;

- қарапайым, жалпы жетілдіру жаттығуларын көрсеткенде «айнадан көру тәсілін» қолданған жөн;

- оқытушы көрсетуді өзі орындай алмайтын жағдайда: а) денсаулығына байланысты; ә) көрсету кезінде дененің қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса (мысалы, баспен төмен қарап тұрса), б) жаттығуды орындағанда мүмкін болатын қателіктерді оқушының өзі арқылы көрсету керек болса, көрсетуді жақсы дайындығы бар оқушыға тапсыруға болады.

Көрнекі құралдарды көрсету. Жаттығуларды бөлшектеп қарауда оның орындалу тәсілін түсіндіруде көрнекі құралдар, суреттер, плакаттар, фото, кино, бейне көріністер үлкен рөл атқарады (дене қалпы, статикалық дене тұрысы, т.с.с).

Суреттеме-тақтаға немесе қағазға жаттығудың орындалу схемасын оқушының түсіруі. Оқытушы сол суреттеме арқылы оқушының жаттығуды орындауды қалай түсінгенін біледі. Сонымен қатар кино және бейне магнитофон таспаларында жазып алынған жаттығуды көрсету арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуге болады, өйткені ол қозғалысты әр қырынан көрсетіп, тәсілдің барлық бөлшектерін анықтап түсінуге мүмкіндік береді.

Дыбыс және жарық белгілері. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын есту және көру (сөрелік тапаншамен ату, мәреден жүгіріп өткен спортшыларды фотоға түсіру т.с.с.), ырғақ, амплитуда, қарқын, жаттығуға жұмсаған күш мөлшері уақытын метроном көмегімен өлшеу, суда жүзу жолдарын көрсететін түрлі-түсті жарық белгілері, жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға көмектеседі.

Қимыл-көрнекілігі әдісі екі түрде орындалады: 1) Қозғалыс туғызатын дене мүшелерінің ықпалы арқылы оқушыларға сезіндіру (мысалы, конькимен жүгірушінің жартылай отыруын орындауды сезіну); 2) Қозғалысты еріксіз орындату (мысалы, допты немесе гранатты лақтыру кезіндегі қолдың атқаратын жұмысын оқытушы ұстап, орындатып көрсетеді), тренажерларды қолдану, олар арқылы керек қозғалысты орындатып сезіну, жаттығуды дұрыс орындау.

Тез хабарлау әдісі. Бұл әдіс кезінде техникалық құрал-жабдықтар (бейне таспа, дыбыс лидері) және көмекші құралдар (мысалы, айна арқылы оқытушы мен оқушы қозғалысты орындау сипаттамасы туралы тез мағлұмат алады және қателерін жылдам түзетіп отырады.


5. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

Қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол әдістемеде қағидалар деп аталады. Қағидаларда жазылмаған, бірақ орындалуы керек заңдылықтар деп айтуға да болады. Қағидаларды білу, оларды тәжірибеде қолдану дене тәрбиесі үрдісін жетілдіреді. Дене тәрбиесі үрдісінде төмендегідей әдістемелік қағидалар кең қолданылады:

1. Саналылық және белсенділік.

2. Көрнекілік.

3. Жүйелілік.

4. Біртіндеушілік.

5. Реттілік.

6. Даралық.


5.1. Саналылық және белсенділік қағидасы

Бұл қағиданың мақсаты – дене тәрбиесі үрдісі кезінде жаттығушылардың дене тәрбиесі мен спорт әрекеттерін саналы түсінуін, тұрақты ынтығушылық, қызығушылық қалыптастыру және олардың осы әрекеттерге белсенді ұмтылуын ұйымдастыру.

Саналылық дегеніміз – адамның жалпы өмір заңдылықтарын, әр нәрсенің ақиқаттылығын дұрыс түсінуі, ұғына білуі, келешек әрекетін сол негізде орнықты бағыттай алуы. Саналылықтың негізі – жаттығушының алдына орынды мақсаттар қоя білуі және сол ұмтылған бағытының жетер межесін, нәтижесін алдын ала бағдарлауы, сезінуі. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт түрінен жаттықтыратын жаттықтырушысы оқушыларының алдына өте айқын, ұғынықты міндеттер, оларды қызықтыратын, ұмтылдыратын жақсы, дұрыс, жоғары мақсат қоя білуі керек. Сонда ғана олардың саналарында тұрақты, түсінікті қызығушылық, сол мақсаттарға жетсем деген ұмтылушылық, әрбір жаттығу сабағына деген құлшыныс сезімі пайда болады. Саналылық және белсенділік қағидасы міндеттерін орындау кезінде оқытушы, жаттықтырушы төмендегідей талаптарды, мәселелерді негізге алып орындауы қажет:

1. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндетін орындауға оқушылардың ынтасын саналы түрде қалыптастыру. Егер оқушы алға қойған мақсаттың маңызын түсініп, оның міндеттерін орындауға ынта танытса, оқу-жаттығу барысы тезірек игеріліп, сапалы болады. Жаттығушылардың алдына кезекті (жақын) және болашақ (алыс) мақсаттар қойылуы қажет. Олар үшін болашақ мақсаттар: спорттық разряд алу, Президенттік сынақ нормаларын орындау, мектептің, ауданның құрама командаларына мүше болу т.с.с. Кезекті мақсаттар: бір күрделі жаттығудың техникасын меңгеру, кейбір дене қасиетін дамыту т.с.с. Оқушылар өздерінің денсаулығын нығайту, әр түрлі дене қасиеттерін дамыту үшін ұсынылып отырған тапсырманың мәнін, маңызын айқын түсіне білулері керек.

2. Сабаққа ынталы, барлық зейінімен қызыға қатысу, іздене білу. Дене тәрбиесі сабағы кезінде қызықты тапсырмалар беру, ойындар өткізу, жүйелі түрде баға қою, жетістіктерін мадақтау, марапаттау, жеке тапсырма беру оқушыларды ынталандыра түседі. Үйрету және тәрбиелеу үрдістері жаттығушылардың білімін, танымын қалыптастырады. Жаңа амалдар, әдістер, қозғалыстың жаңа элементтерін орындау, әр түрлі тәсілдер іздеу оқушыларды қызықтырады, шығармашылық ізденіске, белсенділікке ұмтылдырады, ынталандырады.

3. Жаттығушылардың өз әрекетін байқауға, бақылауға қабілетін ояту. Бұл талапты орындау үшін, оқушылар жаттығуды орындаған кезде сәтті немесе сәтсіз әрекеттеріне өздері талдау жасай білуі, орындау техникасынан қате таба алуы, олардың пайда болуы және оны қалай түзету керек екенін үйренулері қажет. Өз көңіл-күйін, жаттыққандығын бақылау, жаттығу күнделігін жүргізе білуі, объективті және субъективті мәліметтерге талдау жасау оқушылардың қабілетін жетілдіреді. Қазіргі кездегі дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың өз әрекеттерін саналы бақылауға ынталандырудың мынандай әдістемелік тәсілдері көп қолданылады:

- жаттығуды үйреткенде қимыл-қозғалысты көрсетпей, тек қана сөзді қолдану әдісі арқылы үйрету;

- мұғалімнің тапсырмасымен дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын өз бетімен іріктеп ала білу;

- жаттығуды орындаған соң, орындау техникасының сапасын өзі бағалау немесе екі-екіден орындағанда оқушылардың бір-біріне дұрыс баға бере білуі;

- жаңа жаттығуларды үйренгенде қозғалыс дұрыстығын сезінуге көмектесетін арнайы тренажерлар, қондырғылар қолдану;

- жаттығуды орындаған соң жаттығудың техникасының орындалу сапасы туралы бірден хабарлау, ақыл-кеңестер беру.


5.2. Көрнекілік қағидасы


Көрнекілік дегеніміз – адамның сезім мүшелерін тану, түсіну, ұғыну үрдісінде қолдану. Ал дене тәрбиесі мен спорт үрдісінде көрнекілік қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерінде қолданылады. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы ғана емес, есту және бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады. Көрнекілік қағидасын тәжірибеде қолдану мынандай жолдармен пайдаланылады:

- үйренетін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетуді оқытушы, болмаса жақсы дайындықтан өткен оқушы орындайды;

- әр түрлі көрнекі құралдарды көрсету. Олар: суреттер, схемалар, фотосуреттер, кинограммалар, бейнемагнитофон жазулары, кинофильмдер т.б.;

- оқушының бейнелі сөздері: баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық сөздер және т.б.;

- қозғалыс техникасының қиын бөлшектерін, элементтерін, қимыл-әрекеттерді іштей ойша қайталау. Ол идеомоторлық қайталау деп аталады.

Көрнекілік қағидасын қолданар кезінде мынандай ғылыми-зерттеулер негіздерін ескере білуіміз қажет. Көру жүйесі арқылы қабылдау үш кезеңде орындалады, ол: сезіну, ұғына қабылдау және елестету. Ал есту жүйесі арқылы қабылдау тек қана елестету деңгейінде орындалады. (Б.Г. Ананьев, 1957). Адам сөз жүзінде айтылған хабардың 15%-ын, көзбен көрген нәрселерінің 25%-ын еске сақтайды екен. Егер осы екі хабарды беру тәсілі бірге орындалса, онда хабардың 65%-ы мазмұны есте сақталып қалады екен. (Н.В. Краснов, 1977). Көрнекілік қағидасын қолданғанда әрбір адамның жетекші анализаторы қайсысы екенін ескеру керек. Бір оқушыда жетекші көру анализаторы болса, екіншісінде есту, үшіншісінде қимыл анализаторлары болуы мүмкін. Көрнекілік қағидасын қолдану сипаты үйрену кезеңіне, жасына, жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл қағида түрлерін кең пайдалану сабаққа ынталылықты арттырады, тапсырманы түсіну және оны орындауды жеңілдетеді.


5.3. Жүйелілік қағидасы


Дене қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек қана дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады.

Жүйелілік – сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене дайындығы деңгейін түсірмеуі. Сондықтан да жүйелілік қағидасын қолданғанда өткен сабақтың ізін, өтіп жатқан сабақтың әсері басып, нығайып, толықтырып жатуы керек. Қорытындысында көп сабақтың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы ағзасының берік бейімделу үрдісі) пайда болады, жаттыққандық деңгейі көтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерінің алмасуымен өтеді, бұлардың негізінде бір-бірімен байланысты ағзаның шаршауы және қалпына келу үрдісі жүреді.

Бұл жүйе төрт кезеңнен тұрады. (2-сурет):

Жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде белгілі бір жұмыс көлемі орындалады, жұмыс барысында қозғалысты қамтамасыз ететін энергия, қуат көзі таусыла бастайды, ағзаның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Мысалға бір жаттықтыру сабағын алуға болады (1,5 сағат).

Ағзаның қалпына келу кезеңі. Бұл кезеңде орындалған жаттықтыру сабағынан кейінгі уақытта, демалып, тамақтанғаннан соң, ағзаның жұмыс қабілеттілігі, функционалдық көрсеткіштері жұмысқа дейінгі деңгейге келе бастайды.

Жоғарғы өтем кезеңі. Бұл кезеңде ағза толық демалып, жұмысқа кеткен энергиясын, қуатын қалпына келтіреді. Тек қана қалпына келмейді, артығымен 100%-дан асады. Жаттығушы ағзаға қаншалықты жоғары жүктеме алса, жоғары өтем кезеңі соншалықты көтеріледі. Дене тәрбиесі сабағының, спорттық жаттығудың маңызы, спорт рекордтарының, спортшылардың жоғары жетістіктерінің мәні осында.


%


Жоғарғы өтем

hello_html_m36d2df2a.gifhello_html_m48e102b9.gif 130- кезеңі

Редикуциялық

hello_html_m59492c59.gifhello_html_med0d507.gif 120- кезең

110-

hello_html_m2a7690f7.gif

100-

hello_html_455a2709.gif

90-

80-

hello_html_249bbe2.gif Жұмыс Қалпына келу

hello_html_m441d7c7e.gif 70- кезеңі кезеңі

hello_html_m6ef3199d.gif

Қалпына келу уақыты

hello_html_56374817.gif

2hello_html_m6e574180.gifhello_html_m6173f3a6.gif-сурет. Жаттығушылардың жұмыс қабілеттілігінің бір жаттығу сабағы әсерімен өзгеру көрінісі (Л.П. Матвеевтің ұсынысы бойынша)


Редикуциялық кезең. Дене жүктемесінен кейінгі ұзақ демалыста ағзаның жұмыс қабілеттілігі жоғары көтеріліп, кейін төмен түсіп, бастапқы деңгейге келеді.

Осы көрініс бойынша қалпына келудің қай сатысында жүктеме қайталана орындалуына байланысты, сабақ және демалыс кезектесуінің төрт нұсқасы пайда болады

1-нұсқа. Әрбір келесі жаттықтыру спортшы ағзасының толық бастапқы қалпына келмеген кезде қайталанады. Бұл нұсқа спорттық тәжірибеде күніне 2-3 рет жаттықтыру сабақтарын өткізгенде кездеседі. Көбінесе кәсіби спортшылар дайындығында және үлкен жауапты жарыстарға дайындалу үшін жаттықтыру жиындарын өткізгенде көп қолданылады.

Орындалу мазмұны: бір жұмыс күні ішінде жаттығушының ағзасына көлемді жүктеме беріледі. Бірінші – таңертеңгілік жаттығу, сағат 7-8 аралығында бір сағат; екінші – күндізгі жаттығу, сағат 10-12 аралығында екі сағат; үшінші – кешкі жаттығу, сағат 16-19 аралығында үш сағат. Бұл жағдайда ағзаның толық өз қалпына келе алмауы қосылып (жақсы демалудан кейін) күшті әсер береді. Берілген көлемдегі жүктеме жаттығушының ағзасының функционалдық бейімделу жай-күйіне қозғау жасайды. Өйткені спортшы көп жаттығып, өзінің 100% деңгейінен төмен түскен сайын жоғарғы өтем кезеңінде жұмысқа біліктілігі, жаттыққандық деңгейі жоғары көтеріледі (2-суретке қараңыз).

2-нұсқа. Әрбір келесі жаттығу сабағы жоғарғы өтем кезеңінде қайталанады. Жетісіне 3-4 рет жаттықтыру сабақтары күн аралатып өткізіледі. Бұл нұсқада ағзаның жұмысқа бейімділігі жайлап көтеріледі, дене қасиеттерін: шапшаңдықты, ептілікті, күшті дамытуға, жаттығу техникаларын үйренуге, жетілдіруге қолданылады.

3-нұсқа. Әрбір келесі жаттықтыру ағзаның толық бастапқы қалпына келу кезеңінде жүргізіледі. Бұл нұсқа күнде, шамамен жетісіне 5-6 рет жаттықтыру жүргізу түріне келеді. Осы күнделікті жүргізілген жаттықтырулар кезінде, үйренген қимылдың ептілігі мен дағдысы, шеберлігі жетілдіріледі, дене қасиеттері дамытылады.

4-нұсқа. Әрбір келесі жаттығу ұзақ демалу аралығы арқылы қайталанады. (Редикуция кезеңінде). Мысалы, дүйсенбі, жексенбі, жетісіне екі рет. Мұндай анда-санда орындалатын жаттығулар дене тәрбиесі үрдісінде ешқандай нәтиже бермейді.

Сонымен, жұмысқа бейімділікті жақсарту, жаттыққандық деңгейін жоғарылату үшін жаттықтыру сабақтары арасындағы демалуды 1-2 күннен ары созбау керек. Дене тәрбиесі сабақтарын бір жетілік циклде дұрыс қоя білу керек. Мектептердегі дене тәрбиесі сабағы кемінде бір күн аралатып, жетісіне 3-4 рет өткізілсе дұрыс болады, өткен сабақтың әсері толық жоғалмай тұрғанда келесі сабақ өткізілуі тиіс. Жаңа жаттыға бастаған жаттығушылармен спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтыру сабақтары да жетісіне үш реттен аз өткізілмеуі керек. Жетісіне үш реттен аз өткізілген жаттығу және дене тәрбиесі сабағынан денсаулыққа, адам ағзасына ешқандай пайда болмайды.

5.4. Реттілік қағидасы


Қимыл-әрекетке үйрету және дене қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады: 1. Жеңілден – қиынға.

2. Қарапайымнан – күрделіге. 3. Меңгерілген қимыл-әрекеттен -меңгерілмеген қимыл-әрекетке.

Бұрыннан меңгерілген қимыл-әрекеті мен дағдысының негізінде жаңа қозғалыстарды үйрете, қалыптастыра білу керек. Әрбір спорт түрінің негізгі жаттығуларын үйреткенде оларды рет-ретімен іріктеп, қарапайым, жеңіл орындалатын қимыл-қозғалыстарды алдымен, сонан соң күрделі жаттығуларды ақырындап күрделілендіре үйрету қажет. Дене тәрбиесі үрдісінің реттілік қағидасының ерекшелігі де осы жаттығулардың сабақтастық негізіне бағытталған. Оқу материалдарын жоспарлағанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жатуын ойластыру керек.


5.5. Біртіндеушілік қағидасы


Орындайтын жаттығулар техникасының біртіндеп күрделіленуін, жүктеме көлемі мен қарқыны біртіндеп өсуін біртіндеушілік қағидасы дейміз. Сабақ жүктемелерін демалыстан кейінгі кездерде немесе жаттығу сабақтары жаңа басталған кезеңдерде жеңіл, кіші, аз көлемде, ақырын қарқында беріп, бірте-бірте жоғарылатып отырған дұрыс. Жүктеменің біртіндеп өсуінің үш түрі бар (3-сурет):

1. Түзу сызықты – көтерілу түрі. Бұл түр кезінде жүктеме біртіндеп артады, жаттыққандық деңгейі баяу, жайлап жоғарылайды, жаттығу сабақтары арасындағы демалу уақыты ұзақ болады. Бір жетіде 3-4 рет жаттығу сабақтарын жүргізу.

2. Сатылы түрі. Көптеген жаттығу сабақтарында дене жүктемесі тұрақты, тік жоғары көтеріліп отырады. Ол ағзаның бейімделу үрдісін тездетеді, оны тұрақтандырады.

3. Толқынды түрі. Бұл түр кезінде жүктеме жоғарылап қана емес, төмендеп те тұрады. Жаттыққандық деңгейін жоғарылату үшін келесі толқынды жоғары деңгейге көтеру керек. Соның арқасында жаттығу жүктемесін ең үлкен мөлшерде беруге болады. Қазіргі жаттықтыру үрдістерінде көбінесе осы толқынды түр қолданылады.







hello_html_m201dc81.gif







hello_html_37115067.gif II

I




hello_html_7e15934a.gif

Жаттығу сабақтарының саны



3-сурет. Бір жетілік циклде дене жүктемесінің көтерілу түрлері (Л.П. Матвеев ұсынысы бойынша)


Қhello_html_m2bddf96.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_m2bddf96.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_m2bddf96.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_1cbd7991.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_1cbd7991.gifозғалыс әрекетін үйретуде оқу материалына екі түрлі жоғары талаптар қойылады:

1. Түзу сызықты - ол әрбір сабақта жаңа міндеттер қою.

2. Сатылы – жаттығушыларға оқу материалын бірнеше сабақтар көлемінде игеруге талап қояды, ал жаңа тапсырма жаттығушылардың өткен сабақтар міндеттеріне бейімделген кезінде ғана беріледі.

Оқушылардың функционалдық мүмкіншіліктері тұрақты өсіп отыруы оларға жоғары талаптар қоюды керек етеді. Сондықтан да жаттығушылардың дайындық деңгейі қандай биік болса, сондай жоғары талаптар қойылады. Қойылған талаптардың дамуы жаңа тапсырмалардың түсініктілігіне, жүктеме көлемінің дұрыс берілуіне байланысты. Қимыл-әрекетті меңгеру, жүктеме көлемін өзгертуді дене тәрбиесі мұғалімі мектеп бағдарламасын, Президенттік сынақ нормативтерін басшылыққа ала отырып белгілейді.



5.6. Даралылық қағидасы


Даралылық қағидасы – дене тәрбиесі үрдісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру түрінде жүргізіледі. Даралылық қағидасы әр адамның дайындық деңгейіне, жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты. Жеке басының, психикасының ерекшеліктеріне, жүктемеге шыдамдылығына, сыртқы орта әсерін сезіну мүмкіншіліктеріне, жұмыс істеу стиліне байланысты.

Даралылық қағидасы дене тәрбиесі үрдісінде төмендегідей түрлерде қолданылады:

- топтық жұмыс арқылы. Бұл жағдайда жаттығушылар сыртқы бейне сипаттары бойынша бөлінеді (жыныс, жас ерекшеліктері, дене дайындығы т.с.с.). Бастапқы үйрету кезеңдерінде, негізгі жарыс жаттығуларының техникасын үйренгенде, жалпы денені дамытқанда топтық жұмыс істеу жолы өте тиімді:

- жекелей жұмыс істеу арқылы. Спорттық шеберлігі артуына байланысты жұмыстың топтық түрі жекелей жұмыс істеу түріне ауысады. Бұл жұмыс оқушылардың төмендегідей ерекшеліктерін ескеріп жұмыс істесе нәтижелі болады: сынақ және оның көрсеткіштеріне көңіл бөлінсе; оқу материалдарын меңгеру, жүктемелерге бейімделу мүмкіншіліктері ескерілсе; әр түрлі оқу әдістерін түсіну зеректігі ескерілсе (көрсету, түсіндіру, көрнекі құрал көрсету т.б.).

Даралылық қағидасы мынандай жұмыстар арқылы іске асырылады:

- жеке үй тапсырмалары арқылы;

- дене тәрбиесі сабағында берілетін әр түрлі тапсырмалар арқылы (жақындататын, дайындық, негізгі жаттығулар т.б.);

- түрлі спорттық құрал-жабдықтар арқылы.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде қағидалар әрекеті бір-бірімен байланысты, біріге кездесіп отырады. Осындай жағдай педагогтерді әдістемелік қағидаларды кешенді пайдалануға мәжбүр етеді. Дене тәрбиесі сабақтарын, жаттығуларды жүргізу кезінде көрнекілік қолданылып, реттілік және біртіндеушілік қағидалары, оқушылардың зейінділігі мен жеке ерекшеліктері ескерілсе, сабақтар арасындағы жүйелілік сақталса, бағдарлама материалдарын жақсы меңгеруде, дене жүктемесін үзбей жоғары деңгейде ұстауда дене тәрбиесі мұғалімінің алдында көптеген мүмкіншіліктер ашылады.


















6. ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТІНЕ ҮЙРЕТУ


6.1. Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі


Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз – адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл-әрекетке үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру үрдісі.

Математика мұғалімі есеп шығаруға, қазақ тілі мұғалімі граматикаға үйретсе, дене тәрбиесі мұғалімі оқушыны жүгіруге, секіруге, лақтыруға үйретеді. Оқушыны кеңістікте өз денесін басқарып, қозғалуға үйретеді. Мектеп бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын дұрыс орындауға үйретеді. Үлкен өмірде тіршілік етуге дайындайды. Спорт түрінің жаттықтырушысы, бапкері спортшыға спорт түрінің жарыстық жаттығуларының техникасын үйрету арқылы, сол жаттығуларды орындаудан жоғарғы жетістіктерге жетуге, әлемдік рекордтар орындауға жеткізеді.

Қимыл-әрекетке үйрету үрдісі кезінде спортшының дене қуатының деңгейі қандай екендігі байқалады. Ол дене қасиеті деңгейі сол жаттығу техникасын орындауға сай болуы мүмкін. Олай болатын болса жаттығу техникасын үйрену барысында сол дене қасиетін дамыту керек болады. Мысалы, волейболдағы шабуыл соққысын орындау үшін спортшы секіргенде доп соғатын қолы тордан 30 сантиметрдей жоғары шығуы керек. Ондай биіктікке секіре алмаса жаттығу техникасын орындай алмайды.

Психологиялық жетілу – спортшының өзіне сенімділігі, батылдығы, тәуекелшілдігі, «Жаттығуды орындай алмаймын ба?» деген өзінің сенімсіздігін жеңуі. Ол қасиеттер де бірден келмейді, жаттығу техникасын үйрету барысында қалыптасады, тәрбиеленеді.

Дене тәрбиесіндегі оқытудың нәтижесі қимыл-қозғалысты меңгеру болып табылады. Қозғалысқа үйрету теориялық және іс-тәжірибелік бөлімдерден тұрады.


6.2. Теориялық материалдарды оқыту бөлімі


Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогикалық қағидалармен (жүйелілік, ұғынықтылық т.с.с.) анықталады, бұлар оқу мақсатына, оқушылар тобының ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді:

1. Дене тәрбиесінің әлеуметтік қажеттілігі туралы ( денсаулықты нығайту, жұмысқа біліктілігін арттыру т.б.). Бірінші сабаққа келген күннен бастап жаттығушыларға дене жаттығуларының адам ағзасына әсері, пайдасы, керектігі туралы айту керек. Дене жаттығуларын орындау ең бірінші денсаулықтарын нығайтатынын олар жақсы білуі тиіс. Тек тұрақты, жүйелі дене жаттығуларын орындау ғана адам ағзасының жұмыс қабілеттілігін артыратынын, деңгейін жоғарылататынын олар жақсы білуі, соған ұмтылуы керек. Сонда ғана үйрету үрдісі нәтижелі болады.

2. Дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы мағлұмат (футбол, баскетбол, волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б.). Жаттығу техникасын үйретерден бұрын сол спорт түрінің жарыс ережелері туралы мағлұмат берудің үлкен маңызы бар. Мысалы, волейболдағы шабуыл соққысын үйренер алдында оқушы соққы кезінде торға қолы тимеуі, доп волейбол алаңының ішкі жағына түсуі, тосқауылдан ұшқан доп алаңның сыртына түссе де ұпай санына есептелетіні туралы ережелерді білуі қажет.

3. Медициналық-биологиялық мағлұматтар дене гигиенасы, шынығу, ұйықтау, тамақтану, жаттығу режімдері туралы баяндаулар, әңгімелер түрінде жүргізілуі керек.

4. Үйрететін қимыл-қозғалыс техникасы туралы мағлұмат. Үйренетін жаттығу техникасы, оның қолданылатын жері, жолдары, мақсаты айтылады. Қимыл-әрекетіне үйрену алдында оқушы оның ережелері, адам денесінің қозғалу заңдылықтары, арнайы терминология туралы мағлұматтар алуы керек.

Теориялық мағлұматтарды алу көздері: қимыл тәжірибелігі, арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау әдістері, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б.

Теориялық мағлұматтарды баяндау кіріспе сабақтар кезінде, сабақтардың кіріспе бөлімінде және оқу материалдарын үйрену кездерінде сабақтың негізгі бөлімінде де жүргізіледі.


6.3. Іс-тәжірибе бөлімі


Дене тәрбиесі және спорттың нақты тәжірибесінде қимыл-әрекеттердің техникасын үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрету және жетілдіру. Енді осы кезеңдерге жеке-жеке тоқталып кетейік.


6.3.1. Қимыл-әрекетті таныстыру кезеңі


Бұл кезеңнің міндеті – оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну, ұғыну үрдісі қалыптасу кездерінде бір-біріне байланысты, сабақтасты үш кезең пайда болады.

Үйрену міндеттерін ұғыну. Оқушының жаттығу техникасын қарапайым болса бір сабақта (мысалы, шаңғымен сырғанауға үйрету), күрделі болса бірнеше сабақта (мысалы, шаңғымен екі адымды, кезекпе-кезек таяна сырғанау тәсілі) ұғынуы. Жаттығу техникасын үйреткенде мұғалім немесе бапкер жаттығуды толық, тез қарқында орындап көрсетеді. Әрбір спорт түрінің негізгі жаттығуларының орындау эталоны, стандарты бар болғандықтан бапкер сол стандартты қалыпта орындауы керек. Жаттығу техникасын стандартты қалыпта орындап көрсеткеннен кейін барып бапкер жаттығуды ақырын қарқында, бөлшектерге бөліп, әр бөлшектерінде үйренетін қимылдарды көрсетіп, сөзбен айтып, түсіндіріп орындайды. Оқушылар жаттығу техникасының негізін, сонан соң бөлшектерін түсінуі керек.

Орындау жобасын құру. Бұл кезеңде оқытушының, бапкердің түсіндіріп, көрсеткен жаттығу техникасын ұғынған оқушы санасында жаттығуды қалай орындауға болатыны туралы қисынды, бейнелі түсінік қалыптасады. Ол жаттығу техникасын толық ұғынып, оны орындауға дайын күйде келеді.

Жаттығуды орындап көру. Жаттығуды орындап көру – танысу кезеңінің негізгі элементі. Оқушы жаттығу техникасын үш-төрт рет орындап көреді. Орындап көру арқылы оқушы өз міндетін қаншалықты ұққанын, қозғалысқа үйрену міндетін қалай құрғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекеттің күрделілігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады. Қарапайым жаттығуды толық орындай беруге болады. Күрделі жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс техникасын тұтас орындағанда оқушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау әдісін қолдану қажет.

Қимыл-әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері: тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері. Сөзді қолдану әдістері: түсіндіру, баяндау. Көрнекі қабылдау әдістері: қимыл-әрекетті көрсету, көрнекі құралдар қолдану және т.б.

6.3.2. Қимыл-әрекетті үйрету кезеңі


Бұл кезеңнің міндеттері – оқушыларға техника негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушының әрбір жаттығу техникасы бөлшегін ықылас сала орындайтын қимыл-әрекетін қимыл шеберлігі дейміз. Қимыл шеберлігінің қалыптасуының өзіне тән мынандай белгілері бар:

- қимыл-әрекетін орталық жүйке жүйесінің бақылауымен дағдысыз басқару;

- жаттығуды тұрақты дұрыс орындамау (қателесу);

- әр түрлі жаңылдыратын себептерге қарсы тұра алмаушылық (шаршау, абыржу, үйрену арасындағы үзіліс). Қимыл шеберлігін қалыптастыру кезеңіне жаттығуды тұтас немесе бөлшектеп көп рет қайталау процесі жатады.

Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімге бөлінеді:

Қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушыларды жаттығу тәсілінің негізіне, пайда болған қателерді жоюға, жаттығуды орындаудағы қатаюды болдырмауға үйретеді. Физиология тілімен айтқанда, орталық нерв жүйесінің артығырақ жайыла қозуы, қозғалыс орталығына ауысуы шоғырланады. И.П. Павловтың ілімі бойынша динамикалық стереотип қалыптаса бастайды, ол жүйке процестерінің жаттыққан жүйесі, шартты рефлекс механизмі бойынша пайда болады. Оқушыларда бұл мезгілде артық қозғалыс жоғалады, қимыл еркінделе бастайды, жаттығуды орындау амплитудасы үлкейеді, сенімділік пайда болады.

Қимыл шеберлігін жетілдіру. Бұл бөлімде қимыл-әрекетін орындау техникасы меңгеріледі және бірталай дағды белгілері пайда бола бастайды. Бірақ жаттығуды орындау тұрақсыздығы сақталады, жаттығу техникасын әр түрлі себептер жеңіл бұза алады. Жаттығуды орындау барысында жіберілген қателерді дер кезінде түзетудің маңызы зор, өйткені ол жаттығушының жаттығуды үйренуіне жақсы нәтижеге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Қимыл-әрекетті меңгерудің бастапқы кезеңдерінде қателер көп кездеседі. Сондықтан оқу әдістемесін дұрыс қолдана отырып, оларды болдырмауға ұмтылу қажет.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде төмендегідей қателер топтары кездеседі:

1. Жалпы және нақты қимыл-әрекеті кезіндегі қателер. Жалпы қателерге жататындар: жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезіндегі дұрыс тұрмаған дене тұлғасы, жаттығуларды үлкен амплитудамен орындамау т.с.с. Нақтылы қателерге жататындар: алдыға төмен еңкейгендегі, ағаш аттың үстінен секіргендегі аяқтың тізе буыннан бүгілуі, жаттығу орындағандағы қолдың шынтақ буынынан бүгілулері т.с.с.

2. Елеулі және ұсақ қателер. Елеулі қателер – жаттығу техникасының негізін бұзатын қателер. Ұсақ қателер - техника бөлшектерінде кездесетін, техника негізіне көп әсер етпейтін қателер.

3. Әдеттегі және кездейсоқ қателер. Әдеттегі қателер – жаттығу техникасында жиі кездесетін, олардың болатынын дене тәрбиесі мамандары алдын ала біліп отыратын қателер. Кездейсоқ қателер – жаттығу техникасында сирек кездесетін қателер.

4. Дағдылы және дағдыланбаған қателер. Дағдылы қателер – оқушы қимыл техникасын қате үйреніп алған кезде болатын қателер. Ондай қателерге спортшы әбден дағдыланып алғандықтан түзету өте қиын болады. Дағдысыз қателер қимыл-әрекетін меңгерудің бастапқы кезеңдерінде кездеседі, оқытушы сол кезде көрсе, оны оңай түзетеді.

Қателердің шығу себептері: оқушылардың үйрену міндеттерін дұрыс ұқпауынан, үйрету жобасын дұрыс құрмауынан, жалпы дене дайындығының төмендігінен, өз күшіне сенбеуінен, батылдықтың жетіспеуінен, сабақты ұйымдастыру талаптарының бұзылуынан, ағзаның тез болдыруынан, алдыңғы үйренген қозғалыс-әрекеттерінің кері әсерінен, сабақ өткізетін жердің, құрал-жабдықтардың педагогикалық талаптарға сай еместігінен.

Қатені көру оңай болғанмен, оның шығу себептерін білу қиынға соғады. Сондықтан да дене тәрбиесі маманы қатенің шығу себептерін жақсы білуі, қатені түзету жолдарын дұрыс анықтай алуға тиісті. Қателерді түзету ережелері өте көп. Олардың дене тәрбиесі тәжірибесінде жиі кездесетіндеріне тоқтала кетейік:

- қайта түсіндіру, жаттығуды қайта көрсету арқылы оқушы қатесін ұғындыру;

- алдымен тұрпайы, тәсіл негізін бұзатын қателерді, сонан соң ұсақ қателерді түзету;

- мұғалімнің қателерді түзету нұсқаулары, оқушылардың дене мүмкіншіліктеріне байланысты болуы қажет. Ондайды қатені түзету кезінде пайдаланған жаттығуларды орындап жіберген жөн.

Қатенің шығуы, оны түзету көбінесе жаттығуды қайталау сипатына байланысты. Ол қарапайым қайталау және өзгермелі қайталау болып бөлінеді. Қарапайым қайталау стандартты жаттығулар техникасын үйренгенде пайдаланылады, оқушылардың қимыл-әрекеті мұғалімнің көрсеткеніндей орындауын талап етеді. Күрделі қайталау қозғалыс-әрекетін әр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді. Сол мақсатпен қозғалыс әрекетін қайталау әр түрлі ауыспалы нұсқаларда, түрліше жағдайда орындалады. Оқушылар жаттығулардың стандартты орындау тәсілін тұрақты игергенде ғана күрделі қайталауды пайдалану қажет. Бұл кезеңде үйрету әдістерінің барлық топтары қолданылады: сөзді қолдану әдістері (талқылау, орындаған тапсырманы талдау т.б.); көрнекі қабылдау әдістері (кинограмма, бейнежазулар, тез хабарлау жабдықтары), тәжірибелік әдістер (жеке бөлшектеп үйрету, тұтас үйрету).

6.3.3. Қимыл-әрекетті жетілдіру кезеңі


Бұл кезеңнің мақсаты – қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл-әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Қимыл дағдысы әр түрлі қозғаушы факторларға қарсы жоғары тұрақтылық танытады (жаттығуды басқа спорт залда орындау, көрермендер әсері, әр түрлі ауа райы жағдайлары т.б.). Қимыл дағдысын қалыптастырғанда қозғалыс дәлдігі жақсарады, қимыл ырғағы жетіледі, жеке қозғалыстар біртұтас қимыл-әрекетке айналады. Қимыл дағдысын қалыптастыру кезінде анализаторлар қызметін бөлу үрдісі қатар жүреді. Қимыл анализаторларының мәні артады, өйткені бұлшық еттердің сезімталдығы қозғалысты бақылауда жетекші рөл атқарады. Көру анализаторларының қызметі қоршаған сыртқы ортадағы жағдайды және әрекеттің нәтижелілігін бақылау қызметіне ауысады. Қимыл дағдысы жаттығуды көп қайталағанда пайда болады. Жаттығуды дұрыс қайталау үйрету міндетіне, оқу материалының күрделілігіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту әдістемесінің жетілгендігіне байланысты.

Тәжірибеде қайталаудың екі жолы қолданылады: созылмалы – көптеген сабақтарға бөле қайталау; түйінді – қысқа мерзімде бір немесе бірнеше сабақта қайталау.

Созылмалы қайталау кезінде қолайлы дұрыс тынығу аралығы болса, көлемді оқу материалын игеру кезінде, жаттығушылар үлкен дидактикалық әсер алады (мысалы, гимнастикадағы еркін жаттығулар). Бұл үрдісті екі себеппен түсіндіреміз: біріншіден, жаттығу техникасының есте сақталуы, яғни меңгеріп жатқан оқу материалын жаттығуды орындап жатқанда ғана емес, тынығу аралығында да ұғыну, ойлау. Екіншіден, жаттығуды меңгеру үрдісінің, ағзаның бұлшық ет әрекетіне, бейімделу қызметіне байланыстылығы, яғни жаттығуды орындау барысында ғана емес, қалпына келу кезеңінде де сақталады.Тынығу аралықтарының жиілігі мен ұзақтығын белгілегенде (жалпы уақыт ұзақтығы бірдей) сирек және ұзақ тыныққанға қарағанда, жиі және аз уақыт тыныққан кезде спортшы ағзаның жұмыс қабілеттілігі артатынын ескеруіміз керек. Сондықтан да сабақтарды біріктіруге болмайды. Түйінді қайталау тездете үйрену негізін құрайды. Оны жеңіл оқу материалын үйренгенде қолдану тиімді. Бұл екі жағдайда да қайталау сипаты әр түрлі болады. Бастапқы үйрену мезгілінде қайталау жиілеп, сонан соң біртіндеп азаяды. Жаңа тәсілді тұрақтандыру үшін бастапқы жаттығу жиі қайталануы керек, ал ол бекіп алған соң қайталауды азайтуға болады.

Қимыл дағдысы әр түрлі және біртіндеп қалыптасады. Қимыл дағдысының қалыптасуы төрт түрге бөлінеді:

1. Дағдының «жағымсыз тездете» қалыптасуы. Үйрету барысының басында қимыл-әрекетін игеру тез, сонан соң баяулап қалады. Өйткені қимылды орындаудың техника негізгі тез қабылданады да, бөлшектері ұзақ меңгеріледі.

2. Дағдының «жағымды тездете» қалыптасуы. Бұл үйренудің бас кезінде болады, осы кезде дағды ақырындап, сонан соң тезірек қалыптасады. Қалыптасудың осы түрі күрделі әрекеттерді үйренген кезде байқалады, жаттығу техникасын бөлшектеп үйреніп барып толық орындаған кезде, жақсы меңгерген қимыл-әрекеттер дағдының тез өсуін шапшаңдатады.

3. Дағды дамуының ақырындауы. Мұндай жағдай дағдының жетілу деңгейіне жеткен кезінде пайда болады. Дағды неғұрлым жетілген сайын оның одан әрі дамуына қажымас қайрат, көп еңбек және педагогикалық шеберлік керек.

4. Дағды дамуының тоқталуы – үйрету әдістері қате, тиімсіз болғанда, дене қуатының даму деңгейі (күш, ептілік т.б.) төмен болғанда, жаттығуды ебедейсіз (қорқыныш, шаршау), ыңғайсыз жағдайда (нашар спорт жабдықтарында т.б.) орындағанда пайда болады.

Оқытушы дағдыны қалыптастыру кезінде осы жағдайларды байқап, уақытында түзетіп отыру қажет.

Дағдының бұзылуы. Мықты қимыл дағдысы уақытылы баянды етіліп отырылса, көп жылдар бойына спортшы денесінде, санасында сақталады, қажет кезде қозғалып қолдануға болады. Ондай бекітулер болмаса, дағды бұзылады, қимыл дәлдігі жоғалады, жаттығу орындаудың (өз күшіне сенбеушіліктен), нәтижелігі нашарлайды. Бірақ дағды түгелімен жоғалып кетпейді, негізі сақталады және қайталанған соң тез қалпына келеді.

Қимыл дағдыларының ауысымы. Дене тәрбиесінің тәжірибесінде қалыптасатын қимыл дағдыларының бір-бірімен біріге әрекеттенуі жағымды және жағымсыз жағдай туғызады. Ертерек қалыптасқан дағдының, келесі дағдының қалыптасу үрдісін жеңілдетуін жағымды ауысу дейміз. Бұл жағдайда алдыңғы қалыптасқан дағдының жаңа үйренетін қозғалыстарға ұқсас элементтерін қолданамыз. Мысалы, оқушы гранат лақтыру техникасын жақсы меңгерген болса, найза лақтыру техникасын да тез меңгереді. Ертерек қалыптасқан дағдының келесі дағдының қалыптасу үрдісін қиындатуын жағымсыз ауысу дейміз.

Жоғары қозғалыс шеберлігі. Қимыл дағдысының жетілу үрдісі шексіз болып келеді. Оның негізгі міндеттері – оқушыны тұрмыс, еңбек, спорттық әрекет дағдыларын еркін меңгеруге үйрету. Дағдының тәжірибелік құндылығы осында. Егер оқушы спорт залда секірген биіктіктен, табиғи ортада секіре алмаса, ол дағдының тәжірибелік құндылығы болмайды.

Сонымен жоғарғы қозғалыс шеберлігі дегеніміз – қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі – үйрету үрдісінің соңғы межесі. Алға қойған міндеттерді орындау үшін, қимыл дағдысын мынандай жолмен жетілдіру керек:

- жаттығуды орындау техникасының даралығы;

- қимыл дағдыларын меңгерудің нұсқауларын меңгеріп көру;

- меңгерген қимыл дағдысын әр түрлі қозғалыс әрекеттерге пайдалану шеберлігін меңгеру;

- өзгерген әрекет жағдайына сай ауысып, бейімделе білу қабілетін меңгеру;

- жаңа қалыптасқан дағдыны ерте меңгерген дағдымен әр түрлі бірлік таба қолдану шеберлігін меңгеру.

Қимыл дағдысын жетілдіру әр түрлі оқу әдістерінің көмегімен іске асырылады. Оның ішінде жетекші орынды ойын және тұтас үйрету әдістері алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау техникасына өзгеріс енгізу керек болса, бөлшектеп үйрету әдісі қолданылады.


7. ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІ, ОНЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

7.1. Дене қасиеттері, анықтамасы, түрлері


«Дене қасиеттері», «қозғалыс қасиеті» деген терминдер, ұғымдар арнайы оқу кітаптарында бір мағынада пайдаланылады. Олар адамның қозғалыс мүмкіншілігінің әрекеті жағын көрсетеді. Дене қасиеттері адам қозғалғанда, дене қуатын көрсеткісі келгенде пайда болады. Адам жай тыныштық күйде болғанда ол қаншалықты күшті, жылдам немесе төзімді екенін біз білмейміз, кеңістікте көп уақыт аралығында жылдам қозғалса жылдам екенін, қарқынын азайтпай ұзақ жүгіре алса төзімді екені көрінеді. Яғни, дене қасиеттері адам денесінде белгілі бір деңгейде сақталып тұрады. Ол қозғалған кезде, дене қуаты деңгейін көрсеткісі келген кезде, ол адамның қаншалықты күшті, жылдам, төзімді екенін білеміз. Спортшы дене жаттығуларын тұрақты орындау арқылы дене қасиеттері деңгейін жоғарылата алады. Ол сол жоғарылатқан деңгейінде адам денесінде, санасында сақталып тұрады. Әрине, спортшы әрекет жасап, ол дене қасиеттерін тұрақты деңгейде ұстап отырмаса, ол қасиеттер төмендейді, егер тұрақты, өмір бойы жүйелі жаттығулар арқылы шұғылданып отырса, жаттығу техникасы секілді дене қасиеттері де адам денесінде, санасында сақталып тұрады.

Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қасиеттері дейміз.

Ол қасиеттер міндетті түрде адам сол дене қасиеттерінің деңгейін көрсеткісі келіп әрекет жасағанда толық деңгейде көрінеді. Мысалы, спортшы күш деңгейін көрсеткісі келіп ауыр штанга көтереді, белтемірде көп тартылады, жылдамдық деңгейін көрсеткісі келіп 30 м-ді тез жүгіреді, төзімділік деңгейін көрсеткісі келіп 3 шақырымға жүгіріп, жақсы уақыт көрсетеді т.с.с.

Осы дене қасиеттерінің деңгейін көтеру, дамыту, тәрбиелеу арқылы ғана біз дене тәрбиесі мен спортта жақсы нәтижеге жетеміз. Мысалы, волейбол ойынындағы маңызды техника тәсілі «шабуыл соққысын» орындау, жоғары көтерілген допты соғу үшін спортшының секірген кездегі қолы тордың үстінен ең аз дегенде 20-30 см жоғары шығу керек. Ол үшін міндетті түрде аяқтың секіру, серпін жасау күшін дамыту керек болды. Сондықтан да біз дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде қозғалыс техникасын үйретумен қатар дене қасиеттерін дамытуымыз қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, сауықтыру дене тәрбиесімен, қолданбалы дене тәрбиесімен айналысатын мамандар, спорт нұсқаушылары дене қасиеттерін дамыту, тәрбиелеу амалдарын, әдістерін, әдістемелерін, әдістемелерді жас ерекшеліктеріне байланыстыруды жақсы білуі, іс-тәжірибеде қолдана білуі керек.

Біз осы үлкен, маңызды 7-тарауымызда дене қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікті жеке-жеке қарастырып, оларды дамытудың жас ерекшеліктері, амалдары, әдістері, әдістемелері туралы сөз қозғамақпыз.

7.2. Күш және оны дамыту әдістемесі

7.2.1. Күш, күштің түрлері


Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз. Күш үш түрлі бұлшық ет жұмысы тәртібінде пайда болады:

1. Жеңу тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет жиырылады, қысқарады. Мысалы, белтемірде тартылу.

2. Көну тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет созылады, ұзарады. Мысалы, белтемірден төмен түсу, салбырау.

3. Қозғалмайтын (статикалық) тәртіп. Бұл кезде бұлшық ет ұзындығы өзгермейді. Мысалы, белтемірде асылып тұрып, екі аяқты кеудеге бұрыш жасай көтеріп, бірнеше ондаған секөнд ұстап тұру.

Күштің пайда болу түрлері:

Жеке күш мүмкіншілігі статикалық кезде (дене қалыбын ұстау) және ақырын қозғалыс кезінде пайда болады. Мысалы, еденнен жай қарқында итерілу, аспа темірде тартылу, шалқадан жатып кеудені көтеру жаттығуларын жасағандағы спортшының өз күш мүмкіншілігін көреміз.

Күш жылдамдығының мүмкіншілігі тез, жылдам қозғалыста пайда болады (секіру, лақтыру т.б.). Бұл жағдайда спортшы күшіне жылдамдық қосу арқылы, жаттығуды тез орындау арқылы жоғары нәтижеге жетеді. Мысалы, жеңіл атлетикадағы диск, ядро, граната, найза лақтыру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру жаттығулары.

Адам денесі күштің пайда болу үрдісінде үлкен маңыз атқарады. Адамның қозғалыста өз дене салмағын есептемей, барлық мүмкіншілігімен көрсеткен күші абсолютті күш немесе ең жоғарғы күш деп аталады.

Әр түрлі салмақтағы адамның күшін салыстыру үшін салыстырмалы күш деген ұғым пайдаланылады. Бұл - 1кг адам салмағына келетін күш мөлшері. Спортшылардың салмағы өсуімен бірге абсолюттік күші де көбейеді, ал салыстырмалы күші азаяды. Жаттығушылар абсолюттік немесе салыстырмалы күштерді спорт түрлеріне байланысты дамытады. Мысалы, жеке сайыстағы спортшыларға (ауыр салмақ дәрежесіндегілер), лақтырушыларға (найза, граната) абсолюттік күш қажет, ал гимнасттарға, акробаттарға, палуандарға, жеңіл салмақ дәрежесінде штанга көтеретін спортшыларға салыстырмалы күш керек, ол күш неғұрлым көп болса, соғұрлым спортшылардың дене дайындығы жоғары болмақ.


7.2.2. Күшті дамыту амалдары мен әдістері


Күшті дамыту үшін жоғарғы қарсылық жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бөлінеді:

1. Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт құралдарының салмағы (штанга, гирлер, батпандар т.б.), серігінің қарсы әрекеті (жұптық жаттығулар), сыртқы ортаның қарсылығы (құмда, қарда, суда жүгірулер т.б) жатады.

2. Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары ( белтемірде тартылу, еденнен итерілу, отырып-тұрулар, секірулер т.б.).

Ауырлық шамасын білу үшін спортшы неше рет көтере алатыны белгілі салмақ қолданылады. Ол салмақты қайталау шегі (ҚШ) деп аталады. Мысалы, 2 ҚШ дегеніміз – спортшы екіден артық, көтере алмайтын салмақ.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде күшті дамытудың көп тараған әдістері бар:

Жоғарғы күш салу әдісі. Бұл әдіс кезінде жаттығулар аса ауыр салмақты заттармен орындалады (ауыр салмақты штанганы көтеру, салмақ қосып тартылу т.б.) Жүйке бұлшық ет аппаратының жұмысы шегіне жете қолданылып, сол арқылы күштің көп өсуіне мүмкіншілік береді. Алайда, бұл әдіс психикалық ширықтыруға соқтырады да, балалармен жұмыс істегенде байқап қолдану керек.

Жоғарғы күш салу әдісін қолдану сипаты мынандай: Қарсыласу шамасы 1-4 ҚШ (ауырлық көтеру шамасынан 90-100 %) бір жаттықтыру сабағында 3-4 тізбекпен орындалады. Орындау аралығында тынығу, спортшы ағзасы толық бастапқы қалпына келгенге дейін, 3-5 минөтқа дейін созылады.

Қайталап күш салу әдісі. Бұл әдіс екі негізгі ауырлық шегі аймақтарына бөлінеді, әрбір аймақта жаттығу әбден шаршағанша немесе көтеруге шамасы келмей қалғанша орындалады. Бұл жағдайда соңғы әрекеттерде күш түсірудің шегіне жету әсері байқалады, жаттығуға көптеген бұлшық еттер саны қатысып, көмектесе бастайды.

Бірінші аймақ: жаттықтыру сабағында қарсыласу шамасы 4-12 ҚШ (ауырлық көтеру шамасынан 50-80%) 3-6 тізбекпен орындалады. Тізбек арасындағы тынығу – 2-4 минөт. Мұнда спортшы ағзасы толық бастапқы қалпына келмейді. Бұл жерде абсолюттік күш және күш төзімділігі дамиды.

Екінші аймақ: қарсыласу шамасы 13-20 ҚШ (ауырлық көтеру шамасынан 30-60 %) 2-4 тізбектен артық қолданылады. Тізбек арасындағы тынығу - 2-4 минөт. Мұнда күш төзімділігі дамиды, жаттығу өте тез қарқында орындалса күш жылдамдығы қасиеті дамиды.

Қайталап күш салу әдісі балаларды зақымдандырмайды, жаттығу техникасын дұрыс орындауға көмектеседі, зат алмасу үрдісін жақсартады, бұлшық етті өсіреді. Жеке бұлшық ет топтарын дамыту үшін қолдануға болады.

Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі. Қатаю ұзақтығы бір орындауда 6-8 секөнд, күш салу шамасы 70-тен 100 %-ға дейін. Бір жаттығу сабағында 3-5 рет қайталанады, тынығу аралығы әрбір қатаюдан кейін – 30-60 секөнд. Бұл әдіспен жаттығу кезінде жоғары күш жақсы дамиды.


7. 2. 3. Жас ерекшеліктеріне байланысты күшті дамыту


Балалар мен жасөспірімдердің күштерінің өсу қарқыны сүйек-бұлшық ет жүйелерінің морфофункциялық өзгеруіне, организмнің жалпы биологиялық жетілуіне, қозғалыс белсенділігі деңгейіне т.б. көптеген себептерге байланысты. Сүйек-бұлшық ет аппараты өзінің даму шегіне 18-20 жаста жетеді. Сондықтан бастауыш және орта мектеп жасындағы оқушылардың күштерін дамытуды жылдамдатуға болмайды. Статикалық жаттығуларды шектеп, жалпы қозғалыс сипаттағы жаттығуларды көп қолдану қажет.

Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың күш дайындығының негізгі міндеттері – барлық бұлшық ет топтарын үйлесімді дамыту, дененің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік, «бұлшық ет құрсауын» құру.

7-8 жастағы балалардың күшін жетілдірудің қарапайым амалдары: гимнастикалық қабырғаға, таянатын сатыларға өрмелеу, допты көп лақтыру, секіру, жеке сайыс элементтері бар қозғалмалы ойындар ойнау және т.б.

10-11 жастағылардың күшін дамыту талабы артады: нығыздалған доппен жаттығулар, арқанға өрмелеу, күш түсіретін қозғалмалы ойындар ойнау т.б. қолданылады.

12-13 жаста күшті арттыру амалдарын көбейтуге болады. Бұл жастағыларға арнайы құрастырылған, бұлшық ет топтарына арналған, аз ғана ауырлықтармен, қозғалыс сипатында күш жаттығуларының кешенін беруге болады.

14-15 жастағы жасөспірімдердің денеге күш түсіретін жаттығулар жасауға шамалары жетеді. Осы жастан бастап күшке бағытталған жаттығулар беруге әбден болады. Осы міндеттерді орындау үшін дене тәрбиесі сабақтарында нығыздалған доптармен жаттығу, айналмалы, шеңберлі жаттығулар, арқан тартысу сияқты күш ойындары т.б. қолданылады. Жаттығулар динамикалық, статикалық сипаттарда орындала береді.

Абсолюттік күштің табиғи өсуі бозбалаларда 16-17 жаста, қыздарда 10-11 және 16-17 жаста айқын байқалады. Осы кезеңдерде жүргізілген оқушылардың күш дайындығы үрдісі олардың ағзаларының жедел жетілуіне көмектеседі.


7.3. Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі


7.3.1. Жылдамдық, оның түрлері, дамыту амалдары мен әдістері


Жылдамдық дегеніміз – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:

1. Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы.

2. Дербес қимыл жылдамдығы.

3. Қимыл жиілігі.

Қарапайым қозғалыс жылдамдығы дегеніміз – алдын ала белгілі қозғалыспен, бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап (спортшының дыбыс берілген кезде белгілі қозғалыс әрекетін тез орындауы). Қарапайым қозғалыс жылдамдығы қандай да бір қоздырғышқа кері жауап қайтару уақытымен бағаланады. Қоздырғыштар – жаттықтырушының, төрешінің дауысы, сөрелік тапаншаның атылуы, шапалақтың соғылу дыбысы, жарықтың жарқ етуі, төрешінің жалау ұстаған қолын сермеуі және т.б. Мысалы, 100 м жүгірудегі сөрелік тапаншаның атылуы немесе төрешінің дауыстаған бұйрығы бойынша жүгіре жөнелу. Қарапайым көру – қозғалыс жылдамдығының ұзақтығы спортшыларда орташа 0,10-0,20 секөндтан, спортпен жаттықпайтындарда 0,15-0,25 секөндтан көбірек уақытта болады. Берілген дыбысқа жауап спортшыларда 0,05-16 секөндқа дейін, жай адамдарда 0,20-0,35 секөндтан көбірек уақыт мөлшерінде болады. Қарапайым қозғалыс жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесі екі кезеңге бөлінеді де, әр кезеңде өзіне тән дене тәрбиесі әдістері қолданылады.

Бірінші кезеңде көп тараған әдістер мыналар:

Қайталау әдісі. Кенеттен болған дауысқа көп рет, әрбір ретте тезірек сезіну мүмкіншілігін жақсарту. Мысалы: төменгі сөреден дыбыс бойынша тез жүгіріп шығу, әр түрлі дене қалпында тұрып, отырып, жатып, сол қалыптан жаттықтырушы берген дыбыс бойынша тез сезіне жүгіріп шығу және т.б.

Ойын әдісі. Әр түрлі қозғалмалы ойындар. Спорттық ойындар (баскетбол, үстел теннисі, волейбол, бадминтон т.б.) ойнау немесе ойын элементтерін қолдану.

Жарыс әдісі. Дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушының басқаруымен жарыс, бәсеке түрінде берілетін әр түрлі эстафеталық сипаттағы жаттығулар.

Екінші кезеңде «сенсомоторлық» әдістеме қолданылады. Бұл әдістеме спортшының жылдам қозғалысы және сол жылдам қозғалған әрекетке жұмсаған аз уақыт аралығын айыра білу қабілеттілігіне негізделген. Іс жүзінде ол былай орындалады: спортшы жаттықтырушының жылдамдық уақыты туралы хабарын ала отырып сөрелік дыбысты өте тез сезуге тырысады. Сонан соң келесі жаттығу кезеңінде ол сезіну жылдамдығын өзі бағалайды, жаттықтырушы содан кейін ғана уақыт ұзақтығын хабарлайды. Спортшы мен бапкердің уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде, жаттығушыға алдын ала келісілген жылдамдықты сезіну тапсырмасы беріледі. Ақырында спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі қалыптасады, ол сезіну жылдамдығының жақсаруын тездетеді.

Күрделі қозғалыс жылдамдығы дегеніміз – белгілі, белгісіз қоздырғыштарды сезіну, көру, жауап қайтару уақыты.

Күрделі қозғалыс жылдамдығы көбінесе спорт ойындарында, жеке сайыс түрлерінде кездеседі. Бұл спорт түрлерінде қозғалып келе жатқан жанды, жансыз затты (доп, қарсылас, семсер, жұдырық т.с.с.) сезіну және бірнеше мүмкіндіктен бір дұрыс әрекетті тауып, тез қолдану міндеті тұрады. Мысалы, қақпаға доп соғылғанда қақпашының алдында төрт міндет тұрады: допты көру, бағытын және ұшу жылдамдығын бағалау, әрекет жоспарын құру, оны орындауға кірісу. Күрделі қозғалыс жылдамдығы уақыты қарапайымға қарағанда ұзағырақ 0,25-0,80 секөндқа созылады.

Күрделі қозғалыс жылдамдығын дамыту үшін берілетін жаттығулар біртіндеп қарапайымнан күрделілендіре орындалады (мысалы, бокста қарсыласты соғу жылдамдығын арттыру, футболда ойын алаңының көлемін кішірейту, жеке сайыста қашықтықты азайту, жазу блоктары бар тренажерлік қондырғыларды пайдалану т.б.). Күрделі қозғалыс жылдамдығын жетілдіруге ойын және жарыс әдістері қолданылады.

Негізгі қолданылатыны – қайталау әдісі. Кенеттен пайда болатын дыбысты сезу, басында бір (мысалы, бокстағы оң қолмен соғатын соққы) сонан соң екі, үш, төрт және с.с. (серия) соққылар жасау.

Дербес қимылдау жылдамдығы. Дербес қимылдау жылдамдығы (семсерлесудегі түйреу, футболдағы доп тебу, баскетболдағы доп лақтырулар және т.б.) спорт ойындарында, жеке сайыста нақты бір бұлшық ет жұмысы жаттығулары кезінде пайда болады да, қозғалыс жылдамдығымен қатар тәрбиеленеді.

Дербес қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған жылдамдықпен орындалатын нақты бір жаттығулар (еңкею, сермеу, секіру, түйреу т.с.с.) қолданылады. Бұл жаттығулар жалпы дамытатын жаттығулар кешеніне кіргізіліп, сабақтың кіріспе бөлімінде орындалады.

Қимылдың жиілігі. Циклді сипаттағы жаттығуларда қимыл жиілігі жылдамдығы пайда болады (мысалы, 10 секөндта орнында тұрып жүгірудегі өте көп қадам саны). Қимыл жиілігін тәрбиелеу үшін өте жоғары шапшаңдықпен орындауға болатын жаттығулар пайдаланылады (мысалы, 10 секөнд бойы жүгіру). Бұл жағдайда қимыл жиілігін дамыту үшін, аз қашықтыққа қатты (жылдамдық қашықтықтың аяғына дейін бәсеңдемеуі керек) жүгіру қажет.

Жылдамдық жаттығулары аздаған мөлшерде сабақтың негізгі бөлімінде, орталық жүйке жүйесі қалыпты жағдайда тұрған кезде беріледі. Қимыл жиілігі жылдамдығын дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады. Жарыс әдісіндегі жоғарғы сезім, қоздыру күші жылдамдық мүмкіншіліктерінің пайда болуына жақсы жағдай тудырады. Жоғары шекте жылдамдық жаттығуларын көп рет қайталау жаттығушыны шаршатып «шаршау кедергісін» тудырады, ол оқушылардың жылдамдық мүмкіншілігінің өсуіне бөгеу болады. Бұл кедергіні болдырмау үшін арнайы жылдамдықты қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. Мысалы, олар: таудан еңіске жүгіру, бір нәрсеге тіркеле жүгіру, жеңіл снарядтарды лақтыру т.б.


7.3.2. Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту


Жылдамдық мүмкіншіліктерін дамыту жағдайына қолайлы жас қыздарда – 11-12 жас, жасөспірім ұл балаларда – 12-13 жас.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда негізінен қарапайым қозғалыс жылдамдығы, дербес қимыл жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уақытта тез жылжып, орын ауыстыратын жергілікті қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Бұл қысқа немесе ұзын секіртпелермен жаттығулар (айналып тұрған секіртпе ішіне жүгіре кіру, секіру, жүгіре шығу), эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б.

Орта мектеп жасында күш жылдамдығы жаттығуларын көп жасатудың маңызы зор. Олар: әр түрлі секірулер, көп ретте жоғары секірулер, өзгермелі үдемелі жаттығулар, қысқа қашықтыққа шапшаң жүгіру (30-60 м) жаттығулары т.с.с.

Жоғары сынып оқушыларына мұндай жаттығулар күрделілендірілген түрде беріледі, өз жылдамдығы, күш жылдамдығы және төзімділік жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны көбейеді. (100, 200 м жүгірулер т.б.) Жылдамдықты дамытатын қозғалмалы және спорттық ойындар ойналады. Балаларға жылдамдық жаттығуларын бұлшық етті босаңсытатын жаттығулармен араластыра орындату керек. Мысалы, жорғалай жүгіру, аяқты, қолды сілку, қолды жоғары көтеріп, буын-буындарды бөле босаңсытып төмен еңкею сияқты және т.б. жаттығулар). Дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы өзінің іс-тәжірибе жұмыстарында жылдамдық мүмкіншілігі қысқа қашықтықтарға жүгіруде ғана емес, күш жылдамдығы қасиетінің даму деңгейіне де байланысты екенін ескеруге тиісті.


7.4. Төзімділік және оны дамыту әдістемесі

7.4.1. Төзімділік, оны анықтау әдістері, түрлері


Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз.

Адамның берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ете алатын уақытын төзімділіктің өлшемі деп атаймыз.

Төзімділікті анықтаудың тура және жанама деген екі әдісі бар. Тура әдісінде сыналатын спортшыға бір тапсырма беріледі де (мысалы, велоэргометрде жұмыс істеу, стадионды айналып берілген қарқынмен жүгіру т.с.с), сол жұмыстың орындалған уақытының ұзақтығы анықталады. Қай спортшы берілген қарқынмен, ұзақ уақыт жұмыс істесе сол төзімді деп есептеледі. Жанама жолмен төзімділік деңгейін білу әдісінде спортшыларды белгілі бір ұзақ қашықтыққа (500,1000, 3000 метр) жүгіртеді де, жүгірген уақыты анықталады. Неғұрлым аз уақытта берілген қашықтықты жүгіріп өткен спортшы соншалықты төзімді деп есептеледі. Немесе белгілі уақытта қарқынын азайтпай, әр түрлі жұмыстарды орындау тапсырмасы беріледі. Мысалы, палуандарға берілген уақыт бойынша жамбастан асыра лақтыру тәсілімен «манекенді» лақтыру тапсырмасы берілді. Берілген уақытқа шыдап, көбірек «манекенді» лақтырған палуан төзімді деп бағаланады.

Төзімділіктің екі түрі бар: жалпы және арнайы. Жалпы төзімділіктің сипаты спортшының ұзақ уақытқа, жай қарқында бұлшық ет топтарының көпшілігін қатыстыра жұмыс істей алу қабілеттілігі (жүгіру, шаңғы тебу, ескек есу т.с.с). Жалпы төзімділіктің физиологиялық негізі адамның аэробты (тыныс алу деңгейін жоғары дамыту және сол деңгейді ұзақ уақыт ұстап тұра алу қабілеттілігі) мүмкіншілігі.

Белгілі әрекетке арналған, спорт түріне бейімделген төзімділікті арнайы төзімділік дейміз. Мысалы, палуанның арнайы төзімділігі, шаңғышының арнайы төзімділігі, жүзгіштің арнайы төзімділігі т.с.с. Арнайы төзімділіктің көптеген түрлері бар: жылдамдылық төзімділігі, күш төзімділігі, жылдамдық күш төзімділігі, статикалық күш салу төзімділігі және аралас төзімділік.

Спортшы ағзасын жаттығу жасап жатқан кезде энергиямен қамтамасыз ету жағынан төзімділік: аэробты, анаэробты және аралас (аэробты-анаэробты) деп үшке бөлінеді. Дене тәрбиесі мен спортта жоғарғы шеберліктегі спортшыларды дайындауда өте маңызды төзімділіктің осы үш түрін жеке-жеке қарастырайық.

7.4.2. Аэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері


Аэробты төзімділіктің физиологиялық негізі – ол оттегіні жұмыс күшіне сәйкес пайдалану немесе «дем жетімсіздігінің пайда болмауы». Аэробты төзімділікті дамытқанда үш негізгі міндетті орындаймыз:

- ауаны үлкен көлемде пайдалану мүмкіншілігін дамыту;

- сол деңгейді ұзақ уақыт ұстау қабілеттілігін дамыту;

- тез тыныс алу үрдістерін үлкен шамаға жоғарылату.

Қалыпты күшпен ұзақ уақыт орындалған циклді (жүгіру, ескек есу т.б.) және ациклді (күрестегі лақтырулар т.б.) жаттығулар аэробты төзімділікті дамыту амалдары болып табылады. Аэробты төзімділікті дамыту үшін бірқалыпты, үздіксіз және аралық жүктемесімен төменде көрсетілген, уақыт тәртібі қатаң шектелген жаттығулардың әдістері қолданылады.

Бірқалыпты, үздіксіз жаттығулар әдісі. Жаттығуды орындау уақыты 10-нан 30 минөтқа дейін, жүрек соғу жиілігі жұмыс кезінде – 150–170 соғу/минөт. Осындай жаттығуларды орындау тәртібі жүрек бұлшық еттерін нығайтады, тыныс алу деңгейін жақсартады. Бұл әдіс төзімділікті дамытудың бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады.

Аралық жаттығу орындау әдістері. Бұл әдіспен жаттықтыруды жүргізу, жүрек қызметі мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған. Аралық жаттығу әдісін қолданған кезде жұмыс ұзақтығы 1-ден 3 минөтқа дейін, жүктеме қарқыны минөтына 170-180 соғу/рет, тынығу ұзақтығы 45-90 секөнд ЖСЖ 120-130 соғу/минөтқа дейін созылады. Жаттығуды орындау ұзақтығы оқушының дайындығына байланысты беріледі.

7.4.3. Анаэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері

Анаэробты төзімділікті дамыту, анаэробты жағдайдағы жұмысты энергиямен қамтамасыз етудің ең негізгі – алактатты және лактатты жолмен жұмыс қуатының деңгейін көтеруге бағытталған. Шегіне дейін және шегіне жақын күшпен орындалған, циклді немесе ациклді спорттық жаттығулар қолданылады. Алактатты төзімділік кезінде спортшы ағзасында креатинфосфаттың азаю үрдісі дамиды.

Алактаттық төзімділікті арттыру үшін ұзақтығы 5-тен 10 секөндқа дейінгі уақытта қатты қарқында, жұмыс шегі 100%-ға дейін орындалатын жаттығулар қолданылады. Мысалы, 30-70 метрге жүгіру, 25 м суда жүзу т.б. жаттығулар. Тынығу аралығы – 2-3 минөт. Креатинфосфаттың қоры бұлшық еттерде өте аз, 3-4 әрекетке ғана жетеді, сонан соң 7-10 минөт тынығу қажет. Бір сабақта 4-5 тізбек орындалады.

Қарқыны, жұмыс шегіне 85-95 пайызға жетпей, ұзақтығы 20 секөндтан 2 минөтқа дейінгі ( мысалы, 200-600 метр жүгіру) жаттығуларды орындау кезінде лактатты төзімділік дамиды. Қайталау арасындағы тынығу – 20-40 секөнд. Тез арада болдыру өрістейтіндіктен тізбектегі қайталау саны 3-5 реттен аспайды. Орындайтын тізбек саны жаттығушының функционалдық дайындығына байланысты 4-тен 10-ға дейін орындалады. Тізбек арасындағы тынығу – 15-20 минөт.

1-кесте. Анаэробты төзімділікті жетілдіруге бағытталған негізгі жүктемелер көрінісі (В.М.Выдрин, А.А.Гужаловский және басқалардың ұсынуымен)


Жаттығулар әсерінің бағыты

Жаттығу

ұзақтығы

Жаттығу

қарқыны

Тынығу

уақыты

Серия ішіндегі

жаттығулары

Серия

саны

Алак-қ

5-1 сек

100%

2-3 мин

3-4

5 - 6

Лакта-қ

20 сек 2 мин

85-95%

10-45 сек

4 -12

4 -10


Анаэробты сипаттағы жүктемелерді тиімді пайдалану бұлшық еттегі креатинфосфаттың, гликолеттің көбеюіне, ферменттің ауысу белсенділігіне, гликолиздің қарқынды көбеюіне көмектеседі.

Анаэробты төзімділікті дамыту ағзаның аэробты тыныс алу мүмкіншілігіне байланысты, ол неғұрлым жоғары болса, спортшы анаэробты жүктемеден кейін соғұрлым тез қалпына келеді. Дене тәрбиесі тәжірибесінде көптеген жаттығулар араласқан, аэробты – анаэробты тәртіпте орындалады. Сондықтан да бірінші аэробты, сонан соң анаэробты төзімділікті дамыту қажет (гликолективті сонан соң креатин фосфатты).


7.4.4. Жас ерекшеліктеріне байланысты төзімділікті дамыту


Бастауыш сыныптарда төзімділікті дамытқанда, ағзаның анаэробты мүмкіншіліктеріне үлкен талаптар қоймайтын бір қалыпты және ауыспалы қарқында орындалатын жаттығулар қолданылады. Олар: ұзақ және қатты қарқында орындалатын қозғалмалы ойындар, біртіндеп ұзаратын қашықтыққа: 300, 500, 700, 1000 м-ге жүгіру, 2000 метрді жүгірумен жүруді алмастыра өту т.с.с.

Орта сыныптарда 200-400 метрге қарқынды жүгіруге көп маңыз беріледі. Ақырын және орта қарқында жүруді алмастырып 2-3 шақырымға жүгіру, шаңғымен 3-5 шақырымға жүгіру т.с.с. жаттығулар қолданылады.

Жоғары мектеп оқушыларына кросс дайындықтары, 3-5 шақырымға жүгіру, шаңғымен 5 шақырымға жүгіру, өзгермелі және қайталап жүгіру жаттығулары қолданылады.

7.5. Ептілік және оны дамыту әдістемесі


Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік деп атаймыз.

Ептілікті дамыту кезінде біз мынадай үш міндетті орындауымыз керек:

- күрделі қимыл-қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделендіре отырып жетілдіру.

- қозғалыс әрекетін өзгерген жағдайға байланысты басқаша құра алу қабілеттілігін жетілдіру (спорттық , қозғалмалы ойындар жағдайында);

- берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін арттыру.

Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементтері бар спорттық, қозғалмалы ойындар, гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап, үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында өткізген дұрыс, өйткені оқушы ағзасы болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді.

Ептілікті бастауыш және орта мектеп жастарында, қозғалыс, көру, есту, дене арқылы сезіну анализаторларын екпінді өсу кезінде дамытқан тиімді.

7.6. Икемділік және оны дамыту әдістемесі


7.6.1. Икемділік, оның түрлері


Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындау қабілеттілігін икемділік дейміз. Амплитуда дегеніміз - адамның жаттығуды орындағандағы дене мүшелерінің бір шеткі қалыптан екінші шеткі қалыпқа жеткізе орындаған қимыл-әрекеті. Мысалы, оқушы аяқтарын бірге қойды – бір шеткі қалып, аяқтарын жан-жаққа созып «шпагатқа» отырды – екінші шеткі қалып, қолдарын жоғары көтеріп шалқайды – бір шеткі қалып, қолдарын алақанымен, шынтағымен еденге жеткізе алдыға еңкейді – екінші шеткі қалып т.с.с.

Икемділіктің өсу буын құрылымдарына; бұлшық еттің, сіңірдің созылымдылығына; көңіл-күйге (жоғары көңіл-күй кезінде икемділік артады); бой қыздыруға; сыртқы температураға; тәулік уақытына (12-ден 17-ге дейін ол көп); жасқа (15-16 жаста икемділік көп кезі); күш даму деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа және т.с.с. байланысты.

Икемділік белсенді және енжар болады:

Спортшының өз әрекетімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін белсенді икемділік дейміз.

Сыртқы орта әрекеті күшімен әсер етіп қозғалысты үлкен амплитудамен орындау қабілеттілігін енжар икемділік дейміз. Сыртқы орта әрекетіне жататындар – дене тәрбиесі мұғалімінің, жаттықтырушының, серігінің көмегі, әр түрлі құрал-жабдықтардың көмегі т.с.с. Мысалы, кілемде аяқтарын жан-жаққа соза отырып, аяқтарының ортасына қарай терең еңкейіп, икемділік жаттығуын жасап жатқан спортшыны алайық. Ол өз әрекетімен, өз күшімен жаттығуды орындаса белсенді икемділік, ал орындап жатқан кезде жаттықтырушысы келіп арқасынан итере басып, терең еңкеюге көмектессе енжар икемділік деп танылады. Икемділікті тәрбиелеудің басты кезеңдерінде белсенді икемділікті дамытып барып, ары қарай енжар икемділікті дамыту әдісін жалғастырса дұрыс болады. Икемділік сыртқы орта әсері арқылы жақсы дамиды.


7.6.2. Икемділікті дамытудың амалдары мен әдістері


Икемділікті дамытудың негізгі амалы – созылу, керілу жаттығулары. Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарпайым созылу, серіппелі созылу, сермеу, дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу т.с.с. Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін сабақтың барлық бөлімдеріне кіргізуге болады. Икемділік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет, мәселен белгілі затты алу немесе бір затқа дене мүшелерін тигізу т.с.с. Мысалы, алға-төмен еңкею, омыртқа жүйесін созу жаттығуын орындаудың басында қолдың ұшын жерге тигізу, алақанды тигізу, шынтақты тигізу кезекпенен, бар мүмкіншілікпен әрекеті, созыла орындалады. Созылу жаттығуларын амплитуда орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Созылу жаттығулары тізбегінен кейін босаңсыту жаттығулары орындалады.

Буындардың жылжымалылығын арттыру үшін күнделікті жаттығулар жасау керек. Икемділік жаттығулары арасындағы 2-3 апта үзіліс оның дамуына кері әсері туғызады. Икемділікті дамытудың негізгі жолы – қайталау әдісі. Жаттығуларды рет-ретімен мойын, қол буындарына, кеуденің омыртқа белдеулеріне, аяқ буындарына арнап орындау қажет. Икемділік жаттығуларын қайталау мөлшері әр түрлі. Бел-жамбас буынының иілу және жазылу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 7-10 жастағы оқушыларда 20-30 рет, 11-14 жастағыларда 30-40 рет, 15 жастағыларда 45 рет қайталағаннан кейін жетіледі. Одан әрі қарай амплитуда қозғалысы азаяды, жаттығуды тоқтатқан дұрыс.


7.6.3. Жас ерекшеліктеріне байланысты икемділікті дамыту


Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының буын жылжымалылығын дамыту жоғары сынып оқушыларына қарағанда оңай. Сондықтан да бастауыш сыныптарда оны дамытып, жоғары сыныптарда сол дамыған деңгейде сақтап қалу міндеті тұрады.

15-20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс амплитудасы азаяды. Енжар икемділіктің көбеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста байқалады. 15-17 жас – икемділікті жетілдірудің ең соңғы межесі. Қыз балалардың буындарындағы қозғалмалық ер балаларға қарағанда 20-30 % көп, сондықтан жүктемені оларға көбірек беруге болады.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің  міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;

            - дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;

            - оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге  үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;

            - дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар,  күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;

- бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;

 

            - жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек  сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі  қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;

Автор
Дата добавления 20.01.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров10982
Номер материала 322345
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх