Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Денелер. Заттар. Табиғаттағы құбылыстар. 3 сынып
  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі


Уақыты:23.11.2015

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Денелер. Заттар. Табиғаттағы құбылыстар.

Мақсаты

оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, зат туралы, түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; Тірі және өлі табиғат денелерінің айырмашылығын, кез келген дене заттан тұратынын танып біледі.
Дене, зат және табиғи құбылыстардың өзгеруі кезіндегі өзара байланысты анықтайды..
адам ауа райы оны болжау туралы, заттар мен денелер туралы ұғым беру
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, салыстыру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілік: суреттер, кесте

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Бүгін қай күн? Сәрсенбі ----------------- Қайырлы күн, балалар
Ертең қай күн? Бейсенбі ---------------- Қайырлы күн, мұғалімдер
Оят онда Сәрсенді ------------------------ Тыныш болып түніміз
Оят онда Бейсенді ------------------------ Ашық болып күніміз
Сабағынан қалмасын --------------------- Сәттілікке толсын - ай

Мағынаны тану

Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық арқылы тыңдау)
Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?
Осы сыныптың ішінде дене бар ма?
4. Оқулықпен жұмыс.
1 топ: 30 беттегі 1 - абзацты оқу. Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату.
Тақтамен жұмыс Электрондық оқулықтан табиғи, жасанды денелерді ажырату
2 - топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.
3 - топ: Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу.
4 - топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)
Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.
Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:
Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек. Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.
3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.
Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.











Жылдың неше мезгілі бар? Табиғаттаәр мезгілде қандай өзгерістер болады

4 топқа бөлініп жазу:1топ-күз 3топ-көктем

2топ-қыс 4топ- жаз

Сергіту сәті

3.Жаңа білімді бекіту : Оқулық бойынша 65 бет оқу, сұрақтарға жауап беру.

66 беттегі суреттер бойынша жұмыс:

hello_html_dc0b3ad.gifhello_html_m6802f5b4.gifhello_html_454503dc.gif

Табиғат құбылыстарын ата

-адам табиғат құбылыстарын өзіне бағындылара ма? Дәлелде.

Адам қандай табиғи құбылыстарды өз пайдасына пайдалана біледі?

Тақырыптар:
1-өлі, тірі табиғат
2-табиғи, жасанды денелер
3-табиғат құбылысы

Сергіту сәті

Елді сүйген баламыз, ----------------- Біз талапты баламыз,
Білімнен нұр шашамыз. -------------- Оқып - білім аламыз.
Әлкей, Қаныш атадай, ---------------- Заттар сырын ұғынып
Көп жаңалық ашамыз. ---------------- Ажырата аламыз.

Ой сергітеді,шашағандары басылады

Ой толғаныс

1 - топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме құра.
2 - топ: Берілген өлеңнің ұйқасын тап. ( тақтаға шығарып қою)
Дене деген немене? ---------------------Бізді қоршап тұрған
Достым білгің ............ ме? --------------Өлі, тірі...............
Дене ............ баласы -------------------Дене неден тұрса
Зат ............. анасы ----------------------Дейміз оны ...................
Керекті сөздер: келе, заттың, дененің, табиғат, зат.
3 - топ: Мына заттарды пайдаланып не құрастыруға болады? ( шырпы, ермексаз, скрепка, қағаз, кубик, қағаз, трубочка, )
4 - топ: Жұмбақ құрастыру. Сендер бір денені ойлап, сол дененің атынан сөйлейсіңдер. Ол қандай заттардан тұратынын жұмбақтап айтасыңдар. Мен құмнан жасаламын. Әрбір үйде боламын. Мен болмасам үйдің іші қараңғы болады. Мен қай денемін?

8. Қорытынды.
Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін. Бәріміз тақтаға назар аударайық.( Электрондық оқулықтан тапсырма орындау)
• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады?
Жаңбыр судан,
• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан
• Тапсырма: Не неден жасалады? Ауызша
• Логикалық тапсырма. Алабота мен шырпының суретін көрсету. Қандай байланысы бар?
( шырпымен алаботаны өртеп сабын жасайды)
9. Бүгін сабақта не білдіңдер? Не үйрендіңдер? (балалар өз ойларын айтады.)
10. Топ басшылары бағалайды.
11. Балалар осымен сабақ аяқталды. Үйге тапсырма: Бір дененің жасалу жолын қарастыру. Адамдарға дененің қандай заттан тұратындығын білу не үшін керек? Сұраққа жауап іздеу.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.09.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров262
Номер материала ДБ-194709
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх