Дененің салмағы.Салмақсыздық. Асқын салмақ

Предпросмотр материала:

Пән:физика       сынып:9г     уақыт: 14.11.2014ж                                                                               

Сабақтың тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің салмағы, салмақсыздықпен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар,дәптермен жұмыс

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;      2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру./ ІV.  Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Дененің салмағы, салмақсыздықпен танысамыз.

1.      Жасанды серік неліктен Жерге құламайды?

2.      Бірінші ғарыштық жылдамдық берілген серік қалай қозғалады?

3.      Жердің жасанды серігінің айналу периоды 24 сағатқа тең болуы үшін ол Жерден қандай қашықтықта болуы керек?

4.      Орбита бойымен айналатын Жер серігіне қандай күш әрекет етеді?

V. Жаңа материалды меңгерту:

        Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.   

       P=mg үдеу болмаған жағдайда горизонталь жазықтықтағы дененің салмағы ауырлық күшіне тең.

       Кей жағдайларда дене тіреуімен бірге үдеу ала қозғалады. Онда       P=m(g-а) болады.

       Дене тіреуімен бірге вертикаль жоғары қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшінен артық болады. Бұл жағдайда дене салмағының модулі P=m(g+а) түрінде жазылады.

      Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ дейді.

      Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады.

Мысалы, тұғырдан суға секірген жүзгіш, ұшақтан секірген парашютші салмақсыздық күй кешеді.

VІ.  Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы  түсінігін тексеру.

§18 дайындық сұрақтарын талдау.

  1. Дененің салмағы дегеніміз не?
  2. Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?
  3. Жоғары қарай үдемей қозғалған дененің салмағы қалай өзгереді?
  4. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйін кешеді?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. 15-жаттығу 1,2
  2. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

1. Массасы 1,5 т денеге экваторға жақын Жер бетінде қандай ауырлық күші әсер етеді?

2. Жер бетіндегі денеге әсер ететін ауырлық күші 50 Н. Оның массасы қандай?

ІІ деңгей.

1.60 Жер радиусына тең биіктігі дененің еркін түсу үдеуін есептеңдер.

2.Жердің масасы 6*1024 кг, Жердің радиусы 6,4*106м. (0,0026 м/с2).

3.Жер радиусына тең биіктікке массасы 10 кг денеге қандай ауырлық  күші әсер етеді?g=9.8 м/c2 (6,1 Н)

ІІІ деңгей.

1. Шолпанның орташа тығыздығы 5200 кг/м3, ал ғаламшардың радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін табыңдар.

VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §18,  15-жаттығу (3,4)

Краткое описание материала

Дененің салмағы.Салмақсыздық. Асқын салмақ

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Жайжанова Камшат Маулетовна

учительница по физике

  • На сайте: 10 лет и 8 месяцев
  • Всего просмотров: 11775
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 4
  • 11775
    просмотров
  • 4
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Жайжанова Камшат Маулетовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: