Инфоурок Другое КонспектыДені сау ұрпақ жарқын болашақ

Дені сау ұрпақ жарқын болашақ

Скачать материал

Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ.

Мақсаты: Балалардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету; зиянды заттар мен әдеттердің (ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: тренинг

Әдісі: кеңес, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар.

Тәрбие үрдісі: салауатты өмір салтының негізін қалыптастыру.

Алдын ала жұмыс: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, жұмбақтар жинастыру.

Қатысатындар: белсенді қатысушылар: жауапты педагог, дәрігер, диетолог, КТБО тәрбиленушілері. бейтарап қатысушылар: мекеме педагогтары

Көрнекілігі: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, сюжетті суреттер, витамин, сағыз, тәтті сусын, чипсы және т.б.

Барысы: І. Кіріспе.

ІІ. Маман кеңесі.

ІІІ. Сергіту сәті.

ІҮ. Жұмбақ шешу.

Ү. Зиянды әдет – мың бір әдет.

ҮІ. Мақал-мәтел айту.

ҮІІ. Рефлексия.

І. Кіріспе.

 Жүргізуші: - Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі де болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған  баға жетпес сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар. «Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма? Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

- Тамақты уақытында ішу;

- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;

- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;

- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;

- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;

- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.

- Қолды жууды ұмытпау керек.

- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.

(Сол сәтте сабақтың үстіне есік қағып Жалқаубек келеді.)

Жалқаубек: - Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге мен де тамақтану құпиясын білейін деп келдім және құр келмедім. Балаларға базарлық ретінде тәтті сусын, сағыз, чипсы әкелдім.

(Сөмкесінен әкелген заттарын шығарады)

- Ұялмай алыңдар, балалар, сендерге әкелдім бәрін.

ІІ. Маман кеңесі.

 Жүргізуші: - Жалқаубек, асықпа. Бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?

Дәрігер: - Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар - дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс құртының пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.

Жүргізуші: - Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз?

Дәрігер: - Қанттың тіс құртының, яғни тіс ауруының басты себебі екенін мамандар ертеден-ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар. Дәрігерлердің тәжірибесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып қатып қалған сағызды алған, сағызды абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға еш пайдасы жоқ, артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар.

 Жүргізуші: - Сізге рахмет, дәрігер. Енді диетолог маманнан сұрайтынымыз: чипсы, яғни қуырылған картоп денсаулыққа зиян емес пе?

Диетолог: - Балалар, ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынан бірнеше зиянды  және пластмасса мен бояу өндіруде қолданылатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Газды сусын, чипси, кәмпит жейтін балаларда витамин жетіспейді, тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі баланың оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.

Жүргізуші: - Балалар, Жалқаубектің ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (Жоқ)

Жүргізуші: - Ал қандай тамақ пайдалы?

Балалар: - Құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы.

Дәрігер: - Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?

·         Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito - өмір, amin – қажетті деген латын сөзінен тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.

Жүргізуші: - Витамин туралы бірненше оқушыға тапсырма берілген еді, соларды тыңдайық.

1-бала: - Балалар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.

2- бала: - Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, ірімшік пен наннан алуға болады.

3- бала: Егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, қырыққабатта, шиеде, болгар бұрышында  көп кездеседі.

Диетолог: - Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс-жидек – пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.

 Жүргізуші: - Міне, көрдің бе, Жалқаубек, бұдан былай қандай тамақ пайдалы екенін біліп жүретін болдың. Ендігі кезекті биге берейік.

ІІІ. Сергіту сәті.

- Әйгілі «Қаражорға» биін билейік. Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық.

Би «Қара жорға»

ІҮ. Жұмбақ шешу.

1. Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір кешеді.

Қадірін білген жарандар

Байлық осы деседі. (Денсаулық)

2. Бір-бірімен дос туыс,

Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)

3. Жарасы жоқ сыздайды,

Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)

4. Ертемен күнде сен

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір, ласың

Тап-таза боласың.

Бұл не? (Сабын)

5. Шомылған баланы

Аймалап алады:

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не? (Сүлгі)

6. Сырты жаман, іші жын,

Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)

 

7. Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүреді. (Темекі)

 

Ү. Зиянды әдет – мың бір індет.

Жүргізуші: - Арақ ішіп, темекі шеккен,

Денсаулық түбіне жеткен, - деген нақыл тегін айтылмаған. Маскүнем адамдардың қоғамға тигізер пайдасынан зияны асып кетеді. Олар адамдық бейнеден кетеді. Қоғамда белгілі орны жоқ. Тұрмыс жағдай, ой-өрісі төмен жандар. Өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін. Осы зиянды заттар туралы не ойлайсыңдар?

1- бала: - Спиртті ішімдіктер - адам ағзасын ірітіп-шірітетін заттар.

2- бала: - Ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.

3- бала: - Бір сөзбен айтқанда, ағзаны улайды, ең соңында ішімдікке салыну өлімге әкеледі.

Мұғалім: - Темекі түтіні тартып тұрған адам ғана емес айналасындағы адамдарға да кері әсер етеді. Темекі құрамындағы негізігі зат – никотин. Осы никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу және қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше «У». Темекі шегу ақырын ғана өлімге жетелейді. Дүние жүзінде жыл сайын 3 млн адам темекі кесірінен қайтыс болады. Балалар арасында да үлкендерге еліктеп темекіге әуестенушілер өте көп. Темекі шегуге әуестенетін достарыңа не айтар едіңдер?

4- бала:  Темекі шегу – халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт.

5- бала:  Әрбір тартылған темекі тартушының өмірін сегіз минутқа қысқартады екен.

6- бала:  Темекіде смола күйе деп аталатын жабысқақ зат болады. Күнделікті темекі тартатын адамның өкпесінде 1 жылда 1 литр смола жиналады екен.

 Жүргізуші:  Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар. Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік.

ҮІ. Мақал-мәтел айту.

·         Дені саудың – жаны сау.

·         Денсаулық зор байлық.

·         Шынықсаң шымыр боларсың.

·         Ас адамның арқауы.

·         Тазалық – денсаулық кепілі.

·         Дана көптен шығады,

Дәрі шөптен шығады.

·         Ішің ауырса, аузыңды тый.

Көзің ауырса, қолыңды тый.

·         Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

·         Ыдысы тазаның – ырысы таза.

·         Қотыр қолдан жұғады.

·         Ластың досы – шыбын.

·         Емнің алды – еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

 

ҮІІ. Рефлексия.

·         Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

·         Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?

·         Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?

Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дені сау ұрпақ жарқын болашақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 273 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2016 831
    • DOCX 66 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шумаева Минура Давлаталиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шумаева Минура Давлаталиевна
    Шумаева Минура Давлаталиевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4519
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой