Инфоурок Другое Другие методич. материалыДені саудың - жаны сау

Дені саудың - жаны сау

Скачать материал

Тақырыбы:«Дені саудың-жаны сау»

Мақсаты:«Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Өтілетін орны: Спорт зал

Көрнекі құралдар:  доп, секіртпе ,арқан,шарлар т.б.

Жарыс өтілетін спорт залды дайындау

1.Спорт залдың санитарлық-гигеналық талаптарға сай жуылуы,тазалануы.

2.Залды жарыс талабына сай дайындау.

3.Жарыста қолданылатын спорт құралдарын реттері бойынша дайындап қою.

4.Жарыс кезінде көмектесуге, құралдарды құруға, жинауға көмекшілерді дайындау.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар  мен оқушылар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» тобының спорттық жарысына  қош келдіңіздер!

      Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болса, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет, оны ысырап етпеуі керек. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.
Командалар ортаға шығады.

    Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің сол гүлге түседі. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша жарық сәулесін шашатын, өмірдегі ең басты байлық не?
Оқушылар: Денсаулық.

Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса спорттық жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге  табыс және сәттілік тілейміз! Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: 

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Психологиялық дайындық.

                                      

 

 

Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру кезеңі.

2.« Кенгуру» сайысы.

3. «Поравоз» сайысы

4. «Теңге алу» сайысы.

5. «Арқан  тартысу» сайысы.

6. «Футбаскет» сайысы.

7.« Дәл түсіру» сайысы

8. «Желаяқтар» сайысы.

Копитандар сайысы «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала»

Жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерін таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңізді таныстырыңыздар.

1-кезең таныстыру

Топ ұстанымы: «Мақсаты бірдің-рухы бір!»

(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)

1. «Тұлпар» тобы. Топ басшысы: Шабиев Ж.

Топ ұстанымы: «Жүзден жүйрік танылады сайыста, ұмтыламыз біз ешкімнен қалыспай».

2.«Сұңқар» тобы.Топ басшысы: Амандық А.

Топ ұстанымы: «Қыран болып самғаймыз, жарыстан еш қалмаймыз!»

    

 

Жүргізуші:

2-кезең: «Кенгуру» сайысы.

Бала кедергілерден  допты құшағына қысып алады,жартылай отырып секіріп барып,   қайтарда жүгіріп келеді.

(Ойын жалағаса береді)

                 

 Жүргізуші:

3-кезең: «Поравоз» сайысы.

Топ басшысы бір ойыншыны алып кетеді,кедергілерден өтіп, келесі ойыншыны алып кетеді.Осылай ойыншылардың барлығы бірге кедергіден өту керек. (Ойын жалағаса  береді) 

            

 

Жүргізуші:

4-кезең:«Теңге алу» сайысы.

Екі топтан үш ойыншыдан шығады,шеңбердің ішіндегі тиындар салынған қоржынды алу керек, үлгермей қалған ойыншылар ойыннан шығады.

 (Ойыншылар жарыса бастайды)

   

 

Жүргізуші:

5-кезең: «Арқан тартысу» сайысы.

Оқушылар топпен арқан тартып жарысады.

 

     

 

Жүргізуші:

 6-кезең: «Футбаскет» сайысы.

Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіпкедергілер арасынан өтеді, қайтарда допты қолына алып жүгіріп  қайтады, келесі ойыншыға береді.

 (Ойыншылар жарыса бастайды)

    

 

Жүргізуші:

7-кезң: «Дәл түсіру» сайысы.

Әр топтан екі ойыншы шығып  допты арқаларына қысып,жерге түсіріп алмай  шелекке түсіру керек. Осылай ойын жалғаса береді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

 

 

Жүргізуші:

8-кезең: «Желаяқтар» сайысы.

Балалар желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, қайтарда жүгіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

        

 

Жүргізуші:

Копитандар сайысы«Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала!».  

Топ басшысы орындықта байланып тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішіндегі жазылған  спорттық ойынды эмоциямен  көрсету керек. Қайтарда кездескен кедергілерден өту қажет: секіртпемен секіру, бір аяқпен секіру.

 

 

Қорытынды:

Жүргізуші:

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі-дей келе  сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

Әділқазы алақсы дайын болғанша «Қазақстан» атты флешмоб биін қабыл алыңыздар.

 

Жеңімпаздарды анықтау кезеңі

 

 

   Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Толағай» тобындағы «Дені саудың-жаны сау» спорттық жарысы  осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!

 

 

Жеңімпаздарды марапаттау кезеңі

 

 

            

Төс белгілері:  

Image result for сұңқар картинкиImage result for тұлпар  эмблема

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дені саудың - жаны сау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2017 2423
    • DOCX 3.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мустапаева Майра Ерликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мустапаева Майра Ерликовна
    Мустапаева Майра Ерликовна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5050
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой