Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Научные работы / "Дені саудың-тәні сау "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

"Дені саудың-тәні сау "

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Дені саудың-тәні сау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Денсаулықтың адамның өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, болашақ қоғамымыздың салауаттылығы әр адамының денсаулығына байланысты екендігін түсіндіру.

Дамытушылық: Дені сау адамның қоғамға қажеттілігі туралы түсініктерін негізге ала отырып, білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенді жауапкершілікті болу, ойлау, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақты, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуы үшін жат қылықтардан өздерін аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, талдау.

Пән аралық байланыс: әдебиет, биология, медицина, дене – шынықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер; мақал – мәтелдер; суреттер; слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Білімгерлерге сабақтың өтілу барысымен таныстыру.



ІІ. Жаңа сабақ:

Психологиялық дайындық (білімгерлер бір-біріне жүрек жылуын сыйлауы)

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Жоспары:

1.Ой қозғау. «Бірінші байлық – денсаулық»

2.Табиғи дәрумендер. «Ас-адамның арқауы»

3.«Біз зиянды әдеттерге қарсымыз»

4.Көрініс.

5.Сергіту сәті.

6.Денсаулығынды ойласаң. Мақал – мәтел, жұмбақтар.

7.Қорытындылау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Адам – табиғаттың теңдесі жоқ, ең қадірлісі. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған аса зор байлығы. «Бірінші байлық денсаулық» демекші, - халық денсаулығы ел байлығы. Егеменді еліміздің Тәуелсіздік туының биікке самғауына, экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау салауатты болуы керек.

Біздің бүгінгі сабағымыз денсаулық тақырыбына арналады. Бүгін біз «Денсаулық» пойызымен «Денсаулық» деп аталатын тамаша елге саяхатқа аттанамыз. Әр аялдамадағы сұақтарға жауап бере отырып, білімгерлер билет алады.

1-аялдама. «Бірінші байлық - денсаулық».

1-сұрақ.«Денсаулық» дегенді қалай түсінесің?



hello_html_m1228fd80.gifhello_html_4021114a.gifтаза ауа спортпен күн тәртібін

hello_html_bc45793.gifшұғылдану сақтау

hello_html_m201cd934.gifhello_html_m5af48523.gifhello_html_1c8c8d36.gifhello_html_62eb2b7c.gifдемалыс денсаулық жеке бас

hello_html_mac9a7f.gifгигиенасын сақтау



жақсы әуен ұстамды болу шылым шегуден

аулақ болу

2.«Денсаулық» - ұғымына талдау жасау.

Д-демалу е-еңбектену н-нашақорлыққа жолама с-салауатты болу а-алғырлық у- уайымсыз өмір л-лайықты өмір ы-ынта қ-қозғалыс



Дені сау, ғұмыр жасың болады ұзақ, Ауруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен Күлкідей бола алмайды бәрі-бірақ

2-аялдама: «Табиғи дәрумендер». Ас – адамның арқауы.

Дәрумендер –денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері. Табиғи дәрумендер жеміс- жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады. Бүгінгі таңдағы тамақтану мәдениетіне тоқтала кетейік. Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бірқалыпты тамақтану, тағамның әр түрлі болуы, қандай мөлшерде тамақтану қажеттілігін білу. Адамтағамнан өзіне бір тәулікке жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Күнделікті пайдаланатын тағамның құрамында ақуыз, май, дәрумен, тұз т.б. белгілі мөлшерде болуы қажет. Адам жаны мен тәнінің саулығы дұрыс және сауатты тамақтануға тікелей байланысты. Дәрумендер: жемістер, көкөністердің құрамында болады.

Дәрумеңдер тірегің, «A, B, C, D, E» деп аласың. Жетіспесе бірі оның, Ауырып сен қаласың. A-қажет көзіне, В-жүйкені тоғайтар С-дан микроб безінер, D-сүйекті нығайтар.

1.А-дәрумені: сәбіз, қауын, қызанақ, жұмыртқа, ірімшіктің құрамында болады. А дәрумені көздің үдерісіне, өсіп-өну, зат алмасу үшін маңызы зор.

2.В1-дәрумені: бауыр, сәбіз, сүттің құрамында болады. Жүйке жүйесін тыныштандырады.

3.В6-дәрумені жетіспесе адамның қаны азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ, ұйқышыл болады. Бұл дәрумен: бидай, бауыр, ет, жұмыртқада кездеседі. Адамның жаны мен тәнінің саулығы дұрыс сауатты тамақтануға тікелей байланысты.



3-аялдама. «Біз зиянды әдеттерге қарсымыз»

Көк түтінге үйір болма шырағым, Ащы суға үйір болма шырағым. Ақпай жатып кесіледі бұлағың, Жапырылып қалады жасыл бұлағың

Көк түтінге жас өкпеңді ыстама, Ащы суға өзіңді-өзің қыстама. Ер жетудің белгісі деп бұл да бір, Әуес көріп ұстамасты ұстама.

Қазақтың ел алдындағы абройы-беделі, қадір-қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенген. Бүгінгі жастар арасында темекі мен ішімдікке әуестенушілер көбейіп барады. Мұны аз десеңіз, ғасыр індетіне айналып үлгерген есірткі де етек алып жатыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс!. Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтқан. «Жаман әдет – жұқпалы аурудай», сол жаман әдет-қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін күресе білуіміз керек.

4. Темекінің құрамындағы улы заттардың ағзаға тигізетін әсері қандай ауруларды тудырады? Темекінің құрамындағы – никотин тыныс алу жолдарын қабындырады, қантамырларын тарылтады. Адамды: өкпе, рак ауруларына шалдықтырады, асқазанға жара шығуы жиі кездеседі.

Көрініс

Шылым шегудің пайдасы. Жас бала дана қартқа жолығыпты.

-Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?

-Шылым шегудің үш түрлі пайдасы бар, балам. Біріншіден, шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.

-Қалайша? (оқушылардан сұрау)

-Себебі олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді, балам.

Екішіден олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

-Қалайша?

-Себебі, балам, шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды да күндіз-түні күркілдепжөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп үйге жақындай алмайды.

Үшіншіден, шылым шегетін адамды ешқашан да ит қаппайды.

-Қалайша?

-Себебі олар өте ерте мүгедек болып қалады да таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын?

Ақсақал қулана жымиып қойды. Ал бала ойланып қалды.



Арақ адам баласына еш абырой әпермейді. Арақты үнемі пайдалану – адамды «маскүнемдік» ауруына шалдықтырады мүндай адамны орталық жүйке жүйесі зақымданып – өзін-өзі бақылай алмайды.

Бұдан бауыр, бүйрек, жүрек қантамырлары, басқа да мүшелер зардап шегеді. Адамды бұзақылық пен қылмысқа жетелейді.

Тоңсаң мені іш жылынасың Қайғырсаң іш бір пәлеге ұрынасың Ұялшақсынба іш батыл боласың 15-тәулік айықтырғышқа қонасың Ішсең қисаңдап жүресің Ретсіз ыржыңдап күлесің Абыройдан айырыласың. Оны да өзің білесің Біле тұра ішесің Ұрлықты да жасайсың Түрмеге де түсесің Мен болдымғой жексұрын жауызда Арақ өзі құйылмайды ауызға Әділетін айтыңдаршы ағайын Кім кінәлі арақ па, әлде ауыз ба?

Ішімдік, шылым шегу, нашақорлық сияқты әдеттерден аулақ болудың жолы спортпен айналысу. Барлық балаларды адамға денсаулық пен күш сыйлайтын спортпен достасуға шақырамыз.

Сергіту сәті.

Ән ырғағымен гимнастикалық жаттығулар.

«Денсаулығыңды ойласаң». Мақал-мәтел, жұмбақтар.

Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да даналы сөздері бар. Осынау ғибрадты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып , сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші; әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, бірге епті; есті емші де.

  1. Ішпеген, шылым шекпеген

Жасайды жылдар көптеген.

  1. Ұзартқың келсе ғұмырды,

Таста арақ пен шылымды.

  1. Ішпеген, шылым тартпаған,

Денсаулығын сақтаған.

  1. Адам арақты ішеді,

Арақ ақылды ішеді.

  1. О бастан өзің сақтан, сақ боп жүр,

Одан кейін өзгелерді сақтандыр.

«Полиглот» (көп тіл білу)

  1. Жанды мотор сынбайды,

Күні-түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін

Дәрігерлер тыңдайды. (жүрек, сердце, heart)



  1. Үй ішінде

Екі батыр,

Кіргендерді

Отап, турап жатыр. (тіс, зубы, teete)



  1. Қимылдаса қос жебе,

Қыруар-қыруар іс өнер. (қол, рука, hanol)



  1. Көргендер көрші отырып,

Бірін-бірі көрмейді. (көз, глаза, eyes)



9. «Денсаулық» сөз жұмбағын шешу.

  1. ... саудың жаны сау 6) Темекі ...

  2. Ауырып ... іздегенше 7) Таза сөзінің антонимі

Ауырмайтын жол ізде 8) ... денсаулық кепілі

  1. ... шымыр боласың 9) Бірінші ... денсаулық

  2. «Денсаулық кепілі» ...

  3. ... тазалық араз

Қорытыңдылау.

Тәуелсіз Республикамыздың өрге басып, өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың денсаулығы мен рухани деңгейінің жоғары болуына аса назар аударуымыз қажет. Кез келген ұлттың және адам өмірінің жалғасы, болашағы – оның ұрпағы. Біз бәрін «Денсаулық» еліне саяхатқа шығып кайттық... Енді сол саяхаттан алған білімімізді қорытындылайық. Ол үшін мынадай кестені толтырамыз.

Болжау кестесі

Білдік

Білуіміз керек








1. Денсаулық



I. Тазалық туралы:

а) жеке бас тазалығы;

ә) тыныс алу жолдарының тазалығы.

I. Тазалық туралы:

а) Тірек-қимыл жүйесінің тазалығы;

ә) Тері тазалығы;

б) Шаш және тырнақ күтімі.


II. Спорт туралы:


II. Спорт туралы:

а) Чемпиондар туралы;

ә) Спортпен айналысуды.

III. Табиғи дәрумендер:

а) жеміс-жидектер;

ә) көкөністер.

III. Табиғи дәрумендер:

а) Пайдалану жолдарын.

IV. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

IV. Пайдалы кеңестер.

2. Денсаулық-

Тың қастары

V. Шылымқорлық туралы.


V. Нашақорлық, алкоголь туралы.



Денсаулықты қорғайықшы, қорғайық.

Әдептен біз озбайықшы, озбайық!

Табиғатты қорғап, қоршап бәріміз,

2030-ға сыйлық етіп жолдайық.


Аман болсын балалар,

Аман болсын аналар.

Дені сау болып елімнің,

Аман болсын аналар.


Үйге: «Денсаулық – зор байлық» тақырыбына баяндама жазу.

Автор
Дата добавления 03.05.2016
Раздел Биология
Подраздел Научные работы
Просмотров94
Номер материала ДБ-065291
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх