Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дені саудың-жаны сау. 4 класс тәрбие сағаты

Дені саудың-жаны сау. 4 класс тәрбие сағаты

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Дені саудың-жаны сау.

Мақсаты:

 1/Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып,денсаулығын сақтау және аурудың алдын алу керектігін үйрету;
2/Басты байлық -денсаулық екендігін ұғындыру;
3/Оқушыларды тазалыққа баулу,жеке бас гигиенасын сақтауға,әрқашан күн тәртібін орындауға тәрбиелеу.
Әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап,көрнекілік,топтастыру.
Көрнекіліктер:суреттер,таблица,плакаттар.
Жүрісі.І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Қызығушылығын ояту.
Денсаулық сөзіне топтастыру жасау.Денсаулық деген не?
ІІІ.Мағынаны тану.
Оқушылар әңгімесі.Адам денсаулығы, денсаулық туралы білетіндерін ортаға салады.
Мұғалім әңгімесі.Өз өмірінің жарты ғасырын адамдарды табиғи сауықтыру идеясына арнаған П.К.Иванов туралы айтқым келеді.Ол адамдарға көптеген қолжазбалар мен бақылауларын қалдырды.Ол балаларға арнап 12 табиғи шынығу идеясын қалдырды.Олар мыналар:
1.Күніне 2 рет табиғи сумен шомыл.бойыңдағы теріс энергияны жерге ала кетеді,ұйқыдан оятады.
2.Қыста қарда жүріп үйрен,таза ауамен демалып,барлық адамдарға амандық тіле.
3.Темекі шекпе,ішімдікке әуес болма.
4.Тамақты уақытында іш.
5.Таза ауада қыдыр.
6.Жұртқа мүмкіндігінше көмектес,әсіресе жалғыз басты кісілерге.мүгедек жандарға көмегіңді шын көңілмен істе.
7.қызғаншақ болма.Өз бойыңдағы жалқаулықты,қорқақтықты таста.өтірік айтпа.Жаман ойдан аулақ бол.
8.Баршаға саулық тіле.
9.ауыра қалсаң көп уайымдама.Ол туралы ойлама.
10.Ерте жатып ,ерте тұр.
11.Білгеніңді өзгеге айт,бірақ мақтанба.
Денсаулық туралы мақал-мәтелді жалғастыру.
1.Тазалық -саулық негізі,——————-.
2.Ауырып ем іздегенше,———————.
3.Тыста ұзақ жүргенің,———————-.
4.Іздеп алған аурудың,———————.
5.Жан ауырса -тән азады,——————.
6.Көзің ауырса қолыңды тый,——————.
Ой қозғау.Байлық деген не?Оқушылар жауабы.
денсаулықтан артық байлық жоқ.
Суретпен жұмыс.Денсаулыққа пайдалы және қауіпті факторлар берілген.Қауіпті факторларды алып тастау.
ІV.Қорытынды.Сонымен ден сау болу үшін мына шарттарды орындап жүрейік.
1.Ерте тұру.
2.орта тазалығын сақтау.
3.Үнемі денені таза ұстау.
4.Сергек жүру.
5.Артық тамақ ішпеу.
6.Спортпен шұғылдану.
7.Салауатты өмір салтын сақтау.
8.Зиянды нәрселерден аулақ болу.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтумен сабақ аяқталды.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Бір-ел, бір болашақ" (слайдымен)
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, газеттер, слайд - суреттер, кітаптар көрмесі.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, қатысымын тексеру.
ә) Оқушылардың назарын сабақ ырғағына аудару.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт - дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу.
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -
қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
«Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды.
Ардақ:
Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.
Еліміздің 22 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. 1997 жылғы жолданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының 16 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды. Ендігі біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз.
(Әр бағытқа қысқаша тоқталып, таныстырып кетеді)
Ардақ:Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейту
Гүлдана:
Екінші. Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық жолға көшуін қамтамасыз ету
Толғанай:
Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру.
Жанерке:
Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуы.
Айнұр:
Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы.
Әзия:
Алтыншы. Болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер.
Айнұр:
Жетекші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру
(Әр бағыт бойынша оқушылар өз ойларымен бөліседі.)
Зарина: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Айнұр:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Нұрсұлтан: Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Сабақты қорытындылау:
Айнұр - 2: Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Айнұр - 1: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Нұрсұлтан: Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Толғанай: Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Ардақ: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Әзия: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

Тақырыбы: «Дін-ұлт бірлігі»
Мақсаты: Білімділік – ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, Ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі Нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Сабақтың жүрісі I. Кіріспе сөз - Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Құран - Шариғат» бағыты бойынша өтетін «Дін - тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер! II. Мұсылман діні туралы
Мұсылман әлемі мен мәдениеті өте ежелгі әрі қызықты тарихи оқиғалардан құралған, Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін. Ол Араб түбегінде VII ғасырда пайда болды. Ислам дінінің негізін салған – Мұхаммед ибн Абдулла ибн Әбді Мүтәліб ибн Хашим. Мұхаммед пайғамбар Меккеде 13 жыл, Мединеде 11 жыл араб халқын Ислам дініне үгіттеген. Діни ұғым бойынша Алла бар, ол біреу және бәрі соның қолында. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға табынуға, сыйынуға болмайды. Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған. Мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз осы Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни ғұрыптарында, тіпті күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі, қасиетті кітабын Құран деп атаймыз. Ол мұсылмандар ұғымында тура жол көрсетуші қасиетті кітап Құранда 144 сүре бар. Оның ең қысқа сүресі 3 аяттан тұратын «Кәусар», ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі.
Ислам діні адамның тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көмектеседі. Өзін мұсылман санайтын адам баласы 5 парызды ұстануы керек.
1. Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.
2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау
4. Қажылыққа Меккеге бару.
5. Жарлыға зекет беру (пітір - садақа беру)
Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Дін – үлкен ғылым. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді.
Қасиетті Құран кітабын дәрет алып қолға ұстағанда «Биссмиллаһир - рахманир - рахим» деу керек. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды.
Мешіт – Алла үйі, қасиетті инабат, ғибадат орыны. Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әр мұсылман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті.
III. Хадистер. Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы.
Өз жолына иланғандарға Мұхаммед пайғамбар үйреткен ережелер:
1) 1. Ашуды тежеп ұста. Туыстардың қияңқы қылықтарын кешір.
2. Бір - біріңе кек сақтама. Біріңді - бірің қызғанба. Біріңді - бірің мазақтама.
3. Өзара аңдыспа. Басқаның сенімін алдама.
4. Досыңды сыртынан жамандама
5. Ұрлық жасама.
6. Заңсыз іске араласпа.
7. Мұқтаждық үшін берген қарыздан өсім алма.
8. Біреудің осалдығын дабырлатпа.
9. Хайуанаттарға қатігездік жасама т. б.
2) Мұхаммед пайғамбар шындықтың адамдарды жақсылыққа жеткізетінін, ал өтірік күнәға батыратынын ескертеді. «Ей, адамдар, өтіріктен аулақ болыңдар!» деп үндеді. Адамның ең ұлы қасиеті – адалдық. Өмірді адалдық қана нұрландырады, жан тазалығына жеткізеді.
3) «Қайырымдылықты оң қолыңмен жаса, сол қолың білмей де қалсын» дейді екен пайғамбар. Бірақ қайырымдылық қайыр – садақамен ғана шектелмеген. Айталық: біреулердің басқаларға жылы шырайы, жолдан адасқанға жөн сілтеу, жол үстінде аяққа оралға шөп - шалаң, тас - кірпіштерді алыптастау, соқырды кедергіден өткізіп жіберу, тіл қатқан адамға сыпайы сөйлесу, әлде біреуді сабырға шақырып, сабасына түсіру.
4) Әке - шешені пайғамбар қатты құрметтеді. «Жұмақ ананың табанында» деді ол. «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші». Бір күні пайғамбарға әлдекім келіп: Айтыңызшы, мен жақсылықты әуелі кімге жасауым керек? - деп сұрапты. «Өз анаңа» деді пайғамбар. «Тағы кімге?» деді әлгі адам. «Анаңа» деп жауап берді пайғамбар. «Сонан соң кімге?» деді сұраушы. «Өз әкеңе» деді пайғамбар.
Кім ата - анасына қандай жақсылық көрсеткен болса, соны өзінің бала - шағасынан көреді. Күнәлардың ең үлкені – ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, кейіп, сөз қайтармауымыз керек, яғни ата - анамызды ренжітуден аулақ болуымыз керек.
5) «Білім игеріңдер» деді пайғамбар өзіне ілескендерге. Білім іздеу - әрбір мұсылманның қиналғанда қуаткер, оңашада ой - серік, жалғыздықта жолдас, бақытқа бастар ақылшы, торыққанда таяныш, адамдар арасында айбар, жауға қарсы жебе – сол білім болмақ.
6) Әрбір мұсылман баласы ерекше таза киініп жүруге міндетті. Ислам қағидалары бойынша киім - кешектің екі түрлі қызметі бар: адам денесін ыстық - суықтан қорғайды, сондай - ақ адамға көрік, сән береді. Мұсылман баласы ерекше қымбат киімге әуес болмағаны дұрыс.
7) Жәрдем немесе қайыр садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа, тағы бірдеңең артылып қалса ағайын - туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
8) Адамдармен үнемі ұрыс - керіс жағдайында болу күнәһар атану үшін жеткілікті. Ашу қыса бастаса сабыр сақтау керек. Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын. Оттың ағашты жалмағаны сияқты, ашу - ыза мен қызғаныш ізгілікті жояды.
9) Тістерің мен саусақтарыңды күтіп ұстаңдар! Өйткені олар – тазалық, ал тазалық имандылыққа шақырады, ал имандылық өз серігімен бірге жұмақта болады.
10) Қанша қауіпті болып көрінсе де сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Құтқарушы адал сияқты көрінсе де өтіріктен аулақ болыңыз, аяғы қасіретке соғады.
IV. Көрініс: «Ата мен бала»
V. Мұсылман мейрамдары мен салт - жоралғылары.
Рамазан айт. Бұл мейрам мұсылмандардың ораза тұтанын Рамазан айы аяқталып Шәууал айының 1 - күні басталады. Ол үш күнге созылады. Мұсылмандар алғашқы күні айт намазын оқып, артынша амандық сұрасып, бір - бірін қонаққа шақырады, өзара жақсы тілектер айтып, ерекше қуанышпен атап өтеді.
Құрбан айт. Үш күнге созылатын бұл мейрам мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айтынан 70 күннен кейін Зұлхиджа айының 10 - ы күні басталады. Құрбан айтта мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбан шалады.
Мәуліт мерекесі. Мәуліт – Мұхаммед пайғамбардың туылған күні. Мәулітте құран оқылып, Мұхаммед пайғамбарға салауаттар айтылады.
Қадір түні. Құран кітабы түскен, адамдардың күәсі кешірілетін, бір жылғы ырзығы белгіленетін, жақсылығының сауабы еселенетін, дұға тілегі қабыл болатын, Алланың мейірімі жауатын ең қасиетті түн. Қадір түні Рамазан айының 27 - түні болады. Бұл түнді мұсылмандар құлшылықпен, мінәжатпен өткізеді.
Құрбандық шалу – Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылық міндеттердің бірі, құрбандыққа негізінен түйе, сиыр, қой немесе ешкі сойылады. Құрбан етінің үштен бірі отбасына қалдырылып, 2 - бөлігі ағайын - туысқа, көршілерге немесе жолдас - жораларға беріліп, 3 - бөлігі тұрмысы төмен кедейлерге, жетім - жесірге таратылады.
VI. Имандылық туралы өлеңдер.
Ш. Құдайбердиев «Адамдық борышың»
Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба, мансабтың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің
Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт – осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!

Кісіге адамшылық неге керек?
Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттен қалай дейсің
Аямай әл келгенді жұлып жемек?

Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің
Бұл дүние кезек берер істі дөңгелеп.

М. Тазабеков «Руханият»
Көрініс: «Уәзір мен кедей»
Имандылық туралы мақал - мәтелдер
1. Ата жолы - адамдық, ана жолы – адалдық.
2. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
3. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік
4. Алғыс алған алтынға жолығады.
Қарғыс алғанның аты жоғалады.
5. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.
6. Мал – бір жерге, иман бір жерге.
7. Ұяты жоқтың иманы жоқ.
8. Қадірлесең, әр тін қадір.
9. Сеннен - әрекет, Алладан – берекет.
10. Молда болғаннан, адам болған қиын.
11. Сұрай - сұрай Қағбаға да жетерсің.
12. Хақтың жолы – бір, жалғанның жолы – мың.
13. Жалғыздың жары – құдай.
14. Жаманмен жүздесу жаһаннам.
15. Әкбар бермейді – Алла береді.
16. Семсер, құран серті – бір.

Ақиқат жолы (Ғ. Төлегенқызы)
Өміріме нұр құяр Құран шырақ.
Ойыма салмас ешбір тұман - сызат.
Айнымастан әрқашан сеніп өтем
Төрт шындықтың барына күмәнсіз - ақ

Ең бірінші сенемін – Жаратқанға
Екіншіден сенемін Хақ сөзіне
Үшіншіден сенемін Пайғамбарға
Бас иемін Алланың жарлығына.

Қанатын қырандардың қайырмағай
Сұмдық - қулық қоғамға жайылмағай
Жаратқаным жар болып бәрімізге
Ақиқаттың ақ жолынан айырмағай.

- Мың жылдан астам уақыт ата - бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінін құрметтеуіміз керек. Отан иманнан басталады демекші. Өз Отанымызды сүйген адал, иманды азамат болайық.
Хор «Атамекен»









Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
1 - жүргізуші: Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз
2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
1 - жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 2 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
1 - жүргізуші: 
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
2 - жүргізуші:
1 – ойыншы_________________– болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы _________________— өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы ________________— заң қызметкері боламын деген ойы бар.
4 – ойыншы ________________— эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді
5 – ойыншы _______________— әлемге әйгілі ұшқыш болғысы келеді
6 – ойыншы ____________________ – заң қызметкері болуды армандайды.
7 – ойыншы ________________- болашақта ұстаз болуды армандайды
8 – ойыншы_________________ - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді
1 - жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз
4 турдан тұрады:
1. Бәйге
2. Полиглот
3. «Сөз ойла, тез ойла»
4. «Жас қалам»
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
2 - жүргізуші: I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
1 - жүргізуші: Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 2 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
1. Қазақ алфавитіндегі әріптер санын көрсет.
а) 40 
б) 42 
в) 38
2. Қай сөзде қате кеткен?
А) Қариа 
б) қария қалам
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 2 
б) 3 
в ) 4
4. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін қалай аталады?
А) сипаттау 
б) пайымдау 
в) әңгімелеу
5. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қалай атаймыз?
А) лепті 
б) хабарлы 
в) сұраулы
6. Жұрнақтың белгісін көрсет
а) 
б) 
7. Қай сөзге лар жұрнағын жалғауға болады?
А) кітап 
б) тау 
в) жазық
8. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді қалай атаймыз?
А) туынды сөз 
б) түбір сөз 
в) жалғау
9. Жауын сөзіне дұрыс жалғанған қосымшаны көрсет
А) гер 
б) бек 
в) хана
10) Дұрыс буынға бөлінген буынды тап.
А) Жа - пы - рақ 
б) жап - ырақ 
в) жапыр - ақ
2 - жүргізуші: Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
2. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
6. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында каны жоқ
Май жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
7. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем
(Кітап - книга - book)
9. Ұшып - қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
(Доп - мяч -. ball)
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады
12. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су – вода - water )
13. Жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower)
14. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
15. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
(Сағат - часы - clok)
16. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)
2 - жүргізуші: Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Келесі кезекте: «Білімпаз» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (99+1=100)
4. Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 жұмада неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (14 )
Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:
9. Өсімдік бөліктерін ата? (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? (жел)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
1 - жүргізуші: «Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар. Мыс: С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.
Сенің атың кім?
Сен нені армандайсың?
Қайда барасың?
Сен не ұнатасың?
Досыңа туған күнге не әпересің?
Қыста не болады?
Мектепке немен келесің?
Демалыста қайда боласың?
Алманың түсі қадай?
10. Достарыңа тілек
2 - жүргізуші: ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады
1 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
2 - жүргізуші: Келесі кезекте 2 жеңімпаз берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады.
1 - жүргізуші: Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз
2 - жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

















































Тақырыбы: «Тәуелсіздік-баға жетпес бағымыз» 
Барысы: 
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 

Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)

1-жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы: Рахмет Сая.

2-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі. 

1-жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме 
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой-қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: Ерболат Еркін және Хойшина Әсем
Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Алтынай биі» 

2-жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, қазақ, жігіттері»

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9-сынып оқушысы Тасболатов Бауыржан.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1-жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық 
Нұрлы достық
Күн достық 
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты 

«Шаттық» биі. Орындайтын 9-сынып оқушылары – Шамұратова Жадыра және Төлегенова Айза.
2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 6-сынып оқушысы Кабир Әсем. 
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
2-жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
20жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. 











































Тақырыбы: «Мейірімділік айнасы»
Мақсаты: 1. Оқушылар арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу.
2. Жақсылық жасай білу, жақсы іс - әрекеттер жасау іскерліктерін дамыту
3. Мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: парақшалар, газеттер, интербелсенді тақта, суреттер.
Түрі: оқушыларға арналған тренинг.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын, пікіралысу
І. Ұйымдастыру амандасу.
Тренингтің ережесі:
• бір - бірін тыңдау
• уақыт үнемдеу
• белсенділік таныту
• достық қарым - қатынас
• жағымды эмоция тудыру
Оқушылар 5 топқа бөлініп отырады.
Оқушылар өз аттарын және өзіне тән мінез ерекшелігін айтып шығады.

ІІ. Сабақтың барысы:
Бүкіл әлемге, жер бетіне бар жылуын, шуағын, шапағатын, мейірімін төгіп тұратын, «Күн». Олай болса:
Бірінші топ -«Шуақ»
Екінші топ -«Шұғыла»
Үшінші топ -«Жылу»
Төртінші топ - «Жарық»
Бесінші топ –«Сәуле»

ІІІ.«Ой шақыру»: «Шуақ», Шұғыла, Жылу, Жарық, Сәуле» сөздерінің мағынасын қалай түсінесіздер?(Әр топ ойларын білдіреді).
Ойын: «Мұнара жасау»
Қай топқа күннің нұры бірінші түсер екен. Әр топқа бес - бестен газет беріледі. Сол газеттен мұнара жасайды. Мұнараның пішіні мен келбеті оқушылардың шеберліктеріне байланысты болады.
Биік қылып жасаған топ, өз ойларын білдіреді.

ІҮ. Ситуациялық сұрақтар:
Ү. Күлкі жаттығулары
1. Таңертең үйде, мектепте достарыңызды кездестіргенде демді ішке тартып, демді шығарда и - и - и дыбысын шығару (2 - 3 рет)
2. Терең демалу, демді шығарда «ха - ха - ха» деп 7 - рет қайталау, бұл өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.
3. Одағай сөздер арқылы жымию а, о, ух.
4. Сурет бойынша эмоция түрлерін жасату

ҮІ. «Жүректен шыққан ақ тілек»
Әр топтың мүшелері топтар құрамындағы қай оқушы өзінің жүрегіне жақын, оған жүрек жарды «ақ тілегін» берілген тілше қағазға жазады.
Ойынның шарты әр топқа бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір - бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөңгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.

ҮІІ. Қорытынды
«Ақ тілектерді» көп жинаған оқушы үлгі - өнеге, қайырымдылық, мейірімділікті бала екенін білдіреді. Аз жинаған оқушы көпшілікпен араласуды үйрену керектігі және де қатысып отырған оқушыларға, осындай мейірімді, кең пейілді, асыл жан болуларына тілек білдіріледі.
















Тақырыбы: Жаңа жыл-жаңа жыр!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
2 – жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1 – жүргізуші: Алтынай байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Әлішер, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)

Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(клоундар шығып кетеді, сыныптағылар келеді)
Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындайды).
1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.
2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Ән:_____________________________
1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры ______________ағайға береміз.
Рахмет ағай, сіздің құрметіңізге әсем ән жолдаймыз.
Ән:______________________________

2 – жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

1 – жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір – түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?

2 – жүргізуші: Олай болса, сыныбымыздың жігіттерінен құралған «Жастар» КВН командасын шақырамыз.
(Рахмет жігіттер өнерлерің өрге жүзсін.)

1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қоян жылын шығарып салайық.
(осы кезде қоян келеді.)

1-оқушы: Біздің елде өткен жылы,
Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.

Қоян жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.


1 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға Жаңа Ұлу жылы келеді.

Ұлу жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Ұлумын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қоян жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.


2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Шығыс биі (Жадыра мен Гүлбақыт)

1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.

Ән: «Аппақ гүлдер» Оспан Элеонора, Шынберген Нұрай

2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қлоқала.

Испан биі:______________

1 – жүргізуші: Келесі кезекті тағы да бір тамаша биге берейік.
Спорттық би: Элеонора, Нұрай, Ирина, Гүлбақыт

Рахмет қыздар.
Ойын ойнатылады.
Клоун: Ойынның шарты ортаға адам келсін.1-ші партадағы стакандағы суды келесі партадағы стаканға қасықпен тасу керек. Қане шарты түсінікті болса ойынымызды бастайық.
Кімнің жылдам екенін көрелік, достар ия.
Барлығымыз қошеметтеп отырайық.

2 – жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін ең алғаш 42 әріпті талмай үйреткен аяулы да, ардақты алғашқы ұстазымыз Зибагүл апайдың жылы лебізін тыңдасақ.Олай болса ортаға қошеметпен апайымызды шақырамыз.
(рахмет апай).
Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз сіздің құрметіңізге және ата –аналардың құрметіне арналады.
Ән: Әлішердің орындауында: «______________________»
Би: Айдана (өзбек биі)

1 – жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші қызымыз бар көрінеді. Сол қызымызды ортаға шақырсақ па деп тұрмыз.Қалай қарайсыз?

Үнді биімен орталарыңызда Оспан Элеонора
(рахмет, не деген би десейші!)
Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді сіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

2 – жүргізуші: - Ия, Аяз мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
(Аяз ата бата береді)

Хор: «Жаңа жыл»

1 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз шырқалған ән тоқтас.
Ән: Айдана «Катюша»
Ән: Рамазан мен Әбдімұрат «.....»
2 – жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.
1 – жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоян жылы мен ұлу жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
2 – жүргізуші: Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!
1 – жүргізуші: Қой жылы – той жылы
Мешін жылы – вечер жылы,
Жаңа жыл - жаңа нұр жаудырып,
Ұлу жылы – сауық жылы болсын, ағайын!
Хор: Қош келдің Жаңа жыл!





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров262
Номер материала ДВ-383337
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх