Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Деннің саулығы-қоғамның байлығы 5-9 сынып аралығына арналған дөңгелек үстел

Деннің саулығы-қоғамның байлығы 5-9 сынып аралығына арналған дөңгелек үстел



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Күні: 22.10.2015 жыл

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау; ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі заттарды қолдану т.б. зиянда әдеттерден сақтандару; дені сау, жаны таза, ақылды, іскер азаматты қалыптастыру.

Көрнекігі: Салауатты өмір салтын бейнелейтін суреттер, шарлар.

Барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру, оларды екі топқа бөліп отырғызу.

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар! Адамның денсаулығы - қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркейуі балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау. «Денсаулық - зор байлық» демекші, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа деген көзқарастың жауапкершілігін жете сезіну-бүгінгі тандағы ең бір маңызды да өзекті мәселе. Сондықтанда әркез «Салауатты - өмір салтымыз» деген ұранды ту етіп жоғары ұстамақшымыз.

Денсаулық- бақытты болудың алғы шарты. Әр адам өз денсаулығын сақтауға және оның жайлы болуына жауапты. Денсаулықтың жақсы денгейіне және жайлы болуына жету – бұл нақты өмірлік ұстаныммен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс.

Олай болса «Тәні саудың жаны сау» бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімде мен оқушыларға зянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтар қоямын.Әр оқушы өз ойын айтып жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Сара Назарбаеваның Салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар?(Ұстаздан ұлағат)

  2. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (отбасының бұзылуы, қылмытың артуы)

  3. Құрамында этил спирті бар ол не? (ішімдік)

  4. Темекі құрамындағы улы зат? (никотин)

  5. Туберкулезге қарсы күрес күні? (24-наурыз)

  6. ЖҚТБ неліктен қорқынышты? (Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді,емі жоқ)

  7. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы (Парасатты,байыпты, ақылды, ойлы,зерделі,сабырлы)

  8. ЖҚТБ (қатерлі індет) нашақорларға қалай жұғады? (Ортақ қолданылған ине арқылы)

  9. Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күні қашан? (1-желтоқсан)

Жүргізші:

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Біздің ілгері басуымыз,өркениетті елдер қатарына жетуіміз жаны таза,денсаулығы мықты,іскер,ақылды,әдемі,білгір азаматтарымызға байланысты» деп айтқан болатын.

Әркімнің өз денсаулығы өз қолында. Дені сау,жаны таза азамат болып қалыптасу үшін,жаман әдеттерден бойымызды аулақтату үшін:

  1. экологияны қорғайық

  2. темекі тартпайық

  3. арақ ішпейік

  4. есірткіден аулақ болайық

  5. дұрыс тамақтанайық

  6. спортпен шұғылданайық.

Аурудың алдын алу шаралары халқымыздың дені сау болуы үшін керек.Осы істерді өкімет басшылары мен парламент мүшелері қолға ала бастағанын теледидардан күнде естиміз.

Келесі бөлім «Бірінші байлық-денсаулық»

Ал ендеше оқушылар ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша,темекі,арақ-шараптың зияны жайлы бір-бір сөйлемнен айта кетсек сонымен қатар осы тақырыпта мақал-мәтел айтуғада болады.

  1. Іздеп алған аурудың емі табылмас.

  2. Демі бардың емі бар.

  3. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.

  4. Арақ ішкен азар,шеккен тозар.

  5. Наша тартқан өз көрін өзі қазар.

  6. Мешкейдің түсінен тамақ кетпейді,маскүнемнің түсінен арақ кетпейді.

  7. Денсаулық қайда,сұлулық сонда.

  8. Дені саудың жаны сау.

  9. Бірінші байлық-денсаулық.

Оқушылар сонымен бірге тағы бір есте сақтайтын нәрсе.Ол-денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі:

Ерте тұру

Орта тазалығын сақтау

Спортпен шұғылдану

Үнемі денені таза ұстау

Сергек жүру

Артық тамақ ішпеу

Көп ұйықтап жалқау болмау

Салауатты өмір салтын сақтау

Зиянды нәрселерден аулақ болу

3-бөлім:Түрлі жағдайлардан шығу.(Барлық оқушыларға сұрақтар қоямын.Соған әр оқушы өздерінің ойын білдіреді.)

  1. Темекі шекпейтіндердің қасында темекісін будақтатып тұрған адамға сен қалай қарайсын?

  2. Сенің досың дүкеннен шарап алып шықты,сен не істер едің?

  3. Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді.Бір күні оның темекі шегіп тұрғанын көрдің.Сен не істейсің?Достығың жалғаса ма,әлде көрмей кетер ме едің?

  4. Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты.Не істейсің?Достығың жалғаса ма,әлде көрмей кетер ме едің?


Жүргізуші:Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана

асыл дүние.Ол жақсы болу үшін уақытты,күш-жігерді,еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Отанымыздың келешегі,көркеюі сендердің қолдарыңда.Сондықтан сендердің таңдауларың- салауатты өмір салтын сақтау. Адамға ең қымбаты-ол оның мәнді де сәнді өмірі. Ал осы өмірінің мәнді де сәнді өтуіне оның басты байлығы- денсаулығы тікелей әсер етеді. Салауатты өмір салтына ынталандыру – әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысып, дұрыс тамақтанып, зянды әрекеттерден аулақ болып тазалық сақтауымыз.

«Сау дене,азат ақыл,адал көңіл,үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей «Деннің саулығы-қоғамның байлығы» атты дөңгелек үстелімізді мынадай өлең жолдарымен қорытындылағым келіп отыр:

Салауатты өмір салтын сақтаңыздар,

Егеменді ел сенімін ақтаңыздар.

Денсаулығы-зор байлығы адамның,

Ізгі жандар,текті ұрпақты баптаңыздар!

Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-028208

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>