Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Денсаулық әліппесі" тәрбие сағаты!

"Денсаулық әліппесі" тәрбие сағаты!

Скачать материал

Сынып: 1

Күні:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Денсаулық әліппесі!

Тәрбие сағатының мақсаттары:

Білімділік мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, көрініс

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: 
тәрбие сағаты
                                                         Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.
Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.
1. Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.
2. Дұрыс тамақтану.
3. Дұрыс тынығу.
4. Дене еңбегімен шұғылдануы.
5. Таза ауада болып, күн көзінде серуенлеу.
6. Табиғат аясында болуы.
7. Зиянды әдеттерден сақтану.
8. Дұрыс қозғалыста болуы.
 - Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық.
Денсаулық туралы
1 - оқушы: Денсаулық ол – шыныққан
                   Барлық денең мүшесі.
                   Денсаулық ол - тыныққан
                   Жүйке тамыр жүйесі.
2 - оқушы: Денсаулық ол - күлуің
                   Көңіл – күйің жадырай,
                   Денсаулық ол – жүруің,
                  Ешбір жерің ауырмай.
                  Адамның дене құрылысы
Мұғалім: Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң - тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.
                                                  Гигиена
1 – оқушы: Дос бол сабын, сумен сен,
                    Жиі – жиі жуын сен:
                    Таңертең де, кешке де,
                    Жуын күндіз – түсте де,
                    Жуын тамақ алдында,
                    Жуын тамақ соңында,
                    Жуын ұйықтар кезіңде,
                    Жуын тұрған мезгілде.
                                                  Ауыз қуыс гигиенасы
2 - оқушы: Мен айтайын тақпақ,
                   Алғың оны жаттап.
                   Тісіңді жу, тазарт
                   Маржандай болсын аппақ.
                   Атқаратын қомақты
                   Ауыз қуыс ісі бар:
                   Ұсататын тамақты
                   Отыз екі тісі бар.
                   Алғашқы тіс – сүт тістер
                   Түсіп бірте тынады.
                   Алты жастан нық тістер –
                   Тұрақты тіс шығады.
                                                 Тісті күту
3 - оқушы: Тіс болмаса,
                   Асты қалай шайнарсың,
                   Тазалап жүр тісіңді.
                   Тісті күнде екі рет
                   Кішкене де ыңғайлы,
                   Тазартуды ойларсың.
                   Тіс щеткасын пайдалан.
                   әдет қыл бұл ісіңді:
                                              Аяқ — қол гигиенасы
4 - оқушы: Аяқ — қол – көмекші,
                  Күт оны ерекше.
                  Қол жиі ластанар
                  Сондықтан істің әр
                  Соңында қолды жу,
                  Жояды кірді су.
                 Аяқ – қолды кірлетпей,
                Тырнағыңды алып жүр.
                                           Тері гигиенасы
5 - оқушы: Тері - сезім мүшесі,

                    Маңызды оның үлесі  
                    Сол арқылы білесің

                    Сезіп затты, ыстықты,
                    Қатты, жұмсақ, суықты.

                   Тері дайым дұрыстап,

                   Қызуыңды реттейді.

                   Зиян микроб, вирустар

                   Ағзаға одан өтпейді. 
6 - оқушы: Еріншектен – салақтық,
                     Салақтықтан – надандық.
                     Бірінен бірі туады,
                     Жоғалар сөйтіп адамдық.
                     Еріншек таза жүре алмас, 

                     Кір қолын да жуа алмас

                     Қаракет жоқ, ғылым жоқ

                     Өз бойынан ұялмас.
Мұғалім: Балалар, біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар болса, олар туралы не айтамыз?
Күнде бетін жумайды, -------------- Жатып алап тұрмайды, 
«Жу» десең – ақ тулайды. ----------Дейді ақырып «Жолама», 
Өз - өзінен өкпелеп, ------------------Сондай бала бола ма?

Беті қандай кір еді, ------------------- Күледі – ау жұрт, күледі.
Айниды адам жүрегі ------------------Сондай бала бола ма? 
Көрсе осы бір кескінін ---------------Сендер оған жолама
Мұғалім: Ал тазалықты сақтайтын, жақсы ұқыпты балалар туралы не айтамыз?
Жақсы бала құлақ сап,
Істемейді шалалық, 
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық
Тап – таза боп жуынып,
Алады өзі таранып.
Мұғалім: Күн тәртібі – бұл жұмыс пен тынығу уақытының ауысымын дұрыс бөлуге көмектесетін кесте. Күн тәртібі – бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу: тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру.

Қорытынды: - Балалар, бәрімізде денсаулығымды мұқият қадағалауымыз керек. Денсаулық-зор байлық. Денсаулығымыз мықты болу үшін біз спортпен шұғылдануымыз керек. Ағзаға пайдалы дәрумендерді қабылдауымыз керек. Күн тәртібін сақтап, үсті-басымызды таза ұстауымыз қажет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Денсаулық әліппесі" тәрбие сағаты!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2016 3501
    • DOCX 20.1 кбайт
    • 24 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тукенова Арайлым Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57363
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой