Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Денсаулық құпиялары" (1 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Денсаулық құпиялары" (1 сынып)

библиотека
материалов

Тақырып: Денсаулық құпиялары

Құндылық: дұрыс әрекет,

Қасиеттер: адамгершілік

Сабақ мақсаты: «Денсаулық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімдік:      денсаулық күтімі туралы түмінік беру;

Дамытушылық:   денсаулығын нығайтуға деген қызығушылықтарын дамыту;

Тәрбиелік:  денсаулығын күте білуге  тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу.

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жағдаяттарды шешу: Балаларға таратып беру.

1-жағдаят:

      Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос  бұл  ойға  келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

·         Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

 

2-жағдаят:

      Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең  қайтер еді?» - деп кейіді. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» - деп, жүре тыңдады.

·         Қалай ойлайсыңдар Саматтың айтқаны дүрыспа? Сендер қалай  тамақтанасыңдар?

 

3-жағдаят:

      Аслан енді  өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

·         Асланның ойы дұрыспа? Сендер Асланның орнында  болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?


Сұрақтар:


Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді

- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Олай болса денсаулықты сақтап, жаман әдеттерден аулақ болайық!

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Жан мен тәннің саулығы - өмірдің байлығы» деген халық даналығы жазылып қойылады.

-          Балалар, сендер жан саулығы, тән саулығы үшін қандай әрекеттер жасау керек екендігін үйрендіңдер.

-          Олар – таза ауа, табиғи су, спорт, амандасу, жақсы сөздер, таза ой, дұрыс тамақтану, тазалық, зиянды әрекеттер жасамау, жақсы көңіл-күй, осылардың бәрін орындасақ жанымыз, тәніміз сау болады. Жан мен тәніміз сау болса өмірде бақытты боламыз.

Сұрақтар:

  • Халық даналығын қалай түсінесіңдер?

  • Денсаулықты қалай күтеміз?


Жаттату:

-3 рет қайталау;

-қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;

-2-3 баладан сұрау;

Қорытынды:

Ендеше балалар, денсаулығымызды сақтайық!


Әңгiмелеу. Әжемнің әңгімесі. Ертегі. «Ең қымбат байлық».

(Дискіден тыңдалып әр бала өз пікірін айтады) Қандай сезімде болдыңдар балалар?


Сұрақтар:

Әңгімеде не туралы айтылған?


Қорытынды:

Балалар, денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық!


Шығармашылық жұмыс.

І тапсырма. Денсаулықтың келесі құпиясы. Дұрыс тамақтану.

Балалар екі топқа бөлінеді.

 

І топ – денсаулық үшін қандай тағамдар пайдалы, ІІ топ денсаулық үшін қандай  тағамдар зиян екендігін жазады.

 

ІІ тапсырма. Жариялау. Топ жетекшілері сынып алдына шығып жазғандарын жариялайды. Оқушылар талқылайды.

Ойын-жаттығу «Пайдалы - зиянды» мұғалім оқушыларға жағдайаттар жазылғн кеспе қағаздар таратып береді. (Олар суреттермен де берілуі мүмкін) оқушылар мұғалім  ұсынған жағдайаттардың денсаулық үшін пайдалы немесе зиянды екендігін ажыратуы керек.

Дайындалуға 1-2 минут уақыт беріледі.


Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

Дәптермен жұмыс

Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

Тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау.

Қорытынды



Топпен ән айту.

Ән «Біз - өмірдің гүліміз»
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев
Әні: Б. Ғизатов

Зеңгір көктен, Бал достыққа,
Нұрын төккен, Жолдастыққа,
Ортақ біздің күніміз, Шақырады әніміз,
Жайдары өскен, Тыныштықта,
Жайнап өскен, Нұр құштық та,
Біз - өмірдің гүліміз Бақыттымыз бәріміз!

Қорытынды:



Үй тапсырмасы.

«Тәтті алма» деген мәтінді оқу;

Дәптерді аяқтау


Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!











Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров545
Номер материала ДA-035339
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх