Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / «Денсаулық- зор байлық» атты балаларға арналған спорттық ойын-сауық.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

«Денсаулық- зор байлық» атты балаларға арналған спорттық ойын-сауық.



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық».
Мақсаты: Денсаулық туралы, денсаулықтың қадірі туралы балаларға түсінік беру, қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:  Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу жаттығулары арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;  балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету;

балаларды қимылды ойындармен таныстыру.
Көрнекі-құралдар: Нақыл сөз жазылған плакаттар, дыбыстар, үнтаспа, суреттер, шарлар, балалардың бастарына киетін атрибуттар,қол шатыр.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттықтыру, ойнату, мадақтау, қорытындылау.
Сайыстың барысы: Балалар залға сап түзеп музыка әуенімен кіреді.
Тәрбиеші: Қадірлі қонақтар, жарқын болашаққа кең қадам басқан бүлдіршіндер «Денсаулық мол бақыт» атты спорттық ойын-сауығына қош келдіңіздер!
Сәлем сөз анасы демекші, ал балалар алдымен алтын күнмен, ашық аспанмен жәнеде қонақтарымызбен сәлемдесейік.
Сәлем бердік, алтын күн,
Сәлем бердік, ашық аспан.
Салем бердік, жер ана,
Сәлем бердік баршаңа.
Балалар қонақтар
мен амандасады.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
- К
үз.
- Далада күн суық па, жылы ма ?
- Жылы.
- Көңіл-күйлерің қалай ?
- Жақсы.
- Өте жақсы балалар.
Тәрбиеші: Денсаулық дегеніміз. Ауырмайтын, салауатты өмір салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын, дене шынықтырумен айналысатын адамды айтамыз.
Тәрбиеші: Денсаулық мықты болып, ауырмау үшін не істеу керек ?
Балалар: Үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денені шынықтыру, тамақты дұрыс ішу, күн тәртібін сақтау керек.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Балалар кім маған денсаулық туралы мақал-мәтел айтып береді ?
1-бала: Дені саудың-жаны сау.
2-бала: Денсаулық-зор байлық.
3-бала: Тазалық-денсаулық кепілі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге ризамын.
- Балалар, мен сендермен қызықты қимылды ойындар ойнағым келіп тұр.
- Қане ойнайық.
Ойын: «Көжектер мен түлкі»
Мақсаты:
Балаларды аңғарпаздыққа, қушылыққа баулу.
Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған балалар көжек бет пердесін кейіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізушісі: Көжектерім тұршы, 
Беттеріңді жушы.
Ну орманға барайық,
Тамақтанып алайық.
Жалаңдаған қу түлкі,
Келіп қапты орманға.
Көжектерің қайда деп,
Қуып келді соңынан.
Көжектер ән ырғағымен секіріп қаша жөнеледі, түлкі қуады.
Ойын: «Айдаһардың құйрығы»
Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға,ауыз біршілікке жетелеу.
Ойын шарты: Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады.Ең бірінші тұрған адам - «айдаһардың басы» оның мақсаты – ұстап алу, ең соңғысы – «құйрығы» оның мақсаты ұстатпау.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.
Ойын шарты: Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады.Күн болып тұрған бала «Күн» деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып, тығылады.
Ойын: «Айдарлы-мекиен тауық»
Ойын шарты: Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді.Бір бала мысық болады.Мысық шеттеу тұрған орындықта отырады.Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.
Тәрбиеші: Ертіп сары балапандарын,
Айдарлы әсем шықты тауық.
«Кетпеңдер ұзап, балапандарым,
Қыт-қыт », дейді ауық-ауық.
Мысыққа жақындап келіп, тәрбиеші былай дейді:
Тұрған жолдың бойында,
Орындыққа бүк түсіп.
Не бар, қайдам ойында,
Жатыр ұйықтап бір мысық.
Мысық көзін ашады,
Балапандар қашады.
Мысық көзін ашқан соң балапандарды қуа жөнеледі.Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: « Кет мысық, балапандарымды саған бермеймін ! », дейді.
Тәрбиеші: Келесі ойынға көшелік балақандар.
Ойын: «Бақалар»
Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен бақа сияқты секіреді, жүреді, дауыстайды.Бақалар көлшіктен секіредіде жүресінен отыра кетеді.Ойынға 12 бала қатысады.
Ойын: «Торғайлар мен машиналар»
Мақсаты: Балаларды әр бағытта жүруге, жүгіруге, бірін-бірі итермеуге, өз орнын табуға, тәрбиеші белгісімен жүруге үйрету.
Ойын шарты: Балалар бөлменің бір жақ бөлігінде отырады (мынау торғайлар). Тәрбиеші ортаға шығып өзі жүргізуші болып ойнайды. Тәрбиешінің белгісі бойынша құстар жолға ұшып шығады (дән жеп қыдырып жүреді). Тәрбиешінің белгісі бойынша құстар ұясына ұшады.
Қорытындылау.
Тәрбиеші:- Балалар сендерге қимылды ойындар ұнадыма ?
Осымен бүгінгі «Денсаулық-мол бақыт» атты спорттық ойын-сауығымыз аяқталды.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - деген нақыл сөз бар. Айтқанымыздай, дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! Аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Сау болыңыздар.
Тұжырым: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.

Балаларды мақтап-мадақтау.


hello_html_107423a8.jpg

hello_html_m3b087dce.jpg

«Қостанай қаласының әкімдігінің

Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің

13 «Ақбота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК









«Денсаулық- зор байлық» атты балаларға арналған спорттық ойын-сауық.










Тәрбиеші:Омарова Қ.С.










Қостанай-2015

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-373015

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>